Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

22-Наурыз мейрамы мерекесіне арналған балабақшаға ертеңгілік сценарий керек?

1,064 просмотров
спросил 28 Фев от Айдын Марал в категории Университет, Колледж, Школа

22-Наурыз мейрамы мерекесіне арналған балабақшаға ертеңгілік сценарий керек,

ертенгилик 22 наурыз балабакшада ,

22 наурыз мейрамы сценарий қазақша, 22 наурыз мейрамы ертеңгілік, 22 наурыз ертеңгілік балабақшада, 22 наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктер балабақшада, ертенгилик 22 наурыз балабакшада

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

6 Ответы

0 голосов
ответил 28 Фев от Bota Bazarbay
Қош келдің Әз Наурыз

Тақырыбы: Қош келдің, Әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн - Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұ күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы»,
«Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп атайық.
Балалар хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»
Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз келіп отыр
Би: «Қазақ биі»
Т:- Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?
Б: - Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.
- Балалар бізге Наурызда келіп қалыпты.
Көктем:- Мен Көктеммін өзіммен бірге аналар мерекесін және ұлыстың ұлы күні наурыз мерекелерін ала келдім. Мерекелеріңіз мерекеге ұлассын.
Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Ғазиз:
Құтты болсын Наурыз
Жалқаулық қос жауымыз
Дала толы егіске,
Малға толсын тауымыз
Санжар Жанабаев:
Наурыз тойы әдемі,
Әжем еске түсірді
Бақдәулет:
Біздерге арнап әдемі,
Наурыз көже пісірді.
Арслан:
Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық
Әлішер:
Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жәле жерге енсін
Тәрбиеші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді. Осындай мереке күні ауылға барып, әжелерімізді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтап қайтайық.
Тәрбиеші балалармен бірге ауылға музыка ырғағымен кіріп келеді. Онда көже ішіп отырған аталар мен әжелер қонақтарды орындарынан тұрып қарсы алды. Әже балаларға наурыз көже ұсынады.
Тәрбиеші: Әже, Наурыз көже өте дәмді екен. Оны қалай дайындадыңыз?
Әже: Қарақтарым. Наурыз көже Наурыз мейрамының негізгі тамағы.
Оған 7түрлі тағам қосылады. Олар: қыстан қалған сүр, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 7саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық белгісі.
Тәрбиеші: Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік.
Арайлым Абубакирова:
Арпа, бидай, тары бар
Қатық, малта, тағы бар
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар.
Жансерік:
Бата беріп атамыз,
Бата беріп әжеміз
Тәтті болып жасаған
Көжеден дәм татамыз
Жангүл:
Құт бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын
Бір бірімен мына жұрт
Көрімдігін асырсын
Тәрбиеші: Дастарханымыздан ешқашан ырыс береке кетпесін дей отырып кезекті Дастархан әніне береміз.
Ән: «Дастархан»
Данара мен Айшаның орындауында қабыл алыңыздар!
Тәрбиеші: Қасиет еткен халқымыз,
Жаңғыртар дәстүр салтымыз
Сән салтымен ел көрікті
Салт дәстүрді сыйлау үлкен міндет.
Әжелер, Халқымыз Жаңа жыл табалдырықтан аттағанда жалғыз сәуле жарық болмас деп төрге қос шырақ жаққан екен. Жыл бойы «ақ мол, дән таусылмасын, жауын шашын көп болсын» деген ниетпен Қыдыр күні ыдыс атаулыны ырысқа (тары, бидай), аққа (сүт, айран), кәусар бұлақ суына толтырады екен.
Әжелер ортаға шығып шырақ жағып көрсетеді, алдын ала дайындаған ыдыстарға қажетті тағамдар мен суға толтырады.
Тәрбиеші: Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық. Ал біз кезекті халқымыздың, яғни мұсылман халықтарының төл мерекесі Наурыз мейрамына арналған тақпақтарға береміз.
Данара:
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы
Дастарханға елімнің
Береке ырыс сыйлашы
Айша:
Ой, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Данагүл:
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің!
Галифа:
Бәйшешек гүл ашады
Мұздар сайға қашады
Суға толып өзен көл
Кемерінен асады.
Тәрбиеші: Балалар, қонақтар сүйінші Қыдыр ата келе жатыр.
Қыдыр ата: Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Тәрбиеші:
Қош келдіңіз
Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алсаң
Сонда олжалы жол болар, деп өзіңізден бата сұраймыз.
Қыдыр ата бата береді.
Тәрбиеші:
Айтқаныңыз келсін, Қыдыр ата!
Ал келіңдер қонақтар
Досқа құшақ ашайық
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық!
Әжелер шашу шашады.
Тәрбиеші: Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жол болар.
Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы.
оставил комментарий 28 Фев от Bota Bazarbay
Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп бекер айтпаса керек.
Ақжол:
Домбырасыз сән қайда
Домбырасыз ән қайда
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбайма
Айсұлтан Арайлым:
Құрманғазы Тәттімбет
Домбырамен сайраған
Жүрекке от жақсын деп
Елге күйін арнаған
Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық:
