Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Салеметсиздер! Маган "махаббат" жайлы слайд керек еди?

82 просмотров
спросил 11 Янв от Асыл в категории Презентация

Салеметсиздер! Маган "махаббат" жайлы слайд керек еди?

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

3 Ответы

0 голосов
ответил 11 Янв от mergen

Махаббат феномені  слайд,презентация

 

 

Егер де адам философияның негізгі обьектісі болса, онда адамзат махаббаты атты тақырып өте маңызды философиялық  ой кешулердің бірі болуы керек. Маххабат ең алдымен өнердің обьектісі болып табылады, бірақ сонымен бірге философиялық тұрғыдан ойлануды қажет ететін махаббаттың өлшемдері болады. Өнер образдардың тілімен сөйлесе, философия ұғымдар тілімен сөйлейді, яғни өнер де философия да бір мәселе жөнінде айтып отырғанымен, мұны олар әр түрлі мағынада айтады. Махаббат философиядан бұрынырақ пайда болған, бұл екеуінің бұрынғыдан келе жатқан туыстығы маххабат ұғымының өзіне байланысты, сондықтан философия ежелгі грек тілінен аударғанда даналыққа деген құштарлықты білдіреді.

 

image  

0 голосов
ответил 11 Янв от mergen

Махаббат туралы слайд,презентация

 

 

 

    Мен ылғи көңілден Махаббат дегеніміз қасиетті құбылыс деп санаймын. Оның әрбір көрінісі – жұбайлық, ата-аналық, балалар махаббаты, қоршаған әлемге деген құштарлық бізді одан әрі ізгілікке бастап, жетілдіре түседі.
                                                                                                    С. Назарбаева 
О, Махаббат аяулы асыл сезім, 
Арнамаған бар ма екен саған сөзін.
Мекендеген жер үстін жан иесін.
Баурамаған бар ма екен сірә кезің.

Асыл сезім жаралған ізгіліктен 
Талпынады жан біткен ізгі үмітпен 
Сенен шығып, тарайды сенен ғана
Бар жақсылық атауы бізді күткен.

Дүние бос, өмір жоқ сенсіз жерде
Тең саналар хайуанмен сенсіз пенде.
Адамдықтың, ізгілік, ұлылықтың
Биігіне жетудің кілті сенде.

Ұлы сезім, шегің жоқ, шеңберің жоқ,
Бір қарасақ өзіңсіз елдгі көп.
Түрлерің көп, қырларың, сырларың көп,
Ең қол жетпес және жердегі жоқ.

Адамдағы қымбаттың, қасиеттің
Қадіріне жетуді ғасыл еттің
Сен бар жерде бақытты жан атаулы,
Сен жоқ жерде басында қасірет-мұң.

О, махаббат берілген тек адамға
Нұрың түспес жан бар ма бұл ғаламда 
Тек қадірін түсіну, құрбан болу
Бұйырмаған жердегі әр адамға. 

 

0 голосов
ответил 11 Янв от mergen

Махаббат - өмір өзегі слайд,презентация

 

 

Махаббат - өмір өзегі
Әрбір адам өзіне , ата-анасына, Отанға, туған еліне сүйіспеншілкпен қарайды. Ыстық ықылас, шынайы сүйіспеншілік махаббат сезімін тудырады. Әлемдегі бар жақсылық махаббат арқылы келеді.
Адам жүрегі махаббатқа, сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік, адалдық сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалып тұрады. Өмірді сүю, Отанды, туған жерді сүю, білімге құштарлық та сүйіспеншілікке байлансыты болады. 
 Сендер шыр етіп дүниеге келгенде ата- анаңның қуанышында шек болмады. Ал сендер алғаш рет сәби жүректеріңмен анаңның аялы алақанын, мейірленген махаббатын сезіндіңдер. Сондықтан да барлық жақсылықтың негізі осы махаббаттан басталып, адам жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді.
Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді. 
                                             В.Т. Белинский
Адамзатты аялаған ақ арман, 
Барлық ғалам махабббаттан жаралған.
Өмір-өзен сан тарапқа ақса да, 
Жақсылықтан шуақ алып, нәр алған.

Махаббаттың тоймай ішіп дәміне, 
Адамзаттың талмай айтар әні ме?
Өзіңді де өзгені де сүйе алсаң,
Жете аларсың махаббаттың мәніне.

 

896 вопросов

1,105 ответов

286 комментариев

28,046 пользователей

...