Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Жиренше шешен мен қарашаш сұлу туралы аңыз

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

2 Ответы

0 голосов
ответил 14 Ноя, 15 от Баян

Жиренше (ХІҮ-ХҮ) — аты аңызға айналған дала данышпаны, шешен. Түркі халықтарына ортақ ойшыл. Өмірде болған тарихи тұлға ретіндегі болмысы аз зерттелген. Бірқатар өмірбаяндық деректерінің нақтылығына, шығармашылық стилінің айқындығына және автор ретіндегі есімі ел есінде ғасырлар бойы еш өзгеріссіз сақталғандығына қарамастан, Ж.-ге әпсаналық кейіпкер, жиынтық образ ретінде қарау басым. Шығыс мәдениетінің көне дәуірлердегі өкілдерін персонификациялауға күмәнмен қарауға бейім «евроцнтризм» салқыны сезіледі. Тіпті, әдеби лақап (псевдоним) пен жиынтық образ негізінде де шындық жататынын естен шығаруға болмайды. Ж. шешендік сөздері — далалық өркениет тәжірибесінің жарқын көріністерінің қатарына жатады. Терең тағылымды толғамдар өміршеңдікке шақырып, ақыл-ой салтанатын түйсінуге мүмкіндік береді.

оставил комментарий 14 Ноя, 15 от Баян
Жиренше шешен (туылған-өлген жылы белгісіз) — Қазақ хандығын құрған Жәнібек хан (15 — 16 ғ-лар) — қазақтың ақыл-парасатымен, тапқырлығымен аты аңызға айналған ділмәр шешені. Аңыз-әңгімелердің дерегі бойынша ол тарихта болған, әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген кісі, бірақ тарихи шығармаларда Жәнібек ханның төңірегінде ондай адам болды деген дерек кездеспейді. Халық аңыздары бойынша, Жиренше шешен кедей адам болған. Ол дербес Қазақ хандығын құруда ханға көмектескен, оған пайдалы кеңестер айтып, халық бұқарасының атынан сөйлеген. Оның атынан айтылып, халық жадында сақталған аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздер көп. Олардың көпшілігі 15 — 16 ғ-лардан басталатын халық шығармасына немесе әлденеше адамның, бірнеше буынның өңдеп, өзгертуінен өткен ортақ мұраға айналып кеткен. Жиренше шешен туралы аңыздарда оның әйелі Қарашаш та ақылды әрі тапқыр жан ретінде суреттеледі. Басқа түркі тілдес халықтар фольклорында да Жиренше шешен туралы ертегі, аңыз, әңгімелер кездеседі. Мысалы, қарақалпақта Жиренше шешен, қырғыздарда Жээренче чээчэн, түрікменде ақылды да тапқыр, әділ Ийкренче туралы аңыздар бар. Жиренше шешен туралы әңгімелерді, негізінен, үш салаға бөлуге болады. Біріншісінде ол Жәнібек ханның уәзірі, ақылшысы, досы ретінде бейнеленеді, екіншісінде ханның кемшіліктерін бетіне айтып, ақыл-парасатымен өзін оған мойындата білген әділ адам ретінде суреттелсе, үшіншісінде оның өз әйелі Қарашашпен, т. б. қарапайым халық бұқарасы өкілдерімен қарым-қатынасы көрсетілген.[1] Жиренше шешен жөнінде өзге халықтардың шығармаларында да сөз болады. Түркі-Моңғол, Үнді-Еуропа халықтарының біразының фольклорында да ол туралы әңгіме бар. Қазақ фольклорында бар Жиренше шешен жайындағы аңыз әңгімелердің кейбір нұсқалары негізгі кейіпкердің атымен, мысалы, қарақалпақ (Жиренше), қырғыз (Жээренче чээчен), түрікмен (Йикренче) фольклорына ауысқаны байқалады. Жиренше шешен туралы ертегілер, әңгімелер қазақ фольклорында шамамен XV ғасырдан басталады. Онда шешендік сөздің үлгілерімен қатар, тұрмыс-салт ертегілері де бар. Жиренше шешен атымен байланысты әңгімелердің ішінде ең көп тарағаны — оның көркіне ақылы сай, дана қыз Қарашашқа үйленгені. Жалпы зерттеулер Жиренше шешеннің атына қатысты аңыз әңгімелерді үш топқа бөледі. Біріншісі—Жиренше шешенді Жәнібек ханның ақылшысы, әрі досы етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда Қазақ хандығын құрысуға белсене қатысқан Жәнібек ханға деген ел ілтипатының әсері айқын аңғарылады. Екіншісі — Жиренше шешенді әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресуші етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда ол ханды әшкерелеуші, ханның зорлығына өзінің ақыл- парасатын қарсы қоюшы, тапқыр ақыл иесі ретінде бейнеленеді. Үшіншісі — Жиренше шешеннің көпшілік арасындағы күнделікті қақтығыстарда айтатын тапқыр әзіл-қалжың сөздері. Осы шығармалардың арқасында Жиренше есімі ұмыт болмай ғасырдан ғасыр асып, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.
оставил комментарий 14 Ноя, 15 от Баян
Халық аузынан
Жиренше шешен қазақтың дәстүрлі ауыз әдебиеті арқылы халық арасына атақ-даңқы кеңінен жайылған айтулы тұлға. Оның туған жылын, қайсы атадан шыққанын, өмір жолдарын дәл тауып айту мүмкін емес. Өйткені Жиренше шешен халық ауыз әдебиетіндегі Алдар Көсе, Қожанасыр тәрізді аңызға айналып кеткен фольклорлық бейне. Аңыз бойынша ол Әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген. Жиренше шешен сол Әз Жәнібектің сарай биі, шешені болғанға ұқсайды. Өйткені халық аузында да, тарихи шежірелерде де екеуінің есімі қатар аталып отырады.

