Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанына шығарма жазу керек?

505 просмотров
спросил 22 Сен от Асыл в категории Сочинение

Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.Осы тақыыпқа эссе керек еді

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

3 Ответы

0 голосов
ответил 22 Сен от Bota Bazarbay
Дулат Бабатайұлы шығармашылығының даралық, суреткерлік шеберлік қырларын сөз еткенде, оның тіл көркемдігін, сөз кестесін нысанаға аламыз. Сол арқылы ақынның алғыр ойын, жүйрік қиялын, талғампаздығы мен шешендігін қатар танытатын тіл көрнекілігін толық түсінеміз. Ақынның сөз қолданысындағы шеберлік қыры, тілдегі бар сөзді орынды пайдаланумен ғана емес, оларды бейнелік құрал ретінде алмастырып, ауыстырып жаңа, тың образдар тудыруынан айқын көрінеді.

Дулат Бабатайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «өсиетнама» 1880 жылы Қазан қаласында жарық көрген. Тәуелсіздік тұсында ғана Дулат Бабатайұлының шығармашылығы толық жинақталып, ақынның 200 жыл толуы қарсаңында бірнеше еңбектері жарыққа шыққан Дулат – жыраулық мектептен шығып, ақындық мектепті күшейткен суреткер. Олай дейтін себебіміз өлең сөз арқылы насихат, дидактикалық сипат пен заман, қоғам, адам жалпы философиялық қозғалысты қозғаса, ал ақындық мектепте поэзиядағы нақтылық,сынау, күйіну, сүйіну сияқты нақты суреттерге тоқталған. Көркем сөзді халыққа қызмет ететін қару деп ұғынған ақын өз шығармаларында заманының көкейкесті мәселелерін қозғайды. Ол өмір, тіршілік, тұрмыс, қоршаған орта, әлем жөнінде, өзгермелі, құбылмалы, опасыз, алдамшы, жалған дүние турасында толық тебіренеді.

Дулат шығармаларының ішіндегі ең күрделісі «Еспембет» поэмасы. Оның әлеуметтік лирика, дидактикалық поэзияға ғана емес, сюжеттік шығармаларға да шебер екендігі көрсетеді. «Еспембет» - сюжетке құрылған шағын ғана поэма. Оның көркемдік қасиеті де осы шағындығында. Көп сөзге салынбай, поэмада суреттелетін көп оқиғаны аз жолға сыйғызып көрсеткен. Елін қорғап, ел үшін жауына оқ ататын батыр ұл, елді әділ басқарушылар болса деген арман, тілектерінің сәулесі ретінде «Еспембет» поэмасы туғанға ұқсайды. Поэманың сюжеті: жетім Еспембет нағашысы Ер Қосайдың үйінде тәрбиеленеді.

Есейген соң нағашысының елінде жүруе арланып, ол өзінің туған жеріне кетуге рұқсат сұрайды.

Нағашысы Қосайдың ұсынған сыйлықтарынан бас тартып, тек Ақбөрте тайды беруін сұрайды.

Нағашы атасы Ер Қосай ақ батасын береді.

Атасының батасын алып, өзінің туған жеріне келгесін, ағайындары ұнатпай, онша елемейді.

Арада 3-4 жыл өткеннен кейін, тай Ақбөрте бесті болады. Сол елде болғаннан кейін әйгеге қосады.

Сол бәйгеден жалғыз өзі озып келеді де, оның бәйгесіне тігілген жүз тайлақты бес Сыбанның ұлына

Еспембет бөліп беріп,

Шақырып алып Еспембет

Ақтамберді қолбасын

Бес Сыбанның ұлына

Ортаға салды олжасын.

Жүз тайлақты есептеп

Біреуін де алмады.

Осы жолдардан-ақ өзінің ірілігін, мырзалығын көреміз. Осы оқиғадан кейін көзге түсіп, ауызға ілігеді.

Қаракерей Қабанбай, Байжігіт, Ақтамберді батырлар қалмаққа қарсы жасақ құрып, қол жиғанда, жас жігіт Еспембет те бірге аттанады. Қалмақпен шайқасқан жерде, ұрысқа алты жүз рет кіріп, талайды тұралатқан, тап сол күні жекпе-жекте қазақтан сегіз батырды бір өзі өлтірген қалмақтың батырына Еспембет жалғыз өзі қарсы шығып

Жетіп келіп Еспембет:

- Ақтамберді ер, - деді, -

Мен барамын сіз үшін,

Кезегіңді бер, - деді.

Жас санама, бас сана,

Қайратымды көр, - деді.

Ақтамберді қарт батыр

Қол жайып бата берген.

