Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Маған "Айтыс өнеріндегі ұлттық құндылықтар" Эссе немесе шығарма жазып беринизши

45 просмотров
спросил 19 Янв от Дара в категории Сочинение
Маған "Айтыс өнеріндегі ұлттық құндылықтар" Эссе немесе шығарма жазып беринизши 120-140сөз

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

1 Ответ

0 голосов
ответил 21 Янв от ZHARAR
Айтыс – ғасырлар жемісі, ұлттық құндылық

Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша ұлттық ерекшелік, дәстүр бар. Әр халықтың туа біткен болмысына, өмір кешу жағдайына қарай қалыптасқан осы дәстүрлердің тозығын уақыт өзі екшеп, озығын ел кәдесіне жаратып жатыр. Соның бірегейі есте жоқ ерте замандарда туып, қалыптасып, дамып жетіліп, бүгінгі күннің де қажетіне жарап отырған халық ауыз әдебиеті болса, оның ең бір өміршең жанры – айтыс.

Айтыс – поэзия жанрларының ішіндегі ең қиыны, күрделісі. Айтыс өнері түркі халықтарының ішінде қазақ пен қырғызда ерекше дамыған. Біздің қанымызбен жаралып, рухымызбен таралған дәстүрлі, синкретті өнер.                                                                            

«Айтыс – сөз барымтасы» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, айтыс - қазақ халқының әдеби мол мұраларының бірі болып табылады. «Айтыс» деген атау айтысу, тартысу, дауласу, жарысу, сынасу мағынасында қолданылады. XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы айтыс өнерінің өркендеп, өрістеген дәуірі болып табылады.

Айтыс – ақындар үшін сөз таласы, сөз барымтасы, сөз майданы ғана емес. Ол – ақындық өнер салыстыратын, жауаптаса отырып, білім шарқын байқататын жер. Сондықтан да айтысқа түсетін әрбір ақын бұл жағдайды жақсы ұғынып, үлкен дайындықпен келетін болған. Бұл ретте айтысқа түсетін ақынды С.Мұқанов бәйгеге қосылатын тұлпарға теңейді.

Қазақ жанының айнасындай айтыс қилы тағдырлы, бөлекше болмысты қазақтың өзі сияқты, тарих жолында қысталаң-қыспақ пен дәуірлей өрлеудің түрлі кезеңдерін бастан өткергені мәлім. Саясаттың қыспағынан айтыс өнері әсіресе, кеңестік кезеңде айтыс өнерін сахнадан ғана емес, санадан да ығыстырып шығаруға күш салынып бақты. Айтыс шыңырауға құлауға шақ қалып тұрған  талмауыр тұстарда тәуелсіздік таңы атты.

ХІХ ғасырдағы Сүйінбай, Біржан, Жанақ, Шөже, Кемпірбай, Түбек, Құлмамбет, Сара, Бақтыбайлар жырлаған елдік мүдде, ерлік тақырыбы, халықтың әлеуметтік жағдайы сияқты іргелі мәселелер бүгінгі ақындардың аузымен де айтыла бастады. Айтыстың солғындаған жылдарында аянбай тер төккен халық ақындары Көкен Шәкеев, Манап Көкенов, Қалихан Алтынбаевтардың соңын ала шыққан Әселхан Қалыбекова, Қонысбай Әбілев, Әсия Беркенова, Есенқұл Жақыпбеков, Баянғали Әлімжанов, Қатимолла Бердіғалиев сынды суырып салма саңлақтар айтыс өнерінің бүгінгі заман сахнасында салтанат құруына қызмет етті.

Кейіннен қазақ сахнасынан жойылып кете жаздаған хас өнердің тамырына қайтадан қан жүгірді. Қан жүгіріп қана қойған жоқ, рухы қалғи бастаған қазақ баласының бойындағы қазақы қасиеттердің қайтадан еңсе тіктеуіне ықпал етті. Жас баладан еңгейген кәріге дейін төл өнері - айтыстың айбынды жанкүйеріне айналды. Айтыстарда айтылған ұтқыр сөздер де, сөз иелері де ел арасына аңыздай таралып, айтыс ақындары абыздай ардақталатын болды.

Сондай-ақ, осы айтыс өнерінің бұқаралық сипат алып, ұлттық идеологияның ұйтқысына айналуына телевизияның септігі мол болды. 1980 жылдардан бастап республикалық-телевизиялық айтыс дүниеге келді. Қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістер, саяси-экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар өткізілген ақындар айтысында жан-жақты насихатталып, халық назарына ұсынылып жатты. Әсіресе, дін, діл, тіл мәселелері өткір көтеріліп, бұқара халық көзқарасын осы бағытқа бұруда ақындар айтысы ерекше рөл атқарды. Ақындар айтысын ұйымдастырушы әрі оның теледидар арқылы Қазақстан аумағына таралуына көп еңбек сіңірген ақын, тележурналист Жүрсін Ерманның осы жылдар еншісінде атқарған қызметін ұлт өнер тарихында қалар ерен іс деп бағалаған жөн. Осы жылдары көгілдір экраннан айтыскер ақындар Ә.Беркенова, Қ.Әбілов, Ә.Қалыбекова, Т.Әбуова, Ә.Манапов, А.Бұлғақов, Е.Асқаров, Н.Тоқтасынова сияқты халық жүрегінен орын алған «от ауыз, орақ тілді» суырып салма ақындар айтыстың көшін ары қарай жалғады. Бұл ақындардың өлеңдері де әлеуметтік мазмұнының өткірлігімен, көркем тілдің құнарлығымен, суырып салмалықтың озық үлгісімен ерекшеленді.

Қазақ елі Тәуелсіздік алғаннан кейін айтыс өнерінің дамуы күрт жылдамдады. Бұл тұста азат тіліміздің тұсауы кесіліп, айтыс ақындарының еркін ой толғап, кең көсіле шабуына ерікті жол ашылды. Әр аймақтағы ақындық мектептердің тамырына қан жүгірді. Осы тұста Арқа мектебінің дәстүрін жалғастырушы А.Әлтаевтың, А.Қалиевтің, А.Бердалиннің, Жетісу мектебінің дәстүрін жалғастырған А.Бұлғақовтың, О.Досбосыновтың, Б.Имашевтың, Қаратау мектебінің өкілдері М.Тазабековтың, Б.Шойбековтың, Батыс өңірі дәстүрін жалғастырған М.Қосымбаевтың, Семей өңірінен шыққан С.Қалиев, Р.Зайытовтар өзіндік қолтаңбалары анық көрінеді. Кешегі Ұлбике, Саралардың жалғасы іспетті Ақмарал Леубаева, Айнұр Тұрсынбаева, Әсем Ережеқызы, Сара Тоқтамысова сияқты жауқазындай жас жыр жампоздары айтыстың байрағын жықпай көтеріп келе жатыр. Бұлар бүгінгі заманның еркесі, сүйіктісі. «Алдынғы толқын – ағалар, соңғы толқын – інілер» деп ақын Абай атамыз айтқандай, аға буын ақындар тобына жаңа буын – жас ақындар легі қосылды. Осындай жалынды, ұшқыр ойлы, қырағы жастарымыз барда ұлттық өнеріміз ешқашан өлмек емес.

Айтыс – ұлттық құндылығымыз. Ал осы ұлттық құндылықты сақтап қалу үшін өткенді саралап бүгінгіні бағалап отыру басты мақсат.

Қажыбаева Жадыра Кенжеханқызы

1,012 вопросов

1,299 ответов

326 комментариев

28,537 пользователей

...