Айтыс:
Бағлан:
Халықтық мейрам тойында
Кім айтысар менімен
Айтыс айтыс болады
Айтысқанда теңіңмен
Асылым:
Айтыс айтыс болады,
Шықса ақын теңімен
Шешен болсаң көрейін
Айтысып көр менімен
Бағлан:
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Қос аладың ба мән беріп
Қанша болды санап көр
Асылым:
Бірге төрт бес болады,
Оны бәрі білетін
Сен дейсіңбе саусағын
Санай алмай жүретін
Хормен: Наурыз тойы салтымыз
Аман болсын халқымыз
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Наурыз құтты болсын!
Тәрбиеші: Ал, құрметті халайық, бесікке салу рәсіміне кезек берейік.
Тәрбиеші: Балалар, әжелер! Ұлыстың ұлы күні еліміздің басын қосып, еркіндікке жол салған ата бабаларымызды еске алмасқа болмас. Ол үшін кезекті «Нақыл сөздерге» берейік.
Темірлан: Төле би айтқан екен
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шың жетпейді
Өзің білмесең білгендерден үйрен
Үйренгеннен ештеңең кетпейді
Әділет: Әйтеке би айтқан екен:
Ашу бар жерге ақыл тұрмайды
Ашу деген ағын су
Алдын ашсаң арқырар
Ақыл деген дария
Мөлдір су боп сарқырар
Қайсар: Қаз дауысты Қазыбек би айтқан екен
Арадан шыққан жау қиын
Таусылмайтын дау қиын
Құр айтылған сөз қиын
Іске аспаған іс қиын
Тәрбиеші: Бәрекелді, балалар! Даналарымыздың осындай ақыл сөздерін жанымызға сақтап, үлгі етіп, мұра етіп алып жүрейік
Ойын: «Арқан шарту»
Тәрбиеші: Балалар ортамызға Наурыз мерекесінің құтты қонақтары, біздің сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері: Батыр мен қаңбақ шалды шақырайық.
Ортаға алпамса денелі батыр сахнаға шыққан кезде қарсы алдынан қаңбақ шал кіреді
Қаңбақ шал: Ассалаумағалейкум, батыр еке! Жолың болсын, қайда шықтың?
Батыр: Әлейкумәссалам, Қаңбақ ата! Наурыз тойына бара жатырмын
«Достық балабақшасындағы» балалар «Батыр ағамыз келсін деп жатыр екен». Ойын тойға қатысып, күш сынасып қайтпақшымын.
Қаңбақ шал: Олай болса, екеуміздің жолымыз бір болып шықты. Олар тойға мені де шақырды. Енді міне, сен сияқты батырмен сапарлас болу бақытына ие болдым. Бірақ менің де саған пайдам тиер. Сен мықты, ержүрек болсаң, мен жеңілмін, әрі кумын.
Осы кезде Жалмауыз кемпір кіріп келеді. Қолында сыпырғышы бар бір нәрседен құр қалғандай жүгіріп шығады.
Жалмауыз кемпір: Ә, бәлем, мен бұлардың қайда жиналғанын біліп алдым. Мені неге шақырмаған. Егер бұлар мені тойына өздерімен бірге ертіп кетпесе, өз обалдары өздеріне, екеуін жолдан адастыру мен үшін түк емес.
Жалмауыз кемпір сыпырғышымен жолды оңды солды сиқырлай бастайды: «Адасып кетіңдер, балабақшаға жете алмай қалыңдар»
Батыр: Сіз мұнда не істеп жүрсіз, әжеке?
Жалмауыз кемпір: Сендер тойға бара алмай қалсын деп жолдарыңды дуалап жатырмын. Ал егер мені алып кететін болсаңдар, ең қысқа жолды көрсетемін.
Батыр: Жарайды, ертіп барайық, бірақ онда қалу қалмауыңды балалар шешеді.
Қонақтар балалармен амандасады, балаларды мерекемен құттықтайды
Қаңбақ шал: Кішкентай достар, сендердің шақыруларыңа қуанып келе жатыр едік. Жалмауыз кемпір ілесіп «тойға менде барамын деп» қалмай қойды. Біз оны ертіп келуге мәжбүр болдық. Бірақ бәрі сендердің қалауларың бойынша шешіледі. Адамға қастандық ойлап, зиян шектіргеннен басқа түк білмейтін Жалмауыз кемпір тойға қаттысынба, әлде қайтарып жіберейік пе?
Тәрбиеші: Балалар, қонақтар бүгін қасиетті күн. Бұл мейрамда ерекше қалыптасқан салтдәстүр бар. Ұлыстың ұлы күні бір бірімен араз адамдар татуласып, бір біріне деген өкпесін кешіреді. Қатал, қайырымсыз адамдар мейірімді болып, арам адамдар шыншылға айналады. Оның айқын дәлелі осы күні адамдар бір бірімен құшақтасып, көрісіп амандасуы. Олай болса Батыр, Қаңбақ шал бүгінгі қасиетті мейрамда Жалмауыз кемпірді кешіріп, өткен кеткенді ұмытып көрісіп амандасайық.
Музыка ырғағымен Батыр, Қаңбақ шал, Жалмауыз кемпір бір - бірімен көрісіп амандасады.
Тәрбиеші:
Ұлыс күні кәрі жас,
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан төлдей
Жамырасып өріскен
Шалдар баға беріскен
Жалмауыз кемпір: Ой ой, маған не боп барады? Менің түрім өзгеріп барады. Жүрегім біртүрлі жылып кетті. Денем де нәзіктеніп, сұлуланып бара жатқандай. Ой, алақай мен мейірімді болдым - деп иығындағы ақ орамалын басына байлап әдемі әжеге айналады. Айналайын құлыншақтарым, Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Тәрбиеші: Міне, Наурыз мейрамының ерекше мейрам екеніне тағы бір көзіміз жетті. Жалмауыз кемпір мейірімді әжеге айналды. Ал енді біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.
Ералы: Күн менен түн теңеледі
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді
Бақтияр: Армысың ағайын
Бармысың ағайын
Ұлыс бақты болсын
Наздана: Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз
Батыр:
Сәнді көктем нұрымен
Наурыз тойы жырымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Наурыз тойы тойлансын
Батыр: Бәрекелді балалар. Тақпақты сондай жақсы айтады екенсіңдер. Ал енді Күш сынасуға, әркімнің өз ептілігін сынауға уақыт келіп жетті.
Ойын: « Күш сынасу»
Тәрбиеші:
Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер,- дегендей аталардан бата күтеміз.
