Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Біз бейбітшілікті сүйеміз тақырыбына əңгіме шығарма құрау?

18 просмотров
спросил 12 Авг от Асыл в категории Знания

Маған үй жұмысына керек!

Біз бейбіт егеменді елде тұрамыз бейбітшілігі мен татулығы мол елдің ұрпағымыз. Еліміздің осындай дархан даласында барлық елдің өкілдері тұрса да біздің салт дастурімізді ұстануда. Бейбітшілікті сүю барлық адамзаттың арманы.

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

3 Ответы

0 голосов
ответил 12 Авг от mergen

Біз бейбітшілікті қалаймыз!

Мен соғысты жек көрем

Кім қасірет шекпеген

Кім көз жасын төкпеген

Талай өткен ғасырлар

Еш соғыссыз өтпеген,-деген ашу-ыза талай батырларымыздың жүрегінде ерімес мұз болып қатып қалғандай. Сол алапат соғыстың аяқталғанына, яғни Ұлы Жеңіске 70 жыл толып отыр. Қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктері мен батылдығы ешқашан ұмытылмайды.

Екінші дүниежүзілік соғысты әзірлеуші және бастаушы фашистік Германия болды. Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңілген Германия өзін отарлар бөлісуден құр қалған мемлекетпін деп есептеді. Сонымен қатар өздерін шығу тегі жағынан таза қанды арийлердің ұрпақтарымыз деп, дүние жүзіне билік жүргізгісі келді. 1933 жылы Германияда фашистік партия сайлауда жеңіске жетті де, оның жетекшісі Адольф Гитлер елде қатал фашистік тәртіп орнатты. Гитлерлік Германия өзінің агрессиялық соғыс жоспарын жүзеге асыруды 1939 жылы бастады. 1939жылы 1 қыркүйекте Польша жеріне басып кірумен Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Еуропа елдерін бірінен соң бірін бағындыра отырып, 1941 жылы өзінің басты қарсыласы деп есептеген КСРО шекарасына жақындады.

1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4 шамасында фашистік Германия әскері КСРО-ның батыс аумағына баса-көктеп кірді. Гитлердің соғыс жоспары "Барбаросса" деп аталды. Ол сол бойынша КСРО¬-ны қысқа мерзім ішінде жаулап алып, оны болашақ соғыс жорықтары кезіндегі шикізат, адам қоры көзіне айналдырмақшы болды. Кеңес халқы тарапынан әділетті бұл соғыс тарихи әдебиеттерде "Ұлы Отан соғысы"деп аталды.

Осыдан 70 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына шабуыл жасады. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес Одағының батыс шебін күзеткен ондаған мың Қазақстандық-шекарашылар болды. Соғыс өрті ішке қарай еніп, Брест қамалының тірі қалған қорғаушылары партизандар қозғалысына қосылды. Олардың қатарында 190 Қазақстандық болған. Соғыс аяқ астынан басталғанымен алғашқы күннен бастап халық жұдырықтай жұмылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де елі үшін соғысқа аттанды.

Шегінген кеңес әскері Мәскеуге 25-30 шақырым таяп келді. Бұл 1941 жылдың қараша айы болатын. Мәскеуді жауға беру бүкіл елді жауға берумен тең еді. Мәскеуді қорғау үшін шайқасқа Қазақстанда құрылған атақты 316-атқыштар дивизиясы қатысты. Генерал-майор И.В.Панфилов басшылық еткен бұл дивизия Мәскеуді немістерден қорғауда асқан ерлік көрсетті.

Дәл осы жылы халқымыз соғысқа қызу дайындалды. Атақты Бауыржан Момышұлы соғысқа әскерлер жинап басшылық етті. Қол астындағыларына аса қаталдықпен қарады. Тіпті соғысқа қатысқысы келмеген сарбаздарды өлім жазасына кестіртті.