Тотан шығып жөнелді

Найзаға таққан шоқтай боп,

Ақбөрте кетті құнтиып

Садақтан тартқан оқтай боп,

Қанға сусап қалмақ тұр

Обатұғын оптай боп.

Еспембет келе сөйледі,

Ерлікке сай қайраты,

Қаруға сай амалы:

«Сен – қалмақтың қабаны.

Қарсыңа қалай жіберді

Қазақ саған баланы?

Қазақ сені қорлады,

Баладан төмен санады

Жігерің болса, қайраттан,

Баланы саған балады.

Ағаштан жұлып алмадай
оставил комментарий 22 Сен от Bota Bazarbay
Басыңды бала алады»[1;102],- деп қалмақтың намысан тиіп, ащы тілімен мұқата білді. Осы сөзден кейін Еспембетке жігерленіп, қалмақты қалайда жеңу керектігін ойластырды. Сол кезде қалмақтың батыры ашуланып, тістеніп, екі ұртына қан толып, шыдай алмай Еспембетпен қылыштасады. Қылыштары жарқ-жұрқ етіп, денелері қанға боялып, екі батырдың жекпе-жектегі ерлігін Қабанбай, Ақтамберді сынды бытырлар жандарын шүберекке түйіп, ел үшін туған ерім деп Еспембетті қолдайды. Иә, күрес үстінде жеңіліс пен жеңіс бар. Біреуі озып шығатыны шындық. Қазақтар мен қалмақтардың арасындағы күресте Еспембет өзінің батырлық ерлігін көрсетіп, қалмақ батырын өлтіріп, атын олжа етеді. Осыдан кейін рухтанған қазақ қолы жөпелдемеде шабуыл жасап, қалмақтарды жеңіп, еліне қайтады. Жасынан-ақ халқының жауына қару жасап қызмет етсем деген тілегі орындалады.

Бет бұрып тізгін тартқан жоқ

Жаудың мың мен санынан.

өле-өлгенше ел болды

Еспембеттің арманы.

өзімен бірге жасады

Астындағы тарланы.

Бәрін айт та, бірін айт,

Еспембеттей ер қайда?

Еспембеттей ер туса,

Ер күтетін ел қайда? [1;103], -деп

Еспембеттің «батыр» деген даңққа жетуімен поэма аяқталады. Қай халықтың болсын адамның адамдық қасиетін көрсететін мінез - өз жері, өз елін сүю. Келешекте халқына тұлға боларлық батыр Еспембет те жастығына қарамастан аталық сөздер айтып, ақыл, парасатының жоғарылығын аңғартады. Эпостарда батырлыққа тән және бір шарт - өзіне серік боларлық атты өзі танып, тақымына басуы. Еспембет бұл сыннан да өтеді. Ақбөртені ол құлын кезінен танып, көзінен таса қылмаған.

Жігіттің батырлығын айқындайтын – оның ерлігі. Ерлік әр жерде емес, тар жерде көрінеді. «Ер басына күн туып, етегімен су кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» жағдайларда, көпшілік үшін басын бәйгеге тігіп, өліміне бел байлап, қалың қолға жол ашады, жауды жеңуге мұрындық болады.

«Еспембет» поэмасы қалмақ батырының басын алуымен аяқталады. Бұл шығарма арқылы қазақтар мен қалмақтар арасындағы күресті байқаймыз.

Дулат Бабатайұлының екінші бір дастаны «Шаштараз». «Шаштараз» дастанның этикалық- философиялық мән-маңызы, ғибратты тәлімі, өнегелік қырлары ұланғайыр.

«Шаштараз» дастанында: дүниені уысынада ұстаған патшаның басында қос мүйіз болады. Оны жан баласы сезіп қойса, бақыты таяды екен. Патша тәжісін басынан ешқашан түсірмейді. Шашы өсіп, патшаның сиқын кетіреді. Сонда шаһардағы ең епті шаштаразды шақырып алып, сырын ашып айтады. Не сұрасаң бәрін беремін, қолдан келетін көмегін аямайтынын ашық айтады. Үй де, ділда да, жиһаз да, қызметшілеп де, саят құруға құс та, құралайды көзге ататын мерген де, құшағыңа сұлу қыз да беремін деп уәде етеді.

Дүнияда не қажет,

Керегіңнің бәрін ал –

Қызметкер – күң мен құл,

өлі жиһаз, тірі мал.

Алғыр құс, атқыш мерген бар,

Саясаттап сайран сал.

Ұнатып елден сұлу сүй,

Лебізі тәтті, шәрбәт – бал.