Тәрбиеші:
Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған қадамын құтты болсын,
Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын
Қош болыңыз, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін жалғапты!
Жылда осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке – бірлік әкелсін!
Сау болыңыздар!
0 голосов
ответил 28 Фев от Bota Bazarbay
Наурыз мейрамы – дәстүрлі мереке.
Мақсаты: Балаларға халқымыздың мейрамдарының бірі – Наурыз туралы түсінік беру. Балаларды ұлтжандылыққа, ана тілін құрметтеуге, халқымыздың ұлттық мерекелерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, ұлттық киімдер.
Тәрбиеші: Ежелгі заманнан бері шығыс халықтары Наурыз мерекесін тойлап келеді. Шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы болып саналатын Наурыз күн мен түн теңелетін 22 наурызға, жер бетін тіршілік біліне бастайтын мезгілмен тұтас келетін мереке. 21 наурыз даланы халқымыздың діни түсінігі бойынша Қыдыр ата аралайды. Сондықтан әр отбасына дәулет дарып, бақ қонсын деген түсінікпен есіктерін ашып қойған. Наурыз негізінен адамдардың көрісуімен басталады.
Жақындатып өткенге, кеткенге енді,
Көктем келді, балбырап, көктем келді.
Суық сорған жаныма шуақ қонған,
Осы еді ғой күткенім көптен бергі,
дей келе, бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған тақырыптық оқу іс - әрекетін бастаймыз.
І. Ән «Наурыз айы»
Алнұр:
Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде.
Арманда оны көрген де,
Көрмегендер де арманда,
Наурыз айы келгенде.
Қарлығаш:
Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.
Мади:
Ежелгі шығыс еліміз,
Аңсаған арман, ойы бар.
Тарқайтын шары жерінің
Дәстүрлі Наурыз тойы бар.
Аяжан:
Кеңінен елге таралған,
Негізі ерте қаланған.
Еңбек, шаттық, жыл басы,
Наурыздан басталған.
Бибарыс:
Шырқап салған әнімен,
Мерекелік сәнімен.
Топталып ойнап, қыдырып,
Бөлісіп ішкен дәмімен.
Зарема:
Су сылдырлап, жер көктеп,
Наурыз келсе жыл басы.
Бау - бақша ішін өрнектеп,
Өзгерер өңір тұлғасы.
Шахмұрат:
Наурыз келсе, құт келгені,
Халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық.
Би «Қара жорға»
. Амира:
Жаңғырған дәстүр салтымыз,
Төгілген бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке, Наурыз – жыл басы.
Ерқанат:
Бақта құстар сайрайды,
Жайнап көктем нұрымен.
Жаңа дәстүр жырымен,
Ел наурызды тойлайды.
Димаш:
Наурыз келді салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз.
Көшеге тал егеміз,
Жарқырады күніміз.
Мадияр:
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз болып,
Басталыпты наурыздан.
Виктория:
Наурыз саған жол болсын,
Тілегім анық сол болсын.
Деген ырым білгенге,
Халықта ақ мол болсын.
Тәрбиеші: Наурызда наурыз көже жасайды. Наурыз көже – наурыз тойына ғана тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр адам 7 түрлі тағамнан пісіреді. Наурыз көжені сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы да басқа тағамдар қосып пісіріліп, келгендерге ұсынылады.
Бесік – қасиетті, киелі, құтты мүлік. Сәбидің алтын ұясы. Бесікті отпен аластан, тыштыма жасап алады да, баланы бесікке салады. Балаға деген ана махаббаты бесік жыры арқылы айтылады. Баланы бесікке салу кезінде үлкен әже, келін, қыздар отырады. Енді сіздерге қазақтың «Бесікке салу» салтын көрсетеміз.
Үлкен әже – Ақнұр:
Алас, алас, баладан алас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Алас, алас, бәледен алас,
Көзі жаманның, көзінен алас!
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас!
Баланы бесікке бөлейді.
Келін – Диана:
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Көзіңнің жасын бұлама.
Әлди, әлди, бөпешім,
Қозы жүні – көрпешім.
Жұрт сүймесе сүймесін,
Өзім сүйген бөпешім.
ІІІ. Жамила:
Наурыз тойың, наурыз тойың,
Құтты болсын, халайық!
Күй төгілсін, күй төгілсін,
Шырқап әнге салайық.
Ерсұлтан:
Ұлу жылы, кел төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.
Ұлдана:
Ұлыс бақыт әкелсін,
Әр күніміз жақсы болсын.
Достығымыз берік болсын,
Білім - өнер серік болсын.
Ислам:
Шаттанып бүгін жаңа жыл,
Халқына шашып жаңа нұр.
Келді Қыдыр атамыз,
Жүректен төгіп жаңа жыр.
Енді, балалар, сендерге Қыдыр атамыз бата береді.
Қыдыр ата – Алан:
Бата
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын.
Ұлыс береке берсін.
Бәле - жала жерге енсін!
Ұлы халқым тең болсын,
Қайғы - уайым жоқ болсын,
Қуанышың көп болсын!
Әумин!
Тәрбиеші:
Дастарханы халқымның тола берсін,
Бақыт құсы қолыңа қона берсін.
Ұлы тойдың төресі – наурыз тойы,
Жылдан - жылға құт тойы бола берсін!
Деп, бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған тақырыптық оқу іс - әрекетін аяқтаймыз.
0 голосов
ответил 28 Фев от Bota Bazarbay
«Қош келдің наурыз»
1-ведущий
Қош келдіңдер, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!
Наурыз мерекесі құтты болсын «Қош келдің Наурыз!»
Мерекелік бағдармамызды бастауға рұқсат етіңіздер
2-ведущий Добрый день дорогие уважаемые гости преподаватели и учащиеся! С праздником наурыз! разрешите начать праздничный концерт «Қош келдің, Наурыз!