Әз Жәнібектің шамамен 1406-1473 жылдар аралығында өмір сүргені аян. Бір аңызда аң аулап серуен құрып жүрген Жәнібек жігіт кезінде 7-8 жасар шамасындағы аққұбаша жетім балаға кездесіп, танысады. Оны үйіне әкеліп, жуындырып өзіне серік етіп алады. Аққұбаша бала өсе келе сол Әз Жәнібек ханның сарай би-шешені боп кетеді. Сонда Жиренше шешен де Жәнібекпен қатарлас, замандас болып шықпай ма?

Ал, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының "Шипагерлік Баяны" (1996) Жиреншенің даналық шешен сөздерінен басталады.

Ал, Жиренше шешен жөнінде Қазыбек бек Тауасарұлы "Түп-тұқианнан өзіме шейін" дейтін 1993 жылы "Жалын" баспасынан шыққан (баспаға әзірлеген жазушы Балғабек Қыдырбекұлы) кітабында былай жазады: "Бір жетім баланы, Қарабай қолбала етіп алыпты, - дейді Сенкібай шал, Сеңкібай Төкеңе төрт-бес атадан қосылатын кісі. Төкең сұрастыра келе, қыз кәдімгі Жиренше шешеннің шөбелегі болып шығады. Қыз "Менің әкем Бәкір, оның әкесі Тілеубай, оның әкесі Атай, оның әкесі Шақ, оның әкесі Жиренше" - деп сайрайды"[3]. Бұл Жиреншенің өзінен бергі үрім-бұтағы. Ал, шешеннің өзінен арғы ата-бабалары әлі беймәлім.

