Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Ұйықтар алдында айтатын дұғаны кім біледі?

326 просмотров
спросил 04 Фев, 14 от ZHARAR

Ұйықтар алдында айтатын дұғаны кім біледі?

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

2 Ответы

+1 голос
ответил 04 Фев, 14 от mergen
выбран 04 Фев, 14 от ZHARAR
 
Лучший ответ

Ұйықтар алдындағы тілектер мен дұғалар

Әрбір мұсылман ұйқыға жатар алдында мынандай тілек айтуға тиісті:

«Құдіреті күшті Аллаһ Тағала! Өзіңнің мейірім-шапағатыңның арқасында аман-сау бір күнімді өткіздім. Енді мінеки, түн болды. Өзіңе мың мәрте құлдық! Өзімнің бұл нәсібіме мың мәрте шүкіршілік! Жаратқан Ием, осы түнді, келер күндер мен түндерді аман-сау өткізуіме бұйырта көр! Пәле-жаладан сақта! Ауру-сырқаудан сақта! Қартайғанша өзіңнің ақ жолыңмен жүруді нәсіп еткейсің!».

Ұйқыға жатарда оқылатын дұға:

«Аллаһуммә бисмиқә әмууту уә әһиә!».

Қорқынышты түстен оянғанда:

Түсіндегі қорқынышты оқиға өңінде қайталанбауы үшін әрбір мүмин «һууәллаһуләзи» аятынан бастап Хашир сүресінің соңына дейін оқуға тиіс. Сондай-ақ бір рет Фатиха, он бір рет Ихлас-и шарифты оқып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) рухына бағыштап: «Иә Раббым, егерде осы көрген түсім жақсылық болса, жақсылығыңды жалғастыр, жамандық болса, жақсылыққа ауыстыр. Жақсылық болса - бізге, жамандық болса – дұшпандарға болсын», - деп дұға жасайды.

Ұйқыдан оянғандағы дұға

«Әлһамдулилләә һилләзий әһиәә нәә бәадә мәә әмәәтәнәә уә иләйһил бәасу уәннушуур».

0 голосов
ответил 12 Март, 15 от аноним
F,lekufpbtf :fyfh Vfhfnjdyf
Загрузка...

833 вопросов

1,002 ответов

263 комментариев

27,986 пользователей

...