Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

8-Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған балабақшаға ертеңгілік сценарий керек?

418 просмотров
спросил 28 Фев от Bota Bazarbay в категории Университет, Колледж, Школа

8-Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарий керек?

8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктер балабақшада

8-Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған балабақшаға ертеңгілік сценарий керек?

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

5 Ответы

0 голосов
ответил 28 Фев от Асыл
Балалар музыкамен залға кіреді

Жүргізуші:Қош келдіңіздер аяулы аналар, асыл әжелер, қызғалдақ қыздар. Көңілдеріңізге көктем шуағындай,сезім мен нұрқұйып 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көктем мерекесінің қай кезде де орны бөлек. Өйткені аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Себебі, ана өмірдің гүлі көңілдің жыры әр отбасының алтын діңгегі. Ендеше көктемнің алғашқы күндеріне арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Қыз:Армысың мейірімді аналарым,

Мейірбан ашық көңіл даналарым,

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,

Құттықтайды сіздерді балаларың

Ұл:Армысың ақжаулықты әжелерім,

Ақылы дариядай кемеңгерім

Ардақты аналардың мейрамында

Арнайды бүлдіршіндер өлеңдерін,

Жүргізуші:

Ару ана өмірдің асылдары,

Жайнаған көңілімнің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй

Сіздер үшін мереке шашулары

Жүргізуші:Олай, болса асыл аналар, Ақжаулықты әжелер мерекелеріңіз құтты болсын.

Жер әлемді жайнатып,

Әнші құстарды сайратып,

Гүлге бөлеп даланы,

Әнге бөлеп қаланы,

Көрікті көктем келді

(Ортаға музыкамен көктем кіреді)

Көктем:

Мен көңілді көктеммін,

Былтырда келіп кеткенмін

Құшағым гүлге толсын деп

Нөсерімді төгемін.

Жүргізуші:

Ару көктем, қошкелдің, төргешық. Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан ару көктем біз саған ризамыз.

Қыз:

Біздің халық өнерпазға бай тегі.

Әнші деп те күйшідеп те айт оны

Ұл: Күлімдеген көктемге ана жайлы

Жақсылап бір ән шырқасақ қайтеді

Ән:«Анажаным»

Көктем:

Гүлдердің сан алуан,

Түрлерін мен білемін

Сол гүлдерді өсіріп

Аялаумен келемін

(Гүлдер орынан тұрады.)

Бәйшешек:

Көктем гүлі бәйшешек

Мен боламын қараңдар

Наурыз сәуір айында

Мен шығамын жайқала

Қызғалдақ:

Қырқалардың төрінде

Қаулап көзге ұрамын,

Құлпыра жайнап өңірде

Қып қызыл боп тұрамын

Жауқазын:

Жауқазынмын жайқалған

Сұлу гүлмін жайнаған

Көктемде мен гүлдесем

Құлпыра кетер айналам

Раушангүл:

Әдемімін сұлумын,

Менен қай гүл аса алған

Мен боламын раушангүл

Гүл патшасы атанған

Көктем:

Кең даламды хош иісімен, сұлулығымен жайнатқан менің әсем гүлдерім аналарымызға қуаныш сыйлап би билеп берейік.

Би: Гүлдер
оставил комментарий 28 Фев от Асыл
Жүргізуші:Ардақты асыл аналар. Мінекей күлімдеген көктемкеліпайналамызқұлпырыпкетті. Көріктікөктемніңалғашқымерекесіаналаркүніқарсаңындабүлдіршіндерсіздердіқұттықтап, саздысәлембағдарламасындақонақтаболғанеді. Ендікезектісолбағдарламағаберейік.

(Эфирдежүргізушіұл мен қызотырады)

Жүргізуші: армысыздарқұраметті теле көрермендер! Эфирдесіздерменбірге «Саздысәлем» бағдарламасы. БүгінбіздіңстудиямыздаалматықаласыАлмалыауданынақарасты №30 бөбекжай-балабақшасыныңбүлдіршіндеріқонақта.

Қыз:анаәрбірадамныңжарықдүниедегі ең жақын жанашыры ақ сүтін беріп аялаған жанын  да аямаған ардақтысы. Ендеше бүгінгі хабарымыз аналарға арналады. Сондықтан сазды сәлем хабары арқылы барша аналарды мейрамымен құттықтаймын.