1-ведущий Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық, мерекесі халықтың наурыз тойын бастайық. Құтты болсын мереке, болсын думан береке.

2-ведущий Из глубины историй нашей земли
К нам пришел этот праздник Наурыз.
Праздник нового дня, Праздник цветений и обновления.
Праздник Земли и человека.

1-ведущий Сіздердің назарларымызға 6 « А» сынып оқушысы Жоламанова Аян орындауында «Науырыз» әні
2-ведущий: Слово для поздравления предоставляется акиму Новосельского сельского округа Директору ТО

1-ведущий
Келе жатыр жылымыз
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып, жадырасып бәріміз.
Күннің жаңа нұры бар, мұнын ғажап сыры бар
Халық сүйген мейрамды қарсы алайық Наурыз!

2 ведущий В ночь Наурыз люди выходили на улицу, поздравляли, желали друг другу самые лутшие пожелания, прощали обиды и ссоры: ходили другу другу в гости, в каждом доме готовили традиционный «Наурыз – көже»

И угощая, желая друг другу достатка и счастья. Эти пожелания старших называют «бата», кто больше пьет коже тот будет сыт целый год: а кто больше всех получит ақ бата у того в жизни будет светлая дорога - считали в народе

1-Ведущий
Ұлыс күндеріңіз құтты болсын.
Ата – бабаларымыздың сөзін айтсақ «ақ түйенің қарны жарылған күн»
Бұл күні бабаларымыз бен әжелеріміз үйді аралап, наурыз көжеден дәм татқан Үлкен кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілеген.

Ал, құрметті қонақтар!
Айналайын балалаар!
Жеп - ішсін деп, тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып,
Наурыз көже пісірдім.
Тойға қазан түсірдім!
Құйдым алтын табаққа,
Құлшыныңдар тамаққа
Көжеге жас - кәріңді,
Шақырамын бәріңді

(Наурыз әні орындалады. Объявляется конкурс наурыз коже )

1-ведущий исполняет песню Рамазанов Амангельды
Слово для поздравления предоставляется директору школы

2-ведущий У наших предков много традиций и обрядов. Одним из наиболее распространенных обрядов без которого не начинают не одно торжество – это «шашу» - обряд осыпания
Шашу из конфет, различных сладостей или мелких монет.

1-ведущий наурыз келсе құт келгені халайық
Есік ашып, шашу шашып ел болып қарсы алайық
(Ортаға шашу шашып шығады)

Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілегін.
Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, жинап ал несібеңді,
Ризалығың болсын көл - көсір!

Далее играет музыка
1ведущий Қош келіпсің, Наурыз! Арман тойы халықтың, қуанышы халықтың
Құтты болсын қадамын!
Сені тойлап қарсы алып бар әлемге жар салып
Сәлем бердік біз сізге

2-ведущий Как многие народные праздники, праздник наурыз имеет свои традиции и обряды
В народе существует поверье, что эту ночь землю посещает Қыдыр ата тот, кто с ним встретится, того ждет удача и счастье. А қыдыр ата может увидеть только те, кто чист душой и сердцем, предан своей земле и народу. Чтобы встретится с Қыдыр ата народ выходит на улицу в ночь на 22 наурыза, обнимаясь друг с другом, прощают обиды и ссоры: из дома выносят старые вещи, чтобы в доме было чисто и накрывают стол из зерновых и молочных продуктов, чтобы год был урожайным и был достаток, зажигают две свечи, означающие, что одна свеча это не свет, накрытый стол означает, чтобы в этом доме был достаток.

1-ведущий Халқымыздың мифологиялық аңыздары бойынша Наурыздың 22 түнінде сағат 3 - те даланы Қыдыр ата аралайды. Жаңа күн табалдырықты аттап үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас»деп, қос шырақ жағылып қойылады Ыдыс атауларын «ырысқа» деп жеті түрлі тағамға толтырып қояды Жыл бойы дән тасқын - тасқын, ақ мол, жауын - шашын көп болсын деп тілейді

(Ортаға Қыдыр ата мен Наурыз қыз келеді)

1-ведущий: Қыдыр ата ортамызға келіп түр
Бізге ақ батасын, ақ тілегін берейін деп
Сәлем беріп, алақанымызды жайып
Алайық атамыздың Ақ батасын
Қыдыр ата. Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейін
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жәле жерге енсін
Көйлектерін көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын
Қуаныштарың көп болсын
Аумин!

