Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Достар, Ақша туралы презентация керек, 5-6 слайд боласа болады?

1,015 просмотров
спросил 16 Дек, 14 от Асыл в категории Презентация

Достар, Ақша туралы презентация керек, 5-6 слайд боласа болады?

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

1 Ответ

0 голосов
ответил 16 Дек, 14 от Асыл

Ақша жүйесі және ақша айналымы

Тақырыбы: Ақша жүйесі және ақша айналымы

Орындаған: Пернешова А.Т. 

Тексерген: Мукашева Б.

   Ақша жүйесі – ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдармен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі XVI – XVII ғғ. капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекеленген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік өндірістің және тауар – ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді. Әр бір мемлекеттің өзінің ұлттық ақша жүйесі бар.

   Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.

   Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:

   Ақша бірлігінің атауы. Қазақстан Республикасының ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.

   Ақша белгілерінің түрлері. Егер 1991 жылы 1 қаңтарына дейін айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде Қазақстан Республикасы ақша белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және барлық активтермен қамтамасыз етеді.

  Эмиссия тәртібі. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-

  

қолсыз ақша эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге асырады.

   Ақша түрлері. Заңды төлем құралы болып табылатын: қағаз және несие ақшалар.

   Валюталық бағам дегеніміз- бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.

   Ақша жүйесінің типі: ақша - ерекше тауар ретінде жүруіне, яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша – құн өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің төмендегідей типтері кездеседі.

• Металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады;

 

• Несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық құнды ақша яғни алтын бір жолата ығыстырылып, айналыста тек ақша белгілері жүреді.

   Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті ретінде қабылдаған металға байланысты металл ақша жүйесі: биметализм және монометализм болып бөлінеді.

   Биметализм – ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ эквивалент ролін алтын мен күміске бекіткен ақша жүйесі. Бұл жүйеде алтын мен күміс тең құқықты ақша – қос металды валюта, онда екі металдан да көлемде монеталар соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген.

 

жүктеу

дереккөзі

 

901 вопросов

1,109 ответов

288 комментариев

28,052 пользователей

...