Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Менің досым атты шығарма шыгарма керек? / Нужно сочинение на тему мой друг на казахском?

1,474 просмотров

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

8 Ответы

0 голосов
ответил 21 Авг от mergen
выбран 21 Авг от ZHARAR
 
Лучший ответ

Доссыз өмір сүру — тұзсыз ас

Достық – адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, досына сеніп, тілектес, мұраттас болуы.

Ол туралы ұлы философтар мен ақын жазушыларға қоса, ұстаздар мен педагог-психолог ғалымдардың ой талғамағаны, оның мәнін, сырын білуге талпынбағаны кемде-кем! Мұның өзі достықтың адам өмірінде келелі орнына, зор маңызына байланысты екені даусыз.

Достық – адамның өмірдің өзіндей сан бояқты, көп қырлы қасиеті, сондықтан бірер сөзбен оның толық анықтамасын беру мүмкін емес.

Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтынуынан, шынайы тілектес пен өзіндей көріп сенуінен, біріне-бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе, қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді.

Достық туыстық, жолдастық, сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерге жақын, кей жағынан ұқсас бола отырып, өзіндік өзгешеліктерге ие.

Қанша жылдар өтіп, қай қиырда жүрсең де, басыңнан талай-талай қызығы мен қиыны аралас, қой қоралас көне жұртқа, қаршадай балаң шақта егіздей сыңарындай бірге өскен достарды елжірей еске түсіріп, жүрегің лүп-лүп соқпай ма?!

Ата –бабаларымыздан келе жатқан қажау қағида, рухани өсиет- достыққа адалдық.

Алайда сол Кеңес заманында тәрбие ұлттық негізінен, халықтық сипатынан қол узіп, достық туралы дәстүрлі ұғымның мәні бұрмаланды да, оның негізіне таптық белгі алынды. Достық сияқты адамдар арасындағы қатынастың өте асқақ та нәзік, таза да шынайы ерекше түрінің басқа қарым-қатынас көріністерімен ара-жібі тегістеліп, тұтастырылып жіберілді.

Біздің балаларымыздың достығы дажылыжайда, химикаттардық күшімен тез пісіріліп, базарға шығарылған көкөністердей дәм-татусыз немесе инкубатордан шыққан балапандардай әлжуаз, шикіл тартты.

Қай кезде, қай жаста болса да,адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Сондықтан оған өте жауапкершілікпен, байсалды қарау қажет.

Достықтың нәрі- оның қадіріне жете білу.

Кісіні әмсе жаман достар ғана тастап кетпейді, көп жағдайда жаман кісінің өзі жақсылардың қадіріне жетпей, жалғыз қалады…

Достықтың тағы бір тіреуі- теңдік. Бұл жөнінен «достыққа құл да, қожа да қажет емес. Достық теңдікті сүйеді»,- деп орыс жазушысы И. А. Гончарев өте дұрыс айтқан. «Дос- досқа айна» деген сөз де соған мегзейді.

Достықтың өміршендігі екі жақтың ешқашан әділдіктен аттамауында. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» дейді халық даналығы.

Нағыз достықтың бір белгісі- шыдам, сабыр. Осы орайда үнемі есте болатын нәрсе: кемшіліксіз адам болмайды, дос та солай. Кемшіліксіз дос іздеген кісіде дос болмайды.

Көңіліңнен шыққан, сынақтан өткен адам дос болатыны белгілі. Сондықтан ашуға, әзәзіл сөзге еріп, жан досыңа қолды бір-ақ сілтеуге тегі асықпаған абзал.

Тегі кез келген екі аяқты, жұмыр бастыпенденің бәрі бірдей дос бола алмаса керек. Ниеті таза, жөні түзу, жан дүниесі сау адамдар ғана дос болуға жарайтыны – шындық.

Халықта «Досыңнан тап!» деген қарғысқа жақын сөз бар. Бұл – достың бәрі бірдей еместігін, адамға ең ауыры – досыңның арамдығы, екі жүзді опасыздығы екенін еске салатын сөз.

Достықтың маңызы байлықпен өлшенбейді, оның өзі – баға жетпес байлық.

Дос-жолдастарымен бірге жүрген адамның көңілі тоқ, сенімі берік болады.

Жолдастарымен бірге істеген іс, жүрген жол, мойынға алған міндеттеме қызықты, дүрмекті. Әсіресе, балалық шақта адам дос-жолдасқа кешірімді келеді, өкпесі ұзаққа бармайды, бірін-бірі керексініп, іздеп тұрады.

