Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Жезқазған қаласы туралы

99 просмотров
спросил 18 Ноя, 15 от Diana в категории Открытые урок, Классный час

Жезқазғанның ерте және ортағасырлық болған қалашық?

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

1 Ответ

0 голосов
ответил 18 Ноя, 15 от ZHARAR
1.1. Қала тарихы

Жезқазған - еліміздің мысты қазынасы. Байырғы қазақ жері өзінің жер асты байлығымен белгілі болған. Мысты кен орны адамзатқа 3000 жыл бұрын белгілі болған. Бұған куә көптеген ашық жұмыстар кесіндері, балқыту пештері, жыныстар мен кен үйінділері. Бұрынғы кен қазушылар жер қойнауынан 2 миллион тоннадан аса жоғары сапалы мыс кенін шығарған. Уақыт өткен сайын мұндай өндірулер азайған. Сонау жылдардан халықтың жадында сақталып, бүгінге жеткені жергілікті жер атауы – Жезқазған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1954 жылғы 20 желтоқсандағы жарлығымен 30 мыңнан астам тұрғыны бар Үлкен Жезқазған жұмысшылар кенті Жезқазған қаласы болып қайта құрылды. Он жыл ішінде 108 мың шаршы метр тұрғын алаң, Мәдениет сарайы, 4 орта мектеп, 8 бала бақша, бірнеше аурухана мен дүкен, нан заводы, 100 километр теміржол, 150 мың шаршы метрден аса бетонды жол, 215километр су және кәріз құбырлары салынды, темір бетон өнімдері заводы мен екі асфальтбетон заводы салынды. Білім және мәдениет жүйесі дамыды. Жезқазған алғашқылардың бірі болып теледидарды игерді. Қарағанды политехникалық институтының кешкі факультеті ашылды, ол 1992 жылы тау-кен технологиялық институты болып қайта құрылды. Кейін осы институт пен Жезқазған педагогикалық институты базасында қазіргі О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті ашылды. Жезқазғандықтар Қазақ КСР Ғылым академиясының алғашқы президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың атымен аталатын тау-кен металлургиялық комбинатын ерекше мақтаныш тұтады. Қазіргі кезде Жезқазған қаласының әкімшілік бағынышына Кеңгір, Талап және Сарыкеңгір село округтері енеді.

 

1.2. Географиялық жағдай

Жезқазған қаласы байырғы Сарыарқа жерінде орналасқан, негізгі аумағы кең байтақ, көз жетпес даланы құрайтын шексіз жазықтық пен алқаптардан тұрады. Сол себептен, Сарыарқа ерте заманнан бері көптеген халықтар арасында Ұлы дала деген атқа ие болған. Ол туралы көп айтылып та, жазылып та жүр, оны «алтын дала», «алтын планета» деп те атайды. Жақын орналасқан анағұрлым үлкен таулардың бірі – Ұлытау (1195 м), Ұлытаудың таулы беткейінен Қаракеңгір өзені мен оның тармақтары, сондай-ақ, Сарыкеңгір, Сарысуға құйылатын Жыланды және Жезді өзендері өз бастауын алады. Жезқазған қаласы Орталық Қазақстанның шөлді-далалы аумағында, Кеңгір су қоймасының жағалауында орналасқан. Жезқазған қаласының жалпы аумағы 176097 га.

 

1.3. Табиғи климаттық жағдайлар

Климаты шұғыл континентті және құрғақ болып келеді. Шөптесінді жамылғысында астық-жусанды, жусан және жусанды-тұзды кешендер ашық қоңыр және қоңыр топырақ бетінде үйлесім тапқан. Аумағы шаңды дауыл, әсеріне көп ұшырайды. Қысы қатты, ал, жазы ыстық әрі құрғақ. Көктемі мен жазы қысқа. Жоғары деңгейлі континентальдығы мен құрғақтығы мұхиттар мен теңіздерден қашық орналасқандығынан. Вегетациялық кезеңінің ұзақтығы мен күн жылуының мөлшері көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарын: жаздық бидай, жүгері, әр түрлі көкөністер өсіруге мүмкіндік береді.