Соғыс жылдары Қазақстан жерінде 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы мен 50-ге жуық әр түрлі полктер,батальондар құрылып, майданға аттанды.Соғыс кезінде 3,5 мыңдай қазақстандық партизан отрядының құрамында болды. Жан қиярлық ерлігі мен батырлығы үшін 96638 қазақстандық жауынгер бірнеше дүркін орден-медальдармен марапатталды. 497 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды.Олардың 97-сі қазақ болатын.142 жауынгер "Даңқ" орденінің иегері болды.Ұлы Отан соғысына барлығы 35 миллион адам қатынасты,Орта Азия республикаларынан 3 миллионға жуық адам қатысса, соның 1 миллион 366 мыңы-қазақстандықтар.Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарулы Күштерде 4 орталық,19 майдандық және флоттық,103 армиялық газет, әр ұлт тілінде 50 газет шығып тұрды. Сол сұрапыл ауыр жылдарда қазақ тілінде 10 майдандық,3 дивизиялық,1 округтік газет жарық көрген.Олар:"Қызыл әскер ақиқаты","Қызыл Армия", "Жауға қарсы аттан!","Отан үшін алға!","Дабыл" және т.б.

оставил комментарий 12 Авг от mergen

Ұлы Отан соғысы төрт жылға созылды.Майдан даласында алты жүз мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Миллиондаған өмірді жалмаған сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен белгісіз батырлар қаншама десеңші! Өмірдің ең қуанышты,ең бақытты кезеңі-балдай тәтті балалық шақ емес пе?Сол балалық шақты соғыс кезінде бар бала ойын-күлкімен өткізе алмаған. Тоғыз жасар баланың өзі үлкен адамдарша жұмыс атқарған. Бір түйір нан мен қара суды қорек етіп, үстіне малдың терісінен тіккен шалбар киіп,балалық шақтың дәмін татпаған. Азаннан кешке шейін қырманда ауыр жұмыстар жасады. Белі бекініп, буыны қатпаған қазақ жасөспірім балалар майдандағы аға – апкелеріне өз септігін тигізу мақсатында тынбай еңбектенді. Күнделікті өмірін үрей мен қорқыныштан өткізген қазақ еліне майданнан балысының қаза болғандығына келген қара хатты алғанда қабырғасы қатты майысты. Зұлым, қатыгез фашисттерге тек қарғыс пен лағынет айтудан басқа қолдарынан ешнәрсе келмеді. Бұндай қиын да сұм кезеңді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан соң жауынгер батырларға «Кеңес Одағының батырлары» деген атақ берілді. Батыс жауынгерлеріміз елін сақтап, қорғап қалу үшін бір қасық қаны қалғанша күресті. Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қаһарман қызы -Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар болатын. Мәншүк Мәметова Ұлы Отан соғысы кезінде медицина институтында оқған. Ол өз еркімен сұранып қазақ ұлттық 100-бригадасы қүрамында майданға аттанады. Мәншүк Невель қаласын қорғау кезінде ақырғы оғы қалғанша жаумен соғысып,ерлікпен қаза табады. Невель қаласын қорғаудағы ерлігін мәңгі есте қалдыру үшін қаланың бір көшесі Мәншүк Мәметованың есімін берілді. Қазақтың қайсар рухты қаһарман қызына Кеңес Одағының Батыры атағын бергендігі, апамызға деген үлкен құрмет деп білемін. Және де Әлия Молдағұлова да 1942 жылы өз еркімен соғыс алаңына аттанады. Ол Ленинградтағы елді азат ету шайқасына қатысады. Алдыңғы шепте жүрген Әлия: «Отан үшін алға!»-деп,барлық жауынгерлерді соңынан ертіп, жауға қарсы ұмтылады. Жаудың бораған оғына қарамастан қыстаққа бәрінен бұрын кіріп,бірнеше жаудың көзін жояды. Мерген қыз жиырма жасқа толмаған кезінде, қыршын жасында жау оғынан көз жұмады. Ерлікпен қаза тапқан ержүрек апамызға да «Кеңес Одағының Батыры» деген атағы беріледі. Батыр Бауыржан Момышұлы - Мәскеу түбінде өз әскерін бес рет неміс қоршауынан аман-есен алып шыққан сайыпқыран қолбасшы. Соғыс жылдарында батальон, полк, дивизияны басқарды.1992 жылы аты аңызға айналған қазақтың даңқты, батыр перзенті Бауыржан Момышұлына егемен еліміздің жоғары наградасы - Қазақстанның Халық қаһарманы атағы берілді. Батыр Бауыржанның ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі-қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев.1945 жылы 9 мамырда кеңестік қызыл армия жауынгерлері Германияның астанасы Берлин төбесіне ту тікті. Қазақ азаматы Рахымжан Қошқарбаев 1945 жылы 30 сәуірде,жауынгер Булатовпен бірге,жаңбырдай жауған жау оғының астында Рейхстаг төбесіне Жеңіс туын желбіретті.Бір өкініштісі Кеңес үкіметі Рейхстагқа ту тіккен орыстар мен грузиндер болуы керек деп,Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігін жасырып, мойындамай қойды.Рахымжан Қошқарбаев 1999 жылы еліміздің жоғарғы наградасы - Халық қаһарманы атғымен марапатталады. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов. Ол елім деп, жерім деп елі үшін жанын қиды.

