Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

"Дәрігер болудың қызығы мен қиындығы" атты тақырыпқа эссе, шағын шығарма (шыгарма) керек

1,391 просмотров
спросил 21 Авг от Saulebaeva05 в категории Сочинение
редактировать 22 Авг от ZHARAR

"Дәрігер болудың қызығы мен қиындығы" атты тақырыпқа эссе, шағын шығарма (шыгарма) керек

 

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

7 Ответы

+1 голос
ответил 22 Авг от mergen 1 отметил

Мен дәрігер болғым келеді. Маған осы таңдаған мамандығым ұнайды. Болашақта жақсы маман иесі атанғым келеді. Қазақстан медицинасын дамыту үшін қызмет жасаймын. Халықтың дені сау болуына өз үлесімді қосамын. 

Отбасымда анам — дәрігер. Анамның жолын қуып мен де дәрігер болғым келеді. Маған ешкім сен дәрігер бол немесе басқа маман иесі бол деп айтқан жоқ. Бұл — өзімнің жүрек қалауым. 

Негізі ақ халатты дәрігерлерге кішкентай кезімнен қызығатынмын. Дәрігерлер адам жанының арашашысы ғой. Мен сол ақ халаттылардың бірі болуды армандаймын.

------------------------------------------------

«Арман адамға қанат бітіреді» деп тегін айтпайды. Адамның арманы көп болады. Менің де алдыма қойған мақсатым көп.  Ең алдымен дәрігер болғым келеді. Мектепте жақсы оқып, дәрігердің оқуына түссем деп қиялдаймын. Ауырып жатқан адамдарды емдеп, дәрі беріп, ине салып, сауықтырсам, бәрі маған қызыға қарайтын болады. Әрі көп адамдардың батасын да алар едім. «Батамен ел көгереді» дейді. Көп бата алсам, өмірде жолым оңғарылып, білікті дәрігер боламын. Медицина ғылымымен айналысамын. Менің ауылымда тіпті сырқат адам болмас еді деп армандаймын.

Ұзынбұлақ ауылында дәрігерлік пункт бар. Онда ақ желеңді дәрігерлер жұмыс істейді. Олардың бәрі кішіпейіл, сырқаттарды емдейді, балалардың денсаулықтарын тексереді. жұмыстары, жүріс-тұрыстары мені қатты қызықтырады.

Мен өскенде дәрігер боламын!

0 голосов
ответил 21 Авг от Асыл

Мамандықтың бәрі жақсы: Дәрігер 

Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі дәрігер адам анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы науқастан жиіркенбейтін, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болуы керек. Медицина саласы бірнеше бағытқа бөлінеді: 1. «Жедел жәрдем» мамандары тәуліктің кез келген мезетінде, кез келген қашықтықтағы науқасқа бастапқы диагнозды қойып, алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, ауруханаға жеткізеді. Тез кәсіби жәрдем көрсетудің арқасында әл үстінде жатқан адамның өмірін сақтап қалады. 2. Дәрігер-терапевт науқастың талдамаларын алып, оған дұрыс диагноз қойып, оны толық емдеумен айналысады. Науқастың жағдайын күнделікті бақылап, қажетті емдік шараларды қолданады. 3. Дәрігер-хирург бас дәрігердің шешімі бойынша науқастарға түрлі дәрежедегі оталар жасап, әрі қарай да бақылап, қажетті ем қолданып, олардың толық сауығып кетуін қамтамасыз етеді. Шұғыл ота жасап, науқас өмірін аман алып қалу керек болғанда, дамыл таппай, күн-түн демей, жұмыс істейтін сәттер көп болады. Сондықтан хирургтің өзінің физикалық жағдайы осыған сәйкес болуы тиіс. 4. Фармацевт-провизор дәрілік препараттардың құрамын, қолданылуын терең біледі. Дәріханаға ауырып, өз бетімен келетін жандар көп. Соларға керекті дәрілерді алуға кеңес береді. Сондай-ақ дәріхананы алуан түрлі дәрі мен құралдармен жабдықтайды. Бірнеше дәріні қосып, рецепт бойынша дәрілер әзірлейді. Соңғы кезде шетелдегідей барлық ауруды қарап, емдейтін «отбасылық дәрігер» түрі ұсынылып жүр. Оған тәжірибесі мол дәрігердің ғана келіскені жөн сияқты. Медициналық оқу орнына түскен студент адам өмірі үшін күресуге Гиппократ антын береді. Дегенмен кейде дәрігерлер қызметіне наразы жандар кездесіп жатады. Сол себепті осы мамандықты таңдау алдында әбден ойланыңыз. 