Жиренше шешен жөнінде Қазақ Совет Энциклопедиясында былай жазылған: "Жиренше шешен қазақ ауыз әдебиетіндегі кейіпкер, ақыл-парасаттың, тапқырлықтың символы. Қазақ аңыздары бойынша Жиренше ше шен тарихта болған. Жәнібек ("Әз Жәнібек") ханның тұсында өмір сүрген кісі. Ал айда тарихта Жиренше шешен туралы нақты деректер аз. Ол жөніндегі шығармалардың дені көп халыққа ортақ сюжеттерге негіз болған. Қазақтан өзге түркі, монгол және үнді-еуропа халықтарының фольклорында Жиренше шешен туралы шығармалар кездеседі. Қазақ фольклорында Жиренше шешен жайлы ертегі, аңыз, әңгіме, анекдоттар бір топ..."[4].
0 голосов
ответил 14 Ноя, 15 от mergen
Жиренше шешен жайлы аңыз
Хан жарлығы бойынша мен де Жиреншенің қимар қатарына отырдым. Мен отыра салысымен-ақ хан менен етектеуіш басталғы ілме жауап сұрап:

- Алла жаратқанда, адам пендесін неден құралмағы шарт болған? - деді. Мен:

- Адам баласы Алла өзі жаратқан алты несібелік мінсіз бітістік пен адам пендесі өзі теретін алты несіптік ризықтан құралмағы шарт болмақ, - дедім. Хан тағы да менен:

- Соңы немен тынбақ? - деп ілмеледі. Мен:

- Жылап туылып, жырғап өсіп, ажалдан өшіп, елді ешретіп, жерді күңірентіп жер бесікке түспекке аттанбақ, - дедім. Хан:

- Сырқат деген не? - деп сұрады. Мен:

- Адамзатына ғана Алла жазған тұғырлық алты несібеге сан алуан сырқат себепкерлері жұғып, науқастандырып бұлдіру арқылы тухырлық алты несібе мен алты несіптік ризықтық дәнекерді бұзушы бұзғыншылық сырқат делінбек, - дедім. Хан:

- Сырқат қалай айықпақ, науқас қалай жазылмақ? - деді.

Мен:

- Әуелі сырқаттық сипат нақтамалылығы дәл болмақ, соған сай шипа емі дарым зәруаты дарымдылық дәлдігі туралық тапса, айығым алғысты болмақ. Науқас үйлесті күтінім шартын өтемегі жарақ. Артынша болса, бейнеті көп тартпақ, алдашы ажал торымына жолықпақ, - дедім. Хан үндеместен ризалықпен басын шұлғи берді. Мен осы орайда:

- Дат тақсыр! - дедім. Хан:

- Дат айтылмақ шарт, - деді. Мен:

- Шипа ем дарым заруатында һалал, һарамдық жоқ. Бұған осы отырған, хан бастаған игі жақсылар демегі қалай паталамақ екенін, я болмаса артынша болмағы шарт па? Осыны ашаламақ парызы қанашаңыздың, сіз тақсырдың уәжібіне мұхтасар болмағы шарт алдында тұрғылық, - дедім...
оставил комментарий 14 Ноя, 15 от mergen
Жиренше шешен жайлы аңыз
Әз Жәнібек хан жігіт кезінде өзінің бір топ достарымен серуен құрып келе жатса, алдынан бір аққұбаша бала кездесе кетеді. Жеті-сегіздер шамасындағы әлгі бала жалаң аяқ, үсті-басы жұлым-жұлым екен.

- Бұл елсіз далада неғып жүрген баласың?

- Сүтін ішіп жүрген жалғыз інгенім бар еді, содан айрылып қалып, осы даладан іздеп жүрмін.

- Інгенді тұсап қойсаң етті?

- Тұсап жүруші едім, тұсауы үзіліп кетіпті.

Жәнібек те жастайынан естияр, ақылды екен. Жетім баланың өлген шешесін жұмбақтап айтқанына түсіне қойыпты.

- Е-е, сенің шешең өліп, ана сүтінен айрылған жетім бала екенсің ғой, кел атыма мінгес. Жәнібек жігіт әлгі баланы атына мінгестіріп, үйіне әкепті. Жуып-шайындырып киіндіріпті. Ауыл адамдары оны түсіне қарап "Жиренше бала" деп атап кетіпті.

Болашақ екі дана жас кезінен-ақ осылайша кездесіп, өле-өлгенше бір-біріне ақыл-серік боп кетіпті, - дейді ел аңызы.

