Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Дананың сөзі, ақылдың көзі шығарма, эссе керек еді

95 просмотров
спросил 24 Окт от Aidar2002 в категории Знания
Дананың сөзі, ақылдың көзі шығарма, эссе 1-2 бет мақалдап ,
ой тұжырым жазып беріңіздерші

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

2 Ответы

0 голосов
ответил 24 Окт от Айдын Марал
Ұлы Абай: «Халық даналығы – қағазға басылып кітап болып шыққан шариғаттан да, анау патша заңынан да асып түспесе кем түспейтін қазақтың қанатты сөздері, мақал-мәтелдері. Ха­лық сол астарлы, ақылды, ұшқыр асыл сөздерімен билік айтып, соны заң деңгейіне жеткізген. Талқыға түскен істерге айтылған билік тапжылмайтын үкім деп есептелген… Ал, қазақ хал­қының осындай белгілі сөздері, айтқан ойлары, амал не, хатқа түспей, көпшілігі ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралып келді…», – дейді. Өте орынды айтылған ой. Бұл жайт бүгінгі күнге дейін еш құнын жоймағаны сөзсіз.

Халық даналығы дегенде ең алдымен біз мақал-мәтелдер мен айшықты сөздерді, бата-тілектерді, сондай-ақ, халықтың бай рухани құндылықтарындағы ұлттың ұлағатты сөздерін – ырым сөздерін, тыйым сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін, афоризмдерді еске аламыз. Мұның бәрін бір сөзбен «аталар сөзі», «халық даналығы» деп жинақтап айтқан жөн секілді. Расында да, егер даналық сөздерді жеке-дара мән бере талдап көрсек, олардың жайдан-жай айтылмағанына куә болып, ондай рухани-мәдени мұралардың әрбірінің тамыры тым тереңде жатқанын көреміз. Олар ел өмірінің әр кезеңдерінде пайда болып, әрқайсысының өзіне тән қалыптасқан тарихы бар екенін де сеземіз. Тіпті, кейбірінің тарихи тамырын болжап айту да қиын. Әйтеуір, атам заманнан бері халықпен бірге жасасып, қатар өмір сүріп келе жатқандай әсер етеді. Қалай дегенде де, қазақ халқы ғасырлар бойы әрбір жаңа буынды осынау байтақ мұра – нақыл сөздермен оқытып, солар арқылы жастарға тәрбие өнегесін беріп келгені даусыз. Бүгінгі күнде де, мақал мен мәтелдерді мектеп қабырғасында үйретудің тәлім-тәрбиелік маңызы орасан зор. Себебі, олар көңілдегі күрделі ойлардың мәнін дәл, қысқа да нұсқа жеткізудің, жинақты ойды көркемдеп танытудың таптырмас құралы.
Жалпы білім беретін орта мек­тептердегі ана тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда ұстаздардың негізгі мақсаты білім нәрі мен тәрбие тағылымын ұштастыра жүргізу дейтін болсақ, онда бұл мәселеде мақал мен мәтел сынды даналық ойлардың жалпы мектеп тұрмысындағы оқу-тәрбие жұмысына тигізер пайдасы мол дер едік. Мұнда елдік нақылдар әуелі сабақ тақырыбы мен ондағы білім мазмұны жайлы жинақты ой түйіндеп, кешенді тәрбие беретін болса, одан кейін шәкірттердің ой-өрісін дамытуға, өмірге деген көзқарасының дұрыс қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен бірге, оқушылардың тілдерін ұстартып, ойын жүйелеуіне, өз беттерінше ізденуіне, өмірді тани білуіне үйретеді. Ресми деректер бойынша тілімізде 15 мыңнан астам мақал-мәтелдер бар. Мектеп қабырғасында мақал-мәтелдерге бастауыш сыныптардан бастап назар аударылып, ортаңғы  буында оқу  бағдарламасына орай арнайы тақы­рыппен ажыратылып оқытылады. Әрине, оған бөлінетін 1-2 сағатта