Ұл: Олай болса аяулы аналарын құттықтауға келген бүлдіршіндердің ыстық ықыласын таңдайық.

Балалар тақпақ айтады.

:

Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән маржанын ашайық.
:

Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
:

Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсең биікпін,
Алыстасаң сағынам.

:

Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

:

Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.

:

Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!

:

Айналайын анашым
Аялайсың, бағасын
Сен үшін балалармен
Ән шырқайық бәріміз

:

Жақсы көреді әжелерін,
Ойыншықтар да әпереді
Балабақшаға да әкеледі,
Жақсы қандай әжелері.
:

Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын

:

Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.

Жүргізуші:

Құрметті көрермендер сіздер біздің хабарымызға қоңырау шалып, құттықтау жолдай аласыздар. Біздің байланыс телефонымыз 271-35-45 Жақын жандарыңызды құттықтауға асығыңыздар.

(Қоғырау соғылады)

Ұл: Мінекей біздің хабарымызға хабарласып отырған алғашқы көрерменіміз де бар екен. Тыңдайық! Алло сәлеметсіз бе? Менің атым Алихан. Мен әжемді меркесімен құттықтаймын.

Ұл:

Әжеңе қандай тілек айтасың?

:

Әжеме тақпақ айтып беремін.

Әжелерді ардақтап қуантатын келді күн.

Құттықтаймын қуанып мейрамымен мен бүгін

Бөбегіңнің тілегі қабыл алшы әжетай

Ұзақ өмір жүз жасап жүрші әже қамықпай.

Енді менің әжеме арнап әдемі әже туралы ән айтып берсеңіздер екен. Сау болыңыздар!

Ән «Ақ әжем»

Жүргізуші: Осы бір тамаша әннен соң біз хабарымызды одан әрі қарай жалғанстырамыз.

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген қуанышы көңілдің

Ана деген әрбір үйдің жылуы

Ана деген гүлі туған өңірдің

Ана бір қолымен бесік тербетсе бір қолымен әлемді тербетеді. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді екен ендеше асыл аналарды құттықтауға асығыңыздар. Ал біз хабарымызды одан әрі студиямыздың қоржынына келіп түскен мына бір хатпен жалғастырамыз.

«Құрметті сазды сәлем бағдарламасы» деп басталады бұл хат. Менің атым Болат мен сіздердің хабарларыңызды үзбей көремін. Мен әскери борышымды әскерде өтеп жүрген сарбазбын. Сіздерге хат жолдап отырған себебім сіздердің бағдарламаларыңыз арқылы аяулы анамды және әжемді 8 наурыз аналар мерекесімен құттықтаймын! Мен оларға зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ өмір тілеймін. Музыкалық сәлем ретінде ……… биін жолдасаңыздар екен. Құрметті көрермендер…… биін тарту етеміз қабыл алыңыздар.

Би «»

Жүргізуші: балалар сендерде келешекте осындай ел қорғайтын азаматтар боласыңдар! Қане балалар! Сендер үйде аналарыңа қандай көмек бересіздер? Соны айтып беріңдерші. Сендер үйде аналарыңа қандай көмек беретіндеріңді білейік.

:

Қалай көмектесем деп

Ертелі кеш ойладым

Ыдыстар сынып қалар деп

Кір болсада жумадым

Шаңы шығып кетер деп

Үй сыпырып қоймадым

:

Балабақша болмаса

Дүкенге өзім барар ем

Ақшам көп болса анама

Сәнді көйлек алар ем

Қолымнан келсе от жағып

Ағашты да жарар ем

Қыз болсам ғой қиналмай

Кірін жуып өояр ем

Шәй қайнатып, бала ойнатып

Үйді жинап қояр ем

Тамаө жасай алмаймын

Еденде жуа алмаймын

Анама берер көмегім

Мазасын алмай ойнаймын.

Жүргізуші: Мінекей, ардақты аналар! Біздің балаларымыздың берген жауабы осы болды. Расыменде бұл балалар қанша тырысып көмектескісі келгенімен шамалары келмейді. Себебі, олар әлі ойыны қанбаған ойын баласы емеспе? Сондықтан хабарымызға  сәл үзіліс жасап ойын ойнап алайық. Ал біз сіздермен ойыннан соң жолығамыз.

