Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Ұлттар сайысына таныстыру, сценарий керек еді?

29 просмотров
спросил 09 Ноя от Bota Bazarbay в категории Университет, Колледж, Школа

Ұлттар сайысына таныстыру, сценарий керек еді?

Улттар сайысына таныстыру, сценарий керек еди?

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

2 Ответы

0 голосов
ответил 09 Ноя от Айдын Марал
«Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз» атты

1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған

5-7 кластар арасында өткізілген байқау сценариі

№41 жалпы білім беретін орта мектебінің

технология пәні мұғалімі Бисұлтанова Қ.Н

Мақсаты: ұлттар достастығын күшейту және жастар арасында патриоттық сезімде

тәрбиелеу;

— Фанфары

— Күй әуені

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен  оқушылар, сіздердің назарларыңызға Халықтар ынтымақтастығы күніне арналған “Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз” тақырыбындағы 5-7 кластар арасында өткізілетін сайысымызды бастаймыз. Бүгінгі мерекемізде біз 3 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

Әнұраным – жан ұраным,

Айтар әнім – сөйлер сөзім,

Туған жерім – сағынарым,

Мәңгі бақи шырқалады

Республика әнұраны.

(ҚР мемлекеттік Гимні орындалады)

1-жүргізуші: Бұл күн — әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

2-жүргізуші: Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

1-жүргізуші: Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

2-жүргізуші:

Қазақтың қасиетті даласында

Думанда ауыл аймақ арасында

Қызықтап көрермендер жиналыпты

Қошемет көрсетуге баласына, — дей келе сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі байқауға қатысушы ұлттарды  ортаға шақырайық

1 жүргізуші:

Енді осы өнерпаздарымыздың өнерлерін бағалаушы  әділқазы алқасының мүшелерімен таныс болайық:

Мектеп әдіскері Ерғалиева Мөлдір Төлегенқызы
Музыка пәні мұғалімі Мектепова Зәуре Құлтанқызы
Еңбек пәні мұғалімі базарбаев Медет Сәрсенбайұлы
 

2-жүргізуші: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін, деген тілекпен біз әрі қарай сайысымыздың кезеңдерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер

Таныстыру
Өз өнерін көрсету
Сұрақ-жауап
Үй тапсырмасы
 

1-жүргізуші: Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.

Кешімізді сайыс қатысушыларын таныстырудан бастаймыз.

(Сайысқа қатысушы ұлттар өз тілдерінде топтарын таныстырады)

2-жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Ұлтаралық татулық арқасында  бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай.Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен деген тілекпен, ұлттарымыздың дайындап келген өнерлерін тамашалаңыздар!

(Сайысқа қатысушы әр топ өз ұлттарының өнерлерін көрсетеді)
оставил комментарий 09 Ноя от Айдын Марал
1-жүргізуші: Кең байтақ елімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып отырса, біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жакупова Назия Қасымқызы. Ендеше, апай, көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз.

2-жүргізуші:

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан, — дей отырып сұрақ-жауап кезеңіне де жеттік

(Сайысқы қатысушылар сұрақтарды таңдау арқылы жауап береді)

1-жүргізуші:                          

            Ортақ бізге бір Отан,

            Ортақ жердің байлығы.

            Еңбек ортақ, жыр ортақ,

            Ортақ бізге барлығы, — дей келе сайысымыздың ІҮ кезеңі үй тапсырмасы

(Әр ұлт өздерінің қолдарынан шыққан ұлттық бұйымдарын немесе тағамдарын көрсетеді )

2-жүргізуші:                        

Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

Елім менің биіктігі шарайнам,

Қыран құсы көгінде мың самғаған!

Жер-Ана бәрімізге ортақ. Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде. Қазақ жері ортақ Отан, ортақ өлке болып, әр азаматтың мекеніне айналған.

1-жүргізуші:

Ағайын-туған – бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбат туыстық,

Баянды болсын тыныштық!

Бүгінгі  «Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз» атты сайыс жеңімпаздарын матапаттау рәсімін әділқазыларға береміз.

(Сайысқа қатысушылар марапатталады)

2-жүргізуші:                    

Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.

Қайталанып, жаңарып айтылады,

Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.

1-жүргізуші: Осымен, бүгінгі «Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз» атты сайысымызды аяқтаймыз. Сау саламатта болыңыздар!
0 голосов
ответил 09 Ноя от Асыл
Ұлттар достығы – фестиваль сценарий

Тақырыбы: Ұлттар достығы – фестиваль

Мақсаты: Оқушыларды тілін сүюге, оны қадірлеуге, құрметтеуге баулу. Тіл құдіретін, қасиетін білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:
 Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді ұлттық мереке - Тілдер күнімен шын жүректен құтықтаймыз! Бүгін тіл мейрамына арналған «Ұлттар достастығы» фестиваліне қош келдіңіздер!

