Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Оқушыға мінездеме қалай жазылады, үлгісін көрсетсеңіздер екен?

23 просмотров
спросил 02 Ноя от Bota Bazarbay в категории Личность, Человек
Оқушыға мінездеме қалай жазылады, үлгісін көрсетсеңіздер екен.

Жеке оқушының мінездемесі

ІІ курс студентті Құрманәлі Құрманғазы өз ісіне жауапты қарайтын, жылдам әрекет ететін оқушылардың бірі. Үлгерімі өте жақсы.

Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Білмегенін білгенше асығады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Құрманәлі Құрманғазы өте ақкөңіл, ашық-жарқын, әрдайым көңілді жүреді. Сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі.

Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындайды. Өте белсенді. Құрманғазы болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя біледі.

Ол өз тобында қанша сабақ өткен болсам, барлығында да өте жақсы дайындықпен келеді. Тәрбие сағаттарында оқылған баяндамаларда өз ой-пікірін ашық айтады.

Өзіне тапсырылған тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Жеке оқушының мінездемесі

9-«A» сынып оқушысы Мухамова Малика өз ісіне жауапты қарайтын, жылдам әрекет ететін оқушылардың бірі. Үлгерімі өте жақсы.

Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Білмегенін білгенше асығады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Мухамова Малика өте ақкөңіл, ашық-жарқын, әрдайым көңілді жүреді. Сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі.

Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындайды. Өте белсенді. Малика болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя біледі.

Ол сыныпта қанша сабақ өткен болсам, барлығында да өте жақсы дайындықпен келеді. Тәрбие сағаттарында оқылған баяндамаларда өз

ой-пікірін ашық айтады.

Өзіне тапсырылған тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Сынып ұжымын зерттеу

Мен, Ганишева Севара Хамидуллақызы педагогикалық іс-тәжірибе кезінде ІІ курс 8-13 тобына жетекшілік қызметін атқардым.

Ол сыныпта 20 студент тиянақты түрде білім алуда. 10 студент, яғни атап айтатын болсақ, Амангелді Б, Асанов Қ., Мәулен Е. барлық пәндерден «4» деген бағаға оқитын болса, қалған 10 студент «3» деген бағаны қанағат етіпті. Студенттердің арасында өз өнерімен көзге көрінген студенттерде бар, олар: Қоңыратбай Ғ., Нәбиев М., Шербай Д., және т.б.

Негізі колледжде ІІ курс студенттері басқа топтарға қарағанда үлгілі болып есептеледі. Колледжде осы топ ерекше абыройға ие және де басқа топтарға қарағанда өте ұйымшыл топ болып есептелінеді.

Бұл топтың студенттері үйге берілген тарсырмаларды барынша орындап келуге тырысады және де егер түсінбеген сұрақтары болса, бір-бірімен ақылдасып, сұрақтардың жауаптарын табуға тырысады.

Сынып ұжымын зерттеу

Мен, Мұхаметжанова Дильфуза Раушанқызы педагогикалық іс-тәжірибе кезінде 9-«A» сыныбында сынып жетекшілік қызметін атқардым.

Ол сыныпта 15 оқушы тиянақты түрде білім алуда. 5 оқушы, яғни атап айтатын болсақ, Бейбітханов М., Ергешов Ұ., Қасым А., Муханова А., Муханова М. барлық пәндерден «5» деген бағаға оқитын болса, 5 оқушының білімдері «4» деген бағамен бағаланса, қалған 5 оқушы «3» деген бағаны қанағат етіпті. Оқушылардың арасында өз өнерімен көзге көрінген оқушыларда бар, олар: Файзулла Б., Қонаров Ж., Қасым А., Мусанова М., Мухамова Малика аудандық спортакиядадан жүлделі орындарға қол жеткізсе, Файзулла Бек өз өнерін ортаға салып, көптеген сайыстарға барып қайтты. Үлгерімдері төмен оқушылар болғанымен, олар да жақсы оқуға тырысуда.

Негізгі мектепте 9-«A» сыныбы басқа сыныптарға қарағанда үлгілі сыныптардың бірі болып есептеледі. Мектепте осы сынып ерекше абыройға ие және де басқа сыныптарға қарағанда өте ұйымшыл сынып болып есептелінеді.

Бұл сыныптың оқушылары үйге берілген тарсырмаларды барынша орындап келуге тырысады және де егер түсінбеген сұрақтары болса, бір-бірімен ақылдасып, сұрақтардың жауаптарын табуға тырысады.