Ойын

Қыз:

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын

Ж.регіңе жүрегімді жалғадым

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту арманым

Ұл:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанде ана сізбен берекеміз

Ақтасақ ақ сүтыңді асыл анам

Сонда біз кісілікке теңесеміз

Жүргізуші:

Асыл анам жасыл бағым жайнаған

Сол бағымда асыр салып ойнағам

Пәк жүрекпен жыр жазды перзентің

Бар тілегі сіздерге арналған.

Асыл аналар балаларымыз сіздерге деген ақ тілектерін жолдамақшы қабыл алыңыздар!

Қыз: Құрметті көрермендер! Хабарымызға тағы бір көрермен хабарласқан екен. Қоңырау қабылдайық.

Қыз: Алло біз сізді тыңдап отырмыз.Кімді құттықтайын деп едіңіз.

Сәлеметсіздер ме? Менің атым Айнур Ар-Дана балалар бақшасының ата-анасымын. Мен сіздердің бағдарламаларыңыз арқылы осы балабақшаның басшысы Зауреш Журсиновнаны және балабақша ұжымын және барша аналарды 8- наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтағым келіп отыр. Біздің балаларымызға тәлім-тәрбие берумен қатар олардың саналы білімді өнерлі де өнегелі боп өсуіне үлесін қосып орасан еңбек жасап жүрген апайлардың ден сау болсын , бастарына бақ қонсын,  ұстаздық  деген  ұлы жолда талмай шаршамай еңбек ете берсіндегіміз келеді. Апайлардың құрметіне арнап тамаша би тарту етіңіздер деймін.

Қыз: Расыменде балабақшадағы апайлардың арқасында көптеген бүлдіршіндер болашаққа самғап биіктерден көрінуде .

Ұл: Осындай апайлардың құрметіне тамаша би сұраған екен.

Би

Жүргізуші:

Асыл аналар! Мінекей сіздерді әлпештеп аялап отырған балапандарыңыз болашақта осындай беделді азаматтар болатынына біз сенеміз. Әлемнің бастауы мен таусылмайтын қазынасы өздеріңіз. Мәпелеп отырған балапандарыңыз сіздерге деген шексіз алғысын әнмен жеткізгісі келеді.

Ән: «Мерекем»

Жүргізуші:

Біз ғана емес қадыр тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Мерекеңмен қасетті аналар

Жүргізуші: Құрметті көрермендер осымен «Сазды сәлем» хабарымыз аяқталып қалды. Аяулы да ардақты аналар! Бүгінгі айтылған әдемі әндер мен әсем билер және жақсы тілектер тек сіздерге арналды. Хабарымыздың соңында бүлдіршіндердің өздеріңізге арнаған әсем гүлән қабыл алыңыздар. Ал біздің бағдарламамызды тамаша әуен жалғайды. Келесі эфирде кездескенше қош сау болыңыздар!

Би: «Мама»
0 голосов
ответил 28 Фев от Асыл
Балабақша, 8 наурыз: «Ана – аса қымбатты жан»

ШҚО, Жарма ауданы
КМКҚ «Бастау» балабақшасы
«Балауса» тобының тәрбиешісі
Зейнелсадыкова Еркежан Серікжанқызы

Тақырыбы: «Ана – аса қымбатты жан»

Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру;
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру;
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Кейіпкерлер: Жүргізуші, «Кәмпит-Ханшайым»

Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б

Ертеңгіліктің барысы:
Балалар залға қол ұстасып, жұптасып әдемі әуенде вальс ырғағында айналып, билеп өтеді. ( «Тәттім-ау» әуенімен)
Тәрбиеші: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Балауса» тобының бүлдіршіндерінің «Ана - аса қымбат жан!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Барлық балалар хормен: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!
Тәрбиеші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.

Хор: «Ақ мамам»

Тәрбиеші: - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!

Темірхан
Анам болса қасымда
Басқа бақыт не керек.
Анашымның жүрегі,
Мейірімді ғой керемет

Айым
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймын мерекеңмен,
Құрметті Аналар!
К. Камила
Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.

З. Камила
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Жанель
Бәрімізге анамыз
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мерекең
Құттықтаймын анашым!

