Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Қазақтың сәбиге ат қою рәсімі

241 просмотров

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

7 Ответы

0 голосов
ответил 18 Июль, 15 от mergen

Қазақтың балаға ат қою рәсімі

Қазақтың балаға ат қою рәсімі

 

Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбірі заманына сай, ел арасында кең таралған, заманауи есімдерді қойып жатса, кейбірі ата-бабаларының, ұлы тұлғалардың есімін, кейбірі ежелгі есімдерді қояды. 

Азан шақырып ат қою

Жаңа туған сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен адам болсын деген үмітпен ата-анасы жасы үлкен, сыйлы адамға ат қоюға қолқа салады. Жастардың әке-шешесі, ата-әжесі тірі болған жағдайда сәбиге атты солар қояды. Үлкендердің айтқаны бұлжытпай орындалатындықтын, міндетті түрде солар ұсынған ат қойылады. Кейде жастармен келісе отырып, бала есімін үлкен кісілер таңдайды. Балаға есім үш күн ішінде берілуі құпталады.

Ауылдың беделді азаматы сәбиді қолына алып, азан шақырып, ағайын-туыспен бірге таңдалған есімді сәбидің құлағына қайталайды. Ежелде ақсүйек әулеттердің баласына есімді молда құран оқып, кітапқа қарап қойған екен.

Сәбиге ат қойғанда айтылуы қиын, қатаң дыбысты, жақсы да жаман мағына беретін немесе айқайлап тұрған есімдерден аулақ болған жөн.

Есім адамның тағдырына, болмысына әсер ете ме деген сауал төңірегінде ғалымдар ХХ ғасырдан бері зерттеулер жүргізіп келеді. Соның негізінде адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылымы пайда болған. Ғалымдардың зерттеуінше адам аты оның өміріне айтарлықтай әсер етеді екен, баланы неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, тұла-бойы да соған сәйкес көркемделе түседі.

0 голосов
ответил 18 Июль, 15 от mergen

 

Ырымға байланысты ат қою

Көбіне қазақтар ырымдап ат қойған. Мысалы, ертеректе бала туысымен ең алғаш кездескен кісінің атын қою дәстүрі болған. Мұны жақсы ырымға балаған. Сәбиге көз тимесін, өмірі ұзақ болсын деген мақсатпен мағынасы ерсі немесе сиқысыз есімдерді қойған. Мысалы, Сасық, Қисық, Шоқпыт және т.б. Бірақ қазірде бұл ескірген ырымдар қатарында.

Бұрынырақта балаға қолбасшы, пайғамбар, батырлардың есімін берсе көтере алмай, ауырып қалады деп сенген. Сондықтан ондай есім бергеннің өзінде есейгенше еркелетіп, басқа атпен атаған.

Адам есімі тағдырына байланысты дегенді ескерсек, ежелде бала аурушаң, не үлкен қасіреттен аман қалса, тағдырын өзгерту мақсатында атын да өзгерткен. Алайда бұл ырымның қаншалықты өмірде іске асқандығы жайлы нақты деректер жоқ.

 

Есімдерді ырымдап қоюдың 15 негізгі түрі бар:

Ырымдар

Есімдер

Балаға артық саусағына қарай ат қою Артық, Артықәлі, Артықбай, Қосекен
Балаға тіл-көз тимейді деген ниетпен ат қою

Жаманбай, Қойшыбай, Ошақбай, Тезекбай

Баланың дені сау, жаны берік болуы үшін ат қою

Тасболат, Тастемір, Шымырбай

Баласы шетіней берген шаңырақта жас сәбиге ат қою

Аман, Аманкүл, Есен, Жүрсін, Тоқтар, Тұрсын, Тұрсынкүл
 

Бала-шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қою

Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжасар, Мыңжасар, Өмірбек, Сексенбай, Тоқсанбай, Ұзақбай

Бұрын-соңды болған қару-жарақ аттарына байланысты ат қою

Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбай, Шоқпарбай

Солардай атақты, беделді, құрметті болсын деп елдің ардақты азаматтарының атын беру

Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек, Махамбет, Қазыбек, Әлихан, Сәбит, Сәкен, Сырым, Ыбырай

Ерекше көзге түскен белгілеріне қарай ат қою

Анарбай, Қалдыгүл, Қалдыбай, Құдірет, Меңдібай, Меңдігүл, Сүндет

Ислам дінінің әсеріне байланысты ат қою

Ғали, Жамал, Зылиха, Иса, Мұхаммед, Омар, Оспан, Сүлеймен, Хадиша

Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың, қымбат маталардың, нәзік өсімдіктердің атын қою