Соғыста қаза тапқандардың саны бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Жекелеген мәліметтер бойынша,адамзат тарихындағы бұл ең зұлмат соғыс 20 миллионнан астам кеңес азаматтарының өмірін қиды.1710 қала және 70 мыңнан астам село-деревнялар,3180 өнеркәсіптік кәсіпорын, 36 мың пошта телеграф мекемесі,телефон стансасы және басқа да байланыс бекеттері жермен-жексен болды. Көптеген кітапханалар,ауруханалар тоналған.

Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес елі халықтарының достығын нығайтты.Жеңіс КСРО-ға төнген отарлық қауіптен құтқарды.Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы құрамындағы халықтар басына түскен ауыртпалықты тарихи сын кезеңі болды. Осы сыннан халқымыз мүдірмей өтіп, әлем алдындағы беделі асқақтай түсті.Сонымен қақар кеудесімен жау пулеметін жауып Отан үшін жанын қиған батырларымыздың ерлігі ешқашан да ұмытылмақ емес.

Қорытындылай келе, Отан - адамға не үшін қымбат екенін түсіндім. Бабаларымыздың «Отан үшін отқа түссең күймейсің», - деген қымбат та асыл сөздер тектен-текке айтылмаса керек.Отан үшін от кешкендердің жүрегінің дүрсілі тек «Отан» деп соқты.Олар біздің асыл қазынамызды, байлығымызды қорғап, сақтап қалды.Сол себептіде Отан-біз үшін ата-бабаларымыздан қалған асыл-мұра болып есептеліп қалады. Жан қию оңай ма? Олар Отанымызды қорғап,жаулармен соғысып үлкен ерлік жасады.Қазіргі таңда бүгін Қазақстанның барлық қалалары мен ауылдарында Даңқ монументтерінде Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері өтуде.Бұл соғысты ешкім де ұмытпауы керек.Отан-әрбір адамның жүрегі,яғни Отансыз ешқашан өмір сүре алмайды.Отан туралы Бауыржан Момышұлы «Красная звезда» газетінде былай деп жазды: «Өз халқын құрметтеп,сүймеген адам - опасыз,оңбаған адам»,-деп жазды. Бауыржан Момышұлы елі үшін 25жыл өмірін әскерге арнаған. Бауыржан Момышұлы: «Отан үшін жаным –арымның садағасы,халқым үшін қасықтай қаным пида»,-әрдайым жүрегі дүрсілдеп тұратын. Мен және бүкіл ел азаматтары бейбітшілікті қалаймыз. Соғыстың бетін аулақ қылсын! Еліміз аман, тыныштық болсф екен деп тілеймін.

0 голосов
ответил 12 Авг от mergen

Кез келген тәуелсіздікке қол жеткізген ел, оны әлем танымай дамудың даңғыл жолына түсе алмайды. Бұл – уақыттың талабы. Томаға тұйық өмір сүрудің уақыты өткен. Әлемдік интеграцияға қосыла отырып қана әр ел өзінің экономикасын дамыта алады, қауіпсіздік нығайтады, сол арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бұл ең алдымен елдің сыртқы саясатына байланысты. 