Тәрбиеші:
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Мамочка биін»

Би: «Мамочка»
Тәрбиеші: -Балалар туған күнде, мерекелерде аналарымыз дастарханға қандай тәтті тағамдар салады.
-Дұрыс айтасыңдар, кәмпитті балалар да, үлкендер де жақсы көреді. Кәмпитсіз дастарханның сәні кірмейді. (әсем әуенмен залға «Кәмпит –Ханшайым» кіреді)

-Кәмпит-Ханшайым: (кіріп билейді)

Мен тәттімін,
Балалардың сүйікті дәмімін,
Мерекенің сәнімін,
Дастарханның әрімін.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мені таныдыңдар ма? Мен, «Кәмпит-Ханшайыммын»
Балалар сендер өнерлеріңмен, білімдеріңді, үлгілі тәртіптеріңді көрсетіңдер.Ол үшін менің мына ыдыстағы үлкен кәмпиттер бар, онда әртүрлі тапсырмалар берілген. Сол тапсырмаларды ашып орындасақ қайтеді. Тапсырмаларды түгелдей орындасаңдар мереке соңында әкелген сыйлығымды үлестіремін. ( бір балаға ыдыстығы кәмпитті аштырады, тапсырманы барлық бала орындайды)
Тәрбиеші: -Расында да, бізге тәтті «Кәмпит-Ханшайым» қонаққа келіпті. Қараңдаршы, кәмпиттері көп екен, тәтті десе тәтті екен. Қане өнерімізді көрсетейік, тапсырмаларды орындайық.
1- кәмпиттегі тапсырма:
Ойын: «Қағаз киім» ( аналар ұлдарымен)
Ойын жарыс түрінде өтеді. Ұлдарымыздың аналары ортаға шығып сайысқа түседі.

2- Кәмпиттегі тапсырма :
Би: «Балапандар»

Тәрбиеші:- Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі әніміз сіздерге арналады құрметті әжелер.
3- кәмпиттегі тапсырма:
Ән: «Әжетайым» (ұлдардың орындауында)
Тәрбиеші: -«Кәмпит-Ханшайым» , енді сіз біздің балаларымыздың аналарына дайындап келген тақпақтарын тыңдаңызшы.

Айпара
Көктем келді жадырап
Күн нұрымен таласып,
Жайнай берші жарқырап
Жаны жайсаң аналар!

Р. Аружан
Апатайым анашым
Ақылы мол данасың
Қамқоршысы баланың
Гүлі сенсің әр үйдің.

Али
Анам менің анашым
Сені жақсы көремін
Мерекемен бүгінгі
Құттықтаймын мен сізді.

Анель
Құтты болсын анашым
Құтты болсын мерекең
Әр кез саған тілеймін
Ұзақ өмір жолдарын

4- кәмпиттегі тапсырма:
Ойын: «Кәмпит тасу» (аналары мен балалары)
5- кәмпиттегі тапсырма:
Би: «Бал биі»
Әдемі биден кейін балапандарымыздың тақпақтарын тыңдайық:
Ислам
Бізді өсірген анашым
Еңбегіңіз зор екен
Құтты болсын Анашым
Құтты болсын мерекең!

Жантемір
Жанымызды жайнатқан
Өзіңіз ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар.

Ескендір
Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Аналарды құттықтап
Жырдан шашу арнаймыз.

Эсма
Жүзімізге қараңыз
Бал күлкілі баламыз
Бізге қымбат күн шуақ
Бізге қымбат аналар!

Елдар
Баланың да тірегі
Дананыңда тілегі
Ауырмасын ешқашан
Анамыздың жүрегі.

С.Аружан
Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.

Кәмпит-Ханшайым: -Балалар, сендер бүгін менің тапсырмаларымды өте жақсы орындап шықтыңдар. Сендерге көп-көп рахмет айтамын. Өздерің өнерлі, әдемі, тәртіпті екенсіңдер, мен сендерге ризамын. Енді мына қолымдағы ыдысты тәрбиеші апайларыңа беремін. Сендерге әкелген көптеген әртүрлі кәмпиттерім бар. Соны сыйлыққа бергім келіп тұр. Мен енді сендермен қоштасайын, басқа да балабақшада мерекелер болып жатыр соған барайын. (Кәмпит-Ханшайым балалармен қоштасып шығып кетеді)
Тәрбиеші:
Мерекені қарсы алып,
Мәз болғанда барша жұрт,
Гүл ұсынып қыздарға,
Сыйлық бердім мен өзім - дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. (Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді)

Тәрбиеші:
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!

Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – аса қымбат жан!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!
Балалар хормен: «Анамызға мың алғыс, баршаңызға ...
0 голосов
ответил 28 Фев от Асыл
Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы

8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
Ортаңғы топ
Қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Ән:“Анашым”
1. Бүгін Наурыздың сегізі
Сұлулықтың егізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
2. Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағында қысылмай.
3. Жүре берсем қасымда
Әйбат анам, әй анам
«Ботам» деген дауысыңнан
Мен мәз болып оянам.
4. Еркелесем күнім дейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан искеп менің
Құлыншағым күнім дейтін.
5. Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем
6. Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.

Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.
Көктем: Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Өйткені мен көктеммін
Құстар сайрай жөнеледі.
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.

Жүргізуші: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн - әжелер мен аналар мерекесі.
Балалар мен сендердің әже, аналарыңның есімдерін білгім келеді.

Жүргізуші: Әрине біздің балалар әже, аналарыңның есімдерін біледі. (Балалар жауап береді)

Көктем: Қандай керемет есімдер. Көп - көп рахмет балалар сендерге.
Осы кезде көктемнің телефоны шақырады
Көктем: Ия, не сұрақ жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін. Мінекей балалар менің басқада жұмыстарым бар, маған кету керек. Бірақ мен сендерге босқа келмедім. Мен сендерге сиқырлы кітап тарту етемін. Міне ол. Аналарыңмен бірге оқыңдар. Сау болыңдар.

Жүргізуші: Қандай қызық кітап. Ой аша алмай жатырмын, мұны кілтпен ашу керек екен. Ә, міне кілті. (Кілтті осы кезде бұзақы бала тартып алып кетеді). Кім бүгін бізбен қалжыңдасуға келген?
Бұзақы: Ол мен бұзақы бала. Сендерде не болып жатыр? Мен бұзақылық жасаған кейін анам мені далаға қуып жіберді.

Жүргізуші: Ананың мазасын алатындай күн емес қой бүгін. Бүгін олардың мерекесі. Сондықтан сен Бұзақы бала бізбен бірге ертеңгілікте өлең айтып, би үйреніп, анаңды құттықта. Олай болса бізбен бірге ойын ойнайсың ба?
Ойын: «Анамызға гүл сыйлаймыз»
Бұзақы: Ойқанды жақсы балаларсыңдар. Міне сендердің кілттерің.
Жүргізуші: Ал енді кітапты ашайық. (Сиқырлы әуенмен кітап ашылады)
Кәмпитті ағашты көреміз. Қандай қызық ағаш. Әр бұтасында кәмпит өсіп тұр, бұл жәй кәмпит емес, онда не жасырынған екен. (Кәмпиттерді ашу)
Бірінші кәмпит тақпақтар.

7. Әжем менің әйбат.
Ешкім оған жетпейді.
Күні бойы бірге ойнап,
Жанымнан бір кетпейді.
8. Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
9. Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүр жасап.
Ауырмашы анашым.
10. Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегіңде сақтаған.
Анашым деп мақтанам.
Айналайын ақ мамам
11. Айтсаң болды тіл алам.
Әйбат мамам әй мамам.
Сені көрсем қуанам.
Сен керексің қашанда.

2. Екінші кәмпит.
Ән:
3. Үшінші кәмпит
«Апазшылар биі»
4. Төртінші кәмпит
«Кел билейік»
5. Бесінші кәмпит
Би: «Қанекей кір жуайық»
0 голосов
ответил 28 Фев от Асыл