Бұл – балалар үшін жолдастықтың, достықтың маңызы өте зор екенін көрметеді.

Достықтың негізі- достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы, бірлігі. Ондай бірліксіз кездейсоқ достықтың өмірі ұзаққа бармайды.

Достық ұғымы жеке адамдардың өзара қарым-қатынасына ғана емес, бір аймақта аралас тұрып жатқан халықтар, ұлттар мен ұлыстар, елдер, яғни мемлекетаралық қатынастарға да тән.

оставил комментарий 21 Авг от mergen

Ұлағат сөздер

Дос көзден кетсе де, көңілден кетпейді.

Дүниеде адамның жалғыз қалғаны – өлгені, қайғының бәрі соның басында

Абай.

Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен достық қарым-қатынасы.

Абай.

Жақсыменен дос болсаң,

Алдыңнан шығар елпектеп.

Жаманменен дос болсаң,

Сыртыңнан жүрер өсектеп.

Махамбет.

Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.

Абай.

Достық – өмірдің ең зор қуаныштарының бірі, онан да зор қуаныш – сырыңды айтатын адамның болуы.

А. Мадзони.

Дос адам баспанаңды бейіш етеді. Досыңа достық – қарыз іс, дұшпаныңа әділ бол.

Абай.

Достық қуанышты екі еселеп, қайғының жартысын азайтады.

Ф. Бэкон.

Екі жүзді адамның жау болғанынан да, дос болғаны қауіпті.

Ж-Ж. Руссо.

Мақалдар

Досыңменен дос болғанға шаттан,

Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.

Досың мың болса да – аз,

Дұшпаның біреу болса да – көп.

Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.

Асы көптің тәні семіреді,

Досы көптің жаны семіреді.

Жақсы дос ашып айтар,

Жаман дос Қосып айтар.

Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.

0 голосов
ответил 19 Ноя, 15 от Асыл

Достық дегеніміз не? Достық - бұл өзіміз таңдайтын отбасы! Достық- бұл екі жанның әр қашан қасында болуы! Дос әр адамда болады. Мен де де бар. (Әрі қарай өзінің досын туралы, мысалы, Ол Амина. Біз бір сыныпта оқимыз. Амина жақмы құрбы. Өте әдептә, мейірімдіжан. Ол екеуміз волебол секциясына біргі барамыз, бір-бірімізбен құпияларымызбен бөлісеміз. Ойларымызды ашық айтамыз. Ол мненің нағыз досым!) деп осы5ан ұқсас жазасың!!

0 голосов
ответил 21 Авг от mergen

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.

Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.

Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.

0 голосов
ответил 21 Авг от mergen

Бір дос бар мұрныңнан қан кеткенше,
Бір дос бар астыңнан тақ кеткенше,
Бір дос бар басыңнан бақ кеткенше,
Бір дос бар қораңнан мал кеткенше,
Бір дос бар кеудеңнен жан кеткенше, - деген қазақ халқының бүгінгі замандағы достарының бейнесі осылардың қайсысынан табылады? Жалпы дос деген не? Өмірде достықтың алар орны қандай? Досың сені көрге сүйрей ме, төрге сүйрей ме? Менің өз ортамда сенімді адал досым бар ма? Осы сұрақтар кез келген адамды мазаламай қоймайды. Расында осы достық деген не? Алдымен соған тоқталайық.

Біз дос туралы ұғымды мектеп қабырғасында жүргенде бастауыш сыныптан аңғарамыз. Мектепте ұстаздарымыз бізге достықтың құдіретін, қыр сырларымен таныстырады. Бұл жастағы балалар дос деген ұғымды сол қалпында сақтап, өмірде шын дос болады деп, өзі бірге ойын ойнайтын құрбысын өзінің досы деп санайды. Құрбыларымен ұрысып қалғанда құрбысын жақтап шығады. Анасы мектепте қарның ашса жейсің деп сөмкесіне салып берген бір үзім бөлкесін құрбысымен бөлісіп жейді. Иә бұл жағдай осыдан 10-15 жыл бұрын осындай еді. Ал қазіргі заманда 4 сыныпта оқитын бір қыз ойын ойнап жатқан қасындағы құрбысының үстіне қарап «кетші мен сенімен ойнамаймын, сенің киімің жаман», - деп көкірегінен итергенін өз көзіммен көріп таң қалдым. Яғни баланың санасы жастайынан осындай болып қалыптасып келеді. Оның ондай болып қалыптасуына не себеп? Солар біздің болашағымыз емес пе? Не кінәлі десеңіз бірінші орынға мен отбасын қояр едім. Себебі ол жанұясында не көрсе көшеде де соны істейді. Дастархан басында отқанда ата-анасы, аға-әпкесі бір-бірімен үлгі боларлық дүниелер жайында емес, баларының сабағын сұрағанда, үлгерімі жақсы оқушылармен дос бол, пәленшемен дос болма ол нашар киім киіп жүреді, сабағын да жақсы оқимайды. Иә ол жаман киім киеді, үлгерімі жақсы емес, алайда ол балада барлық адамның бойынан табыла бермейтін, адамгершілік, досқа адал болатын қасиеті жоғары шығар. Неге оның адамдық қасиетімен санаспаймыз, адам көркі шүберек деп текке айтпаған шығар, бірақ шүберек бітер, ал достық ше, достық қайда сонда? Міне баланың өмірге деген көзқарасы осылай атақ-даңқы бар, әдемі киім киетін адамдармен достасу керек, яғни оның пайдасы тиеді деген ой қалыптасады.