мақал-мәтел­дердің танымдық-тәрбиелік астарларын, тақырыптың мазмұнын түгел ашу мүмкін емес. Сондықтан, мұғалім арнайы белгіленген сағат мөлшерінде ғана таныстырумен шектеліп қалмай, әрбір сабақ үстінде жайшылықтағы өмірде ретіне қарай мақал-мәтелдерді, даналық сөз үлгілерін ұтымды пайдаланып, оларды күнделікті тәжірибеде қолдануға оқушыларды дағдыландырып отырғаны абзал. Мұнда кейде сабақ үстінде шәкірттердің өзін қатыстыру да жақсы нәтиже бермек. Әдетте, сыныпта немесе пән кабинетінде сабаққа қатысты тақырып-тақырыптар бойынша жазылып ілінетін даналық үлгілері, мақал-мәтелдер жазылған тақырыптық альбом, жаңа сабаққа арналған стенд көрнекілік ретінде алдын-ала әзірленіп, оқушылардың әдебиет пәнінен жазып жүрген жеке дәптерлері қамтамасыз етіледі. Бұл құралдар сабақтың мазмұнын ашып, шәкірттердің жаңа тақырыпты жеңіл түсінуіне, саналы түрде меңгеруіне көмек етеді.
Тақырып дегеннен шығады, халқы­мыздың бай рухани мұрасындағы даналық ақыл-нақыл сөздердің тақы­рыптары да, мазмұндары да әр алуан болып келеді. Айталық, жас жеткіншек балаларға, тамақ-асқа, мал-жанға, үй хайуандары мен адам тіршілігіне, киім-кешек, жүру-тұруға, ыдыс-аяқ, уақыт-мезгіл, жақсылық пен жамандыққа, аман-саулыққа байланысты мақал-мәтелдер күнделікті тұрмыста өте жиі кездеседі. Өйткені, аталған тақырыптар өздеріне тиісті мәселелерге сәйкес халықтық тәрбиеде өзара қарым-қатынас әдебін қалыптастыруға, дұрыс пайымдаулар жасауға бағыттайды. Сондықтан, өмірде жиі қолданылатын мақал-мәтелдерді бірнеше тармақта төмендегіше саралауға болады:
1. Жас балаларға байланысты айтыл­ған мақал-мәтелдер;
2. Тамақ-асқа байланысты айтылған нақылдар;
3. Мал-жанға, үй хайуандарына байланысты айтылған мақал-мәтелдер;
4. Үй тіршілігіне байланысты айтыл­ған нақылдар;
5. Киім-кешекке байланысты айтыл­ғандар;
6. Жүру-тұру, қарым-қатынас әдебіне байланысты айтылғандар;
7. Ыдыс-аяққа байланысты айтыл­ғандар;
8. Табиғат, қоршаған ортаға байланысты айтылғандар;
9. Жақсылық пен жамандыққа байланысты айтылған нақыл сөздер;
10. Уақыт-мезгілге байланысты ай­тыл­ған мақал-мәтелдер;
11. Денсаулық, адам өміріне байланыс­ты айтылған мақал-мәтелдер.
оставил комментарий 24 Окт от Айдын Марал
Аталған тақырыптар ауқымында халықтық педагогикамыздағы адамгершілік, имандылық, патриоттық, ақыл-ой, еңбек, этикалық, эстетикалық секілді тәрбие түр­лерінің барлығы қамтылады. Олардың әрқайсысының жас ұрпаққа тәрбие берудегі мән-маңызын зерделесек, нәтижесінде, бұл даналық сөздер адамның өмір сүруіне қажетті жақсы нәрселерден үлгі алуға, жаман нәрселерден аулақ болуға үндейтініне көз жеткіземіз. Жоғарыдағы аталған тақырыптардың ішінен жас балаларға байланысты айтылған «бос бесікті тербетпе», «бесікті аяқпен тербетпейді», «бесікті теппе», «нәресте балаға көп қарамайды», «баланың бесігін жабусыз қалдырмайды», «ұйықтап жатқан баланы аударып жатқызбайды», «жас нәрестені қос алақанға салып көтермейді», «тілі шыға  бастаған баланың киімін жұлдызды түнге қалдырмайды», «нәресте баланы қолменен салмақтап өлшемейді» сынды тыйым сөздердің тәрбиелік мәні терең.