0 голосов
ответил 28 Фев от Айдын Марал
8 наурыз аналар мерекесіне арналған

«Жүректің жылуын сыйлайыншы анама»
Музыка залы әсем безендірілген
Жүргізуші: Қайырлы күн!Қымбатты аналар,ақ жаулықты әжелер,әріптестер!
                    Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Аналар
                    мерекесімен құттықтаймыз!Әрқашан дендеріңіз сау,көңілдеріңіз
                    жайдарлы бола берсін дейміз!
1бала:Қымбатты әжелер, аналар, апалар, қыздар!
           Сіздерді 8наурыз мерекесімен құттықтаймыз.
           Сіздерге зор деңсаулық, мол бақыт тілейміз.
           Мерекелеріңіз құтты болсын!
2бала: Милые мамы, дорогие бабушки, уважаемые воспитатели!
            От всей души поздравляем вас с весенним праздником 8марта.
            Желаем вам здоровья, счастья и успехов во всем!
3бала: Dear Mummy, Dear  Granny!
            I want you to be happy!
            On the eights of March
            I love Mummy, I love Granny
            I wish them health
            I wish them wealth!                             
Әуенді вальспен әр бала анасымен жұптасып,бір-бірлеп залға кіреді.  Анасын таныстырып,анасына жақсы сөз айтады.
Би: «Наз»  (аналармен вальс)
Бидің соңында аналарын орындарына апарып отырғызып,сапты бұзбай,жартылай шеңбер жасап тұрады.
Тақпақтар:
1бала: Жанымызды жайнатқан,
             Сіздерді ғой аналар
              Зор денсаулық мол бақыт
             Тілейміз біз балалар.
2бала: Аппақ мамам, ақ мамам
             «Ақ  мамам!» - деп, шаттанам
             Түн ұйқыңды  төрт бөліп
             «Бөпешім!»- деп жатпаған.
3бала: От чистого сердца простыми словами
            Давайте ребята потолкуем о маме
            Мы любим ее как хорошего друга
            Мы можем доверить ей сердце свое
            И просто за, то что наша мама
            Мы крепко и нежно любим  ее.
4бала: Отпустили холода
            К нам пришла весна – красна
            И не даром праздник мамин
            Из весенних самый ранний.
5бала:Mother is the dear rest
          Of all the friends I know  
        She helps me work end   
       Helps me always     
         That’s why I love she so!   
6 бала: I love mother, she loves us
           We love daddy, he loves us  
          He loves us and so you see  
          We are a happy family                                            
Ән:«Аяулы анашым»
Диалог: 1қыз: Аружан қарашы маған Диас сақина сыйлады.
               2қыз: Қойшы Дария сақина сыйлағанша одан да неге би   сыйламайды
               1қыз: Әрине олардың биі  де дайын
Екеуі бірге: Ендеше ортаға жігіттердің орындауында би «Хип-хоп»
Би: «Хип-хоп»   
Жүрг: Рахмет,  жігіттер қыздарды құттықтап өз өнерлеріңді  тарту еттіңдер
           Ал, бүгін қыздарды  да мерекесі ғой, олай болса қыздарымызды
            Мерекеге сәңділейік.
Ойын: «Аяқ киімдерің табу»
(қай қыздың аяқ киімі дұрыс табылмаса сол қызды сәнділейді)
Ойын: «Қыздарды мерекеге дайындау»
(музыка әуенімен дайын сәнділінген қыздарды залды бір айналдырып орындарына апарып отырғызады.)
                                                    Love you,Mummy,very much,
                                           So here’s a great big kiss.
                                           For the nicest person in the world-
                                           I love you very much
оставил комментарий 28 Фев от Айдын Марал
Mother is the dearest,
        Of all the friends I know.
She helps me work and helps me play,
That’s why I love her so.
Song: “Mother’s Day”
Диалог: 1ұл: ( галстугін дұрыстап)Азамат маған қарашы мен әдімімін   бе?
                2ұл: И....и...Расул саған не болған?
                1ұл : Не болушы еді,  қазір біздің қыздар өнер көрсетпекші
                2ұл: Ия өмір зымырап бара жатыр,
                        ал біздің қыздар күннен  күнге құлпырып бара жатыр
                 1ұл:Ия... (күрсініп)
                 2ұл: И... Расул  күрсінбе, ол қыздармен әлі мектепте де кездесеміз   
                 Бірге: Олай болса қыздардың орындауында  
                                Би: «Таңғажайып әлемінде көбелектермен гүлдер билейді»
Жүргізушуі: Баласы үшін анашым  
                        Күндері аз ғой көз ілген
                       Ардақты ана қарызбын өзіңе