Бейбітшілік – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Адамзат өмір бойы үнемі тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды .Бірақ нақты өмірде оған ешқашан толық қол жеткізген емес. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат қоғамы соғыстардан көз ашпады. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, соңғы 5.5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» етіп тұрыпты. Қалған уақыттың бәрінде «Тыныштық керек болса – соғысқа дайындал»-деген қағидамен өмір сүріппіз. Осы аралықта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтіпті. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жер бетінде бейбіт өмір орнады десекте, әлемнің түрлі аймақтарында ірілі-ұсақты соғыстар, қарулы қақтығыстар, лаңкестік әрекеттер жиі кездесуде. Батыстың бір ғалымыныңесептеуіне қарағанда өткен ХХ ғасырдың соңғы 45 жылында әлемде бар жоғы 12 ғана «бейбіт» күн болыпты. Кейінгі 40 жылдың ішінде ғана дүниежүзінде 250 соғыс болып, 354 млн. адам қаза тауыпты. 

Сөйтіп, бейбітшілікті сақтау, соғысты болдырмау, бейбітшілік үшін күресу – ХХІ ғасырдың да өзекті мәселелерінің бірі болып, мұраға қалдырылды, Халықаралық қоғамдастық бейбітшілікті сондықтан жалпы адамзаттың құндылықтар қатарына қосып отыр.

Дереккөз.

Кез келген заманда өмір сүрген және өмір сүріп жатқан қоғам үшін «бейбітшілік» сөзінің құны жоғары. Бейбітшілік күндердің қадірін білетін адамзат елдің дүрлігіп, әлемнің шаңырағының ортасына түскенін қаламайды. Сондықтан да біз тыныш та, еркін заманда өмір сүргенді қалаймыз. Бейбітшілік деген – адамзаттың өз елінде еркін өмір сүріп, шуы жоқ ортада өз болашағын құруы. Бейбіт заман барлық елдің басына қонатын бақ құсы емес. Әлемде таңының тыныш атып, күнінің тыныш батқанын армандайтын талай адамзат өмір сүріп жатыр. Әйткенмен бәрінің де қолы бейбіт өмірге жете алмай отыр. Әр қадам басқан сайын жау шығып қалар деген қорқыныштан қолдарынан қаруларын тастамай қарумен ұйықтап, қарумен оянатын әлем елдерінің бары рас. Олардың жандары тыныш емес. Содан болар, таңдары да шуақты атпайды. Олар да өзгелердей бейбіт заманның азаматы болғанды қалайды. Халықаралық Бейбітшілік Күнінің күнтізбеде белгіленгендігінің де себебі жоқ емес. Бейбітшілікті аңсайтындар үшін Халықаралық Бейбітшілік күнінің қадірі тым үлкен.

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықтар бейбіт күннің ғұмырының ұзақ, тіпті мәңгілік болуы үшін күресуді бастап та кетті. Олар адамзаттың тыныш ұйқысын бұзып, баларды шат күлкісінен айыратын зұлматты оқиғалар мен үрейлі жәйттерді болғызбау үшін қолдарынан келгенді жасауға көшті. Осы бастама барысында олар бір-бірімен тәжірбие алмасып, жұмыстарына қызу кірісіп жүр.

Сіз де, біз де бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз. Осы бейбіт заманның ғұмырының баянды болғанын тіледік.

0 голосов
ответил 12 Авг от mergen

БЕЙБІТШІЛІК – АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ

Кез келген тәуелсіздікке қол жеткізген ел, оны әлем танымай дамудың даңғыл жолына түсе алмайды. Бұл – уақыттың талабы. Томаға тұйық өмір сүрудің уақыты өткен. Әлемдік интеграцияға қосыла отырып қана әр ел өзінің экономикасын дамыта алады, қауіпсіздік нығайтады, сол арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бұл ең алдымен елдің сыртқы саясатына байланысты. 

