Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Патриот деген сөзді қалай түсінесіздер. Жалпы патриот адам қандай болу керек?

134 просмотров
спросил 03 Сен, 17 от ZHARAR в категории Личность, Человек

Патриот деген сөзді қалай түсінесіздер. Жалпы патриот адам қандай болу керек?

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

4 Ответы

0 голосов
ответил 03 Сен, 17 от Bota Bazarbay

Патриот- өз Отанынадал сүйетін, қызмет ететін, өз мүддесінел мүддесі жолында құрбан қылатын, басқа ұлттар мен ұлыстарға кеңпейілділікпен қарайтын адам өзінің Отанына берілген, оның мүдделеріне қызмет ететін адам. 

0 голосов
ответил 03 Сен, 17 от Bota Bazarbay

Патрио - Отан, патриот - отаншыл, патриотизм - отаншылдық. Патроиот адам өз Отаны үшін қызмет етеді, абыройын асырады, Отаны үшін жанын құрбан етуге дайын адам.

0 голосов
ответил 03 Сен, 17 от Андрей
Сәлеметсіздер ме?! Патриотизм- ұлтжандылық- отансүйгіштік деген ұғымдыр қазіргі таңда өте өзеткі мәселелер. НЕГЕ??? Бұл ұғыдмар атамзаманнан бар ғой?! Қазір неге өзекті??? Себебі, қазір әр адам өзінің жеке басының көптеген мәселелерімен айналысып Отан деген ұғымнана алыстап барады.

Менің ойымша, патриотизм-ол алдымен өзінің қазақ екенін мақтан тұту, ұялмау (ондайлар жеткілікті), қазақ тілін құрметтеу (қазіргі жастар "модно деп" басқа тілде сөйлеуді жөн көреді), халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеу, содан соң отбасы құндылықтарын үнемі есте сақтау. Осы негізгі "тіреуіштер" дұрыс қаланса, бала, адам міндетті түрде патриот болып өседі. Өзін сыйлай бастаса, жан-жақтағылар сыйлайды, Отанын ешқашан, еш жағдайда сатпайды, қорғайды. Бұл менің жеке пікірім
0 голосов
ответил 03 Сен, 17 от Андрей

Ринат Зайытов: Жалған патриотизм

Ассалаумағалейкум, достар!

Сіздердің назарларыңызға өте қызық сұхбат ұсынбақпын. Қазақтың азулы ақыны Ринат Зайытов ағамыздың «Go magazin»  журналына берген эксклюзивті сұхбаты. Сұхбаттасқан — белгілі журналист Зарина Муслим. Қапы қалмай оқыңыздар. Өте қызықты. Өте маңызды. Өте — өте…

оставил комментарий 03 Сен, 17 от Андрей

ҚАЗАҚТЫҢ ДЕРТІ – ЖАЛҒАН ПАТРИОТИЗМ

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

Жалған патриотизмнің мен білетін үш түрі бар: жасанды патриотизм, сайқал патриотизм, жарнамалы патриотизм.

«Заманауи ән бағыттарын тыңдамаймын, қазақшадан басқа ешбір тілде сөйлемеймін. Өйткені мен – қазақпын» дейтіндер – ЖАСАНДЫ ПАТРИОТТАР. Данышпан Абай: «Жауыңа өзіңді мойындату үшін, оның тілі мен мәдениетін білуің керек» демеп пе еді? Қазір ағылшын тілін үйреніп жүрмін, орысшаны онсыз да жетік білемін. Неге? Өйткені, үйімде отырып алып, «құр күңкілдеп» отырғанымды шекараның ар жағы түгіл, ел ішіндегілер естімейді. Мойындамайтындардың алдына барып, кім екенімізді түсіндіруіміз керек. Олар қазақща сөйлей алмайды, ал біз олардан артықпыз, біз олардың тілін де, мәдениетін де білеміз. Міне ұлылық қайда жатыр, міне патриотизм қайда жатыр? Ұлтыңды сүю деген – «қазақпын» деп көкірек соғу емес, қазақ үшін әрекет жасау.

оставил комментарий 03 Сен, 17 от Андрей
Жұмысқа кіру үшін, өтірік бір-екі сөз жаттап алатын шала қазақтардың патриотизмі болады. «Я язык не знаю, но я патриот» дейтіндер бар. БҰЛ – САЙҚАЛ ПАТРИОТТАР. Өйткені, әуелгі төлқұжатың ол – тілің.

