Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Қыс қызықтары туралы шығарма жазып берсеңіз?

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

4 Ответы

+1 голос
ответил 01 Фев, 14 от ZHARAR
выбран 14 Фев, 15 от ZHARAR
 
Лучший ответ

Қыстың қызықтары))

image

Қысты мүлде ұнатпайды екенмін. Кеше өзімше қыстың суреттерін түсірмек болып саябақ аралап едім, көңілім түсіп кетті. Менің ғана емес, жұрттың бәрінің нәстрөнеиелері нәскилерінде сияқты.

Бұрын мектепте шығарма жазғанда "Менің ең сүйікті мезгілім - қыс"... деуші едім. Өйткені, ол кездері қыс мен үшін шынында да ең қызықты, ең көңілді маусымдардың бірі болатын. Бәлкім, балалық шығар...

Маған қысты сүйдіре білген балдай тәтті шақтар келмеске кетті ғой:

Қолымыздың қып-қызыл болып үсігеніне қарамастан бүкіл аула  балалары жиналып аққала жасайтынбыз. Үйдегі сәбіз бен картопты ұрлап тауысатын мен едім. Ал қаншама шарфтарым сол аққаланың мойнында қалды. Мамамнан мың сан таяқ жесем де, сол әдетімді қойған емеспін))

Таң атқаннан кеш батқанға дейін шанамен сырғанайтынбыз. Биік-биік қырлардан айызымыз қанғанша сырғанап түсетінбіз де, шананы қайта шығаруға тыл жұмысын жасап жатқандай қиналатынбыз. Әпкем екеуміз күніге қырық пышақ болып ұрсыстық, қаншама "сулифалардан" жеңіліп, былқ-шылқ терге батып шананы қырға сүйреп шығарған кездерім есіме түссе рақаттанып қаламын)))

Мама-папа жұмысқа кеткенде, атамызды алдап далаға шығып, үйдің шатырларына қатып қалған үлкен-үлкен мұздарды қыртылдатып тұрып тығылып жейтін кезедерімді ойласам, тістеріме жаным ашиды. "Ауырып қаласың, таста қолыңдағыны, қаншама микроб бар, енді жегеніңді көрсем, жақсылық күтпе" дейтін маманың мыңдаған ескертулерін түсінбеппін-ау сол кезде(((

Екі көзіміз төрге ілінген тықылдаған сағатта болып, папамның жұмыстан келетін уақытын күтетінбіз. Өйткен, ол сияқты ешкім де шана сүйрей алмайтын. Келе сала үшеуміз, "папалап" аяғына оралып, жалынатынбыз. Папам пәлсінетін де қалатын. Мұндай сәттерде көзімізден қаншама моншақ-моншақ жастар рет төгілді))) Ал көңіл-күйі бар болса, үшеумізді үлкен шанаға отырғызатын да көшенің ана басынан мына басына дейін зырылдатып сүйрейтін. Екі езуіміз екі құлағымызға жетіп, мәз болатын да қалатынбыз. Үйге келген соң өлтіріп тұрып жұмсайтынын айтсаңызшы))

Мектепте ше? Қыздар үшін үзілісте әжетханаға барып келу - тозаққа барып келумен пара-пар болатын. Қолдарына уыс-уыс қар ұстап аңдып тұратын ұлдар барып-келгенше соққының астына алатын. Бізде ақымақпыз ғой, соны біле тұра әдейі әжетханаға барғыштап кететінбіз. Әбдеееен "шомылған" қыздар жылап келіп апайға арыз айтқанда: "сауап өздеріңе, шошаңдамай отырмайсыңдар ма тып-тыныш" деп ұрысса мұғалімді пыш-пыштап өсек астына алатынбыз. Соған да тоймаған ұлдар өздерімен бірге сыныпқа алып келген бір түйір қарды мойныңа тығып жібергенде, демің шықпай дір-дір етіп аузымызға келген қарғысты айтушы едік. Ал үйге қайтар жолдағы айқасты ауызға алмай-ақ та қояйын))))

Сосын, біздің үйдің астындағы тоғайда үлкен өзен болатын. Өзен бетіне қатқан мұз үстіне екі ауылдың балалары жарысып "хоккей" ойнайтынбыз. Қайбір хоккей дейсіз? Қолымызға басы иілген таяқтарды алып алып, кішкентай ғана "шайбаны" қуалайтын да жүретінбіз. Мен "жылауық" күніге көзімнен сорам ағып қайтатынмын да, ертесіне бетім бүлк етпестен қайта баратынмын ғой. Сол кезде мені бәрі жек көрген шығар ә?

Бәрі өтті, кетті. Ешқашан оралмайды. Қызықты өмір қаһармандары да бүгінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде жүр. Анда-санда агентте сөйлесіп отырып, еске түсіріп шегіміз түйілгенше  күліп алатынымыз бар. Бірақ, әлі де жиналып аққала тұрғызған емеспіз, шанамен сырғанаған да, қар атысып ойнаған да емеспіз...

дереккөзі- massaget.kz

0 голосов
ответил 05 Дек, 14 от аноним
редактировать 05 Дек, 14
Қызықтың бәрі қыс мезгілінде. Желтоқсан айы біткен соң қаңтар айы басталады. Қаңтар айында қар мол болады. Қар мол болса неғұрлым қызығырақ. Әсірісе мектеп алдында оқушылардың көңіл көтеруін корип  аузынан су ағып кетеді.Әрине қарап тұрмай көрген қыздарды жуындырып жибереміз. Біздің арқамызда қыздар таза жүреді.
0 голосов
ответил 18 Янв, 15 от Назира

сол керек еді рахмет үлкен!wink

0 голосов
ответил 13 Фев, 15 от Aruzhan

Адемі екен мына   сурет  OK 

901 вопросов

1,109 ответов

288 комментариев

28,052 пользователей

...