Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Мұғалім туралы қандай тақпақ- жырлар бар?

97 просмотров
спросил 08 Апр от Айдын Марал в категории Университет, Колледж, Школа

Мұғалім туралы тақпақ
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

12 Ответы

0 голосов
ответил 08 Апр от Айдын Марал
1)Ғ.Қайырбеков
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы
2) М.Әлімбаев
Білімнің кілтіндей
“Әліппе” ұстатқан,
Оқуға іркілмей
Тоқуға ұстартқан.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің.
Қиынға төзуге
Үйреткен қашанда,
Жаманнан безуге,
Жақсылық жасауға.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің.
Атам да сыйлайтын
Атамның тұстасы,
Папам да сыйлайтын
Ауылдың ұстазы.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің
3)Ғұлама, білгіш ғалымнан
Оқушы жас жалыннан,
Мархабатты ойшылдан,
Мал өсірген қойшыдан,
Жазушыдан, ақыннан
Ғарышкерден – Батырдан
Өнері асқан актерден,
Ырыс қазған шахтерден,
Мың бұралған бишіден,
Ой тербеткен күйшіден,
Оқыған жас-кәріден
Оқушының бәрінен,
Ұстаздарға мың сәлем!
4) Білімнің кәусар бұлағын,
Жүресің құйып санама
Біз үшін сенсің, мұғалім,
Ұстаз да, ғалым, дана да.
Қыр-сырын зерттеп заманның,
Ұлылығын айтып бабамның
Өнеге, өріс беретін
Барометрі сенсің адамның.
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерің оқытқан
Келіп тұр жолдап сәлемін!
Өмірдің ұғып тереңін,
Өркен жайған қауымым
Қабыл ал жүрек сәлемін,
Құлақта сенің әр үнің!
5)Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
6) Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,
Жансыздар әлдилеген шуақты арман.
Жатталсын есімдерің жан жүректе,
Адамның аяулы әні сияқталған.
0 голосов
ответил 08 Апр от Айдын Марал
Ұстаз

Заводта болсаң, күнбе-күн
көрінер еді табысың.           
Дәрігер болсаң, түрлі емің -
сырқаулы жанның бағы шын.
Ал сенің еңбек жемісің
өзгеше тіпті басқадан:
ол - өзін арнап ел үшін
осынау жүрген жақсы адам.
Жақсы адам - елдің тірегі,
байлығы туған халықтың,
шапағын шашар үнемі
көгінде тұрған жарық күн.
Сан жастың қамын шертесің,
тағдырын ойлап толғанып.
Әр үйдің бір-бір еркесін
үйреттің өзің қолға алып.
Ұстазсыз жанда сөнбек күн,
шәкіртсіз өмір - сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің
бейнетін кешіп жүрсіздер.
Жүректе тұрар жалқы үнің,
жанымнан жалын жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
әр сәтің тұрған бір ерлік!
                                                                                                                                          Фариза Оңғарсынова
Ұстазыма

Шәкірт едім кеудем толы күш-жалын,
Алға тартқан арман жолын нұсқадың.
Кете бардым жүрегіңнен от алып,
Келдідағы бір өзіңе ұқсағым.
Ойша ұзатып өткен жылдар тізбегін,
Еске аламын май шуақ пен күз желін.
Қайырған бір, шаттанған бір шағымда,
Мен өзіңді, тек өзіңді іздедім.
Өмір жолы қалтарыс та бұралаң,
Сүрінсем де, кездерім жоқ құлаған.
Самайыңа қосқан бір тал ақ шашты,
Бір шәкіртің еңбек етіп, жүр аман.
Өзіңменен қалған сәтте кезігіп,
Есейгенім болады екен тез ұмыт.
Әр сөзіме есеп беріп тұрамын,
Балалығым қалатындай сезіліп.
                                                                                                                               Айтқали Нәріков
0 голосов
ответил 08 Апр от Айдын Марал

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.
Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,
Шәкіртінің биікке шыққандарын.

0 голосов
ответил 08 Апр от Айдын Марал
Өзіңді мәңгі үлгі тұтамыз!
Б.Әбдіораз

Тұла бойың тұнған сабыр,

Кешірім,

Айқара аштың бізге білім есігін.

Өр тұлғаңды балап шыңға,

Ұстазым,

Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін?!

Бала елдің болашағы болғанда,

Зор пайданы тигізесің қоғамға.

Мамандығың - кәсіптердің абзалы,

Адамдығың қымбат бізге одан да.

Ашық болсын нұрға толы көгіміз,

Аман болсын еліміз бен жеріміз.

Аманаттап тапсырамыз тағдырды -

Анамыз деп қабылдадық сені біз!

Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,

Ұстазымыз - үлгі бізге ісі аңыз.

Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан

Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз!
0 голосов
ответил 08 Апр от Айдын Марал

оқыған сізден балалалар
өмірден жолын таба алар
тәуелсіз елім қазақтың
болашағы бола алар
мен де сізден оқыдым
санама білім тоқыдым
халқымның қамын ойлайтын
азаматы болу борышым

0 голосов
ответил 08 Апр от Айдын Марал
Ұстаздық ойдан нәр алған,
Өткізіп өмір, қыс, жазын.
Жалыннан жаны жаралған,
Қиын-ау жолы ұстаздың.

Ұшырып биік аспанға,
Қарлығаш қанат арманда.
Жақсылық үшін басқаға,
Күн менен түнін арнады.

Тапқандай содан бақытын,
Өрмелеп қиын асқарға.
Қалғандай ізі уақыттың,
Күмістей аппақ шаштарды.

Жинаған сырын жылдардың,
Кеңпейіл көңіл сандықтай.
Қамқоршы болмай шыдар кім,
Сезімі нәзік жанды ұқпай.

Шығарған мерей атағың,
Шәкіртке ұстаз анадай.
Қызықтар әрбір қадамын,
Ұстазға шәкірт баладай.

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса, кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.
Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,
Жақсы көрем апайды,
Күліп сабақ үйреткен.
Жақсы көрем апайды,
Ән салдырып, билеткен.

Жақсы көрем апайды,
Ашуы жоқ, айқайы.
Ашуланған апайға,
Ұл-қыз басын шайқайды.

Жақсы көрем апайды,
Бәрімізді тең көрген.
Қызықтырып сабаққа,
Білім нәрін тең бөлген.

Жақсы көрем апайды,
Әділ қойған бағаны.
Жақсы көрем апайды,
Үлгі ісімен бағалы.

ҰСТАЗДАР
Хан бол, мейлі қара бол,
дарын бол,мейлі ,дара бол.
Өтетін бәрі алдынан,
Ұстаздар бейне сара жол.

Ұстаздар - ұлттың тірегі,
Ұстаздар - мектеп жүрегі
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тілегі.

Аманат жүгін көтерген,
Ұстаздық оңай іс емес.
Шаршауын шәкірт өтеген,
Ұстаздар осал күш емес.

"Ұстазым" деген ұлы сөз,
жүректің берген бағасы.
Мұғалім - ұстаз бола алса,
баланың көп қой данасы.
Әр сөзі мейіріммен басталатын,
Қатайтқан шәкіртінің жас қанатын.
Білімнің нәрін сепкен ұстаздардың,
Қалайша атамасқа асқақ атын!

Ардақтаймыз ұстазды ұлағатты,
Жас жанға мейір нұрын ұялаттың.
Өзіңдей абзал жанды мақтан тұту,
Міндеті деп әркімнің ұран айттым!!!
0 голосов
ответил 08 Апр от Айдын Марал

Ұзтазым 
Ұстазым, өмірімнің бастауы.
Өзіңсін әрбір жанның басты әні.
Өмірім тәліміңнен басталды.
Құштарлық ойанып білімге.
Балалық енді артта қалғаны

0 голосов
ответил 08 Апр от Айдын Марал

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!

0 голосов
ответил 08 Апр от Айдын Марал

Ұстазым-ақылшым данам.
Ұстазым жүрегімнен бес жастан орын алдың,
Сол кезде мен әліпені қолыма алдым,
Кітаптың жылуы мен оқу оқып,
Мен оны оқуды мәңгілікке ұғып алдым,
Сондықтан ұстазым ғой екінші ана,
Мектебім білім алар оқыр пана.
Мектепке тарыдай болып кіріп едік,
Енді міне таудай боп тұр мына бала.
Ұстазға рахмет үйреткен осыларды,
Менің мына жүрегімде осы қалды.
Мәлім ғой бәріңізге уа қалайық,
Қасыңда ұстаз болмаса ,бұл өмірдің несі қалды.
Мына өлеңді мен өлеңді қалай шығарамын.
Ұстасыз өзім нені ұға аламын ,
Арнаймын бұл өлеңді ұстаздарға.
Жүрегіңнен түбіне бүр жарамын.

0 голосов
ответил 08 Апр от Айдын Марал

Ұстазым.
1. Ғалым да, шахтер де бас иетін,
Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең.

Қайырмасы:
Ұстазым!
Ақылшы дос, ой-арманым,
Арналсын саған осы аяулы әнім.

2.Күтеді біздерді үміт алдан,
Ұстазым, мен сені ұмыта алман.
Үйретем деп өмірдің парасатын,
Ағарды ғой біз үшін қара шашың…

1,000 вопросов

1,285 ответов

324 комментариев

28,417 пользователей

...