Жиренше шешен жайлы аңыз
Бес-алты аттылы жолаушы бір ауылға жетіп, шеткері тұрған қараша үйге ат басын тірепті. Жолаушылар ол үйдің Жиреншенікі екенін білмепті.

- Оу, кім бар бұл үйде, қонақпыз! - депті. Сонда Жиренше:

- Екі қой жеймін десеңдер, түсіңдер, бір қой жеймін десеңдер басқа үйге барыңдар! - депті. Қонақтар:

- Бұл өзі сақы мырза жігіт екен, қонсақ қонайық осы үйге, - деп, аттарынан түсіп, үйге кіріпті. Үй иесі жалғыз буаз саулығын жетектеп келіп "лә аумин" деп бата сұрапты. Қонақтың бірі:

- Мына саулығың желіндеп туайын деп тұр ғой, бойдақ қойың жоқ па еді? - дегенде, Жиренше:

- Бойдақ қойы бар болғыр жоқ еді, - депті. Бағана айтпап па едім, "Екі қой жеймін десеңдер түсіндер, бір қой жеймін десеңдер басқа үйге барыңдар деп".

Жолаушылар:

- Қой болмас, - деп аттанып кетіпті де, басқа үйге барып қоныпты. Сұрастырып қараса, әлгі "Екі қой жеймін десендер біздікіне түсіндер, бір қой жеймін десендер басқа үйге барыңдар" деген адам Жиренше екен.
оставил комментарий 14 Ноя, 15 от mergen
Жиренше шешен жайлы аңыз
"Ханда қырық кісінің ақылы болады" деген қағиданы Әз Жәнібек әрдайым есінен шығармайды екен. Ол өз төңірегіндегі би-шешен, уәзірлерін үнемі сол нақылмен сынап, тексеріп отыратын көрінеді. Бір жолы өзінің 40 уәзірінің ақыл-парасатын сынап көрмек болып, оларға "Өтірік пен шынның арасы қанша, соны айтыңдаршы" деп, 40 күн мәулет беріпті. Мұны Жиренше шешен де естіпті. Бұл сөзді біреу білетін шығар, соны іздеп табайын деп жаяу, жалғыз елден-елді кезіпті. Кезіп жүріп, бір үлкен қорғанды шаһарға жетіпті. Намаздыгер шамасында шаһар дарбазасына кіріп келе жатса, темір қоршаудың ішкі жағында астына қара көк ат мінген, басына дулыға, үстіне сауыт киген, белін буынып, найзасын жерге шаншып қойып, ер қаруы бес қаруды асынып алған біреу тұр екен. Кірген, шыққаның бәрі оған сәлем беріп өтеді. Тек Жиренше ғана амандаспай, тіпті мойын бұрмай өте беріпті. Сонда найзасын жерге тіреп, ат үстінде шіреніп отырған жігіт:

- Осы дарбаздан кірген, шыққан адам сәлем бермей өтпеуші еді, сен неге сол рәсімді жасамай, тіпті мойныңды да бұрмай өтіп барасың? - деді.

- Біріміз атты, біріміз жаяу, сәлеміміз келісе ме? - депті Жиренше. Бұл сөзге қарулы жігіт:

- Мына шаһардың жөнін білмейтін жан екенсің, кел атыма мінгес, біз-дікіне мейман бол! - дейді.

- Ер-тоқымды аттың алдын бізге, артын сізге бұйрық қылған ғой. "Ат иесі алдына мінеді" деген сөз тағы бар еді, жүр, үйіңе жаяу-ақ барамын, - депті Жиренше.

Екеуі атты, жаяулы болып мұның үйіне келеді. "Жігіт" өз бөлмесіне түседі де, Жиреншені мейманханасына кіргізеді. Мейманхана іші кірсе шыққысыз, жалғанның пейішіндей үй екен. Аққудай тізілген қыздар неше түрлі дәмге толы дастарқан. Бар сый-құрметтен соң әлгі мырза келіп:

- Қонағым әңгіме айт, - дейді.