Айман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз, Күміс, Құралай, Мақпал, Меруерт, Раушан, Шолпан, Шынар

Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою

Лекер, Шалабай, Шалабек

Көп күткен, тілеп алған, мұрат-мақсатыма жеттім-ау деген ниетпен ат қою

Тілеуқабыл, Тілеуберген, Құдайберген, Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат, Қуаныш

Соңғы бала деген ниетпен ат қою

Кенжебай, Кенжегүл, Кенжетай, Еркебала

Төрт түлік мал, аң мен құстарға байланысты ат қою

Арыстан, Аюбай, Бота, Ботагөз, Бүркіт, Қойшыбай, Сандуғаш

Келесі бала ұл болсын деген ниетпен ат қою

 

Ұлбала, Ұлжан, Ұлболсын, Ұлту, Болған, Тойған

 

0 голосов
ответил 18 Июль, 15 от mergen

 

Басқа халықтардан енген есімдер

Қазақтарда сонымен қатар өзге халықтардан сіңген есімдер өте көп. Айтылуы да, естілуі де әдемі, өзге тілде жақсы мағына беретін есімдерді қою соңғы жылдары кең танымал. Әсіресе, қазақтарда ежелгі түркі, араб, Иран есімдері көп. Мысалы, ежелгі түркі есімдері: Едіге («жақсы»), Ораз («байлық, сәттілік»), Манас («Сұмдық алып»), Бөкей («батыр, мықты»).

Араб есімдері: Абылай («ата, әке»), Аида («сыйақы, пайдалы»), Әсел («бал»), Әмина («сенімді»), Асхат («бақытты, сәтті»), Ғазиза («сүйікті, қымбатты»), Ғани («бай»), Данияр («жақын, таныс»), Динара («күміс ақша»), Жамал («әдемі, тартымды»), Қадір («құрметті»), Қайрат («күшті, қуатты»), Мәлік («патша»), Мұхит («мұхит, қоршаған орта»), Мұхтар («ерекше, таңдамалы»), Рәзия («сүйікті, тартымды»), Сәбит («нық, сенімді»).

Иран есімдері: Айдана («ақылды, дана»), Айнагүл («таза, мөлдір»), Ахан («темір»), Бақтияр («ба-қытты, қалаулы»), Бибігүл («Гүл шашқан ханым»), Дана («данышпан, ақылды»), Жәния («нәзік жанды»), Раушан («көрнекті, ашық-жарқын»), Рүстем («батыр, ержүрек»).

Қазірде түрік (Айлин, Әмина, Айша), ұйғыр (Ділназ, Гүзел, Адель, Гүлзар, Арслан), татар (Замира, Зухра, Мунира, Насима) аттары қазақтар арасында кең таралған.

Сурет: veta.kz, vk.com, kuttybolsyn.kz

Түпнұсқа: www.info-tses.kz

Дайындаған: Анар Мұстафин

0 голосов
ответил 18 Июль, 15 от mergen

Азан шақырып ат қою

Жаңа туған сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен адам болсын деген үмітпен ата-анасы жасы үлкен, сыйлы адамға ат қоюға қолқа салады. Жастардың әке-шешесі, ата-әжесі тірі болған жағдайда сәбиге атты солар қояды. Үлкендердің айтқаны бұлжытпай орындалатындықтын, міндетті түрде солар ұсынған ат қойылады. Кейде жастармен келісе отырып, бала есімін үлкен кісілер таңдайды. Балаға есім үш күн ішінде берілуі құпталады.

Ауылдың беделді азаматы сәбиді қолына алып, азан шақырып, ағайын-туыспен бірге таңдалған есімді сәбидің құлағына қайталайды. Ежелде ақсүйек әулеттердің баласына есімді молда құран оқып, кітапқа қарап қойған екен.

Сәбиге ат қойғанда айтылуы қиын, қатаң дыбысты, жақсы да жаман мағына беретін немесе айқайлап тұрған есімдерден аулақ болған жөн.

Есім адамның тағдырына, болмысына әсер ете ме деген сауал төңірегінде ғалымдар XX ғасырдан бері зерттеулер жүргізіп келеді. Соның негізінде адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылымы пайда болған. Ғалымдардың зерттеуінше адам аты оның өміріне айтарлықтай әсер етеді екен, баланы неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, тұла-бойы да соған сәйкес көркемделе түседі.

