Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Тиін туралы əңгіме, ертегі, сипаттама, мәліметтер, реферат және жұмбақ беріңіздерші?

1,020 просмотров
спросил 21 Сен, 15 от Баян в категории Природа, Экология

Тиін туралы əңгіме, ертегі, сипаттама, мәліметтер, реферат және жұмбақ беріңіздерші? 

 

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

3 Ответы

0 голосов
ответил 21 Сен, 15 от mergen

Тиін туралы реферат және мәлімет

Тиін — әрі епті, әрі жеңіл қимылдайтын, әрі жақсы өрмелейтін және талдан талға оңай секіретін омыртқалы жануар. Қоректері: емен жаңғағы, грек жаңғағы, бадам (миндаль), орман жаңғағы, гүлдің қауызы, саңырауқұлақ, жаңа ағаш қабықтары, жәндік, ұлулар болып табылады. Ғылыми болжамдар бойынша дүние жүзіндегі миллиондаған ағаштар тиіндердің көміп-сақтаған, кейін ұмытып кеткен қауашақ сортты ағаш тұқымдастарынан өсіп жетілуде. Тиіндер дәндер мен жаңғақтарды бөлек-бөлек топыраққа мұқият көмеді, не ағаш қуыстарына жасырады. Дене тұрқы 16 – 28 см, салмағы 450 – 600 г. Түсінің үстіңгі бөлігі ақшыл сұр не жирен, қоңыр, ал астыңғы бөлігі толығымен ақ болып, үлпілдек, қалың жүнді, құйрығы ұзын (23 см-ге дейін) болып келеді. Артқы аяқтары ұзынырақ және мықты болған соң ағаштан ағашқа қарай 10-12 метрге дейін секіре алады. Мұншалықты ұзындыққа секіруге оның үлпілдек құйрығы көмектеседі. Орташа өмірі 10 жылға дейін. Тұрғылықты аң, орманды және ағашты жерлерде, тоғайларда мекендейді. Азықтары мол жылдары көбейіп, ал азық қоры аз жылдары саны өте кеміп кетеді. Орташа өмірі 10 жылға дейін. Қоректері аз жылдары олар ауып, ауыл шетіндегі бау-бақшаға, парктерге келеді. Қазақстанның шығыс, орталық және солтүстік аймақтарында, Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауының арағайлы ормандарында мекендейді. Ұясын ағаш басына, кейде кеуегіне, не жартас жарығына, немесе тоқылдақ тескен ойықтарға 30-40 см диаметрде салады. Ұясының ішін мүктермен және шөптермен әрлейді.

0 голосов
ответил 21 Сен, 15 от ZHARAR

Тиін туралы жұмбақ

Жауымнан мен қашқанда
Ағаштарға самғап бағам
Ал қарыным ашқанда
Отырып ап жаңғақ шағам 

 

0 голосов
ответил 21 Сен, 15 от Асыл

Тиін туралы ертегі

Қожанасырдың төбесі таз екен. Бір күні ол шашын алдырып болып, ақысына тесік тиын ұстата салыпты. Шаштараз бажылдап: - Тесік тиынды кім алады? Бүтінін бер! - депті. - Бүтін тиынды төбеме шаш шыққанда аларсың, - деп Қожекең жүре беріпті.

897 вопросов

1,106 ответов

286 комментариев

28,050 пользователей

...