Мұндай тыйым сөздердің халықтың даналығы ретінде айтылу себебі, ұлттың мистикалық ой қорытуларына байланысты болғаны белгілі. Өйткені, халықтың нанымында бала бөленіп, тербелген бесік, бала бесіктен шыққанша (тәй-тәй басып, тұсауы кесіліп, бесікке бөленуден қалғанша) бос тербелсе, жамандық қатары көрінген, ол жаман ырымға саналған. Былайша айтқанда, аман-сау бала бесіктен жайдан-жай шы­ғарыла салмайды; ырыммен бөленіп, ырыммен шығарылады, сондықтан ол құр бос тербетілмеуі керек. Бала аман-есен болса, бесік те ата-ананың көзіне сүйкімді көрініп, үйдегі ең қасиетті де қастерлі бұйым ретінде төрден орын алады. Ал, егер, нәресте бала ауырып, т.б. себептермен бесік бос қалып қалса, оны көрген нәрестенің анасының қос емшегі сыздап, қайғысы артқан. Бесік тербетілмей, үстіне жабуы жабылмай, көңілден тыс қалған. Сондықтан нәресте жатқан «тал бесікті аяқпен теппе, аяқпен тербетпе, бесіктің үстіне асылып жатпа» деген секілді тыйым сөздерді ата-бабаларымыз ежелден өсиет-насихат еткен. Оған қоса, қазіргі медицинадағы адамның қорғаныс қабілеттерін, оны сыртқы дерттерден қорғайтын биоэнергия, биоөріс ілімі туралы халықтың ертеден мәліметі болғанын, ел ішінде оған «кірнелеу» сияқты емдік ырымдарды жасағанын баяғыдан білеміз. Ауырып қалған баланы тұзбен, аршамен кірнелеп, баланың бүкіл денесін сылап, «шық, кірне, шық, сені нәресте балам көтере алмайды, шық, кірне, шық, түнде жортқан түлкіге бар, абалап үрген итке бар, көкте ұшқан құсқа бар, шық, кірне, шық» деген сияқты ырым сөздер айтқан. Сөйтіп, бөлмеге арша немесе адыраспан түтінімен иіс шығарып аластаған. Сол арқылы микробтарды өлтіріп, жас баланың денесін қой майымен бірнеше рет сылап, бұзылған биоэнергияны қалпына келтірген. Сонда ғана ауырған жас нәресте бас көтеріп, сырқатынан тез айығып кеткен. Мұның нәресте балаға үлкен (биоэнергиясы күшті) адамның көңіл қойып, назар салып қарағандығынан болатын жағдай екенін халықтық медицина жақсы түсіндіреді. Өйткені, биоэнергиясы әлсіз жас нәрестені үлкен адамның «назарынан» шыққан бұзылған биоток әлсіретіп тастаған. Оны ел ішінде «назарланды», «көз тиді», «назарланып ауырып қалды» деп жатады. Сондықтан, халық «жасы үлкен адам жас балаға көп назар салып қарамайды, көзі тиеді» деп оны қорғаштаған, бала денсаулығын ойлап алдын ала қам жеген.
Тамақ-асқа байланысты айтылған ырым немесе тыйым сөздердің мән-мағынасы да жоғарыдағы сөздерден кем емес. Халқымыз нанға, дастарханға ерекше мән беріп, жоғары бағалаған. Ел ішінде бір ұрттам су да, бір сындырым нан да адамның негізгі ырыздығы ретінде есептелген. Үйге келген адамға «құтты үйден құр шықпайды» делініп, нан ауыз тигізген. Үй жанынан өтіп бара жатқан жолаушы адамды да «Қырықтың бірі – қыдыр» немесе «Ырысты үйдің жанынан құр ауыз өтпейді» деп ырымдап дәм татқызған. Үйіне жақын көрші болып көшіп келгендерге «ерулік» беріп, сый көрсеткен. Ал, алдына келген асты күттіріп, басқа шаруамен айналысқандарды ел жақтырмаған. «Алдыңа келген ырысқыны күттірмейді» деп қатаң ескерткен. Сонымен қатар, қонаққа шақырған адамы уақытында келмей қалса, оған арнап алып қалған тамақты сол кісінің өзіне беруге әрекет жасаған, сол үшін «біреуге қойған несібе-ырысқыны басқаға бермейді» деп үйреткен. Дастарханды теріс қаратып салуды да дұрыс көрмеген. Онда