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

1 Ответ

0 голосов
ответил 02 Ноя от Айдын Марал
ОҚУШЫҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ

А. Байтұрсынов атындағы №20 қазақ орта мектебінің 9 «э» сынып оқушысы Ақтанбаев Эльдар Манарбекұлы. Туған күні: 01.11.1992. Мекен жайы: Бажова Лен 345/1-45 үй. Сырт бейнесі өте тартымды, жарасымды. Мектеп формасы өзінің денесіне сай келеді, жарасымды көз тартарлық. Бойы 162 см, салмағы 54 кг. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулығы жағдайы жақсы. Дәрігердің қойған диагнозы- «Вазом реншит». Көзінің көру жүйесі -«1,0», ұсынылатын ем- ІІ дәрежелі.
Эльдардың анасы Ақтанбаева Раушан Ұлан ауданында «Жұмыспен қамту» орталығында жұмыс істейді. Әкесі Ақтанбаев Манар жұмыссыз. Отбасында екі бала. Эльдардан кіші екінші сыныпта оқитын қарындасы Анель бар.
Эльдар көбінесе ән айту жағына бейімді. Сонымен қатар патриоттық өлеңдерді оқығанды жақсы көреді. Би де билеп, өнер десе ішкен асын жерге қоятын оқушы. Эльдар сынып әкімі болғандықтан оның сынып ішіндегі орны ерекше. Өзіне берген тапсырманы бұлжытпай өз уақытында орындап, өткізіп отырады. Сыныпты қоғамдық жұмысқа қатысу жағынан үнемі алдыға тартып, барлығын ұйымдастырып отырады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Мектепте болған «Жігіттің сұлтанына» қатысып, «Толғанай» әнімен, өзінің сегіз қырлы, бір сырлылығымен көзге түсіп «Бірінші» орынды жеңіп алды. Жеңіс күніне арналған шеруде ардагерлерге арнап ән айтты, взвод командирі болып оқушыларды бастап жүрді. Мектептегі «Өнерлі бала» атағына ие болып, алғыс ретінде мектеп соңғы бір аптадағы сабақтардан босатты.
Оқу жұмысына деген белсенділігі де жоғары. Барлық сабақты ұнатады. Биология сабағын қатты сүйіп оқиды. Үй жұмысын жүйелі түрде орындап келіп отырады. Сабақ үстінде бар назары мұғалімде болып, сұрақтарына жауап беріп, үнемі тақтаға шығып сабақ айтып, есеп шығарып отырады. Сабақты себепсіз босатпайды. Оқу үлгерімі бойынша – екпінді. Эльдар барлық сабақты жақсы оқиды. Тек математика сабағынан қиналады. Соның өзінде сабаққа белсене қатысып, түсінбегенін мұғалімнен сұрап, тақтаға шықпай ақ өз орнында есептерді шығарып, өз бетімен де жұмыс жасайды.
Оқушыларды бастап, ұйымдастыра алу қабілеті бар. Әр сабақты зейін қойып тыңдап отырады. Есі: бейнелік, сөздік логикалық, эмоционалдық, қозғалыстық; өнімділік сипаттамасы: есте сақтау ұзақтығы орташа. Ойлау – ойлау операцияларының ерекшелігі — абстрактілі, жетекші түрі – сөздік логикалық, ерекшелігі – аналитикалық, дербестік. Оқушының ерік жігері күшті дамыған, алдына қойған мақсатына жету үшін бар күшін салады, сынып белсенділерінің бірі. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Қиялы — ырықты. Эльдар сангвинникке көп ұқсайды, тез қозғалады, қимылдары шапшаң, барлық әсерге эмоцияналды баяу жауап береді, оның сезімдері оның сыртқы қылықтарынан көрінеді, ашулануы сирек.
Мінезі салмақты, сабырлы, бірақ кейде сабырсыз болып кететін кездері болады, адамдармен тез тіл табыса алады, үлкенді құрметтеп, кішіні силай алады.
Эльдардың байқағыштық қасиеті жақсы дамыған. Тақтада есеп шығарып тұрған баланың қателерін үнемі түзеп отырады. Өз күшіне, жеңіп шығатынына, барлығы жақсы болады дегенге қатты сенеді. Осы принцптерді ұстанып әрбір жарысқа, олимпиадаға қатысады. Сабақ үстінде де, сыныптан тыс жұмыстарда да өзін байсалды, жинақы, салмақты ұстайды. Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман қалықтарды көрсетпейді. Эльдар мұғалімдермен, оқушылармен, басқа сынып оқушыларымен, достарының барлығымен жақсы қарым-қатынаста. Әрқайсысының сырын таба біледі, тез тіл табысып кетеді.
Эльдар кез-келген жерде, кез-келген уақытта өзінің тек жақсы жағынан ғана көрінеді.

896 вопросов

1,105 ответов

286 комментариев

28,046 пользователей

...