Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Қыздық деген не сол туралы білгім келеді?

29 просмотров
спросил 27 Авг от Bota Bazarbay в категории Жизнь, Семья, Советы

Қыздықтан айырылғаннан кейін егер ешкіммен болмасаң бірнеше жылдан кейін қыздық перне өз орнына келе ме?|-)

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

1 Ответ

0 голосов
ответил 27 Авг от Bota Bazarbay
Қыздық перде өзінен өзі түспейді. Қыздық перде дегенге түсінік беріп кетейік. Қыздық перде – бұл тесігі бар шырышты қабыршықтардан құрылған қатпар, ол қынапқа кіру жолында, яғни қыздың ішкі және сыртқы жыныстық мүшесінің арасында тұрады. Әр әйелдің қыздық пердесі өзінше болып келеді, оның өлшемі, түрі, пішіні, қалындығы, қан тамырлары және жүйкемен қамтамасыз етуінің өзінде ерекшеліктер бар. Сондықтан дефлорация (үзілу) әр қызда әр түрлі болады.

Тіпті, қыздық перде болмауының туа біткен кездерде (басқаша атағанда аплазия) бар немесе қыздық перде дамымай қалуы да мүмкін, оны гинекологиялық зерттеуде ғана анықтап білуге болады.

Алғашқы жыныстық қатынаста қыздық перде үзілуі тиіс. Бірақ, ол созылмалы болса немесе егер тесік үлкен болса, жыныстық қатынас қыздық перденің бұзылмауысыз-ақ болуы мүмкін. Кейбір қыздарда қыздық перде еркектің жыныстық мүшесі көлеміне дейін созылуы мүмкін, қыз қатты қозған сайын, қыздық перде созылыңқы келеді.

Алғашқы түннен кейін міндетті түрде қан шығуы тиіс деп ойлайтын жігіттер қателеседі. Кейбір қыздарда қыздық перде әлсіз болады және қан тамырларының орналасу ерекшеліктеріне байланысты қан болмауы мүмкін. Сонымен қатар, қан болған кезде ол міндетті түрде дефлорация болды дегеннің белгісі де болмауы мүмкін, ол жай ғана етеккір болуы мүмкін.

Қыздық перде созылмалы болып және алынбаған жағдайдың өзінде-ақ жүктілік орын алуы мүмкін. Бұндай жүктілік қыздық перде алынбай-ақ қынап маңайына немесе қыздың сулы сыртқы жыныстық органдарына ұрық шашқанда орын алуы мүмкін. Кейбір әйелдерде қыздық перде босану кезінде ғана болуы мүмкін. Кей кезде босануды қиындатпау үшін акушер оны өзі теседі.

Осылайша, қыздық перде қыздың бұрын сонды жыныстық қатынаста болғанын немесе болмағанына кепіл болып табылмайды. Ең бастысы осыны өзінің таңдауы етіп тек қана пәк қызды алғысы келетін жігіт дұрыс түсіну тиіс.

896 вопросов

1,105 ответов

286 комментариев

28,046 пользователей

...