дастархан үстіндегі ырыздық аударылып қалады деп есептелінген. Дастарханды аяқпен басу әдепсіздік, білмегендік болып танылған. Нан халқымызда ерекше бағаланып тамақ-ас ретінде бар ырыстың бастауы деп есептеледі. Бұл күн сайын жас жеткіншектерге халықтық ереже түрінде айтылып, «нанды теппейді, нанды аттап өтпейді, нанды бір қолмен жұлып жемейді, тамақ жеудің алдында наннан ауыз тиеді, нанды теріс аударып тастамайды, кір-лас қолмен нанды ұстамайды» деп ескертіледі. «Нанның ұсағын аяқ астына тастама, нанды тең бөліп сындырса, ырысқы үйге тең болады, нанды лақтырмайды» деп ұлағат айтқан.
Төрт түлік малдың ішінде жылқыны қазақ халқы айрықша бағалаған. Оны «Ат – ердің қанаты», «Ат сыйлаған жаяу қалмас», «Жылқы – мінсең көлік, жесең тамақ, ішсең сусын» деген секілді бірқатар айшықты мақал-мәтелдермен әспеттеген. Жақсы ат жігіттің жан серігі болған, онымен қалаған жеріне жеткен, қашса құтылған, қуса жеткен. Ол иесін жолда қалдырмаған. Сондықтан қазақ халқының жылқыға деген сүйіспеншілігі өзгеше болып, ол туралы көптеген өнегелі нақыл сөздер, ұлағатты әңгімелер қалдырған. Айталық, «Мінген атыңды басқа ұрма, жолыңнан адасасың», деп халық жылқыны күте білуге, мәпелеп міне білуге үндеген. Бұл сөздің төркінінде атты күте білу мәдениеті мен ырым-салттар жатқандығын аңғаруға болады. Үй тіршілігіне, отбасы тұрмысына байланысты да айтылған ырым сөздер өте көп кездеседі. Бұл сөздер жастарды күнделікті өмір сүру мәдениетіне шақырған халықтық қағидаттар секілді екені сөзсіз. Өйткені, олар ұл балалардың да, қыз балалардың да жастайынан күнделікті жадында болатын, міндетті түрде орындайтын халықтық педагогикалық құндылықтар қатары қабылданған. Мұнда халықтық тыйым сөздер де, оны орындауға үндеген тәртіптік қисындар да, үгіт-насихат түріндегі өнегелі сөздер де молынан табылады.
Халқымыз ырысты ынтымақ пен достық-бауырластықты, кез келген адамға ақ ниетпен қарым-қатынас жасауды, ізгілікті әрқашан жоғары қойған. Қонақжайлық, үйіне келген адамды таныс-таныс емес болсын ашық, ақжарқын қабақпен қарсы алған. Толеранттылықпен мәміле жасап, кез келген қиын шиеленістің алдын алған, ондай қиын жағдайда «Сабыр түбі – сары алтын» деп оны ынтымақпен реттеуді, бейбіт келісіммен шешуді мұраға қалдырған. Бұл секілді қарым-қатынастың ереже-тәртіптері де ұлттық педагогикалық салт-дәстүрге айналған, қағаз жүзінде жазылмаса да халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде елдің даналық ойлары түрінде қатаң сақталған. Мәселен: «Сыпырғышпен адамға тап бермейді»; «Балта, пышақ және мылтықтың серті бар, олармен бөтен адамға қаратып, ойнап оқталмайды»; «Үйге қонақ кіріп келе жатқанда үй сыпырмайды» деген секілді өсиет сөздер өмір тәжірибесінен туындаған тарихи мәні бар шешімдер. Бұл айтылған мәселелерден шығатын қорытынды – біз халықтық даналықтарымызды үйде де, бала­бақша мен мектепте де, қайда жүрсек те үнемі жастарға айта жүріп, олардың мәнісін түсіндіріп отырсақ, осынау бай рухани құндылықтарымыздың өмірін ұзартып кейінгі ұрпаққа бұдан әрі қарай да мұра етіп қалдыра алар едік. Сонда ғана жасы үлкендердің жастар алдындағы үлкендік парызы орындалар еді, әрі ұлттық тәрбие тағылымы қалыптасар еді.