Бірақ саған үш түрлі

Қоятұғын шартым бар»[2;93],- деп былай дейді.

Біріншіден, басымдағы қос мүйізімінің барлығын құпия ұстайсың, екіншіден, басқаның шашын қимайсың, үшіншіден, аузыңнан шыққан сөзге ие боласың дейді. Шаштараз міндетін атқарады. Мүйізді көрген соң, есінен танады, іштей булығып айтқыс келеді. Бірде таң алдында, алакөбеде шаһардан шығып, ен далада етбетінен жатып, көрген-білгенін шыдай алмай ақыры қара жере сыбырлап қояды.

«Кеше күндіз патшаның

Шашын алып берді, - деп,

Қасиетті басынан

Қос мүйізін көрдім», - деп,

Жерге төсеп ауызын,

өзінен-өзі күбірлеп,

Мақтан тойын тойлайды

Кеудесінде дүбірлеп.

Мың қайтара айтқанда

Ортайды куде толғаны.

Сілесі қатып ұйықтады,

Естіген адам болмады»[2;95],-.

Ішіндегі бар сырын жерге айтып, жеңілдеп қалғанын сезеді. Бірақ, аузынан шыққан сөзі, топыраққа сіңеді, топыраққа сіңген сөзі жеті жыл жерде сақталып, шаштараз ішіндегі сөзін айтқаннан кейін сауық-сайран салып, айтқан сөзінің жерге сңіп кеткенін де білмейді. Күндер, айлар, жылдар өтеді. ол байлыққа кеңеліп, молшылықта өмір сүре бастайды. Патшаның ұсынған мол байлығына кеңеліп, өзіне лайықты жар таңдап бақытты ғұмыр кешіп жатады. Күндердің-күнінде өзен тасып, сырын төккен ойпаң жерге құрақ өсіп, шаштараздың лебізін құрақ судырлап, жел жыбырлап, жалпақ әлемге жайып жібереді. Осы бір мезетте жырау былайша баяндайды
оставил комментарий 22 Сен от Bota Bazarbay
...Көк құрақ басын иеді,

Жылы леп пен жылмақ жел

Бұраңдатып сүйеді,

Сылдырлатып ән салды..

Дүниеге хабар таралды,

Жел айтқанды ел айтып,

Патшаға хабар барады.

Қамыс айтты, жел айтты,

Ел айтқанда, шын айтты[2;97].

Серт пен сырға осалдық танытқаны үшін, шаштараздың басы алынады. «Ешкімді жамандама, қара жер де жеткізіп қояр» деген аталы сөздің мағынасы мен тағылымына жете түсінбегендігі ақыры түбіне жетеді. Екі елі аузыңа, төр елі қаққа сал деген қазақ мақалы бекерден-бекер айтылмаса керек. Дулат Бабатайұлының шығармалары қанық та айқын бояумен, өзгеше өрімдерімен, сан құбылған сөз сиқырларымен ерекшеленіп тұрады. ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясында Дулат Бабатайұлы тұңғыш рет патша өкіметінің орталық езгі саясатының астарын ашып айтып, оның ел ішіндегі «жексұрыны, қанды ауыз ұлық болған, қазақтан шыққан кәпірдің» образын ашық суреттей білген.

Дулат – кестелі тілді, шешен ақын ғана емес, ХІХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясына жаңа форма, соны мазмұн әкелген жаңашыл қаламгер. Ол жазып та, айтып та шығарған.

Жалпы, Дулат Бабатайұлының ақындық мұрасы негізінен осы алуандас жанды, бейнелі образдық жүйесімен, нақышты, кестелі тілімен, терең мағыналылығымен, сыңғыр қаққан келісімімен ерекшеленеді.
0 голосов
ответил 22 Сен от Bota Bazarbay
Дулат шығармаларының ішіндегі ең күрделісі «Еспембет» поэмасы. Оның әлеуметтік лирика, дидактикалық поэзияға ғана емес, сюжеттік шығармаларға да шебер екендігі кӛрсетеді. «Еспембет» - сюжетке құрылған шағын ғана поэма. Оның көркемдік қасиеті де осы шағындығында. Кӛп сӛзге салынбай, поэмада суреттелетін кӛп оқиғаны аз жолға сыйғызып кӛрсеткен. Елін қорғап, ел үшін жауына оқ ататын батыр ұл, елді әділ басқарушылар болса деген арман, тілектерінің сәулесі ретінде «Еспембет» поэмасы туғанға ұқсайды. Поэманың сюжеті: жетім Еспембет нағашысы Ер Қосайдың үйінде тәрбиеленеді. Есейген соң нағашысының елінде жүруе арланып, ол ӛзінің туған жеріне кетуге рұқсат сұрайды. Нағашысы Қосайдың ұсынған сыйлықтарынан бас тартып, тек Ақбӛрте тайды беруін сұрайды. Нағашы атасы Ер Қосай ақ батасын береді. Атасының батасын алып, ӛзінің туған жеріне келгесін, ағайындары ұнатпай, онша елемейді. Арада 3-4 жыл ӛткеннен кейін, тай Ақбӛрте бесті болады. Сол елде болғаннан кейін бәйгеге қосады. Сол бәйгеден жалғыз ӛзі озып келеді де, оның бәйгесіне тігілген жүз тайлақты бес Сыбанның ұлына Еспембет бөліп беріп,

