Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Мен тандаган мамандык туралы шыгарма, шығарма, эссе

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

2 Ответы

0 голосов
ответил 04 Сен от mergen

Болашақта кім болам?

Менің қазіргі алға қойған мақсатым оқуымды үздік бітіру. Ол үшін адамда өзінің бойында осы мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенім болуы қажет. Бұл мамандыққа жету екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Сондықтан мен ешкім жетпеген жеңістіктерге жеткім келеді. Дәрігер болу үлкен мәртебе деп білемін. Мамандық таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Меніңше дәрігер болу менің қолымнан келеді. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істелген іс биігіне жеткізетін қанат. 

оставил комментарий 10 Сен от Акниет Ережепова
«Өзіңді өзің танысаң – істің басы»- деген ақынымыз Шәкәрім Құдайбердіұлының ой-тұжырымы менің де көкейіме қонады. Мұны тегінен- тегін тілге тиек етіп отырған жоқпын. Иә, ең әуелі адам өзін танып білсе, сонда ғана немен айналысатынын, кім болатынын анықтай бастайды. Ал мен болсам жан-жақты болғым келді, бәрін білгім келді және ол армандарым да уақыт еншісімен орындалды.

Мен- есепші, тәрбиеші, психолог мамандықтарын, жоғары білімді де игердім және жұмыс та жасап үлгердім. Бұл мамандықтардың бәрін оқып, жұмыс та жасағаным үшін еш өкінбеймін. Барлық мамандықтарымды өзінше ұнатамын.
Мен өз мамандығымның қайсысына тоқталғаным жайлы айтпастан бұрын, халқымыздан қалған ауызекі әңгіме жайлы есіме түсірдім.
— Бір жігіт әр жұмыстың басын шалып істеп, аяқсыз қалдыра беріпті.
— Сонда жолдан жолыққан қария: – Сен балам, жұмыстың оңайын тауып істесең қайтеді,- деп кеңес береді.
Біраз уақыт өткен соң қария әлгі жігіттің қандай оңай жұмыс тапқанын көрейін деп іздеп барады.
— Ал,балам қандай оңай жұмыс таптың?- деп сұрайды қария.
— Иә, Ата, ең оңай жұмыс таптым, онымен еңбектеніп жатқаныма да біраз болды,- деп зәулім биік үйлерді көрсетіпті. Сонда қария жан-жағындағы биік үйлерге қарап, неге балам мынау ең қиын жұмыс қой деп таңданыпты.
Жігіт: Жоқ, Ата бұл ең оңай жұмыс болды,- депті.
— Е, балам сенің оңай жұмыс деп тұрғанын екінің бірінің қолынан келмейтін істі айтып тұрсың, сонда бұдан менің түйгенім, кім нені өз көңіл қалауымен жасаса сол кәсіп оңай екен ғой- деп ойланып тұрып қалады. Қария өзінің қанша жасқа келсе де бұны өз ойына түймегенін ескеріп, «өмірден көргеннен -түйгенің көп болсын» деп жігітке бата беріпті.
Осы қария мен жігіттің әңгімесін қорыта алғанда: «Ең оңай кәсіп – өзің қалауыңмен жасаған іс екеніне тоқтам жасадым. Сол сияқты менің жоғарыда айтылған мамандықтарымның ішінен қазіргі таңда жаныма жақыны – психолог мамандығы еді, сол бойынша қызмет етудемін және қайда екенін білгілеріңіз келе ме? Ол Балқаш қаласында орналасқан «Ақбота» балабақшасында еді.

Мен педагог-психологпын, әрине кеше ғана бастадым, тәжірибем де жоқ, бірақ заман талабына сай ұрпақтарымызды ұлтшыл жан қылып, рухани және адамгершілігі мол, «сегіз қырлы – бір сырлы», сыр мінезді, білімді, тәрбиелі етіп тәрбиелеуге тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын. Мен болашақта өзім таңдаған мамандықтың шебері боламын деп сенемін.
0 голосов
ответил 10 Сен от Акниет Ережепова
Профессия – латын сөзінен шыққан, «profession» - анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті  талап ететін еңбек қызметінің  маңызды бөлігі. Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай –ақ өз мамандығының 10 -20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты  сұраныс деп аталады. Өз –өзіне «Мен кіммін?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоя отырып, жауап таба білу керек. Өз ісіне сенімді дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.