0 голосов
ответил 18 Июль, 15 от mergen

Ырымға байланысты ат қою

Көбіне қазақтар ырымдап ат қойған. Мысалы, ертеректе бала туысымен ең алғаш кездескен кісінің атын қою дәстүрі болған. Мұны жақсы ырымға балаған. Сәбиге көз тимесін, өмірі ұзақ болсын деген мақсатпен мағынасы ерсі немесе сиқысыз есімдерді қойған. Мысалы, Сасық, Қисық, Шоқпыт және т.б. Бірақ қазірде бұл ескірген ырымдар қатарында.

Бұрынырақта балаға қолбасшы, пайғамбар, батырлардың есімін берсе көтере алмай, ауырып қалады деп сенген. Сондықтан ондай есім бергеннің өзінде есейгенше еркелетіп, басқа атпен атаған.

Адам есімі тағдырына байланысты дегенді ескерсек, ежелде бала аурушаң, не үлкен қасіреттен аман қалса, тағдырын өзгерту мақсатында атын да өзгерткен. Алайда бұл ырымның қаншалықты өмірде іске асқандығы жайлы нақты деректер жоқ.

0 голосов
ответил 18 Июль, 15 от mergen

Басқа халықтардан енген есімдер

Қазақтарда сонымен қатар өзге халықтардан сіңген есімдер өте көп. Айтылуы да, естілуі де әдемі, өзге тілде жақсы мағына беретін есімдерді қою соңғы жылдары кең танымал. Әсіресе, қазақтарда ежелгі түркі, араб, Иран есімдері көп. Мысалы, ежелгі түркі есімдері: Едіге («жақсы»), Ораз («байлық, сәттілік»), Манас («Сұмдық алып»), Бөкей («батыр, мықты»).

Араб есімдері

Абылай («ата, әке»), Аида («сыйақы, пайдалы»), Әсел («бал»), Әмина («сенімді»), Асхат («бақытты, сәтті»), Ғазиза («сүйікті, қымбатты»), Ғани («бай»), Данияр («жақын, таныс»), Динара («күміс ақша»), Жамал («әдемі, тартымды»), Қадір («құрметті»), Қайрат («күшті, қуатты»), Мәлік («патша»), Мұхит («мұхит, қоршаған орта»), Мұхтар («ерекше, таңдамалы»), Рәзия («сүйікті, тартымды»), Сәбит («нық, сенімді»).

Иран есімдері

Айдана («ақылды, дана»), Айнагүл («таза, мөлдір»), Ахан («темір»), Бақтияр («ба-қытты, қалаулы»), Бибігүл («Гүл шашқан ханым»), Дана («данышпан, ақылды»), Жәния («нәзік жанды»), Раушан («көрнекті, ашық-жарқын»), Рүстем («батыр, ержүрек»).

Қазірде түрік (Айлин, Әмина, Айша), ұйғыр (Ділназ, Гүзел, Адель, Гүлзар, Арслан), татар (Замира, Зухра, Мунира, Насима) аттары қазақтар арасында кең таралған.

Дерек көздері - массагет сайты

 

