Анамыз 70 жасқа толды, туған күніне құттықтау сөз тілекке кім көмектесе алады?

52 просмотров
спросил 29 Ноя, 14 от Арайлым в категории Личность, Человек

Сәлеметсіздер ме? мен балалар үйінің тәрбиеленушісімін бізді бағып қаққан анамыз биыл 70 жасқа толады. туған күнге алғыс ретінді, құттықтау олен болса.... БАҚ-на құттықтап шығарғанға, Көмектесе аласыздар ма? 

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

2 Ответы

0 голосов
ответил 29 Ноя, 14 от Асыл
Сіз біздің Күнімізсіз жарқыраған,
Анадан қуат алған жарты ғалам.
Құны мен қасиеті тозбайтұғын
Біз үшін Ана деген алтын адам.

Анажан, көп көрдіңіз қасіретті,
Бұл күнде көзіңіздің жасы кепті.
Орнында бар оңалар дегендейін,
Жаратқан шапағатын шашып өтті.

Әкеміз Мұрат бірақ көре алмады,
Ішінде кетіп еді көп арманы.
Аруағы оның Сізге ырза шығар,
Өзі еккен жайқалып тұр көк орманы.

Ырыс боп Түсен ата әулетіне,
Келесіз бақ боп дарып дәулетіне.
Біздерді жеткізем деп жан салдыңыз,
Ананың бала деген бауыр еті де.

Анажан, өрлей берсін өр кемеңіз,
Ақтауға ақ сүтіңді тер төгеміз.
Мың жасап үрім-бұтақ ортасында
Мәңгілік үстем болсын мерейіңіз!
0 голосов
ответил 29 Ноя, 14 от mergen

Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Сізге әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық баққытқа кенеліп жүре беріңіз!!!


Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/tilek/84-ana_mama_tilek.html
© www.ZHARAR.com

Загрузка...

832 вопросов

996 ответов

255 комментариев

27,986 пользователей

...