0 голосов
ответил 21 Авг от Асыл

Эссе «Неге мен дәрігер болғым келеді?»

18.04.2016 орыс тілі кафедрасында «Неге мен дәрігер болғым келеді?» атты эссе конкурсының нәтижелері дайын болды (жауаптылар: Чумбалова Г.М. филология ғылымдарының магистрі Котлярова И.В. аға оқытушы Турысбекова Г.Ж.). Конкурсқа  «Жалпы медицина», «Стоматология», «Мейірбике ісі» факультеттерінің 1-курс студенттері қатысты. «Мен мектеп бітіргеннен кейін қандай іспен айналысқым келеді?» деген сұрақты көптеген абитуренттер жоғары оқу орнына тапсырар алдында қояды. Бұл сұраққа нақты жауап беру қиын. Кейбір абитуренттер уақыт өте келе өздерінің қандай ғылым саласында немесе қай өндірістің маманы болатындығы туралы шешімдерін бірнеше рет өзгертеді. Мыңдаған мамандықтардың ішінен өзіңе сай келетін мамандықты таңдау оңай емес.

   Болашақ мамандықты таңдаудың басты себептері қандай? Біріншіден, ол сізге қызықты болу керек. Сізге ұнайтын ерекше іс, ол бұл адам өмірінің бақытының басты кепілі.Кейін өмірге қажетті қаражатты табу мүмкіндігін ескеру қажет. Сіз ең керемет жұмыспен айналысқанның өзінде, ол сізге пайда алып келмесе, сіз ондай іске қанағаттанбайсыз. Сонымен қоса жұмыссыздық мәселесі бар. Сондықтан сізге жұмыс таба алатындай, мамандық таңдау керек.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУстуденттері не себепті дәрігер болғылары келгені туралы өз пікірлерін білдірді. 92% көп студенттер өз еркілерімен дәрігер болуды таңдаған. Олар бұл істің асыл мамандық екенін түсініп, бұл туралы бала кездерінен армандаған. Бала кездерінен, дәрігерлердің еңбегінің қиыншылығын түсініп, оған қарамастан медициналық университетке түсуге тырысып, 8-9-сыныптан биология және химия пәндерін мұқиат оқыған. Бұл нағыз дәрігер болатын оқушылар.

 Кейбір студенттер тобы ата анасының қалауымен дәрігер болуды таңдаған. Мысалы, бір студент әнші боламын дегенде, анасы «Әнші болу маңызды мамандық емес. Дәрігер мамандығын алып, көңілің қалағанша ән айт!». Басқасы педагог болғысы келген, бірақ оның құрбылары медициналық университетке тапсырған соң, ол да тапсырған. Ал үшіншілері қандай мамандықты таңдарында білмеген. Бұндай студенттер шамамен 5-7%. Олардың қандай дәрігер боларын уақыт көрсетеді. Мүмкін өз қалауымен дәрігер болғысы келмеген студенттер де, жаңа достарының ықпалымен өз пікірлерін өзгертеді. Осылай болады деп үміттенеміз.

