Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

"Ағылшын тілі Қазақстанның болашағы үшін" деген тақырыпқа шығарма керек

88 просмотров
спросил 13 Авг от Асыл в категории Английский язык

Жалпы Ағылшын тілінің қазіргі Қазақстандағы рөлі және болашақтағы маңызы туралы нақты мәліметтер болса және Қазақстандағы тіл саясаты туралы.....

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

2 Ответы

0 голосов
ответил 13 Авг от mergen

Ағылшын тілі – қазіргі заманда жаһандық тіл.Бұл тілде әлемнің көптеген елінде сөйлейді. Қазіргі заманауи мектептерде ағылшын тілі пәні міндетті пән ретінде оқытылады. Күні кеше ағылшын тілі пәні кестедегі негізгі пән ретінде 1 сыныптан бастап оқытыла бастады.

Неліктен біздер ерте жастан шетел тілін оқи бастадық? Осы тілде оқып үйрену үшін бе? немесе кітапта берілген  мәтіндерді аударуға ма?Әлде ұстазымыздың сөздерін түсініп, сол үшін жақсы баға алу үшін бе?Мүмкін басқа шетелдің азаматтарын түсініп, олармен әр түрлі тақырыптарда әңгімелесе алу үшін керек пе?

0 голосов
ответил 13 Авг от mergen

Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді. Мектеп табалдырығынан бастап жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілін үйрету айрықша мәртебеге ие. Ағылшын тілінің Қазақстандағы рөлінің арта түсуі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іске асыру мәселесін маңызды ете түсуде. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін, жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді.

Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемелекет құруда жас ұрпақтың тигізер үлесі зор. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарында шет тілін кәсіби деңгейде оқыту басты орында тұр. Яғни әрбір студент өз мамандығына байланысты шет тілін жетік меңгеріп, одан әрі қарай дамыта алады. Сонымен қатар шет мемлекеттерге шығып, мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндігі зор. Еліміздегі беделді университеттердің бірі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде шет тілдерін кәсіби деңгейде меңгеру мықтап қолға алынған. Осы орайда филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, «Жалпы тіл білімі және шетел филологиясы» кафедрасының ағылшын тілін үйретудегі жаңашылдығы, қажырлы еңбегі мен атқарылып жатқан іс-шаралары соның дәлелі. Кафедра меңгерушісі филология ғылымдарының докторы, профессор Мадиева Гульмира Баянжанқызының студенттерге ағылшын тілін кәсіби деңгейде үйретудегі заманауи, озық үлгісін пайдалануды дәріптеуде тигізген үлесі зор. Факультетте қызмет ететін білікті оқытушылар шетелдік ғалымдармен бірлесе отырып, студенттердің болашағы үшін қызмет етіп және жастардың қажетті білім алуына, тәжірибе жинақтауына жағдай жасап отыр. Әр оқытушы студенттерге тек шет тілін жетік меңгертіп қана қоймай, жан-жақты болуға тәрбиелейді. Соның ішінде ағылшын тілінің қыр-сырын ашып, кәсіби деңгейдегі қарым-қатынастың маңыздылығын үйретуден жалықпаған ұстазымыз — аға оқытушы Сапарходжаева Нургуль Пажарбекқызының ерен еңбегін айтпасқа болмас. Ол кісінің бізге үйреткен тәлімі ұшан-теңіз. Әрбір сабағы өте қызықты өткендіктен, уақыттың қалай тез өтіп кеткенін де аңғармай қалып жатамыз. Менің болашақ мамандығым үшін, ағылшын тілін үйрену маңызды. Ұстазымыз әр сабағында ағылшын тілінде мақала жазуды, қазақ тілінен ағылшын тіліне аударуды, грамматиканы сауатты қолдануды, дауыс ырғағын дұрыс қойып оқуды үйретеді. Әр студентке ерекше көңіл бөліп, білмеген жеріңді үйретуден еш жалыққан емес. Сондықтан болар, топтағы әр студенттің ол кісіге деген ықыласы ерекше. Өзінің бойындағы ынта-жігері, сауаттылығы, білімділігінің арқасында беделді. Бізге әрдайым: «Тіл үйреніңдер, бір жерде қалып қоймаңдар, жан-жақты болыңдар» — деп айтып отырады. Нургуль апайдай өз ісінің білікті маманының дәріс беріп, білімділікке тәрбиелегені біз үшін үлкен мақтаныш.

Мәдениетті, жан-жақты, ұлтжанды, рухани дүниесі бай жастар тәрбиелеп шығару университеттің басты мақсаты. Жаһанданған заман елімізді барлық елдермен бәсекелесе дамуға итермелейді. Тілдің қажеті артқан сайын, сұраныс артқан сайын осы қажетті қамтамасыз ету үшін арнайы шараларда жиі ұйымдастырылып тұрады. Бәсекелестікте тек мықтылар ғана жеңіп шығады, ал бәсекеге шыдай алмайтындар жеңіліске ұшырайды. Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған еліміздің даму стратегиясында қазақ тілін өркендету мен шет тілдерді оқыту мәселесіне айрықша мән берілген. Шет тілін білу сән емес, заман талабы екені белгілі. Туған тіліңді жетік меңгер, қастерлей біл. Бірақ бір тілмен ғана шектеліп қоймай, жан-жақты бол, тіл үйрен. Бұл сенің болашағыңның ғана емес, тұтастай ұлтыңның болашағының жарқын болуының кепілі.

896 вопросов

1,105 ответов

286 комментариев

28,046 пользователей

...