Наурыз қыз сөзі
Ашық болсын күніміз
Ашылады нұрымыз
Бай - тұлғалы өмірде айтылады жырымыз.
жайнатады гүл - гулді
Сайратамын бұлбұлды
Мерейлі жұрт тойласын
Мейрам етіп бұл күнді
Музыкалық сәлемдеме

1-ведущий
«Наурыз» біздің Қазақстанда тұратын көп ұлттар өкілдері үшін өртақ

2-ведущий
Наурыз единый шанырақ всех народов, проживающих в Казахстане
Этот праздник стал праздником объединяющим и призывающим к дружбе и взаимопониманию всех народов.

1-ведущий
Жиналдық Наурыз тойға бәрімізде
Үлкен – кіші жасымыз кәріміз де
Әрбір ұлттың жиналған өкілдері
Өнерлерін көрсетуге келді міне
Енді ортаны баршыңызға ашайық
Көрермендерге жырдан шашу шашайық
Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып
Өнерменен інжу - маржан шашайық

Музыкальные номера
Начинаются спортивные игры принимаем активное участие
Награждение

1-ведущий
Құрметті ата - аналар және көрермендер, мерекелеріңізбен!
«Ұлыстың ұлы күні құтты болсын»
«Наурызға ақ жол»
«Жыл басы наурыз»
Мол болсын дәм - тұз»

2-ведущий
«Наурыз ты праздник дружбы и добра»
«Наурыз ты праздник мира
Пусть будет вечным этот день
Пришедший и унесенный на века

Бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Зейін қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ!
0 голосов
ответил 28 Фев от Андрей
22 наурызға арналған ертеңгілік (Жыл басы Наурыз)

Жыл басы -Наурыз!

Мақсаты:  Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;
                   Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге   
                    тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін            
                   қалыптастыру.
 
       Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады.  
Залда әсем әуен ойнап тұрады.
 1-тәрбиеші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын!  Армысыздар  құрметті  қонақтар.
2- тәрбиеші: Ұлыс күні кәрі – жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағатқан қозыдай
Жамырасып өріскен
Ұлыс күні қар еріп
Сай салалар гүрілдеп
Көк шөбі шығып желкілдеп
Дүние біткен күлімдеп
Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен

Ортаға екі бала шығады.
1-бала : Ассалаумағалейкум
                Ұлыс оң болсын
                Ақ мол болсын!
2-бала: Уағалейкумссалам
             Ұлыс оң болсын
             Пәле – жала жерге енсін!
Екі бала төс қағыстырып аман – саулық сұрасады.
«Көктем, көктемде»
1-тәрбиеші: Ұлыс күндеріңіз құтты  болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!

(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады)
Әже:    Наурызым , құт әкелсін елімізге
Береке, ырыс кірсін жерімізге
«Барысты» қуанышпен шығарып сап
Бақыт боп «Қоян » кірсін елімізге
Жаңа жыл елімізді жарылқасын
Қиналып әр отбасы тарықпасын
Ата – әже келгенде қуанғандай
Немерелерім сендерді қуаныштан арытпасын.
Наурыз қыз:                  Жасай бер жаңа күн!
Туа берсін жаңа күн
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын жаңа жыл!!
Құтты болсын Наурыз – той,
Құтты болсын Жаңа жыл!
                                          

1 бала:                             Қош келіпсің Наурыз!
                       Арман  тойы халықтың.
                        Қуанышы халықтың,
                       Құтты болсын қадамың!

2 бала:                            Би биледік бәріміз!
                       Егін өңін толқытқан,
                       Елдің көңілін шалқытқан.
                       Бас иеміз- Наурыз!

3 бала :                           Сені тойлап қарсы алып,
                     Бар әлемге жар салып,
                     Сәлем бердік, біз сізге!

  4-бала:                           Наурыз тойы-береке,
                                         Наурыз тойы-жыр аңыз.
                                         Қызып дулы мереке
                                         Қызық думан құрамыз.

Ұлдар биі:   « Адай»
ІІ. Негізгі бөлім:
Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Алтын сақа » ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы- Наурыз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
                    Көрініс.
(Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді)
Шал:  Шек, шеку , ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым »  деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді.Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды.
Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе?
Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын.
Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал: Бір отар қой беремін.
Мыстан: Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін.
Шал: Жәрәйді, жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді , соны ал.
Мыстан: Онда келісімін, оны қалай бересің?
 Шал:  Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар , соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал.
-    Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады.
    Мыстан алтын  сақаның жанында отырады.
( Бала  сақасын іздеп шығады)
Бала: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші?
Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра  алмаймын, өзің ал.
    Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде қыздар Кенжебекті іздеп шығады.
Қыздар: Кенжебек, Кенжебек, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз.
    Осы кезде ортаға Мыстан атын шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады.
Мыстан: Сендерге Кенжебек керек болса , менің шартымды орындаңдар.
Қыздар: Орындаймыз, апа орындаймыз.
Мыстан: Онда маған Наурыз туралы тақтақ айтып беріңдер.