Жануарлар әлемі өте бай: сүтқоректілердің 60 түрі, құстардың 200   түрі, балықтың 20 түрі бар. Қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, борсық, ақкіс, аламан, ақ қоян кеңінен таралған. Су қоймаларында ондатр бар.

 

1.4. Пайдалы қазбалар (оның ішінде игеруге келешегі барлары)

Жезқазған аймағының дамуы, ең алдымен, пайдалы қазбаларды игерумен және оны одан әрі өңдеумен байланысты. Оларды маңыздылығына қарай төмендегі тәртіппен қоюға болады: түсті метал, қара метал, сирек және жойылған метал, асыл метал, жанғыш қазбалар, химиялық және минералды шикізаттар, құрылыс материалдары. Жалпы алғанда, қала экономикасы даму деңгейі қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайының және тұрақты әлеуметтік климаттың негізгі индикаторы болып табылатын өнеркәсіппен айқындалады. Қаланың нарықтық мамандандырылуын анықтайтын өнеркәсіптің негізгі салалары металлургиялық кешен мен электр энергетикасы болып табылады. Металлургиялық кешенге түсті металлургия кіреді, ол қазу және шикізатты байытудан бастап түсті металл және оның қорытпалары түріндегі дайын өнім алуға дейінгі технологиялық үрдістік барлық кезеңдерін қамтиды. Темір және мыс рудаларын өңдеу саласында, жердегі сирек металдарды өндіруде қала республикадағы алдыңғы орынды алады. Қаланың бұл саладағы кәсіпорындары «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ және «Жезқазғансирекмет» РМК болып табылады.

 

1.5. Су ресурстары

Су қоймасы – судың негізгі қайнар көзі болып есептеледі. Жезқазған қаласы үшін ауыз судың қайнар көздері Кеңгір су қоймасы және Үйтас-Айдос жер астындағы су бөгеті болып табылады.
оставил комментарий 18 Ноя, 15 от ZHARAR
1.6. Аймақтың экономикасының мамандандырылуы

Жалпы алғанда, қала экономикасы даму деңгейі қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайының және тұрақты әлеуметтік климаттың негізгі индикаторы болып табылатын өнеркәсіппен айқындалады. Қаланың нарықтық мамандандырылуын анықтайтын өнеркәсіптің негізгі салалары металлургиялық кешен мен электр энергетикасы болып табылады. Металлургиялық кешенге түсті металлургия кіреді, ол қазу және шикізатты байытудан бастап түсті металл және оның қорытпалары түріндегі дайын өнім алуға дейінгі технологиялық үрдістік барлық кезеңдерін қамтиды. Темір және мыс рудаларын өңдеу саласында, жердегі сирек металдарды өндіруде қала республикадағы алдыңғы орынды алады. Қаланың бұл саладағы кәсіпорындары «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ және «Жезқазғансирекмет» РМК болып табылады.

 

1.7. Соңғы 10 жылдағы (2001-2010 жж.) аймақтың дамуының қорытындылары (аймақтың негізгі көрсеткіштерінің өсім серпінінің нақты көрінісі: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, шағын бизнес өнімдерінің көлемі, мемлекеттік бюджетке түсімдер көлемінің өсімі, басқа маңызды көрсеткіштер және республика масштабындағы көрсетілген көрсеткіштер бойынша аймақтың жеке салмағы)

        Соңғы он жылда (2001-2010 жж.) өнеркәсіп өндірісінің көлемінің 5,6 есе (қолданыстағы бағада) өсімі байқалады. Тұрақты экономикалық өсім инвестиця тарту үшін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Осылайша, 2001 жылдан негізгі капиталға инвестиция көлемі 1,5 есе өсті және 2010 жылы 14 млрд. 973,9 млн.теңгені құрады.

         2010 жылғы тұрғын үйді іске қосу көлемі 8866 ш.м. құрады немесе 2001 жылға 1,3 есе өсті.

