Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Козы корпеш баян сулу деген жарыска ханшайыммен ханзадага арналган таныстыру

40 просмотров

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

2 Ответы

0 голосов
ответил 27 Авг от Bota Bazarbay
Мынаны қарап көр. Қажет емес жерлерді өзіңе ыңғайлы етіп жөндеп аларсың.

Армысың туған жерім, халқым менің,

Армысың бірге өскен құрбыларым.

Сәлемменен бастайын сөздің басын,

Сәлем беру ежелден ата салтым.

Иіліп сәлем бердім баршаңызға,

Сәлем бердім туған жерім Дерменеге,

Өнерімді жиып алып дестелеген

Құлағы сайыс десе елеңдеген.

Әділдік топ ішіне бере тұғын,

Әділқазы алқаларға сәлем бердім!

Еңліктей білім берген ұстазым бар

Өмірдің белесіне жетелеген.

Атым Шолпан ата-анам әлпештеген,

Анам бар үнемі қамқор болар

Сүйсінер інімменен, сіңілім бар.

Отбасымда 4 жанмын бақыттымын.

Бүгінгі "Алтын Күз" байқауында,

Келіпті айдай сұлу аруларда.

Үкілеп үмітімді арқау етіп,

Менде келдім бұл сайысқа қатысуға.

Жайнаған егеменді елім жатыр,

Көсіліп кең жазира жерім жатыр.

Елімнің болашағы біздей болар,

Шыңдалып өсіп жатқан сайыстардан.

Армысыздар жиналған көпшіл қауым,

Биік қойған жанынан қыздың арын!

Қыз өсірген қазақтың қайғысы осы,

Қатал сынға салатын әр қадамын!

Шын сыналған жүйрікте мін болмайды,

Ақылы озық - біреуге күң болмайды!

Келіні дана болған қазағымның,

Ұлдары өзге елге құл болмайды!

Көпшілік мен де өзімді сынға салдым,

Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын!

Топтан озу мақсатым болмаса да,

Ару болу мақсатым инабатты!

Әділқазы алқасы армысыздар!

Бейне бір жауатұғын қармысыздар.

Аруларға әділ баға беретұғын,

Әділеттен жаралған жанбысыздар?!

Атым - ..... болады сұрасаңыз,

Албан екен кешегі бір атамыз.

Әкем аты ..... асқар тауым,

Пана болып біздерге жүз жасаңыз!

Анашым Тугленшедей Бәленше қызы,

Жүзінен төгілетін күннің нұры.

Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,

Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!

Ұстазым - ... апай аяулы адам,

Біздерден бар білгенін аямаған!

Осындай ұстаздардың арқасында,

Көпшіліктің көңілі тояр маған!

Көп айтып өз жайымды не қылайын,

Өнеріммен одан да таң қылайын!

Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,

Сахнаның төрінде сән құрайын!

Қыз бала: Сәлем берем, сәлем беру салтымыз,

Сәлемменен сөз бастаған халқымыз.

Аман – есен жүрмісіздер жалпыңыз.

Армысыздар, жиылған жұрт халқымыз

Ұл бала. Аманбысың ағайын құрбы құрдас.

Тілегі бір замандас ізгі сырлас

Кезекті берейік танысуға

Біз келдік ЭЕТ-дан сайысуға

Ұл бала: Қасымда жұбым бар Шолпан атты

Сұлу да сымбатты, инабатты

Ортаға қол ұстасып шыққан кезде

Талай адам тамсанып таңдай қақты

Ұл бала: Жүзіңде күннің нұры ұялаған

Мұндай жан жер бетінде туылмаған

Көркіңде тұрар мәңгі арай шашып

Танысыңдар міне Шолпан осындай жан

Қыз бала: Бектас тұр жанымда жарқыраған

Жүрегі ақ көңіл аңқылдаған

Армандап талай жандар бір көруге

Аңсау менен түндерді таңды атырған

Қыз-ұл бала: Ортаға қол ұстасып біз шығайық

Өмірдің шапағатын біз құрайық

Көрсетіп өнерлерді барша жұртқа

Иемденіп бас жүлдені біз алайық.
0 голосов
ответил 27 Авг от Bota Bazarbay

896 вопросов

1,105 ответов

286 комментариев

28,046 пользователей

...