(Балалар Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын айтады)

1- бала:                      Ұлы күні кәрі- жас,
                                Құшақтасып көріскен.
                                Жаңа ағытқан қозыдай,
                                Жамырасып өсірген.
                                Наурыз той құтты болсын!

 
2- бала:                Шапағатын аямай бұл жақта аспан,
                              Жадырайды әр адам мұң шақпастан.
                              Ой ағайын, келіңдер!
                              Бүгін бізде –
                               Наурыз көже құрт - қатық,бұршақ  қосқан.

3- бала:                   Наурыз келсе,құт келгені, халайық!
                                Есік ашып,шашу шашып,
                                Ел боп қарсы алайық..

4- бала:                   Бүгін күн мен түн теңелді,
                                Жер шуаққа көгереді,
                               Соны тойлап ел енді.
                               Қуанышқа кенеледі

 
5-бала:                      Наурыз той салтымыз,
                                Көгерсін деп халқымыз
                                Көшеге тал егеді.
                                Бағымызда  бұлбұлымыз сайрайды.

 6-бала:                     Күреп алтын күрекпен,
                                 Қарды еріткен Наурыз!
                                 Жатыр көктем түлетіп,
                                 Бүрлеп бақша – бауымыз.

7-бала.                      Ұлы күні ұлыстың
                                  Күн мен түнді теңеген
                                  Тәтті дәмін ырыстың
                                  Таттық Наурыз көжеден.

Мыстан: Жарайсыңдар!
Қыздар: Апа ,енді Кенжебекті жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер
Қыздар биі: «Шашбаулым»
оставил комментарий 28 Фев от Андрей
Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой.
Қыздар: Апа Кенжебекті жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ әрине осығанда жіберем бе кәне ұлдар жылдам  ба. қыздар жылдам ба соны көргім келіп тұр.
Ойын: «Қыз куу»
Қыздар:  Енді, жібересіз бе?

Мыстан: Жоқ, менің енді айтыс тыңдағым келіп отыр. Ақындарың бар ма?
( Айтыс өнерін көрсетеді)
Нұржан мен Аружан айтысы
Нұржан:  Нұржан ұлың мен болам.
                  Әке шешем мақтаған,
                   Жарыс десе жайнаймын
                   Намысымды қорғаймын.
Аружан:    Өнердің ашып есігін
                    Шешендік сөзбен көсілдім
                   Таныстырсам өзімді
                    Аружанменің есімім
Нұржан:    Ал Аружан сұлу қыз
                   Қандай  күшті бұрымың
                    Қасыңдағы қыздардың
                    Ішіндегі сұлу қыз
Аружан:     Мені мақтап не істейсің
                    Білем өзім сұлумын
                    Дайынсың ба  мектепке
                    Соны айтып білдіргің.
Нұржан:     Білім, ғылым өнерге
                     Қанат қағар кезім ғой
                    Ата – салтын ертеңге
                     Жеткізетін өзім – ғой
Аружан:     Ой жігітім арманшыл
                      Орындалсың арманың
                      Жұмыртқаны қақ жарып
                      Пілге ұқсап жатырсың.
Нұржан:     Көріп тұрсың сұлуым
                    Жігіт деген атым бар
                     Болашақта халқыма
                    Президент болу арманым
 Аружан:      Әнде айта аламын
                       Биде билей аламын
                       Өзім бала болсамда
                      Таудай үлкен талабым.

Бірге:           Еркем , еркем еркем- ай
                      Еркелеген ертең – ай
                     Бүгін болған мереке
                     Болсын тағы ертең ай.

Жазира мен Дильназ айтысы

Екеуі бірге:
                  Оу, халайық халайық
                   Әсем әнге салайық
                    Наурыз тойын көңілді
                  Бірге қарсы алайық

Жазира: Менімен айтысар
Қыз құрбылар қайсың бар
Қолдан келсе  әзілдеп
Маған сынды айтыңдар.
Дильназ: Айтысуға өзіңмен
Шығып тұрмын алдыңа
Күн аттарын білмеуші едің
Жаттап оны алдыңба ?
Жазира:  Құрбым кімге күлесің
Өзің нені білесің
Оңға дейін қиналып
Санай алмай жүресің
Дильназ: Бәтеңкенің бауында
Байлай алмай жүруші ең
Үйрендіңбе жейдеңді
Теріс қарай киюші ең
Жазира:   Олпы – солпы кигенің
                   Ойыңа не түйгенің
Намысыма құрбы жан
Наурыз күні тимегің
Дильназ:  Айтысуға шақырдың
                  Тимесең сенде тимегің
                   Наурыз күні достасып
                  Бірге көже ішейік
Екеуі бірге. Ұлы Наурыз бәріңді
Татулыққа шақырған
Тоқтатпасақ айтысты
Сөз қалған ба ақыннан
                  

Мыстан: Өй, сендерде ақындарда бар екен ғой.
Қыздар: Кенжебекті енді жібересіз бе?
Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып)  қане ұлдарыңның күшін сынып көрейінші( белінен арқан шешіп береді)
Ұлттық ойындар . «Арқан тартыс»
Мыстан: Қандай күшті балалар. Бірақ мен Кенжебекті жібере алмаймын, менің қарным ашты.
(Қыздар жиналып ақылдасады)
Қыздыр: Апа, мынау ұялы телефон , мұнымен барлық жермен сөйлесе         
                  аласың,өлең тыңдайсың, ойын ойнайсың, суретке түсесің.
Мыстан: Қане, әкел бері көрейін.
    Мыстан телефонды алып бұрышқа қарай барғанда қыздар Кенжебекті алып шығып кетеді.
Мыстан: Әй,әй тоқтаңдар..
-    Алло, Таусоғар, Желаяқ ұстаңдар  аналарды! Мыстан өзі де шығып кетеді.
 
