Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Үй жағдайында бетті қалай ағартуға болады?

29 просмотров

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

1 Ответ

0 голосов
ответил 27 Авг от Bota Bazarbay
үй жағдайында бетті ағарту рецептілері.
 
1.Қиярмен бетті ағарту маскасы. Қиярды тазалап, үккіштен өткіземіз. Қиярдың ортасындағы жұмсақ жаерінен алып, шай қасық лимон шырыны мен жарты ас қасық қаймақ қосып, араластырамыз. Дайын болған масканы бетке жағып, 15минутқа қалдырып, бетті жуамыз.
 
2.Сүт өнімінен бетті ағарту маскасы. Айранды балмен араластырып, жағып, 15 минутқа қалдырасыз да, жуып тастайсыз.
 
3.Лимон мен қаймақтан бетті ағарту маскасы. Қою керемет ас қасықпен қаймақ түрін алып, ас қасық лмион шырынын қосамыз. Араластырып, бетке жағып, 15минуттан соң сумен жуамыз.
 
4.Күріш арқылы маска жасау. Күрішті жұмсақ болғанша қайнатып, дайын болған соң, суытамыз. Сосын бетке жағуға болады. Немесе мұз формасына дайын болған күрішті салып, қатырып, мұз ретіндегі күрішпен бетті сүртуге болады. Бұдан соң міндетті түрде крем жағу қажет.
 
*Мен бұл маскаларды жасап көрген жоқпын. Байқап көрсеңіз, пікіріңізді айтыңыз.
 
*Маска түрлерін аптасына бір рет жасаған жөн.
 
*Мен тек қолжетімді, әр үйде табылатын өнім түрлерінен жасалатын рецепт түрлерін жаздым. Қолайлы болу үшін.
 
*Бетті ағарту үшін, әдемі, тегіс болуы үшін өз тәжірибем бойынша, тек маска жасау жеткіліксіз. Ең бірінші, өз теріңіздің типіне байланысты құрал түрін таңдап, күтім жасауды ұсынар едім. Өйткені, бетті тек сумен жуу - беттің әдемі, тегіс болуына кепілдік бермейді. Ал, сабынмен жуу-бетке зиян екенін білеміз. Сондықтан бетке арналған арнайы құралдар сабын орнына қолданылып, беттің әдемі болуына көмектеседі.
 
*Содан соң ғана маска жасау- керемет көмектеседі. Жәе айта кететін жайт - күнге шыққанда күннен қорғайтын крем немесе арнайы крем немесе тоналды крем жағатын болсаңыз, құрамында күннен қорғайтын элементі бар тоналды кремін жаққан жөн. Әйтпесе, үйде жаққан маска - күннің әсерінен қорғамайды бетті.
 
*Тіптен, бетіңізге бояу жағып, косметика қолданбасаңыз да, бет күтімін ерте жастан бастау - өсе келе беттің әдемі, тегіс, аппақ болуына көп көмектеседі.

896 вопросов

1,105 ответов

286 комментариев

28,046 пользователей

...