Шақырып алып Еспембет

Ақтамберді қолбасын

Бес Сыбанның ұлына

Ортаға салды олжасын.

Жүз тайлақты есептеп

Біреуін де алмады.

Осы жолдардан-ақ өзінің ірілігін, мырзалығын көреміз. Осы оқиғадан кейін көзге түсіп, ауызға ілігеді. Қаракерей Қабанбай, Байжігіт, Ақтамберді батырлар қалмаққа қарсы жасақ құрып, қол жиғанда, жас жігіт Еспембет те бірге аттанады. Қалмақпен шайқасқан жерде, ұрысқа алты жүз рет кіріп, талайды тұралатқан, тап сол күні жекпе-жекте қазақтан сегіз батырды бір өзі өлтірген қалмақтың батырына Еспембет жалғыз ӛзі қарсы шығып

Жетіп келіп Еспембет:

 - Ақтамберді ер, - деді,

- Мен барамын сіз үшін,

Кезегіңді бер, - деді.

Жас санама, бас сана,

Қайратымды көр, - деді.

Ақтамберді қарт батыр

Қол жайып бата берген.

Тотан шығып жөнелді

Найзаға таққан шоқтай боп,

Ақбөрте кетті құнтиып

Садақтан тартқан оқтай боп,

Қанға сусап қалмақ тұр

Обатұғын оптай боп.

Еспембет келе сөйледі,

Ерлікке сай қайраты,

Қаруға сай амалы:

«Сен – қалмақтың қабаны.

Қарсыңа қалай жіберді

Қазақ саған баланы?

Қазақ сені қорлады,

Баладан тӛмен санады

Жігерің болса, қайраттан,

Баланы саған балады.

Ағаштан жұлып алмадай

Басыңды бала алады»,-

деп қалмақтың намысан тиіп, ащы тілімен мұқата білді. Осы сөзден кейін Еспембетке жігерленіп, қалмақты қалайда жеңу керектігін ойластырды. Сол кезде қалмақтың батыры ашуланып, тістеніп, екі ұртына қан толып, шыдай алмай Еспембетпен қылыштасады. Қылыштары жарқ-жұрқ етіп, денелері қанға боялып, екі батырдың жекпе-жектегі ерлігін Қабанбай, Ақтамберді сынды бытырлар жандарын шүберекке түйіп, ел үшін туған ерім деп Еспембетті қолдайды. Иә, күрес үстінде жеңіліс пен жеңіс бар. Біреуі озып шығатыны шындық. Қазақтар мен қалмақтардың арасындағы күресте Еспембет ӛзінің батырлық ерлігін кӛрсетіп, қалмақ батырын ӛлтіріп, атын олжа етеді. Осыдан кейін рухтанған қазақ қолы жӛпелдемеде шабуыл жасап, қалмақтарды жеңіп, еліне қайтады. Жасынан-ақ халқының жауына қару жасап қызмет етсем деген тілегі орындалады.

Бет бұрып тізгін тартқан жоқ

Жаудың мың мен санынан.

Өле-өлгенше ел болды

Еспембеттің арманы.

Өзімен бірге жасады

Астындағы тарланы.

Бәрін айт та, бірін айт,

Еспембеттей ер қайда?