 Тәрбиеші: Балалар мінекей әрқашанда жамандық жасаған адамдар өзі ұсталып қалады көрдіңдерме барлығымыз бірігіп Кенжебегімізді де шығарып алдық, барлықтарыңда көп жақсылық жасауға тырысыңдар. Балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қызыр атамыз  
 да келіпті. Келіңіз, ата төрлетіңіз.
Қызыр ата  батасын береді.
Азамат боп ержетіңдер,
Ақылды болып ержетіңдер
Азамат болыңдар  көрікті,
Ғұмырың  болсын берікті
Азамат болыңдар ардақты
Мінездерің болсын салмақты
Өнер болыңдар  жан – жақты
Осы айтқанның бәрі қабыл болып
Алла берсін сендерге зор баққты! Аумин.

   Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!
                      Дендеріміз сау, мықты болсын!
                      Наурыз тойы келе берсін!
                      Барлық халық бақытты болсын,
                      Қош ,сау болыңыздар, халайық!
                      Көріскенші күн жарық болсын!
Ән. «Наурыз»
Барлықтарыңызды  Наурыз  дастарханына шақырамыз.
Көжеден дәм татыңыздар.
0 голосов
ответил 28 Фев от Андрей
Атырау облысы,
Жылыой ауданы,
Құлсары қаласы
"Айналайын" ясли бақшасының
тәрбиешісі Бибінұр Ізтілеуова
Тақырыбы: Қош келдің,әз Наурыз!
Мақсаты:Қазақтың ұлттық мейрамы Наурызды балаларға кеңінен насихаттай отырып,ұлтжанды,мейірімді халықтың дәстүрі дәріптеул баулу.
Көрнекілігі: Салт дәстүрге байланысты заттар,ұлттық тағамдар.
Жүргізуші: Армысыздар,ата-аналар,балапандар,қонақтар!Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті.Тойларыңыз құтты болсын!Наурыз- «жаңа күн» деген сөз.Бұл күн-біздің ата-бабаларымыз,арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі.ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты,тілектеріңіз қабыл болсын! Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі.
Наурыз келсе,құт келгені халайық!
Есік ашып,шашу шашып.
Ел боп қарсы алайық (шашу шашылады)
Су жылтырап бүршік ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп,жалын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!
Наурыз келді ал тойлаңдар жараңдар,
Келген мына мерекеге қараңдар.
Шашу шашып ақ жаулықты әжелер,
Тойда бүгін ойнап-күліп тараңдар.
Ал халайық,тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Құрметті қонақтар,ата-аналар,әріптестер «Күншуақ» тобының орындауында ән: «Наурыз-достық мерекесі»
Рахмет балалар қандай керемет ән шырқадыңыздар.
Ендігі кезекте балаларымыздың Наурызға деген тақпақтары бар,енді соны тамашалаңыздар.
Нұрниса: Уа аағайын халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Наурыз тойын бастайық!
Медет: Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғатта тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Нұрайым: Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме.
Байлық бақат тілеймін,
Бұл қазақ еліне.
Диас: Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қауышты,
Көктемдегі жарқын сәт,
Көңілдерге ауысты.
Аружан: Наурыз тойым,Наурыз тойым.
Құтты болсын халайық!
Қане достар,қане достар,
Шырқап әнге салайық!
Кәусар.Т: Жыл басы-Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем бөленді.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды!
Салтанат: Наурыз дала,наурыз гүл,
Тентек сезім,үнсіз тіл.
Ақ қайыңның алдында айқасқан,
Балуан білеп,қыпша бел.
Дастан: Наурыз тойы елдің тойы,
Көктем тойы-төлдің тойы.
Ән айтатын күні бойы,
Жақсы көрем Наурыз тойын.
Біздің балалар әдемі тақпақ жаттапты жарайсыңдар!
«Күншуақ» тобы бүлдіршіндерінің орындауында «Қара жорға» биін тамашалаңыздар.
Ақбоз үйді үлпілдеткен,
Боз баланы бүлкілдеткен.
Қуанышты күлкің-көктем,
Әсем едің,шіркін неткен – деп ендігі кезекте қазақтың ұлттық ойыны «Қыз қуу» тамашалаңыздар.
Берекет пен Кәусар.
Ата-аналар кішкентай балапандарымызға қошыметтеп отырайық.
Тобымыздың ерке қызы Дюмбаева Салтанаттың орындауында «Дастархан» әні.
Наурыз елімнің берекесі,
Жаңа жылы қазақтың мерекесі.
Шаңырағы биіктеп күнге жақын,
Ұланғайыр керілсін керегесі – деп енді балаларымыздың Наурызға деген жаттауларын тағыда тыңдасақ деймін.
Нұрай: Наурыз келді-жыл келді,
Тірілтуге гүлдерді.
Сәнденеді аналар,
Сәбилермен бірге енді.
Айкөркем: Наурыз келді,нұр келді,
Түгел аймақ түрленді.
Бақшадағы апайлар,
Тойға әзір боп үлгерді.
Іңкәр: Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай,
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық.
Луиза: Той думанға келіңіз,
Тамашалап көріңіз,
Ән айтайық бәріміз,
Қол соғайық бәріміз.
Медина: Наурыз самал,Наурыз таң,
Қалаң орман ұйқысынан оянған.
Сағынышпен қауыштырған жұптарды,
Жылдың басы,он екі айға тоғысқан.

