Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Ер ел үшін туады, ел үшін өледі атты казакша шығарма кім жазып бере алады?

15,081 просмотров
спросил 06 Фев, 14 от Асыл 1 отметил

Ер ел үшін туады, ел үшін өледі атты казакша шығарма кім жазып бере алады? Тез керек болып жатыр достар!!!

 

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

2 Ответы

+1 голос
ответил 25 Сен, 14 от Azadas
выбран 25 Сен, 14 от ZHARAR
 
Лучший ответ

Туады ерлер, ел үшін″ Өлмейді ісі мәңгілік, Өшпейді абзал есімдер. Ұрпаққа жетіп мәңгілік Кетпейді естен асыл ер,- деп ақ жалын ақын Жұбан Молдағалиев жырлаған. „Ерлік – елге мұра, ұрпаққа - үлгі” бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы – біз үшін үлгі, шежіре, тағдыры – тарих деп есептеймін. „Ел ерімен еңселі”, „Елім” деп еңіреп туған ерлердің  есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат, халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. Бүкіл бір елдің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлы – Бауыржан Момышұлы. Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай, Ішсем суы татиды шекер, балдай Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай, – деп өзі жырлағандай Бауыржан Момышұлы   1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.  Кейін „Ұшқан ұя” атты кітабында баяндағандай, Бауыржан атаның әкесі Момыш пен көкесі Момынқұлдың тәрбиесінен көп өнеге алған. „Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің”,- деп, дана халқымыз айтқандай, оның бойындағы адамгершілік – асыл қасиет, алдымен анасының ақ сүтінен дарыса, екіншіден, өскен ортасының тәрбиесінен дарыды деп ойлаймын. Қаршадайынан-ақ  жігерлігі, қайтпас қайсарлығы, бойында бір жұмбақ күштің жасырынып, жанартаудай өз кезегін күтіп жатқандығы аңғарылады. Жеті жылдық білім алған Бауыржан ата алғаш еңбек жолын мұғалімдіктен бастайды, кейін қаржы саласында екі жылдай жұмыс істейді. 1932 – 56 жылға дейін үзбей әскери қызметте болған Бауыржан атаның жолы - өзінше бір ерлік дастан. Ол Ұлы Отан Соғысының жан беріп, жан алысқан қиян-кескі майданында-ақ асқан ер жүректілігімен, әділетсіздікке қаны қас, қиындыққа қайыспас қайсарлығымен, соғыс тактикасын жете меңгергені, дарынды қолбасшылығымен аңызға айналып, қаншама өнер туындыларының басты кейіпкеріне айналды.

0 голосов
ответил 08 Фев, 14 от ZHARAR
редактировать 18 Сен, 14 от ZHARAR
Загрузка...

837 вопросов

1,005 ответов

265 комментариев

27,990 пользователей

...