Еспембеттей ер туса,

Ер күтетін ел қайда?,

-деп Еспембеттің «батыр» деген даңққа жетуімен поэма аяқталады. Қай халықтың болсын адамның адамдық қасиетін кӛрсететін мінез - өз жері, өз елін сүю. Келешекте халқына тұлға боларлық батыр Еспембет те жастығына қарамастан аталық сӛздер айтып, ақыл, парасатының жоғарылығын аңғартады. Эпостарда батырлыққа тән және бір шарт - өзіне серік боларлық атты өзі танып, тақымына басуы. Еспембет бұл сыннан да өтеді. Ақбөртені ол құлын кезінен танып, көзінен таса қылмаған. Жігіттің батырлығын айқындайтын – оның ерлігі. Ерлік әр жерде емес, тар жерде көрінеді. «Ер басына күн туып, етегімен су кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» жағдайларда, кӛпшілік үшін басын бәйгеге тігіп, ӛліміне бел байлап, қалың қолға жол ашады, жауды жеңуге мұрындық болады. «Еспембет» поэмасы қалмақ батырының басын алуымен аяқталады. Бұл шығарма арқылы қазақтар мен қалмақтар арасындағы күресті байқаймыз.
0 голосов
ответил 22 Сен от Bota Bazarbay
«Еспенбет» дастаны

Бүгінгі жаңа сабағымыз, оқушылар, Дулат Бабатайұлының батырлық дастаны - «Еспенбет».

Дастан деген ұғымды қалай түсінеміз?

Дастан - (парсы сөзі – тарихи әңгіме, батырлар жыры)

Ертегі сюжеттерінің, аңыз, хикаялардың әдеби өңделген түрі.

Бұл дастанның басты тақырыбы – ерлік, туған жеріне оралып, еліне қамқор бола білген батырдың жан қияр ерлігі мен көзсіз батырлығы.

Батыр дегеніміз кім?

Қандай батырларды білеміз?

Бұл батырлардың осы күнге дейін ел есінде қалып, әдебиет әлемінде жүру себебі: әр батырдың өз ерлігі, қайталанбас тарихының болуы.

Ал, оқушылар, Еспенбет батыр жайында естігендерің бар ма?

Ендеше, мен бүгін сіздерді Еспембет батырмен, оның ерлігімен таныстырайын. Тыңдайық.

Ертеде Сыбан руынан шыққан Жарасқұл деген қарттың Еспенбет атты немересі болады. Міне, осы Еспенбет жас күнінде әке - шешеден бірдей жетім қалып, уақ руынан шыққан Ер Қосай атты батыр нағашысының қолында ер жетеді. Қосай жиенді бөтен санамайтын салт бойынша Еспенбеттей ұрпағын өте жақсы көргендіктен, оған жетімдік тауқыметін көрсетпей өсіреді. Ер жеткенде қалыңдық әперіп, басына үй тұрғысып, алдына мал бермек ойда жүреді. Күндердің бір күнінде қатарластарынан ойлы, намысы күшті, арманы биік Еспенбетті тумысы бөлек Ақбөрте атты құлын ерлік арманға жетелейді. Бар арман мақсаты - тұлпар мініп, қару асынып, атасы салған ізбен жүріп, өзі туған Сыбан еліне оралу болатын. Ендігі ойы «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне» деген халық даналығын еске алып, алыстағы ата жұртына кеткісі келіп жүреді. Ер Қосай атасы оның бұл күйін байқап, өзіне шақырып қалауын сұрайды. Атасы ұсынған байлықтың бәрінен бас тартып, жалғыз ғана Ақбөрте тайды қалайды. Еспенбеттің қалауын орындап, атасы оны батасын беріп еліне қайтарады. Еліне оралған соң, қалың Сыбан елі «нағашысы Еспенбетті жалғыз таймен қайтарғаны несі?» деп, Қосай батырды сынға алады. Бірақ Еспенбет мұның ешбірін құлағына ілмейді. Арада уақыт өтіп, Еспенбет 17 жасқа келеді. Ақбөрте тай бесті болады. Еспенбет Бөртесін баптап, Сәтімқұл деген бидің асында бәйгеге қосады. Тұлпары Еспенбеттің үмітін ақтап, жүз бас тайлақ тігілген бәйгеден бірінші болып келеді. Сонда Еспенбет сыбанның қолбасы Ақтамберді батырды шақырып, олжаны ортаға салып, бөліп береді. Енді сыбан елінің Қабанбай бастаған батырлары атадан қалған кекті қайтару үшін қалмаққа шабуылға шығады. Осы шайқаста қалмақтың бір батыры жекпе - жекте қазақтың жеті батырын бірдей ойсырата қырып салғанда, шыдап тұра алмаған Еспенбет, Ақтамбердіден рұқсат сұрап барады. Кезегіңді маған бер, жас санама, бас сана, қайратымды көр деп, Ақтамберді батырдың батасын алып, жауды жеңеді. Қас майданда қалмақтар жеңіліс тауып, батырлар елге үлкен олжамен оралады. Міне Еспенбет батыр елге осылай танылған екен.

896 вопросов

1,105 ответов

286 комментариев

28,046 пользователей

...