                      Жүрегіңнен   күн мейрімі төгілген- дей отырып аналарды ойынға шақырғым келеді.
Ойын: «Түймедақ гүлі»
Жүргізуші:  Ақ қар еріп, су көбейіп
                      Сай салада ағады
                      Бүршік шашып
                       Жапырақ  ашып
                      Гүл бәйшешек басады...
             Мал маңырап, төл  жамырап,
             Жайлау малға толады.
             Айтыңдаршы бөбектерім  
             Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауабы: Көктемде!
Музыка әуенімен залға гүлдер шашып Бәйшешек кіреді.
Бәйшешек: Армысыздар балақайлар,
                   Әзиз әже, назды апайлар
                    Мол шуақты ала келдім
                    Қуаныңдар балақайлар
                    Мен құлпырған бәйшешекпін
                    Келіп жеттім көктемменен
                    Шаттаныңдар мейірімді аналар
                    Бұл мереке тек сіздерге  арналар.
Жүргізуші: Рахмет, Бәйшешек біздің балалар сізге сыйлық ретінде дайындаған
            тақпақ-әндері  мен билері де бар.
                   Қандай қызық көктемде
                   Күн шуағын төккенде
                   Гүл тереміз алуан,
                   Шығып алып көк белге
Көктем күні керемет
 Жаңбыр жауар себелеп
Күн ашылса болғаны,
Көлдеңдейді көбелек.
                     Бар табиғат нәр алып,
                     Шыға келер жаңарып
                     Қызғалдақ боп құлпырап
                     Көктем – біздің балалық.                        
Ән: «Көктем»
Бәйшешек: Балалар сендердің аналарыңа дайындаған сыйлықтарың қайда?
Екі бала: Мұнда, мұнда біздің сыйлықтар
(деп үлкен пілді  жетектеп,залды  бір айналдырып кіргізеді де үстіндегі себеттегі жүректерді тәрбиеші балаларға үлестіреді)
Би: «Жүректен жүрекке» бидің соңында балалар жүректерін аналарына сыйлайды.
(орнындарына келіп тұрады)
 Жүргізуші: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
                    Айтатын ән,беретін гүлім дайын.
                    Әжетай сені жақсы көремін деп,
                    Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
             Любит наша бабушка с нами поиграть
              Любить наши песенки с нами распевать
              Любить наша бабушка музыку и смех
              Ну, а пляшет бабушка просто лучше всех
А давайте  ребята про бабушку споем песенку
Ән: «Без бабушки»
(Балалар орындарына отырады)
Жүрг: Құрметті де ардақты әжелермізді ерекше атап құттықтаймыз. Қариясы бар үйіміздің қазынасы бар деп, халқымыз текке айтпаған ғой, ардақты әжелерімізді ортаға алып бірге ойын ойнасақ қайтеді.
ОЙЫН: «Құймақ пісіру»
Амира: Сегізінші наурыз келді,
              Шаттық сезім, ой келді.
              Қуанышты күні енді,
              Құттықтаймыз сіздерді.
             Жанымызды жайнатқан,
             Сіздер ғой аналар
              Зор денсаулық, мол бақыт
             Тілейміз біз аналар.
  Райымбек: Аялаған, баптаған, асыраған, сақтаған
                     Сақтандырып күнде еккен
                      Айтып бәрін үйреткен
                    Анамызға мың алғыс
Данара: Ерлік еткен біз үшін,
               Еңбек еткен біз үшін
               Еркелеткен біздерді
                Еркіндеткен біздерді  
                Анамызға мың алғыс
Архат:    Адал бол деп-балдырған
                Әділдікке баулыған
                 Жүрегінде махаббат
                 Тілегің де мархаббат
                 Анамызға мың алғыс
Ән: «Апатайым – анашым»
Жүргізуші: Жігіттер қыздар дайындаған сыйлықтарың   қайда?
(«Сұлу қыз» әнінің әуенімен залға қыздар болып киінген 2 ұл кіреді , иықтарында су ағаш, ал шелектерінің ішінде сыйлықтар)
Екеуі: Біздер қыздарымызға арнап сыйлықтар дайындадық.
            Қабыл  алыңыздар қыздар!
Ән: «16 қыз» (әзіл сықақ ән ұлдардың орындауында)
Бәйшешек: Менің де балаларға әкелген сыйым бар, қабыл алыңыздар!
 ( Үлкен Пілмен себет кіргізеді.Сыйын үлестіріп болған соң қоштасып шығып кетеді)      
 Жүргізуші: Осымен құрметті аналар, әжелер
                     Біздің балаларымыздың дайындаған
                      Мерекелік шарамыз  аяқталды!
                      Келесі кездескенше сау-сәлеметте  болайық.

1,012 вопросов

1,299 ответов

326 комментариев

28,537 пользователей

...