Жүргізуші:
 Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда.

Жүргізуші::
                                                     Туған тілім тірлігімнің айғағы
                                                   Тілім барда айтылар сөз ойдағы
                                                    Өссе тілім, мен де бірге өсемін
                                                    Өшсе тілім мен де бірге өшемін,- деп Әбділдә Тәжібаев айтқандай тіл қай ұлтта қай елде болса да, қастерлі, құдыретті.

Жүргізуші:
 Бүгінгі «Ұлттар фестивалі» мерекелік кешіміздің әділ-қазы алқаларымен таныс болыңыздар:
1.Мектебіміздің директоры: Беркалиев Ерсайн Ибатоллаұлы

2.Оқу ісінің меңгерушісі : Иргалиева Баян Жеңісмұратқызы

3.Тәрбие ісінің меңгерушісі : Тукабаева Гүлжауар Ганиматқызы

4.Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Жұмашева Айман Ғалымқызы

5.

6.

Жүргізуші:
О, туған жер! Қасиетіңнен айналайын
Тамсанамын, қарап тұрып артыңа
Шыққан балаң, қазақ деген халықтан
Нәр аламын, жер - анадан алыптан.

Жүргізуші:   Еліміздің мемлекеттік тілі қазақ тілі екені барлығымызға аян.

Жүргізуші:
                                           Қазақ осы -айтатұғын елге сыр,

О ағайын,халық емес ол көл-көсір.

 Қазақ осы –аңғал- саңғал жабусыз,

Қазақ осы-ағыл тегіл,көл көсір.

Қазақ осы -дала дейтін,күн дейтін,

Қазақ осы -өнер алды тіл дейтін.

                                               Қазақ осы -қарасың ба,ақсың ба,

       Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін,-

деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай,ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны біздерге мәлім. Бүгінгі кешіміздің бет ашары -  қазақ ұлты. Қазақ халқының өнерін тамашалаңыздар  «5 а»  сыныбы

Жүргізуші:
Ақ мақтаның мекені
Көңілі болған қарлы шың
Өз ағам деп еркелер
Өзбек ағам армысың.

Ортаға 6 «а» сынып оқушылары өзбек ұлтын қошеметтеп шақырамыз.

Жүргізуші:
 Бейбітшілік әніміз.
Бауырласпыз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Ұлы Отан аясында
Жадырайды жанымыз

Жүргізуші:

Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,

Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.

Татулығын жырға қосам ұлттардың,

        Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.-
дей отырып сөз кезегін Грузин ұлтына береміз. Ортаға Грузин ұлтын, яғни « 7 а» сыныбын шақырамыз.

Жүргізуші:
Елім менің, жарқыраған, жайнаған,

Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.

                                           Елім менің биіктігі шарайнам,

                                            Қыран құсы көгінде мың самғаған

Жүргізуші:

Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,

Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.

                                          Қайталанып, жаңарып айтылады,

                       Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып,
ортаға Молдавия елінен келген қонақтарымызды тамашалауға шақырамыз.

Молдаван ұлты «8а» сынып оқушысы.

 Жүргізуші:

«Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.

Жүргізуші:

                                                    Ортақ бізге бір отан,

Ортақ жердің байлығы.

  Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.

Байлықтың ең үлкені – ол халықтар достығы,- дей отырып, ендігі кезекті республикамызды  тағы бір өкілі Украйн ұлтын тамашалауға шақырамыз.Ортада «9а» сынып оқушылары Украйн ұлты.

Жүргізуші:

Тілі бөлек болған менен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Жүргізуші:
Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын!
Ендеше ортаға Татар ұлтының өкілдерін шақырамыз. «10» сынып оқушыларын қарсы алайық!

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, кешіміздің қонақтары бүгінгі  өтіп отыр-ған «Ұлттар достығы – фестивалі» атты мерекелік кешіміз аяқталуға  тәмәм, әр ұлт өкілдеріне көп, көп рахмет.

Сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.

Жүргізуші:
Дүниеде Тәуелсіз Қазақстан бар
Әлемде Егемен Қазақстан бар
Оның көп ұлты ынтымақшыл халқы бар
Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар
Ел басшысы бәріннен нұрлы
Бүгіннен кемел болашағы бар
Көп ұлтты халықты, бір шаңырақ астында айрандай
Ұйытып отырған Президентіміз Н.Ә.Назарбаев бар.
Биік ұш бейбітшілік көгершіні
Асып өт келер мұхит, келер шыңды.
Қаққанда қанатыңды бірге естілсін
Әлемге жас ұрпақтың өршіл үні

Жүргізуші:
: Ендеше, бейбітшілік жасасын
: Ынтымақтастық жасасын!

896 вопросов

1,105 ответов

286 комментариев

28,046 пользователей

...