ЖАРНАМАЛЫ ПАТРИОТИЗМ.Бұл қатарда елді тәрбиелейтіндер бар. Жүрген жерінде «патриотпін» дей тұра, үйдегі балаларын қазақша сөйлетуге құзыры жетпейді. Отбасын тәрбиелей алмай отырғандар ұлтқа не береді? Адам ұлтқа тәрбие беруі үшін, оның президент немесе министр болуы міндетті емес. Әрбір адам өз саласында патриот болуы тиіс. Мәселен, телеарна қызметкерлері әр бағдарламасының ұлтқа беретін пайдасын ойлап барып, сол хабарды жасауы керек. Ақын-жазушылар да әр шығармасында ұлтқа берер пайданы көксеуі керек. Кез-келген телеарнадағы кез-келген жобаны асырап отырған – қазақ көрермені. Ал, ұйымдастырушылар сол көрерменді жинап отырған ҚАЗАҚ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН МАМБЕТ ДЕП АТАЙДЫ. Айналып келгенде, мамбет деген – қазақ батырының есімі. Баба-яга деген сөздің өзі, кезінде: «Мұсылман еместің басын шабамын» дейтін Бабай батырдың есімінен шыққан. Халық арасында: «Бабай аға алып кетеді» деген сөз «баба яга алып кетеді» деп өзгеріп кеткен.

ҚАЗАҚ КҮРЕСТЕН, КҮРЕСКЕРЛІКТЕН ҚОРҚАДЫ.Өз басым ұйғыр деген ұлтты ұнатпаймын. Бірақ, олардың батылдығына бас иемін. Олар аз, оларда жер де, ел де жоқ. Бірақ, сол сорлы ұйғыр миллиардтаған қытайға төтеп бере алды. Тілі, ұлты, мәдениеті үшін.

Қазақ патриотпын деп айта береді. Қазақта көкіп сөйлейтін тіл ғана бар. Мысалы, Қарағандыдағы шахтада 30 қазақ қырылып өлді. Өлгеннен соң, олардың ешкімге керегі де болмай қалды. Ал, Ресейде, түнгі клубта 36 адам өледі, бүкілұлттық траур жарияланады. Ақтауда шахтерлер көтеріліс жасады. Елдің басқа аймағында отырып алып: «Адайлар көтеріліп жатыр» дейміз. Олар біздің бір бөлшегіміз деп ойламаймыз да. Біздің патриоттығымыз баяғы желтоқсан көтерілісінен кейін қалды бір жерде.

Бәзбіреулер қазақты «мамбет» деп менсінбесе, дұрыс айтады. Олардың осылай деуіне итермелейтін – өзіміз ғана. Сасық кеудеміз ғана бар біздің. Ал жұрттың күлкісіне айналмайтындай дүниелер жасап жатқамыз жоқ. Жасаған күннің өзінде, бір-бірімізді көре алмай, сынап бітеміз.
оставил комментарий 03 Сен, 17 от Андрей
Шоу бизнесті, яки мәдениет – біздің бірінші көрсеткішіміз. Соны алып қарайық. ТОЙДЫҢ ДЕҢГЕЙІНЕН АСА АЛМАЙ ОТЫРМЫЗ. Әншінің Отан туралы, ынтымақ, бірлік туралы әні болмауы мүмкін, бірақ «екі жас бақытты» болсын деген ән репертуарында болады. Міндетті түрде. Міне, біздің деңгейіміз. Қолымыздан келетіні бір-бір бұрышқа тығылып алып: «аналар бізді былай деп айтты» деу ғана.

Кез-келген танымал жобаларды алып қараңыз, продюсерлері – шалақазақтар. Таза қазақтың ішінде де не көп, продюсер көп. Тойға барсаң: «мен продюсермін» деп, бір-бір минидиск құшақтап жүреді. Бірақ, олар әлгі мәңгүрттер сияқты сапаға жұмыс жасауды білмейді. Ойлайтыны – сапалы жоба жасап, ұлтқа пайда келтіру емес, тойдан табыс табу ғана. Маған десе, сол жобалар мың жерден қазақ тілінде ән айтсын, олар да, продюсерлері де патриот емес.

Мысалы, «101» тобына атышулы компания 25 мың долларға клип түсіріп береді. Қай қазақтың қалталы азаматы қазақтың әнін насихаттайтын топқа немесе әншіге осындай сыйлық жасап жатыр?