Нұржамал Сманова,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дің
профессоры,
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қайдар Ә. Халық даналығы. – Алматы: «Тоғанай», 2004. – 560 б.
2. Нәсенов Б. Айтылмаған әңгіме // «Егемен Қазақстан», 26 тамыз 2015 ж.
3. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы / Оқу құралы. – Алматы: «Санат», 2001. – 320 б.
4. Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы: 1-том. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2005. – 408 б.
5. Байтұрсынов А. Ақ жол. – Алматы: «Жалын», 1991. – 464 б.
6. Ғабдуллин М., Ысқақов Б. Халық ауыз әде­биеті. – Алматы: «Мектеп», 1974. – 220б.
7. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәр­биесі. – Алматы: «Санат», 1995. – 352 б.
8. Ақ бата / Құрастырған М. Аяпұлы. – Алматы: «Мұраттас», 1996. – 63 б.
0 голосов
ответил 24 Окт от Bota Bazarbay
АТАЛАР СӨЗІ – АҚЫЛДЫҢ КӨЗІ (сынып сағаты) Уразалина А.Д. Пахарь орта мектебі АТАЛАР СӨЗІ – АҚЫЛДЫҢ КӨЗІ (сынып сағаты) Уразалина А.Д. Пахарь орта мектебі Мақсаты: 1.Оқушыларға шешендік сөздердің мәнін ұғындыру 2.Оқушыларды ата сөзіне қызықтыру Көрнекілігі:Үлкейтіліп салынған ата мен немере суреті.Өнегелі сөздер жазылған плакаттар. Құрметті мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар! Бүгін сіздер 2 сынып оқушыларының “Аталар сөзі – ақылдың көзі” атты ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Алдарыңызда ертеңгіліктің жүргізушісі Дина Ережепқызы. Дина: Жерден ауыр не? Судан терең не? Оттан ыстық не? Көктен биік не? Әуез: Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім, Судан терең дегенім – оқу, ғылым. Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі. Көктен биік дегенім – тәқаппардың көңілі. Жанат: Алты алаш деген не? Данияр: Алты алаш деген – Алаш ханның алты балалары: Қазақ,Қарақалпақ,Қырғыз,Өзбек,Түркімен,Жайылхан. Қариполла: Не жетім? Маржангүл: Жаңбыр жаумаса – жер жетім, Басшы болмаса – ел жетім, Ұқпасқа айтылған сөз жетім. Алишер: Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не қатты? Жадыра: Ананың сүті тәтті. Ананың қолы жұмсақ. Әкенің жүрегі қатты. Дина: “ӘКІМ” деген сөзді ажырата білесің бе? “Ә” дегені - әділ бол, “К” дегені – кекшіл болма, “І” дегені – ілтипатты бол, “М” дегені – менмен болма, мейірман бол. Салтанат: Үш сауап туралы не білесің? Асылхан: Үш сауап: шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен. Ақерке: “Қазақ биі”. Дина: Қазақша күн аттарын білесің бе? Ерқанат: Бүгін – дүйсенбі, Ертең – сейсенбі, Бүрсігүні – сәрсеньі, Арғы күні – бейсеньі, Ауыр күні – жұма, Соңғы күні – сенбі, Азына – жексенбі. Фархат: Он ата Әке Бала Немере Шөбере Шөпшек Немене Туа жат Жүре жат Жек жат Жұрағат Әуез: Жеті қазына дегеніміз не? Ботагөз: 1)Ер жігіт.2)Сұлу әйел.3)Ілім-білім.4)Жүйрік ат.5)Құмай тазы.6)Қыран бүркіт.7)Берен мылтық. Дина: Жеті қазына дегеніміз не? Жанат: Қыдыр,бақ,ақ жаулық,ақыл,деңсаулық,тұз,ит. Маржангүл: Жұт жеті ағайынды дегеніміз не? Салтанат: Құрғақшылық, мал жұтау, оба, өрт, соғыс, жер сілкіну, сел жүру. Қымбат: Кім жақын? Тату болса – ағайын жақын, Ақылшы болса – апайын жақын, Баурмал болса – інің жақын, Инабатты болса – келінің жақын, Алдына тартқан адал асың, Қимас жақын қарындасың. Дина: Не қымбат? Лаура: Алтын ұян- Отан қымбат, Құт берекең – атаң қымбат, Аймалайтын анаң қымбат, Мейірмді анаң қымбат, Асқар тауың - әкең қымбат, Бәрінен де ұят пен ар қымбат.

