Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Қазақстанның жарқын болашағы шығарма керек еді?

47 просмотров
спросил 13 Авг от Асыл в категории Сочинение

қазақстанның жарқын болашағы шығарма кереқ

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

1 Ответ

0 голосов
ответил 13 Авг от Асыл

Жалынды жастар – Қазақстанның жарқын болашағы

Армысыздар, тәуелсіз елдің жадыраған жастары! Міне, Қазақстан да  XXI ғасырдың жаңа  онжылдығына қадам басты. Әрине, еліміздің арайлы таңының пердесін тек белсенді жастар ғана аша алады.   Елбасы, Н. Назарбаев, жолдауында: «Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер»,  - деп пайымдаған. Сондықтан, Қазақстанның жаңа даму кезеңі – тікелей жастардың қолында. Олай болса, бүгінгі күннің жалындаған кемел жастары қандай қарекет етуде? Барша қазақ жерін қозғамай, өзіміздің бас қаламыз Астанаға тоқталсақ жөн болар. Астана жастарының белсенділігіне үңілсек, олардың қатысуымен атқарылған көпке танымал іс – шаралар жоқтың қасы. Сол себепті біз, Назарбаев Университетінің студенттері, Жастар Парламентінің қатарына қосылуға бел будық. Бұл ұйым Алматы қаласында өз іргетасын қалап, тамырын кеңінен жайғанымен, Астанада Жастар Парламенті Еуразияның жүрегінде орналасқан  Назарбаев университетінде ғана құрылған.

Біздің ұйымымыз өз жұмысын былтыр ғана бастағанымен, осы аз уақыт аралығында біршама істерді тыңдырып үлгерді. Алдымен біз, Назарбаев Университетінің студенттері мен ұстаздарына арналған Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің музейіне экскурсия ұйымдастырдық. Бұл шара ойдағыдай сәтті өтті. Келесі кезекте бүкіл университет болып макулатура жинау жұмысы тұрды. Оны да сапалы түрде орындадық. Сонымен қатар, Жаңа жыл қарсаңында  Тәуелсіз Қазақстанның бүлдіршіндеріне орай жасалған «Балаларға күлкі сыйла» акциясын да тәмамдадық. Қазір  Жастар Парламентінің әр мүшесі мұрнына су жетпей, қызу жұмыс атқаруда. Алдымызда кездесетін талай асу белестерге қол жеткізуіміз үшін, еш қиындықтарға іркілмей, тек қана алға қарай жылжуымыз керек. Осы мақсатта, біз келешекте іске асырылуы тиіс жобаларды дайындадық. Оның бір тармағы «дөңгелек үстел»  барысында бас қосатын Астанадағы жоғарғы білім ордаларының жастар ұйымдарын шақыру салтанаты. Жиналыс ақпан айының жиырма екінші жұлдызы сағат 19.00 – де  басталады.  Дөңгелек үстелдің басында парасатты, тұла бойына отансүйгіштік қасиеті дарыған, жастар мәселесіне бей-жай қарамайтын азаматтар жиналады.  Жиында жастардың ой таразысына салып, талқылайтын түйткілді мәселелері көп-ақ. Соның ішінде санасы сергек, жоғарғы технологияларды меңгеруге бейім, жаңа ұрпақ тізімін құру мақсатында, жастардың қоғамдық және саяси өмірін арттыру аясында әңгіме өрбиді.

Мәселен, мәуелі жас ағашты  баптағанда ғана, оның жайқалып, түзу өсетіні айдан анық. Сол сияқты қанатын енді қаққан жастарға да ақылгөй ел алыптары жол сілтеп, ел саясатына араласуға мүмкіндіктер жасауы қажет. Сол себепті, халқымыздың арайлы таңын тек белсенді жастардың талапты талпынысына жол ашып, бойына патриотық сезімін ұялатып, салауатты өмір салтын үгіттеп, насихаттап, саяси көзқарасын дамыту  арқылы көруге болады.  Түйіндей келе, біз, Жастар Парламенті, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің тамырын тереңдететін, халық мүддесін бірінші орынға қоятын, қазақ елінің атын күллі әлемге паш ететін, болашақ, алып ұландары болуға бар күшімізді саламыз! Қазақстанның мәртебесін бірге көтерейік, достар!

Хаматова Алтынай

Foundation, Nazarbayev University

896 вопросов

1,105 ответов

286 комментариев

28,046 пользователей

...