Бейбітшілік – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Адамзат өмір бойы үнемі тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды .Бірақ нақты өмірде оған ешқашан толық қол жеткізген емес. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат қоғамы соғыстардан көз ашпады. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, соңғы 5.5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» етіп тұрыпты. Қалған уақыттың бәрінде «Тыныштық керек болса – соғысқа дайындал»-деген қағидамен өмір сүріппіз. Осы аралықта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтіпті. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жер бетінде бейбіт өмір орнады десекте, әлемнің түрлі аймақтарында ірілі-ұсақты соғыстар, қарулы қақтығыстар, лаңкестік әрекеттер жиі кездесуде. Батыстың бір ғалымыныңесептеуіне қарағанда өткен ХХ ғасырдың соңғы 45 жылында әлемде бар жоғы 12 ғана «бейбіт» күн болыпты. Кейінгі 40 жылдың ішінде ғана дүниежүзінде 250 соғыс болып, 354 млн. адам қаза тауыпты.

Сөйтіп, бейбітшілікті сақтау, соғысты болдырмау, бейбітшілік үшін күресу – ХХІ ғасырдың да өзекті мәселелерінің бірі болып, мұраға қалдырылды, Халықаралық қоғамдастық бейбітшілікті сондықтан жалпы адамзаттың құндылықтар қатарына қосып отыр. 
Әрбір сауатты, саналы, парасатты деген азамат бір сәт артымызға ата-бабамыздың жүріп өткен жолына ой жіберіп қарайық. Қазақ халқының жер бетінде ұлт ретінде жойылып кету қаупі неше дүркін қайталанды. Десекте, бір жеңнен қол шығарып, еліміз бен жерімізді сыртқы жаулардан азат ету жолында ерен ерліктер көрсетті, ақыры бүгінгі тәуелсіздікке ұласты.

Бұрынғы КСРО-ның барлық халықтарымен қатар, қазақстандықтар да Ұлы Жеңіске сүбелі үлес қосты. Біздің жүздеген мың жерлесіміз қолына қару алып, өз Отанының намысы мен бостандығы үшін күресті. Олардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград, Курск жағасындағы шайқастарда Днепрді кесіп өтуде ерекше көзге түсті. Олар Еуропаны нацистік өктемдікпен азат етуге қатысып, Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа Жеңіс Туын тікті. Жерлестеріміздің ондаған мыңы жоғары әскери наградаларға ие болдыф. 500-дей Қазақстандық Кеңес одағының батыры атағын алса, соның ішіндегі 98 қазақөстандықтың біреуі біздің жерлесіміз Тәйімбет Көмекбаев.

Біздің ауылда көне тарих куәсі болған, кешегі Ұлы Отан соғысының сұрапыл күндері от кешіп, біздің осы бейбіт өмірімізге үлес қосқан ардагер аталарымыз санаулы-ақ қалды: Әбішев Ермұрат, Дүйсенбиев Әубәкір. Бірақ ешкімде ештеңе де ұмытылмауы тиіс. Бұл- біздің тарихымыз, біздің – мақтанышымыз, біздің – даңқымыз.

Бейбітшілікке, бейбіт тыныш өмірге ұмтылу – қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі. «Сырт көз – сыншы» деген ғой. Арғы-бергі заманда қазақ жерінде болған саяхатшылар, ғалымдар, дипломаттар қазақ халқының меймандос, сабырлы, момын, ешкімге жамандық, қаскөйлік жасамайтын халық екенін, қазақ елі ежелден бейбітшілік сүйгіш ел, өз бетінше ешкімге ұрынбаған, соғыс ашпаған ел екенін сүйсіне жазған. Тәуелсіздікке қол жеткен тұста, елбасымыздың елдің бетке ұстар азаматтарының қажырлы, табанды еңбегінің арқасында біз осы асыл қасиетімізді тағыда бір дәлелдеп, оны әемге паш ете білдік. 

Семей ядролық полигонын жабу еліміздің өмірінде ғана емес, әлемдегі айтулы оқиғаның бірі болды. Ядролық қару пайда болғалы ешбір ел ядролық полигонды өз еркімен жауып көрмеген болатын. Біздің еліміздің дүниежүзінде бірінші болып ядролық полигонды жабу жөніндегі осы қадамына БҰҰ мен дүниежүзілік қауымдастық үлкен баға берді. 
Қазақстан басшылығы КСРО тарасымен-ақ ядролық қаруды таратпауды жақтап, Ресей, Украина, Белорусь басшыларыфмен бірлескуен іс-қимыл шаралары туралы келісімге қол қойды. 