«Адам өз өміріне екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі –жар таңдау, екіншісі –мамандық таңдау» деп М.Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы –адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындый болуы шарт. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс –табыс биігіне жеткізетін қанат. Абай атамыз айтқандай : «Неге арналсаң , соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға  дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамдықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамадықтар қатарына жоғарғы технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамдықтары жатады. Қоғамның дамуына  біздің өңірде, қазба байлықтарын игеретін мамандық  иелері қажет.

Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 мың адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12% -і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан бідің болашағымыз да жастар», -деп тегіннен –тегін айтқан жоқ. Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан біз сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болуымыз үшін өз мамадықтарымызды  дұрыс таңдап ,дұрыс игеріп өмірден өз орындары дұрыс таба білуіміз керек!

Мамандық таңдау – ол өмірлік таңдау. Өзінің қай салада қабілеттілгінің бар екенін  40  жасқа келгенде біліп, қайтадан мансабыңның іргетасын салмас үшін қазірден бастап дұрыс шешім қабылдаған жөн.

Болашақта үлкен мамандық  иесі болатынын армандамайтын бала болмайды. Алғашқы кезде біздің ойымызда  «Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықты қалай таңдауға болады?» деген сұрақ болды. Бірақ әркім өзі ұнатқан мамандығына оқуға түседі. Ал өз еркімен түспейтіндер менім ойымша өте кем. Өкінішке орай, біз балалардың таңдауының ақылмен емес,біреудің сөзіне ере отырып, немесе ата –анасының ықпалымен «қай жерге оқуға түсу оңай» деген көзқарастармен болып жатқанын байқаймыз. Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдар мен келеді. Біреулер үшін –ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін –жаңалыққа, дербестікке  талпыныс, үшінші біреулерге –әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б.

Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамадығын қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.

Менің таңдаған мамандығым – байланысшы болу. Қазіргі таңда байланыс саласы адамзаттың басты қажеттілігі болып табылады. Бұл салада жұмыс істейтіндердің міндеті – сапалы ақпарат жеткізу. Бүгінгі күні байланысшы мамандығын таңдауда қателеспегеніме сенімдімін. Ол үшін «ең бастысы –өз кәсібіңді жан –тәніңмен сүю және бар болмысыңмен бұдан да артығырақ жасауға ықыласты болу». Білгір мамандардың қолымен көптеген станциялар мен нысандар тұрғызылып,сансыз байланыс желілері тартылған. Бұл саланың ең басты ерекшелігі –қазіргі заман талабына сай мамандық. ХХI ғасыр –технология ғасыры, оның ішінде ақпарат сипаты тым басым. Қазіргі уақытта біздің өмірімізді ақпаратсыз және байланыс құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Жаңа заман талаптары барлық ақпараттардан үздіксіз және жедел түрде хабардар болып отыруды міндеттейді. Адамдардың арқасында, ешқандай ұғымға сыймайтын идеялардың өмір шындығына айналуы мүмкін. Осы жұмыстың барлығы байланысшы маманының міндеті.

Мамандық таңдауда ең бір мән беретін қасиет – ол мінез –құлық. Адам баласы мамандық таңдауда сол мамандықтың мінезгеде сәйкес келуі міндетті деп ойлаймын. Мінез таңдаған салаға үйлессе, жұмыс бабында да үлкен жетістіктерге жетелейтіні анық. Мысалы, байланысшы мамандығына сабырлық, тиянақтылық, әріптестермен татулық, ізденімпаздық сияқты қасиеттер  жарасады. Мен өз бойымда осы қасиеттердің барына сенімдімін. Сондықтан осы мамандықты таңдадым. Менің арманым –қазіргі кезде Қазақстанның гүлденген, бүкіл әлемің назарын өзіне аударған сәтінде дамыған елдермен қарым – қатынасты одан әрі нығайта түсуде кішкене болса да өз үлесімді қосу. Мен бұл саланы –өмірлік мамандығым деп білемін.

Ж. Аймауытов айтқандай: Мамандықтық жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе  десек, Абай атамыз айтқандай  «болмасаң да, ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.

                Еңбек етсем, ертеңгі – бақытыма сенемін

                Мақсатыма жеткізер – уақытыма сенемін.

                Достық іспен қасты да – жеңеріме сенемін.

                Ақыл,сана білім мен – өнеріме сенемін.

                Абыройлы, ақ ниет – адамдыққа сенемін!

Егеменді еліміздің ертеңі –болашақ маман иелері болу өз қолымызда екені даусыз.

896 вопросов

1,105 ответов

286 комментариев

28,046 пользователей

...