- Біріміз бүтін, біріміз жарты, әңгімеміз жараса қояр ма екен? - дегенде, "жігіт" отыра алмай, ұялып шығып кетеді. Сөйтсе бұл жігіт деп отырғанымыз сол шаһардың патшасының қызы екен. Еркек киімін киіп, дарбазаның алдына тұрып, "келген-кеткенді сынаймын, сыныма төзген жанға тиемін" деп әкесінен рүқсат алған екен. Ал, келіп кетіп жатқан жолаушылар мұның әйел екенін білмей, иіліп сәлем беріп өтеді екен. Жиренше көргеннен-ақ осы "жігіттің" атқа отырысынан әйел екенін біле қойып: "біріміз атты, біріміз жаяу" дегені "біріміз еркек, біріміз үрғашы, қалай сәлем берісеміз" дегені екен. "Біріміз бүтін, біріміз жарты" деген сөзінен "әйел екенімді біліп қойды-ау деп сезіп, қыздың ұялып тұра жөнелген себебі сол екен. Қыз: "Маған білімі асқан жігіт кез болды, мені соған берсін" деп әкесіне кісі салдырыпты. Әкесі қош көріп, қабыл алып, жорға бие сойғызып, жоғары елді шақырып, үлкен тамаша той жасап, қызын Жиреншеге неке қиып қосыпты. Жиреншенің ақылгөй аяулы қатыны осы екен. Екеуі бір-біріне қосылып, кұрмашаны сындырып, көңілдерін тындырып, мауқы басылған соң, Жиренше шешен "мен қайтамын" депті.

Қалыңдығы: "Сен қайда барасың, әкемнің менен басқа ұлы да, қызы да жоқ. Әкем өлген соң, мына дәулетке кім ие болады? - дейді.

- Жоқ, қайтатынымның мәнісі бар: "Әз Жәнібек" дейтін ханымыз өтірік пен шынның арасын айырыңдар деп, уәзірлеріне жарлық қылды. Уәзірлер соны таба алмай қанша күнге мөулет алысып еді. Ал мен соны білуші, шешуші болар ма екем деп іздеп шыққан жан едім. Үйден шыққандағы жүмысымды аяқтамай осында тұрып қалсам, "жоқ қарап жүріп, жасауылга тұрғанның" құдды өзі болғаным ғой! Содан соң менің адамшылығым қала ма?! - дейді Жиренше.

- Болмашы нәрсенің өзі адамға әлдеқандай қиын көрінеді екен-ау! Өтірік пен шынның арасы төрт-ақ елі емес пе? Бұрынғылар айтпаушы ма еді "Өтіріктің түбі бір-ақ тұтам жер" деп. Оның мәнісі: көзбен көрген шындық, құлақпен естіген өтірік. Ендеше көзбен көрген анық, кұлақпен естіген танық емес пе? - деді қыз. Жиренше қуанып:

- Бәрекелде, іздеген жоғым табылды. Енді мен мұны Әз Жәнібек ханға тезірек жеткізе қояйын, әйтпесе қырық уәзірін бекерден-бекер жазалап жүрер. Соларға арашашы болсам, тіршілігімнің бір мәні сонда емес пе? - деп қайтуға ынғайланады. Жиреншенің кетеріне көзі жеткен соң қыз әкесіне кісі салады.

- Жат жұртқа жаралған әйелмін ғой, мынау күйеу бала ел-жұртына қайтамын - дейді, мені қалдырмасын, ұзатсын деп.

Әкесі қызының айтқанын құп көріп, алтынмен аптап, күміспен күптеп ұзатады, қастарына қырық уәзір қосып, "Қызымды берген күйеу баламның жері қандай, суы қандай, елі қандай екен, апарып салып, соларды көріп келіңдер!" - дейді.