   Барлық жазылған эсселер саны 300-дей. Жюри мүшелерімен ең үздік студенттердің шығармалары таңдалыпалынды. Үздік деп 9-студенттік жұмыс танылды. Бірінші орынды «Жалпы медицина» факультетінің студенттері Исаева Асия(группа ЖМ-005), Мұхаметжанов Амангелді (группа ЖМ-12), Гушкелова Чичек (группа ЖМ-20) бөлісіп алды. Екінші орынды Азаматова Амина(группа ЖМ-005), Бекбатырова Алина (группа ЖМ-007), Жарасбаев Нұрғиса  (группа ЖМ-20) студенттері иеленді, үшінші орынды Муталип Н.А (группа ЖМ-23) , Балабекова Назерке (группа ЖМ-002), Джансейитова Д.М. (группа ЖМ-002) «Неге мен дәрігер болғым келеді?» атты факультет аралық конкурста белсенді қатыстқаны үшін жеңімпаздарға салтанатты түрде грамоталар тапсырылды.

0 голосов
ответил 21 Авг от mergen

«Не үшін дәрігер мамандығын таңдаңыз?»

Соңғы кезде медициналық оқу орнына түсушілер саны жылдан жылға артуда. Әрине, бұл қуантарлық жағдай. Алайда, саны көп сапасы жоқ дәрігерлер көбейіп кетпей ме деген сұрақ туындауы да мүмкін. Дәрігер болу әркімнің қолынан келе бермейтін іс. «Не үшін дәрігер мамандығын таңдадыңыз?» деген сұраққа Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері арасынан жауап іздеп, сауалнама жүргізген едік. Сауалнамаға қатысушылардың жауабы қуантарлық.

Исмагулова Мадина 1-курс студенті: Менің осы Асфендияров атындағы медициналық университетіне түскен себебім мен кішкентай кезімнен бастап көп ауруларды көрдім.

Осыған байланысты дәрігер болғым келді. Енді алдыма үлкен мақсат қойып отырмын. Болашақта көптеген науқастардың ауруына шипа табуды мақсатым деп білемін.

Қоңыратова Айнұр: Менің осы мамандықты таңдаған себебім болашақта өз ісімнің үлкен маманы болып, адамдарға көмектескім келеді. Дәрігер болу менің кішкентай кезімнен аңсаған арманым болатын. Енді бұл мақсатым орындалды. Мен, әсіресе, мүгедектерге көмектескім келеді.

Бинали Байрамов: Почему я решил стать медиком? Во первых, это мечта детства, которую я еще не достиг, но я стремлюсь достигнуть этой цели. Во вторых, я люблю помогать людям. Конечно, это типичный ответ, но я действительно люблю помогать людям. Просто я хочу видеть улыбки на лицах людей, которых я вылечу. Для меня это будет достижением. В семье у меня медиков нет , стать врачом это мое собственное решение, мечта , цель. В будущем хочу стать кардиохирургом. Учиться буду 11 лет, учиться трудно , но интересно и приятно.

Кұрманова Айгүл: Менің болашақ мамандығым фармацепт. Бұл мамандықты таңдау себебім, менің отбасымда барлығы дәрігер. Анам фармацепт, әкем дәрігер. Кішкентай кезімнен дәрігер мамандығын ең маңызды мамандық деп ойлайтынмын. Қазір де солай ойлаймын. Ата –анамның жолын қуғаныма еш өкінбеймін.

Шәріпбаева Жаннұр: Мен Асфендияров атындағы медициналық университеттің Жалпы медицина факультетінде оқимын.Маған өзімнің таңдаған мамандығым ұнайды. Болашақта жақсы маман иесі атанғым келеді. Қазақстан медицинасының дамыту үшін қызмет жасағым келеді. Халық үшін іс тындырғым келеді. Отбасымда дәрігер жоқ. Бұл менің өз қалауым .Маған ешкім сен дәрігер бол немесе басқа маман иесі бол деп айтқан жоқ. Бұл өзімнің жүрек қалауым.