1992 ж 23-мамырда ядролық қаруды таратпау және ядролық ракеталарды біртіндеп бұзып Ресейге көшіру, олардың оқшантайларына салынған уранның құнын Қазақстанға ақшалай қайтару жөнінде Лиссабон хатьтамасына Қазақстан қол қояды. 
1994 ж Қазақстан ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып ядролық қару-жарақты таратпау жөніндегі Шартқа қосылды. Ал 1994 ж желтоқсанында әлемнің ядролық державалары біздің еліміздіңқауіпсіздігіне кепілдік беретін меморандумға қол қойды. 
1996 жҚазақстан ядролық сынақтарға толық тыйым салу жөнінде Шартқа қосылады. 
1997 ж БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Қазақстанның ядролық сынақтардан зардап шеккен өңірлеріне көмек көрсету жөнініде қара қабылдады. 
2000 жылы Семей полигонында ядролық сынақ жүргізілетін ең ақырғы штольня жойылды. 
Қазақстан Республикасы әлемде бейбітшілікті сақтау мен нығайту ісіне үлес қосуын жылдан-жылға кеңейтуде. 
Түйіедеп айтқанда, Қазақстан дүниежүзі мемлекеттерінің ішінде бірінші болып өз еркімен қуаттылығы жағынан әлемдегі төртінші ядролық қарудың арсеналынан бас тартып және әлемдегі ең ірі ядролық сынақ полигонын жауып, халықаралық қауіпсіздікті нығайтуда теңдесі жоқ үлесін қосты. Мұны басқа халықтар мен мемлекеттер таныды және лайықты бағалады. 
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігі мен тығыз байланысты. 
Қазіргі таңда лаңкесшілдікке қарсы тұру Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етудің басым бағыттарының бірі болып саналады. 
Біріншіден, республика БҰҰ-ның лаңкестікпен күрес жөніндегі барлық он екі Конвенциясына қосылды. 
Екіншіден, Қазақстанда ұлттық Антитеррористік Орталық құрылды. 
Үшіншіден, ұлттық заңнама жетілдіріліп келеді. Парламенттен экстремизмге қарсы тұрну жөніндегі шараларды көздейтін заң жобасы бар. 
Төртіншіден, Қазақстанда лаңкесшілдік ұйымдардың белсенді қызметін бейтараптандыру жөнінде алдын алу жұмыстары жүргізілуде. 
Бесіншіден, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес елде лас ақшаны тазартуға және лаңкестік ұйымдарды қаржыландыруға қарсы тұру жүйесі жолға қойылған. 
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 26-27 қаңтарда Алматыда БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің Антитеррористік комитетінің 4-ші арнайы отырысында сөйлеген сөзінен: «Қазақстан халықаралық лаңкесшілдікке қарсы күрес саласындағы ықпалдастықтың нақты бағыттары бойынша барлық қатысушылардың белсенді диологы орнайды деп есептейді» – деп көрсетті. 
Не сойқанды басымыздан өткеріп, «Мың өліп, мың тіріліп», жүріп егеменді ел болып, байрағымыз әлемнің жүздеген елдері менг қатар биікетен желбіреуде. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында «Біздің 3 мүмкіндігіміз бен 7 жетістігіміз» деген бөлімде «Мен өз халқымның төзімділігін мақтан тұтамын» деген болатын. 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында «Қазақстан Орта Азия Барысына айналады» деп атап көрсеткен. Ондағы мақсат:Барыс биік шыңдарда өзінгің ірілігімен, терісінің бағалағымен ерекшеленсе бұл қасиетті Қазақстанның ішкі байлығымен теңестіріледі. Табиғат байлықтары: жер асты, жер үсті байлықтары Менделеев таблицасындағы 109 элементтің Қазақстан жер қойнауынан табылуы соның айғағы. 
Ал Барыстың тектілігі, маңғаздығы, ешбір аңға өздігімен шабуыл жасамайтыны, ал тиіскен аңды оңдырмайтын қасиеті Қазақстанның сыртқы саясатына теңестіріледі. Қазақ елінің о бастағы бабаларымыз салған сара жол – ешкімге соғыс ашпау, ешбір жауға жерін таптатпау. 