Аяулым: Наурыз жауын,наурыз сән,
Әсем әуен,сазды ән.
Қыз бозбала қыдырған
Жасыл желек,көк аспан.
Кәусар.А: Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр әніміз.
Асылай: Көктем келді балақай,
Жасарды жер,алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.
Асылхан: Наурыз келді сан құрып,
Жасарып жаңғырып,
Құлпырды жер мен көк.
Мейірім таң күліп.
Торғын: Наурыз тойы-салтанат,
Наурыз тойы-мархабат.
Әр журектен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Алтынбек: Наурыз бұл мереке
Құтты болсын береке.
Қыдыр ата келін
Жақсы тілек әкелсін.
Әйгерім: Наурыз көктем,наурыз жыр,
Ана мейірім шуақ нұр,
Жан иесін жаңартқан,
Аққуан бұлақ,нәзік сыр.
Әлихан: Наурыз әлем,наурыз құс,
Сұлу дала,сағым тұз.
Самғай ұшқан қарлығаш,
Аққу қаздар мамық төс.
Тобымыздағы балапандардың әкелерін ортаға шақырып, қазақ халқының дәстүрі «Арқан тарту» ойынына шақырамыз.
Айкөркем,Салтанат,Кәусар,Әлихан,Ерасыл,Кәусар.
Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда,
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда – деп «Шілдеханамызды» бастайық.
Ұлы күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда олжалы жыл болар – деп бәйтеректей болып отырған Дюмбай атамыздан бата беруін сұраймыз.
Құрметті ата-аналар әріптестер,Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.
Наурыз мерекесі әр отбасына құт-береке,ырыс әкелсін дейміз.
Қорытынды сөзін сөйлеп,тілегін білдіруге сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Сәуле Майшақызыны сөз береміз.
0 голосов
ответил 28 Фев от Андрей
Төрлет, Наурыз төріме!

Мақсаты: Балалардың Наурыз туралы түсініктерін арттыру, ой өрісін, тілін дамыту. Халқымыздың салтын, әдет - ғұрпын өнегелі, өнерлі азамат болып бірлікке, достыққа тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық киімдерін киген бүлдіршіндер «Көңіл ашар күйінің сүйемелдеуімен, мерекелік бағдарлама өтетін жерге орындарына келіп тұрады.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар!
Ілесіп Наурызбен көктем жетсін,
Көңілін үлкен - кіші көкке өрлетсін.
Еңсесі көтеріліп ер азамат,
Ескі жылмен реніш өкпең кетсін - дегендей наурыз жыл басы құтты болсын!
Жаңа жыл тек қана жақсылығын, жаңалығын әкелсін! Ақ мол болсын! Халық тоқ болсын, Еліміз тыныш болсын! Баршамызға бақ қонсын!
Шығыс музыкасы ойналып тұрады, залға Падишах пен Шахрезада кіріп келеді.

Падишах: Наурыз келді гүлім,
Жер көгереді, ел көгереді гүлім.
Шахрезада: Наурыз келсе қайтем. Маған қызық емес.
Падишах: Ол Наурыз жыл басы. Бәріне мұсылман қауым Найрыз мерекесін тойлайды.
Шахрезада: Жылда - жылда тойлай береміз бе? Жалықтырып жіберді.
Падишах: Сені қалай көңілдендіремін екен? Әлде қыздарға би билетейін бе?
Шахрезада: Басын шайқайды.
Падишах: Жігіттерге ән айтқызайын ба?
Шахрезада: Басын шайқайды.
Падишах: Енді не істейін жұлдызым, күнім.
Шахрезада: Секіріп қуанып. Мен қыдырғым келеді басқа елді көргім келіп тұр.
Падишах: Қайда барамыз?
Залға екі атпен жаушы шауып кіреді.

1 - Уа ағайын - туысқан,
Наурыз күн туды шығыстан.
Сол тойға келдік шақырып,
Ат терлетіп алыстан.

2 - Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық.
Наурыз тойын бәріміз,
Биыл бірге қарсы алайық.
Падишах: Амансыңдарма жігіттер? Мерекеге шақырғандарыңа рахмет!
Шахрезада: Қазақстан еліне барамыз.
Падишах: Жарайды барайық. Қазақ елі бізге туысқан, біз сияқты мұсылман халық. Өте қонақжай халық деп естідім. (Музыкамен жүріп шаңырақтың ішіне кіріп отырады).
Жүргізуші: Қашанда құт береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу салты елімнің,
Уа, халайық теріп ал шашуымды.
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін. (Шашу шашылады)
Падишах: Мереке наурыз жыл басы,
Наурыз тойы құтты болсын.
Дендерің сау, мықты болсын!
Аман есен болайық.

жуктеу - https://yadi.sk/i/5V5Pt1zzjo24H

1,012 вопросов

1,299 ответов

326 комментариев

28,537 пользователей

...