Бүгін көк қағаз билеген заманда жастар осылайша өз құндылықтарымызды сол бір мардымсыз дүниеге алмастырады. Өмірде ақшадан биік қасиеттер бар, бар байлығыңмен алмастырып ала алмайсың. Алайда жастайынан ақша болса болды, ақшаға барлығын сатып аламын деп ойлайды. Иә расындада ақшасы көп адамдардың айналасында дос сымақтар көбейеді, сенің қаншалықты ақшаң көбейсе, жауларыңда көбейеді. Бүгінгі шындығы шала қоғамның бір дертіне айналған. Алайда мен көпке топырақ шашудан аулақпын. Достық деген сезім - сені шынайылыққа, адалдыққа, Алланың ақ жолынан адаспай жүруге үндейді, бойыңдағы көреалмаушылық, жауыздық, қастандық деген сезімдерің сөніп, оның орнына имандылық, мейірімділік, бауырмалдық деген сезімдер пайда болады. Өмір атты тұңғиық теңізде өмір сүріп жатқанан кейін өмірде сүрінетін кездеріміз болады, сүрінгенде бірінші кімге арқа сүйейсің, әрине ол досыңа, алайда сені қолпаштап жүрген жандардың бірін таппайсың қасыңнан, барлығы саған теріс айналып кетеді. Яғни олар достың кейпін киген сенің қас дұшпандарың. Осылайша досым кім? Дұшпаным кім сонда деп есеңгірейсің. Қоғамдағы осындай жағдай қабырғаңды қайыстырып, жаныңды жабырқатып жібереді. Сонда достықты тек өзінің мақсатына жету үшін ғана пайдаланылатын құрал ма сонда? Осы орайда испан жазушысы Б.Грасиннің «Достығың да, дұшпандығыңда мәңгі болады деп ойлама! Бүгінгі досыңа ертеңгі қарсыласым деп қара, тіпті бітіспес жауыңа айналып кетуі мүмкін; өмірде мұндай жағдайлар бола береді, ал сен соның алдын ал. Болашақ дұшпаныңы айналып қалар деген досыңның қолына қару ұстатпа, ертең дұшпан жағына кетіп қалса соққысы аяусыз болады. Дұшпаныңмен, керісінше, бітімге келер есігің әрқашан ашық тұрсын, бұл есігің, ең сенімді жол – ақпейілділігің болсын. Көбінесе, дұшпанымызды сансыратып кек алсақ деген оймен жүреміз, содан ләззат аламыз, ал арты уайымға айналады» - деген астарлы мағынасы терең өсиетін тілге тиек ете кетейін. Барлығымыз арамызға достықтың дәнін егіп, ол ағашымызға қарап суландырып тұрсақ арадан қанша уақыт өтседе ол ағашымыз жайқалып, жапырақтары қаулап өседі. Өмір болған соң бірде мұңайамыз, бірде қуанамыз. Кейде көңілің жабырқап достарыңды аңсаған шағыңда сол ағаштың саясына барып, көлеңкесіне бір демалып қайтсаң, мауқың басылып, өзіңе бір үлкен тірек тапқандай болып қайтасың. Сондықтан барлығымыз арамызға достықтың дәнін егіп шырмауықша шырмалып өсірейік.

0 голосов
ответил 21 Авг от mergen
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.

Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
0 голосов
ответил 21 Авг от mergen

Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Дос деген сенің басыңдағы кез келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың. Менің түсінігімдегі достың жолдастан айырмашылығы – жолдасыңды қатты сыйлайсың, ал досқа сондайлық ілтипат танытып, құрмет көретудің қажеті жоқ. Өйткені досыңды өзіңдей көретін болған соң «өзіңнің» көңіліңді өзің аулап керек емес. Себебі ол бәрін түсінеді, бәрін де біледі. Сондықтан, кез келген істі оған міндеттей аласың немесе оның саған сеніп тапсырған ісін өзіңнің қара басыңның қамындай атқарасың. Сондай-ақ, жолдасыңа өтініш айту үшін «ол мұны қалай қабылдауы мүмкін» деп ойлануың керек болады кейде. Немесе «Қойшы, бәлкім түсінбей қалар» деп райыңнан қайтасың. Ал дос сенің жүз пайыз сеніміңдегі адам. Қалай айтсаң да жарасады.

Буат-буат ақшаң болғанмен бақытыңды бөлісер бір досың болмаса тірлігіңнің мазмұнды бола қоюы қиын. Қазақ халқы үшін "дос” киелі ұғым. Бұл – кезінде батыр бабаларымыздың досы үшін жанын пида етуге дейін барғандығымен-ақ айқындалып тұр. Бұл мақал осыдан шықса керек: "Ақылы көпті жау алмас, досы көпті жау алмас” . Бүгінгі таңда достықтың құны базардағы бағадай қымбатпа, әлде арзан ба? Жалпы дос деген ұғымды сенімділігіне қарай үш түрге бөліп қарауға болады.

Бірінші, жан дос. Қуанышта да, қиыншылықта да қасыңнан табылар сенімді серігің. Жан дос қайғыңды да тең бөлісе алады.

Екінші, жалған дос. Әрқашан қасыңда. Бірақ қиыншылықта емес. Қара басының қамын үшін, қарнының тойғанын ойлайтындар. Яғни пайдакүнем.

Үшінші, виртуалды дос. Бұған сенуге де сенбеуге де болмайды. Қазіргі тілмен айтар болсақ агенттегі дос. Бірі таныс, бірі жат. Бірі ашық, бірі жұмбақ. Бір қызығы, кейде интернет арқылы танысып бақытты өмір кешіп жатқандарды да кездестіріп қаласың.

Дос биікке жетелейтін, қуанышыңа ортақ, қиындықта демеу болатын жан. "Жігітті досына қарап таны! - деген қазақ пәлсапасы өте орынды айтылған. Бұл ұғым аласармасын десек әрбір адам дос тұрғысынан да адал міндет атқарғаны абзал. Сонда ғана достықтың құны жоғары болмақ.

Достық туралы жыр

Өлеңді жазған: Рахым Балабиев

Достығымыз достар арылмасын, 
Пейіміз кеңейсін тарылмасын, 
Жиі-жиі бас қосып сыр шерітсек 
Жүрегіміз қалайша жарылмасын.

Куніміз күлкілі бола берсін, 
қуанышқа көңіліміз тола берсін, 
нұрлы аспан астында аясында, 
басымызға бақ келіп қона берсін,

Зұлымдықты әрқашан жеренейік, 
адалдықты сүйуді үйренейік, 
бірлікпенен тірлікті ұштастырып, 
бір әдемі ғажайып, күйге енейік.

берсе берді бермесе санаспайық, 
болмайтынға ұрысып таласпайық, 
арамызда алайақ бүреу болса 
оны қатар ортадан аластайық

Жасамайық қианат кісі кетім 
байлық мансап кісіні ісіретін 
қанағатсыз ағайын ойласаңдар 
абыройын кісінің түсіретін.

0 голосов
ответил 21 Авг от mergen

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.

0 голосов
ответил 21 Авг от mergen

Дос - бар жақсылықты , қуанышты кездерді сеніменен қарсы алып , қайғы қасіреттерді жеңуге көмектесетін адам . Достық өмірдегі ең құнды зат . Қазіргі кезде көптеген достық шынайы достық болып келмейді . Мысалы : амал достар өте көп .

Амал дос - сен биіктен көрінген кезде , бір зат қажет болып қалған кезде саған жүгіріп , дос қылдыртып алатын адам .

Ал адал дос - сенің бар кемшіліктеріңді көріп , қаншама қиындық барыңды біліп , сені қиын кезде тастамаған адам .

Адал дос пен амал достың айрымашылығы өте үлкен .

Әр достар бір біріне сенеді . Бірақ кейбіреулері бұл сенімді қажет етіп өтірікті айтады . Дос табу қиын емес , бірақ досыңды сақтап алған да оңайға түспейді . Достық сияқты өмірде құндылық жоқ . Сондықтан достарыңды сатпандар!

896 вопросов

1,105 ответов

286 комментариев

28,046 пользователей

...