         10 жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімдерінің өндіріс көлемі 3,2 есе өсті және 2010 жылы 1 млрд. 574,4 млн.теңгені құрады.

         Ауыл шаруашылығы өндірісінде мал шарушылығы саласы маңызды үлеске ие:

         2011 жылғы 1 қаңтарда 2001 жылғы ұқсас мерзіммен слыстырғанда мал саны өсті: ірі қара мал 1,5%-ға, қой мен қозы -2,0%-ға, жылқы-1,5%-ға өсті.

         2004-2010 жылдары жергілікті бюджетке 11 млрд.301,8 млн.теңге кіріс түсті. Қалалық бюджеттің соңғы 7 жылда еселенуі - 1,4 есе болды.

       Соңғы 10 жылда Жезқазған қаласы бойынша ортаайлық еңбекақы төлемі 3,5 есе өсті.

       Жұмыссыздар саны соңғы 10 жылда 5567 адамға немесе 72,6%-ға және жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ға төмендеді.

       Басқа қалаларға көші-қонға байланысты соңғы он жылда Жезқазған қаласының халқы саны 3,9 мың адамға немесе 4,1% азайды.

Қазіргі кезде Жезқазған қаласында 13 балабақша жұмыс істейді, оның ішінде 4 – мемлекеттік және 8 – шағын орталықтар. Қалада мектепке дейінгі тәрбиемен қамту жұмыстары білім беру мекемелерін кеңейту есебінен жүргізілмекші. Қалпына келтіру жұмыстарынан кейінгі балабақшаның ашылуы, сонымен қатар шағын-орталықтардың ашылуы 2007-2009 жж. аралығында мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылудың 2 есе артуына ықпалын тигізді. Сонымен қатар, балалардың мектепке дейінгі білім берумен қамтылу деңгейі қала бойынша 72% құрастырды, бұл көрсеткіш 2005 жылдың шамасымен салыстырғанда 24%-ға жоғары болып табылады. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 273 ұстаз жұмыс істейді, олардың 89 немесе 32,6% жоғары және бірінші санатты.

Қалада аумағында мемлекеттік 20 күндізгі жалпы білім беретін мектеп қызмет жасауда. Олардағы оқушылардың жалпы саны 12187 бала (2001 ж. – 18240 бала). Оқушылардың күндізгі жалпы білім алатын жалпы санының азаю саны миграцияға байланысты. Білім беру қызметтерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында соңғы 10 жыл ішінді жалпы білім беретін 5 мектеп базасында мүмкіндіктері шектелген 139 балаға арналған 17 түзетуші-дамытушы оқыту сыныптары ашылды және білім беру мекемелерінің 66 мүгедек балалары үйлерінде білім алуда.

Жезқазған қаласында оқушы орындарының тапшылығы жоқ. Барлық мектептерде оқыту екі ауысымда жүргізіледі, сыныптардың орташа толықтығы 19,75 құрайды.

Қазіргі кезде Жезқазған қаласында 36 медициналық мекеме жұмыс жасайды, оның 13 (36,1%) – мемлекеттік, ал 23 (63,9%) – жеке меншік болып табылады. Көрсетілетін қызмет түрлері бойынша медицина мекемелерінің құрамында 1116 кереуетті 8 аурухана мекемесі, 12 амбулаторлық-емханалық мекеме, 1 жедел жәрдем станциясы, аурухана мекемелерінің қарамағындағы 5 емхана және 10 ОДА (отбасылық-дәрігерлік амбулатория) бар. Халықтың әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыру деңгейі де жағымды өзгеріске ие. Қалада құрт ауруымен ауыру зерттеліп отырған кезеңде 2 есеге азайды. Құрт ауруының асқынған түрімен ауыру оқиғалары 0,3%-ға азайды. Бұл жағдай, өз кезегінде, осы аурудың салдарынан болатын өлім оқиғаларының санын қысқартты, яғни өлім саны 14 тармаққа азайды.

897 вопросов

1,106 ответов

286 комментариев

28,050 пользователей

...