Ән “Түркістан” Дина: не қиын? Алишер: Арадан шыққан жау қиын, Таусылмайтын дау қиын, Шанышқылаған сөз қиын, Жазылмаса дерт қыин, Іске аспаған серт қиын, Ақылыңнан адасып Өзің түскен “өрт” қиын, Не істеріңді біле алмай, Ашиды соңда бас миың. Дариға: Қазақтың қонағы неше түрлі болады? Маржангүл: Қазақтың төрт түрлі қонағы болады: 1. арнайы қонақ 2. құдайы қонақ 3. қыдырма қонақ 4. қылқыма қонақ Лаура: Көп жасаған қария, Ақылы – теңіз-дария. Көп өнеге сөзі бар, Сөзі – сопақ, өзі – нар. Дина: Дүниеде не қымбат? Адамға не қымбат? Жансызда не қымбат? Асылхан: Дүниеде адам қымбат, Адамға бала қымбат, Жансызда гауһар қымбат. Арай: Достық нешеу? Салтанат: Достық екеу. Бірі – адал достық, Екіншісі – амал даостық, Адал достық - өмірлік нұсқа боладвы, Амал достық - өрісі қысқа болады. Ән “Қошақан” Би “Шығыс биі” Дина: Ата салтымыз бойынша бата сұраймыз. Ерқанат: Құаныштың тұрағы бол, Ұлан істің бұлағы бол. Мерекенің құрағы бол, Сабырлының сыңары бол. Пәк үлгінің шынары бол, Тұралықтың тұмары бол. Әумин. Жанат: Құрдасыңа – құаныш бол, Сырласына – сынақ бол. Жылағанға – жұбаныш бол, Туысына – тұнық бол, Татулыққа – тамаша бол. Ықыласқа – ақ бол, Ана алдыңда – аласа бол. Ар алдыңда биік бол. Райымбек: Әлемнің бетін жарық ет, Ұл-қызды түгел білімді ет. Келесі оқу жылына, Аман-есен түгел жет. Меккедегі Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет, Осы айтқан тілеуімді, Құдай қаласа, қабыл ет! Дина: Құрметті қонақтар, біздің “Аталар сөзі – ақылдың көзі” атты сынып сағатымыз аяқталып келеді. Сөз кезегі мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Раушан Бақытбекқызына беріледі.

896 вопросов

1,105 ответов

286 комментариев

28,046 пользователей

...