Бұл жұрттан былай ұзап шыққан соң, Жиренше шешен: "Мен ілгері озып барып, ел-жұртымның аман есендігін білейін" деп жалғыз жүріп кетіп, еліне келсе, Әз Жәнібек сол күні "таптыңдар ма, жоқ па" деп уәзірлерін қысып жатыр екен. Олар таба алмаған екен. Таба алмаған соң жазаланбақ екен. Жиренше тұп-тура осы оқиғаның үстіне келіпті.

- Таксыр! Бұларды жазаламайтын болсаңыз, керек қылған сөзіңізді мен айтып берейін, - деп қалыңдығынан естіген сөзді бастан-аяқ айтып береді.

Хан Жиреншеге риза болып: "Маған бас уәзір болуға лайық екенсің" деп, өзіне бас уәзір қып сайлап, жабулы арғымақ, қалы кілем, қара нар, қамқа тон, тоғыз қылып сый беріпті.

Мұнан кейін: "Тақсыр арызым бар" дейді Жиренше.

- Айт, - деді Әз Жәнібек.

- Мен сондай жат жұртқа барып, бұйрық болып, бір ханның қызын айттырып қайтып едім. "Күйеуді еліне апарып салыңдар" деп қайын атам қасыма қырық уәзірін қосып берді. Олар жолда көшіп келе жатыр, мен сізге жетейін деп озып кеттім. Қандай оймен қосқанын кім біледі? Достықпен қосқан болса, жолынан қалдырмайық, дүшпандықпен қосқан болса, сыр алдырмайық, соларды орта жолда қайтарып жіберсек екен, - деді. Хан мұнысын ұнатып, қырық уәзіріне:

- Қырық ат, қырық шапан алып барып, мұның қонақтарын қайтарып жіберіңдер, - деп тапсырды.

Жиренше қырық уәзірмен қонақтарының алдынан шығып, ханның берген ат-тонын, тарту-таралғыларын тапсырып, қайырып жібереді...
оставил комментарий 14 Ноя, 15 от mergen
Жиренше шешен жайлы аңыз
Хан өзінің нөкерлері және Жиренше бимен жол жүріп келе жатып, өзен жағасында отырған үш адамды көреді. Бірі қартаңдау, екіншісі орта жаста, үшіншісі жас жігіт екен дейді. Жанынан өтіп бара жатқан топқа үшеуі орындарынан тұрып сәлем қылады. Хан олардың бетіне аздап қарап тұрады да, ілгері жүре береді. Былай шыққан соң Жиреншеден:

- Әлгі үшеуі не ойлап қалды екен? - деп сұрапты. Сонда Жиренше шешен:

- Е, хан ием, не ойлаушы еді: шал жиырма бестегі кезін ойлап жүр. Орта жастағысы жер ортасы көктөбе, ер ортасы сұр жебе. Көктөбеге жетіп, алды артына қарап, бір дем аласың. Сұр жебені тағы бір тартып, бел аласың! - деп тұр.

Ал, жас жігіт "анаған жетсем, мынаған жетсем, ананы алсам, мынаны алсам" деп, ойнақтаған ботадай дәрменсізденіп тұр депті. Хан атының басын бұрып:

- Қане, соларға қайта барып, енді өздерінен сұрап көрейік. Жиреншенің осы айтқаны рас па екен? - дейді. Келе бере шалдан:

- Әлгіде бізге жолыққанда не ойлап тұрдың? - десе, шал:

- Жиырма бестегі шағымды ойлап тұр едім, тақсыр! - депті. Ортаншысынан сұраса:

- Жер ортасы көктөбеге жетіп, алды-артыма бір қарадым. Ер ортасы сұр жебе деп, тағы бір толғап тартсам, сөйтіп бел алсам деп едім депті. Жас жігіт тұрып:

- "Анаған жетсем, мынаған жетсем" деп, көңілім ойнақтаған ботадай алабұртып тұр еді, - дейді. Хан қасында тұрған Жиреншеге қарап:

- Сен білгір де данышпан екенсің, бұдан былай менің оң жағымда отыратын бас биім боласың, - деп оған ризашылық білдіріпті.

897 вопросов

1,106 ответов

286 комментариев

28,050 пользователей

...