Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Тіл Туралы эссе керек еді тауып бересіздерме отініш

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

2 Ответы

0 голосов
ответил 02 Окт от mergen
0 голосов
ответил 02 Окт от mergen

Тіл туралы шығарма, 22 қыркүйекке арналған, қазақ тілі туралы, ана тілі, өз тіліңді құрметте

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Иә, тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әр елдің мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Сондықтан да әр адам ана тілін қадірлеуге міндетті, оны шұбарлап сөйлеуге жол бермеуі керек. Ана тілі – ар өлшемі. Тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау. Менің ана тілім – шексіз бай, өте көркем тіл. Ана тілінің көркемдігін пайдалана алмаған адам, меніңше, нағыз пақыр жан. Ана тілін жырламаған адам жоқ болар. Сол сияқты мен де өз тілімді жырласам, қазағымның қара топырағынан жаралған тал шыбық бүршік атардай сезіледі. Бойымдағы әлдебір күш серпіліп, аласұрғандай болады.
 

оставил комментарий 02 Окт от mergen
Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім – ардақ тұтар алтыным.
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
Өлең - жырмен арайланса, тау күліп,
Ардақтымды жырлап өтем ән қылып.
Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын,
Жалғастырып жаза берем мәңгілік, -
деп мен өз тілімді жырлағым келеді.

Бүгінгі күндерде ана тіліміз теңдігін алып, мемлекеттік тіл болса да, көпшіліктің арасындағы саңырауларға әлі де болса самалы тимей жатқаны, жасырын емес. Қазір көптеген жастар тілімізді шұбарлап, өз ана тіліңде тұрпайы сөйлейді. Мұндайларды көргенде, К. Г. Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік», – деген сөзі ойыңа оралады. «Көш жүре түзеледі» дегендей, бәрі де түзелер. Әйтсе де өз тілімізді ұмытпағанымыз дұрыс. Біздің тіліміз – асыл қазынамыз, өз ата-мекенімізде жүргендіктен, өз тілімізде сөйлеу – басты парызымыз. Сол себептен де қазақ тілін ту етіп тігіп, кейінгі ұрпаққа бүлдірмей тапсыруға тырысайық, құрбылар! Ата - анамыз бізге, болашағына, үлкен үмітпен қарайды.
«Қазақ болып туғаннан соң, бөбегім,
Қазақ болып өлген жақсы түбінде», -
деген ақын сөзінен қуат ала отырып, бабаларымыздан жол тартқан асыл мұраны сақтап, өркендете берейік, бауырлар!
Жасай бер, бостандық, махаббат пен достық тілі – қазақ тілі.

Павлодар қаласы,
Қалижан Бекқожин атындағы №12
жалпы орта білім беру мектебінің
7 сынып оқушысы Нажипова Айяулым
(11 - 13 жас аралығы)

896 вопросов

1,105 ответов

286 комментариев

28,046 пользователей

...