0 голосов
ответил 18 Июль, 15 от mergen

Балаларға ат қою

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті. Бала дүниеге келгесін бір аптадан кешіктірмей ат қою қажет. Мұны бірнеше күн бұрын немесе кейін атқарсада болады. Мұхаммед (с.ғ.с.) Ибраһим деген баласы туылған кезде бір аптадан кейін Аллаға бір мал садақа берген. Шақырған қонақтары ішіп-жеп болғасын, олардың алдында сәбиге ат қойылды. Сол күні баланың шаштары алынып, сол шаштардың салмағындай ақшаны Алла жолына садақа етті. Балаға ат қою тәртібі азан шақырумен басталады. Баланың аяғын Құбылаға қаратып жатқызып, оң жағында тұрып азан, сол жағында қамат айтады. Соңынан: «Сенің атың пәлен болсын »,-деп құлағына қойылған есімді үш рет естіртеді. Ата-анасының перзенті алдындағы борышы осымен басталады.Хадисте: «Әкенің бала алдындағы міндеті – жақсы ат қою және жақсы тәрбие беру »,-делінген. Отансыз адам болмайды. Ал Отаны болған адамның бойында ата құлқы, ана сүтімен бойына сіңген Отанына деген сүйіспеншілік болуға тиіс. Басқаны былай қойғанда ата салтымызды ардақтап, ұл-қызымызға ежелден қалыптасқан нағыз қазақ есімдерін қою – отаншылдық рухта тәрбиелеуде маңызы зор екендігінде сөз жоқ. Алайда, өткен зобалаңдардан халқымыз көптеген рухани құндылығынан айырылды. Ғасырлар бойы қалыптасқан тек қазақ халқына тән өзгешеліктерді қасиет тұтудан гөрі «дамыған батысқа» еліктеушілік әдетке айналды. Тіпті, адамға есім қоюдың өзі батысқа еліктеушіліктен тыс қалмай, қазақтардың ішінде Партия, Октябрь, Роман, Альберт, Роберт, Мэльс деген секілді есімдер пайда болды.Ислам ұғымында ата-ананың баласы алдындағы парызы – имандылыққа тәрбиелеу. Себебі – имандылық адам өмірінің нәрі. Ал, имандылық адам бойына қайдан сіңісті болмақ? Әлбетте, оның негізі отбасында. Әке мен ана – отбасының тірегі болып есептеледі. Шынымен бала тәрбиесі тұрғысынан алғанда әкенің қолында болат қашау, шешенің қолында күміс жонғыш бар тәрізді. Осы себептен, баланың тәрбиесіне қатысты жауапкершілік міндеті ең алдымен ата-анаға жүктеледі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әкенің баласы үшін жақсы тәрбие беруден артық сыйы жоқ »,-деген. Мұсылманда балаға әдемі ат қою, мүбарак есім беру басты шара. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Қиямет күні өз аттарыңыз және әкелеріңіздің аттарымен шақырыласыздар.

Сондықтанбалаларыңызғажақсыатқойыңыздар»,-дегенекен. Расулуллаһ (с.ғ.с.) мағынасыз және жағымсыз аттарды жақтырмайтын еді. Бірде Хузн деген сахабамен кездескенде, одан: «Атың кім? »-деп сұраған. Ол: «Хузн (яғни «қайғы») »,-дегенде Мұхаммед (с.ғ.с.): «Сенің атың – Сахл (мағынасы «жеңілдік») болсын »,-депті. Сахаба: «Жоқ, Әкем қойған атты өзгертпеймін »,-деп өлгенше сол атпен жүріпті.

Ал, Хузнныңбаласыкейін: «Әкемқойғанатынөзгертпеді. Біз ешқашан қайғыдан құтылмадық »,-деген екен. Балаға ат қойғанда екінші бір мәселе бар. Алланың «Аллаһ» есімінен басқа және 99 көркем есімі бар. Бұлар – Алланың сипаттары. Көп адамдар Алланың осы сипаттарын есім ғып қояды. Ислам ғұламаларының айтуы бойынша Алланың кейбір сипаттарының тек өзін балағат қылып қоюға болмайды. Мысалы: «Халиқ », «Жаратушы »-бала немесе адам жаратушы бола алмайды ғой. «Құддыс », «Кемшіліксіз », «Рахман », «Аса қамқор ». Бұл есімдер тек Алланың өзіне ғана лайық. Егер осы Алланың сипаттарын білдіретін аттарды қоюды қаласаңыз, онда «абд», яғни «құлы» деген сөзді қосу керек.Мысалы, Абдихалық – Жаратушының құлы, Абдырахман – аса қамқор Жаратушының құлы. Және Ислам ғұламаларының пікірінше Алланың сипаттарын білдіретін аттарды қоюға болады. Бірақ, ол адам сол есімге лайық болуы керек. Мысалы, Ғалым – білуші, Самиғ – естуші, Басыр – көруші, Қадыр – күші жетуші. Абзалы осы сипаттардың алдына «абд» сөзін жалғау. Мысалы, Абдығалым – білушінің құлы немесе білушіден сұраушы, Абдысамиғ – естушінің құлы, Абдыбасыр – көрушінің құлы, Абдықадыр – күші жетушінің құлы. Енді Ислам дінінде кітаби аттар бар. Бірде Жәбірейіл (ғ.с.) келіп, Мұхаммедке (с.ғ.с.): «Я, мұхаммед! Алла Тағала сізге сәлем жолдап, мынаны айтты: «Я, Әуелгі және Ақырғы пайғамбар! Егер сенің үмметіңе осы аттарды қойса, оларға көр азабы болмайды »,-деді.

897 вопросов

1,106 ответов

286 комментариев

28,050 пользователей

...