Қаржаубаев Нұркен: Мен өзім таңдаған мамандығымды сүйемін, өз қалауыммен түскенмін. Келешекте жақсы жұмыс орнына орналассам деп ойлаймын. Жақсы жұмыс істеп жұмысымның жемісін көрсем деймін. Науқастарға көмектессем деймін. Енді жүрек қалауымен түскен оқуым болғанықтан болашақ мамандығымды да сүйем! Отбасымда дәрігерлер жоқ. Бірақ ата- анам кішкентай кезімнен дәрігер болуымды қалады.Мен де соны қаладым. Басқа мамандықтардан осы дәрігер мамандығы өзіме жақын.

Саятхан Қайратұлы: Негізі ақ халатты дәрігерлерге кішкентай кезімнен қызығатынмын. Ақ халатты абзал жандар дейді ғой. Сол ақ халаттылардың бірі болуды армандайтынмын. Арманыма бір қадам жақындадым деп ойлаймын. Осы Медицина университетіне грантқа түстім. Отбасымда дәрігерлер жоқ, бұйыртса, мен бірінші болайын деп отырмын.

Жалмұхамбетов Қайрат: Я люблю свою профессию. Всю жизнь мечтал стать врачом. Почему? Потому, что хочу помогать людям. Такая вот у меня благая цель. В семье медиков нет. Никто не заставлял ,никто не подталкивал. Это мой личный выбор. Можно сказать сам себя толкнул поступать в медицинский вуз. Вот теперь здесь. Хочу выбрать специальность офтальмолога.

Мейіржан Ержанов: У меня в семье все врачи. Ну, можно сказать, мне было суждено, это закономерно, что я учусь на врача. Поэтому я выбрал эту профессию, это в генах заложено. Уже третье поколение медиков идет. У нас в русское отделение поступило 800 студентов. В этом году нас осталось всего лишь 350. Многих отчислили, некоторые ушли сами. Те, кто действительно хочет стать врачом, остаются и учатся несмотря ни на что. Я хочу стать офтальмологом. Потому что человек видит мир глазами. Потерять зрение - это потерять интерес к жизни.

Дисебаев Алмас: Я учусь на втором курсе. С детство решил, что стану врачом. Может это звучит глупо, но профессия врача это моя мечта. Родители были против. Говорили что трудно, тяжело, мол не смогу учиться. Но я поступил и не жалею. В будущем хочу стать хирургом.

Автор:

Мадина Омаркулова

0 голосов
ответил 21 Авг от mergen
Менің болашақ мамандығым ...

"Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал" - дегендей, шынында бұл әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар екен. Осы көп салалы мамандықтар арасынан таңдау жасау әрине оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қоса алатындай болуы шарт деп есептеймін.                       Менің таңдаған мамандығым халқыма, адамзатқа көмегімді тигізсем екен деп армандайтынмын. "Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенді білдіреді екен. Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез-келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.
"Сен де бір дүниеге
Кетігін тапта бар,қалан!" -деп Абай атамыз айтқандай әр адам өзі өмірден орнын тауып, өзінің қалауымен бір мамандық таңдап, сол мамандық иесі болу керек. Олай болса, мамандық таңдау - өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау деген сөз емес пе?!
          Міне, менде бұл өмірімдегі бір кірпішімді қалай қалаймын? Болашақты кім боламын деген ойлар сансыз мазалады. Бастауыш сыныпта жүрген кезімізде алғашқы мұғалімізге еліктеп, мұғалім болғым келетін. Өсе келе бұл мамандықтың жүгі ауыр екенін сездім. Әр үйдің еркесімен жұмыс жасау, оларға алғашқы қаламды ұстатып, әріп таныту ол оңай нәрсе емес екенін түсіндім. Ондай аса жауапты мамандықты алып жүруге қорықтым ба, әйтеуір ол ойымнан айнып қалдым.
Орта буынға келген кезде дәрігер болсам ба деген арманның жетегінде жүрдім. Дәрігерлердің мамандықтарымен таныстым. Әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері және өз қиыншылықтары бар екен. Өліктерменде жұмыс жасауға тура келеді екен. Ойлана келе бұл мамандықтанда бас тартуыма тура келді. Неге десеңіз, өз басым өлі адам денесін көру мен үшін қатты қорқынышты болды. Талып қалай түгілі өзімнің жүрегім тоқтап қалардай болды.
Орта буынды бітіруімеде аз қалған кез еді. Енді менің жолымда мамандық таңдау жолы тұрған болатын. Халық айтады ғой: "бұл өмірде мамандық таңдаумен, жар таңдаудан қателеспе" - деп.  Сол айтқандай менің таңдаған мамандығым арқылы жоғарыда айтып өткендей халқыма көмегімді тигізсем екен деп армандайтын едім.
Бүгінде міне, мен сол арманыма жеттім. Менде осы өмірдегі бір кірпішімді қалап жатырмын. Мен болашақ – әлеумет қызметкермін. Шындығын айтқанда бұл мамандық жайлы осы уақытқа дейін естіп көрмеппін. Бұл мамандықты маған ата-анам ұсынған болатынмын. Бұл мамандықты әлі таңдамай тұрып, толығырақ аққпарат жинап білейін деп инетернеттен қараған болатынмын. Орал қаласының тұрғыны Тоқтар Кенжеғалиевтің «Әлеуметтік қызметкердің бір күні» атты мақаласында қорытынды мынадай ойы: "Байқағаным, әлеуметтік қызметкер болу үшін темірдей төзім, салқын сабыр керек. Олардың сұраққа жауап бергенін, тапсырманы орындағанын күту, қиналып жүрсе мұңын тыңдап, жұбату үшін де біраз күш жұмсауға тура келеді. Әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеу, қысқасы, көпшілік ойлағандай оңай шаруа емес. Бұған үлкен жүрек иесі ғана бара алады дер едім" – деген ойы мені бұл мамандыққа жақындыра түсті. Бір жағынан мәссаған бұл маған таптырмайтын мамандық қой деп білсем, бір жағынан шыныменде мен бұндай жауапкершілігі мол жұмысты атқара аламын ба деген сансыз ойлар мазалаған еді.
Таптырмайтын мамандық деген себебі, адамға көмектесу, қиналғанда қол ұшын беру ол өте сауапты іс. Ислам адам өлгеннен кейінде ізінен үзілмей барып тұратын нәрсе ол сауапты істері дейді. Ең қарапайым сауапты іс немесе садақа ол адамға күлу және де жылы сөз айтып, оған қол ұшын беріп көмектесу екен. Ал, мен бала күнімнен сауапты істі істегенді ұнатушы едім. Менің ойымша адамға көмектесе білген адамның жүрегі мейірімділікке тұнып тұрса, мейірімі жоқ адамның әрине жүрегі жауыздыққа толып тұрады деп ойлайтынмын.
Сонымен мен осы мамандықты таңдаймын деп нық сенімде болдым. Жасыратыны жоқ оқу барысында, яғни 1-курс кезімде түсініспеушілік, қиыншылықтар болды. Жоғары курстарды оқи бастағанда мен көп нәрсе түсіне бастадым және де әр күнді жаңа білім алуға ұмтылдым. Мен білмейтін мамандық болғандықтан ба білмедім әйтеуір маған әр семестрде оқытылатын сабақтар қызықты болды, білген сайын білгім келе берді. Мүмкін бұл эссені оқып отырған адамдарғада "Әлеумет қызметкер" деген қандай мамандық деп түсінбей отырған болар. Сондықтан өз мамандығым бойынша қысқаша тоқталсам деп едім.
         Әлеуметтік қызметкер, ол ізгілікті істің иесі. Еуропа елдерімен салыстырып айтар болсақ, еліміздің әлеуметтік қызметінің тәжірибесі әлі де өз деңгейінде дамымай отыр. Бізде кәсіби дайындық та, оқулық та жоқ, бұған қоса, адамдардың өздері де бұл мамандыққа шындап көңіл қоймайды. Анықтама бойынша, әлеуметтік қызметкер - жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үйде әлеуметтік қызмет көрсететін маман. Біздің елде мұндай мамандарға сұраныс бар. Еліміздегі жоғары оқу орындары жастарды осы мамандыққа оқытуға дайын болса да, бұл мамандық бойынша оқуға ниет білдіруші талапкерлер саусақпен санарлық екен.
         Әлеуметтік қызметкердің негізгі жұмыс нысаны балалар мен жасөспірімдер болып табылады. Ол – әртүрлі әлеуметтік-мәдени орталардағы балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыратын маман, жеке тұлғамен оны қоршаған шағын ортаның психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді, оқушылар мен тәрбиеленушілердің қызығушылықтары мен мұқтаждықтарын, мінез-құлқындағы ауытқушылықтарын, шиеленісті жағдайларды анықтайды және уақтылы көмек көрсетеді, жеке тұлға мен білім беру мекемесінің, отбасының, ортаның билік органының арасында делдал ретінде әрекет етеді; оқушылардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуына ыңғайлы және қауіпсіз жағдай құрады; олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, жалпыға білім берудің орындалуына, салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі; балалардың таланттарын дамыту үшін оларға жағдай жасайды.
Қорытындылай келе, мен бұл эссені жаза отырып, Қазақстан Республикасының жастарын және де Маңғыстау облысының жастарын «Әлеуметтік қызметкер» мамандығын таңдауға және де осы оқуға түсуге шақырамын. Қазіргі таңда бұл мамандыққа бюджеттен ақша бөлініп, тегін оқу және шәкірт ақы ұсынылады. Біле білсеңіз, адамға көмектесіп, қиналған адамның жүзінен күлкі көру ең керемет сезім.
Мен болашақ мамандығымды мақтан етемін! Әлеуметтік жұмыс – ол қайырымдылық іс. Сондықтан да әлеуметтік қызметтің әр күні ерлікпен тең! Себебі, ол қараңғы жерден жарық таба білетін адам!
 
