Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Бала асырап алғым келеді? Баланы қайдан асырап алуыма болады?

6 просмотров
спросил 23 Авг от Bota Bazarbay в категории Личность, Человек
Көкейімдегі бір арманымды ортаға салғым келеді. Жасым қырықта, бірақ әлі тұрмысқа шықпағанмын. Себебі, Ана болу мүмкіндігінен айрылғанмын. Бұл менің жанымды жегідей жейтін жара. Бірақ, бұған мойығым келмейді. Бала асырап алғым келеді. Барлық қажетті құжаттарды туралап қойғанмын. Адайда, жолымда тұрған үлкен кедергі: қазіргі заң бойынша бала асырап алу үшін күйеуің болу керек дейді. Бұл рас па? Рас болса бұдан шығудың жолы қандай? Баланы қайдан асырап алуыма болады? Мекенжайларын айтсаңыздар. Бала асырап алуға толық жағдайым келеді. Үйім бар, жұмысымның табысы жеткілікті. Шымкент қаласында тұрамын. Арнаулы мамандардың кеңес беруін қиыла өтінемін. Менің де Ана болу бақытын сезінгім келеді!

p.s. Жасы қырыққа келген қыздың сұрағы.

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

1 Ответ

+1 голос
ответил 23 Авг от Асыл
выбран 23 Авг от Bota Bazarbay
 
Лучший ответ

Бала асырап алу — адам өміріндегі күрделі әрі жауапты қадам. Бөтен бала үшін шынайы ата-ана болу оңай емес. Әдетте, бұл процесс бала асырап алу,  қамқорлық пен патронаттық бойынша қажетті ақпарат жинаудан, заңнамамен танысудан, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды орналастырудың барлық ықтимал нысандары бойынша түсініктемелерден басталады. Көптеген аспектілер бойынша оларға тиімді ресурс – балалар деректерінің Интернет-банкі көмектесе алады.

Қазақстанда «Жетім балалар және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың ашық деректер базасы» жобасы іске қосылды. www.usynovite.kz сайтында балалар үйлерінде және нәрестелер үйіндегі балалардың шағын сауалнама ретінде туынды деректері берілген. Әлеуетті бала асырап алушылар, қамқоршылар үшін кез келген ақпарат құнды, бұл балаларға өздерінің ата-аналарын кездестіруге мүмкіндік беруі мүмкін.

Бала асырап алу үшін қажетті құжаттардың тізімі

бала асырап алу тілегі туралы жазбаша өтініш; 
тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру туралы өтініш; 
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 
бала асырап алуға жақын туыстарының жазбаша келісімі; 
достарынан немесе көршілерінен кем дегенде үш ұсыныс хат; 
жиынтық табыс көлемі туралы анықтамалар; 
отбасы жағдайы туралы анықтамалар; 
денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық саулығы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы анықтаманы; 
сотталмағаны туралы анықтама; 
тұрғын үйінің бар-жақтығын растайтын құжат; 
бала асырап алуға үміткер ретінде тіркелген жер бойынша органның бала асырап алушы болу мүмкіндігі туралы берген қорытындысы. 

896 вопросов

1,105 ответов

286 комментариев

28,046 пользователей

...