Халықаралық деңгейге шығып жүрген «Ұлытауымыздың» өзінде Ержаннан басқа қазақ жоқ. Оның өзін қазақтың қара домбырасының құдіреті сүйреп жүр. Әйтпесе, оны да баяғыда шығарып тастайтын еді. Қыдырәлінің патриотпын деген сөзі қайда? НЕГЕ БІРІГІП, ТАЗА ҚАРАКӨЗДЕРДЕН ТҰРАТЫН ЖОБА ШЫҒАРМАЙМЫЗ?! Кішкентай Норвегияның өзі «Озон» деген топ шығарып, әлемді дүрліктірді. Солар құрлы жоқпыз. Неге «қазақстан эстрадасымыз» деп жүрген мәңгүрттердің бәрі қымбат-қымбат клип түсіреді? Олардың ротациясы керемет болады. Біздің қазақ ташкентке барып, үш мың долларға клип түсіруден көз ашпай келеді. Мынау ұлтымның ұяты, елімнің мәдениеті деген ой ешқайссының сана түгіл, түсіне кіріп шықпайды.

Ең құрығанда, халықаралық аренаға шығаратын бір топ, бір жеке әншіні жасау қолымыздан келеді. Және оның мәңгүрт емес, таза қазақ болуын, өзге тілдің бәрін біліп, өз тілін құрметтейтін, сен тұр, мен атайын, сегіз қырлы, бір сырлы азамат болуын қадағалауды да басты назарға алуымыз керек.

НЕГЕ БІЗДІҢ ПАТРИОТТЫҒЫМЫЗ ҚҰРЫҒАНДА НЕГРЛЕРДІКІНДЕЙ ЕМЕС?Америкада қара нәсілді азамат президенттікке сайланып жатса, Кения мен Африка қуанады. Сол қара президентті кез-келген киноларында қалай насихаттайды? Оларда не ұлт, не тарих жоқ. Есесіне, олар барлығын қолдан жасап отыр.

                Бұл проблеманы шешетін – ҮЛКЕН НАСИХАТ қана! Біздің насихаттаушы құралдарымыздың өзі күні бүгінге дейін баяғының сүрлеуін сүрлеп келеді.

Мысалы, жақында «ХАБАР» ТЕЛЕАРНАСЫ бір бағдарламаға шақырды. «Қазаққа рэп керек пе?» дейді. Мария есімді музыка зерттеушісі Ерболат Құдайбергенов екеумізді жерден алып, жерге салды. Олардың ойынша, ұлттық өнер неге өзгермеуі керек. Ал, енді ҚАЗАҚ РАДИОСЫН алайық. Ұлтымның патриоты ретінде, мен оны тыңдаймын. Бірақ, соңына дейін шыдай алмаймын. Айтыскер ақын менің өзім осылай деп отырсам, жастардың қазақ радиосына деген көзқарасы қандай екенін бағамдай беріңіз. ҚАЗАҚ РАДИОСЫ МЕН ЭТНОФОЛЬКЛОРЛЫҚ РАДИОНЫ ШАТАСТЫРУҒА БОЛМАЙДЫ. 24 сағат бойы тек қазақ эстардасының әндерін беретін бөлек радио болуы керек. «Европа +» пен «Русское радиодан» аңдып отырып, жаңа қазақ эстрадасының әндерін тыңдаймын. Өйткені, мен қазақтың жаңа эстрадасында кімнің қандай ән орындап жүргенін тыңдағым келеді. Ал, қазақ радиосында редакторлық алқа бар, олар рэпті, ар энд биді, рок пен джаз бағытындағы жаңа әндерді эфирге шығармайды. Басқа радиодан сол бағыттағы әндердің орысшасын тыңдатқаннан гөрі, неге сол жаңашылдықты, сол креативті қазақ тілінде бермеске?

«Балапан» деген арна ашылды. Таза қазақ тілінде. Сол «Спайнч бобты» қазақшаға аударып көрсетіп жатыр. Әдемі. Есесіне бала-шағаң шала-шикі мәңгүрт емес, таза қазақ болып өседі. Қазақша ойлай бастайды. Мәселе – осында.
оставил комментарий 03 Сен, 17 от Андрей
Қарапайым, өзіміздің «ЕКІ ЖҰЛДЫЗДЫ» «ШІРКІН LIFE», «КВН» сияқты жобаларды алайық. «Орыстан көргенін істеп жатыр» дейді. Істесін. Оның несі айып? Орыстан көшіріп алсын, мейлің! Бастысы, ол қазақ тілінде жасап жатыр ғой?! Сол «реалити шоуды», сол «КВН-ді» сол «Две звезды» бағдарламасын қазақ «ОРТ» арнасынан-ақ көріп алады. Одан да ұлттық арнадан қазақшасын көргені дұрыс емес пе? Одан қалса, сынайтындары «Хит TV». Адамның алдына ұн қойсаң, оны жей алмайды. Сол ұннан тоқаш, нан пісіріп беруге болады ғой. Сол сияқты, Республикалық арналардың да эфирі жетеді. АКАДЕМИК ШАЛДЫ 25 МИНУТ СӨЙЛЕТКЕННЕН ДЫМ ШЫҚПАЙДЫ, ОНЫ ЕШКІМ ТЫҢДАМАЙДЫ. Бұл – көрерменнің алдына ұн қойып, «жей ғой» деп, қарап отырғанмен бірдей. «Ойбай, біз тәрбие беріп жатырмыз, біз насихаттап жатырмыз» дейді. Насихатты өзің түсінетін баяғы қазақ тілінде емес, заманауи, дұрыс, жастар түсінетін қазақ тілінде жүргізу керек. Қарапайым мысал – «МузАРТ» тобы. Кезінде, олардың насихаты мықты болды. Кейін, «МузАРТ-қа» еліктеген топтар шықпады ма? Шықты! Демек, қазақ жастары қазақ әнін тыңдай бастады! Демек, Қазақилану үрдісі болды! Бұл – ақпараттық қолдаудың арқасында қолжеткізгеніміз.