оставил комментарий 12 Авг от mergen
Қазақстан Республикасы Ата заңында көрсетілген «Қазақстан Республикасының жері біртұтас, ол бөлінбейді және ешкімнің қол сұғуына жол берілмейді» деп, атап көрсеткен. Және Қаз дауысты Қазыбек бидің:
«Біз қазақ деген халық
мал баққан елміз
Бірақ ешкімге тиіспей
Жай жатқан елміз
Жерімізді жау баспасын деп,
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Найзамызға үкі таққан елміз
Ешбір дұшпан басынбаған елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз» деген сөзі де дәлелі боларлықтай. Жер көлеміне 5 Францияны сыйдырып жатқан ұлан-байтақ қазақ жері анталаған жау – Қоқан, Хиуа, Жоңғар хандықтарын Ресей, Қытай империяларына қарсы алапатты жолдардан өте келе еліміздің елдігін, жерін, салт-дәстүрін яғни ұлттық менталитетін сақтап қалған елміз. Осындай жеріміз бар, еліміз бар. Үш жүздің басын қосқан, ұлтымызға баспана да болған, астана да болған, рухани тірегі болған – Сыр елі біздің туған өлкеміз. Қазақстан Республикасының дарынды ақыны «Тарлан» сыйлығының иегері, ұлтжанды ағамыз М:Шахановтың «Отырар эллегиясы» поэмасында Отырардың қақпасын ашып берген сатқын Қарашаны Шыңғысхан алдына алып келгенде сатқынның әкесі бармағын тістеп қатты өкінген екен. Сонда әкесі:

«Ең негізгі кінә, әрине өзімде,
Бұл баланы жаңа туған кезінде
Перзент үні тусаған жан мұратын
Афрасиабтың ар жағында тұратын
Нағашысы бауырына басқанды
Қателігім осы арадан басталды
Кіндік кескен өлкесінің сорына
Ер жеткен соң қайта келді қолыма
Бөренені жарып шыққан сынадай
Бабалардан бізге жеткен,
Құлақтыны іздеп өткен,
Өсиет бар мынадай:
«Әр нәресте қашан есі кіргенше
Жер қадірін, ер қадірін білгенше
Алғаш әнтек қылығына
Өзі ұялып күлгенше
Көтергенше балаң оідың желкенін
Өзі туған қасиетті өлкенің
Ауасымен дем алуы тиіс ол»
Мен осынау борышыма әкелік
Немқұрайды қарадым да,
Кінәлі боп ар алдында
Жібердім зор орны толмас қателік» деген екен. Әрбір жас азамат өз елінің тарихын, тарихи тұлғаларын, олардың өнегелі істерін оқып біліп, ұлттық дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, мәдениетімізді ұғынып, туған өлкеміздің тау-тасын, өзен-көлін, қазба байлығын өзімдікі деп сезініп, оны қорғай да білетіндей болу керек.
Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Ұлтымыздың мақөтанышы Қ.И.Сәтбаевтан шетелдіктер: қазақ деген халық сіз сияқты сымбатты да, ірі ме?дегенде, Қ.И.Сәтбаев:»халқым менен де биік, менен де сымбатты»-деген екен ендеше сол ағаларымыздай Ұлтжанды, білімді ұрпақ бола білейік.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Қазақстан-2030» сртатегиялық бағдарламасы.
Н.Ә.Назарбаев.
2. «Бейбітшілік кіндігі». Н.Ә.Назарбаев.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жыл
4. «Егемен Қазақстан» газеті. «Ерлікке тағзым»
22 қаңтар, 2005 жыл, №12
5. «Егемен Қазақстан» газеті. «Әлем лаңкестікке қарсы күреске көтерілді» М.Төлепберген. 28 қаңтар,2005 жыл,№18
6. «Қазақстан тарихы» журналы ҚР-ның ядролық қарудан бас тарту және таратпау саласындағы саясат» С.Дүйсенов 2004 жыл, №9
7. «Қазақтың би-шешендері» Жинақ. 1985 жыл
8. «Отырар эллегиясы» М. Шаханов.

896 вопросов

1,105 ответов

286 комментариев

28,046 пользователей

...