Авторы: Каниева Жанырыс

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Жаңаөзен политехникалық колледжі "Әлеуметтік жұмыс" мамандығының студентті
0 голосов
ответил 22 Авг от mergen

даригер! даригер дегенимиз- наукастарды емдеп, ауруынан жазады. даригер болу ушин бириншиден билим керек. себеби даригерлер наукастардын омирине жауапты. билим болмаса, олар ота жасамак тугили, карапайым кандай ауруга кандай дари ишу керек екенин де жаза алмайды. сол кшин жаксы окып, даригерлик мамандыкты уздик битиру керек. даригер жауапты, тыянакты болып, жумысына салгырт карамау керек. себеби олар кателессе, адам омиринен айрылып калуы да мумкин. сол себепти ак халатты абзал жандар наукастарды ауруынан жазу керек, керисинше омиринен айыру емес. даригер болк ушин улкен журек керек. себеби ота жасаганда, батылдык керек. кординиздер ма, бир даригердин бойында канша касиет бар екенин.

0 голосов
ответил 22 Авг от mergen

Мен өскенде дәрігер болғым келеді.Себебі дәрігер адам өмірін құтқара алады.Әр бір адам сау жүруге тиісті.Сондықтан мен осы қызметті таңдадым.Ең бірінші байлық денсаулық дегендей адамдар өз денсаулықтарын сақтау керек.Зианды тамақтар жемеу керек,даладан келгенде беті қолын сабынмен жуу керек,комьютердің алдында көп отырмау керек,дұрыс кейіну керек және де таң ертеңгісін гимнастикалық жаттығуларды жасау керек.
Меніңше осы заттарды жасап жүрсе адамдардың денсаулығы жақсы бола бастайды.

896 вопросов

1,105 ответов

286 комментариев

28,046 пользователей

...