Эфир – үлкен күш. Сол эфир бізде көп. ТҮРІК ПЕН КӘРІСТІҢ ТЕЛЕХИКАЯСЫН БЕРГЕНШЕ, ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ КРЕАТИВТІ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖАРЫҚҚА ШЫҒАРМАЙСЫҢ БА? Әйтпесе, тура сондай хикая түсіру біздің де қолымыздан келеді. Түріктің сериалынан ұлтымызға келіп-кетер пайда жоқ. Олардың үйрететіні бір байдан шығып, басқасына тие беруге болады деген дүниелер ғана. Кәрістердікі де сол. Ру руға бөлініп, қырылысудан басқаны үйретпейді. Сол уақытты зая кетірмей, талантты жастарға қолдау көрсет. Шынымен патриот болсаң, эфирді ұтымды пайдалан! Бірақ, бұл жерде де проблема бар. қазақи дүние дегенде, жұрттың бәрі киіз үй мен шапанды, домбыраны елестетеді. Ұлтымыз – осы дейді. Ұлтымыз шапанды шешіп, атты темір тұлпарға айырбастағалы қай заман? Біздің ұлтымыз қазір құдайға шүкір, асфальт салып, қала тұрғызып жатыр! КҮЛЛІ OBSE-ГЕ ТӨРАҒА БОЛЫП ОТЫР БІЗДІҢ ҰЛТЫМЫЗ. Қашан соны көрсетесің? Әлде Астана мен OBSE-ге төрағалық еткенімізді енді екі ғасырдан соң орын басатын ұрпағымыз ғана көреді ме?

ШЕШЕНСТАНДА МЫҚТЫ ЗАҢ БАР.Ол елде концерт қоятын кез-келген азамат екі шарттың бірін орындауы тиіс. Не шешен тілінде ән орындайды, не шешеннің ұлттық киімімен сахнаға шығады. Қадыровтың инногурациясына келген Киркоровың да шешен тілінде ән айтты. Өйткені, заң бар. Бірақ, Шешенстан тәуелсіз мемлекет емес, олар Ресейдің боданында отыр.

КИНО. БҰЛ – ДА БҮГІНГІ ПРОБЛЕМАМЫЗДЫ ЖОЯТЫН ҰЛЫ КҮШ.Тарихи кино түсіруге қорқады біздікілер. Қазақтың әр батыры бір-бір дайын кино емес пе? Шет елді қараңызшы, жоқ адамнан ұлттық қаһарман жасап шығарады. Ал, біздің күллі тарихымыз қолды боп бара жатыр.

Түйіндей келе, ӘРБІР АЗАМАТ ӨЗІНІҢ ЖҮРЕГІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУІ КЕРЕК дегім келеді. Әсіресе, насихат құралдарында жұмыс істейтін жастар әр істерінде ұлттық идеологияны бірінші қатарға қоя тиіс. Ол үшін жастар сауатсыз емес, оқыған, әрі көреген болуы керек. Жаһандануға қарай кетіп бара жатырмыз. Бұдан қаша алмаймыз. Сол ағыммен кетеміз бәрібір. Бірақ, біреудің кемесіне мінгесіп емес, өз кемемізбен кеткеніміз жөн болар. Өйткені, біреудің кемесінен құлап, батып кету оңай. Ақыры, жаһандану бізге келе жатыр ма? Біз соны тек қарсы алатын болуымыз керек.

999 вопросов

1,285 ответов

323 комментариев

28,380 пользователей

...