Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Қадір түнінде оқылатын дұғалар керек / Кадыр туниндеги окылатын дуга керек

118 просмотров
спросил 15 Июль, 15 от Марат в категории Рамазан, Ораза айт

 

Қадір түнінде оқылатын дұғалар керек

Кадыр туниндеги окылатын дуга кажет
 

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

5 Ответы

0 голосов
ответил 15 Июль, 15 от Асыл

Ораза ұстасақ та ұстамасақ та бұл түнде аз да болса құлшылық еткен дұрыс екен. Қадыр түні намаз оқымасаңдар да діни сауат ашатын кітап, мақалалар оқыңдар. Алла Тағала бәріміздің біліп, білмей істеген күнәларымызды кешірсін.

Бұл түні мына дұғаны оқу керек:
 

«Алаһуммә иннәкә афуун, түхиббүл афуа, фағфу анни (Алла Тағалам, Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, менің күнәларымды кешіре гөр!)»
0 голосов
ответил 15 Июль, 15 от Асыл

1.Ықлас сүресін 100 рет оқу керек.  

Бисмилләһир рахмәнир рахим. Қуль һу уаллаһу аһаді. Аллаһус самаді. Ләм иәлиді, уә ләм иуләді. Уә ләм иәкуль ләһу куфууән ахаді. 

Ықлас сүресінің қазақша мағынасы: «Алла біреу ақ. Алла мұңсыз. (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес».  

2.Қадыр сүресі – 100 рет.  

Бисмилләһир рахманир рахим. Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр. 

Қадір сүренің қазақша мағынасы былай болып келеді: «1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез-келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады». 

3.Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ – 100 рет. 

Қазақша мағынасы: Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі. 

4.Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ – 100 рет. 

Қазақшасы: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ және Мухаммед Оның Елшісі және құлы екендігіне куәлік беремін. 

5.Астәғфируллуһ – 500 рет. 

6.Лә иләһә иллаллаһ уахдәһу лә шарикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ғалә кулли шәйин қадиир – 100 рет. 

Айта кетейік, Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу, басқа уақытта Құран кәрімді хатым еткеннен де артық сауап. Қадір түні бір рет «Субханалла», бір рет «Әлхамдулилла», бір рет «Лә илаһа иллалла» деп айту 700 мың тәсбих, тахмид және тәһлилден құнды болады. Бұл түні қой сауымындай уақыт (аз уақыт) намаз оқу, ғибадат ету бір ай барлық түндерді таңға дейін ғибадат етуден де құнды.

 

Қамшының сабындай қысқа ғұмырын құлшылықпен өткізіп, Алла тағаланың разылығын табуды қалаған құлдар үшін ең қасиетті түн – Қадір түні. Оның қасиеттілігі сол бұл түнде жасалған құлшылықты Жаратушы Иеміз мың айда жасалған ғибадаттан артық деп қабылдайды. Мың ай қарапайым арифметикалық жолмен есептегеннің өзінде сексен үш жылдық мерзімді қамтиды. Ал кейбір ғалымдар мың деген санды араб халқы негізінен «өте көп» деген мағынада қолданады. Сондықтан Құранның: «Қадір түні мың айдан қайырлы» деген аятындағы «мың» сөзі де «өте көп» деген мағынаны береді деп есептейді. Бұл жағдайда ол сан одан да өсуі мүмкін.

 

оставил комментарий 15 Июль, 15 от Асыл
Түннің «Қадір түні» деп аталуын ғалымдар бұл түнде Алла тағала адамдардың келесі жылғы тағдырын, яғни өмірі мен өлімін, рызық-несібесін, бақытты немесе бақытсыз болуын т.б. жазатындығымен байланыстырады. «Қадір» және «тағдыр» сөздерінің түбірлестігінен де осыны аңғаруға болады.

Бізден бұрынғы үмметтердің бізге қарағанда әлдеқайда көбірек өмір сүргендігі анық. Мәселен, Зұл-Қарнайн патшаның дәуірінде адамдар бес жүз жыл шамасында өмір сүрген. Сол дәуірлердегі адамдардың арасында мың айды ғибадатпен өткізбесе, өзін құлшылық етуші деп санамайтын кісілер болған. Олар осы мақсатқа жету үшін уақыттарын барынша ғибадат жасаумен өткізген. Ал енді жүз жыл шамасында ғана өмірі бар біздің үммет үшін мынадай мың жылға татырлық түннің нәсіп етілуі Алла тағаланың мұсылман үмметіне берген үлкен нығметі.

Түннің «Қадір» деп аталуының өзінде терең мән бар. Бұл түнде қадірлі үмметке қадірлі Кітабымыз түскен. Үмметтің қадірлі болатындығы Пайғамбарымыз (с.а.с.) мәңгі сапарға аттанарда, Жәбірейіл періштеден өз үмметі туралы сұрағанда, ол Алла елшісін (с.а.с) екі нәрсемен сүйіншілеген болатын. Жәбірейіл періште: «Алла Тағаланың жәннатына Сен кірмейінше ешбір пайғамбар кірмейді және сенің үмметің кірмейінше ешбір үммет жұмаққа кірмейді» деп сүйіншілеген еді. Олай болса, бұл түнде қадірлі үмметтің қадірлі пайғамбарына қасиетті Құран түсті.

Құран Кәрім – мұсылмандар өміріне басшылық ететін, пайда мен зиянның, жақсы мен жаманның, тура жол мен адасудың ара жігін ажыратып беретін баға жетпес құнды кітап. Олай болса, мүминдер үшін бұл кітап түскен түннің қадірі аса жоғары екендігі сөзсіз. Әрине, ғалымдар арасында Құранның түскендігі анық, алайда оның жер бетіне немесе көктің соңғы қабатына түскендігі туралы әркелкі пікірлер бар. Бір топ ғалымдар: «Құран Қадір түнінде аспанның соңғы қабатына бүтіндей түскен, содан соң жиырма үш жыл бойында Пайғамбарымызға (с.а.с) жеке-жеке аят, сүре қалпында түсіп отырған» деген пікірді ұстанады. Бұл топ ғалымдардың арасын да Ибн Аббас, Саид ибн Жәбир т.б. ғалымдар бар. Ал екінші топ ғалымдар «бұл түнде Пайғамбарымызға (с.а.с.) Құран Кәрімнің «Алақ» сүресі түсе бастаған» деген тұжырымды дұрыс деп санайды.

Қадір түнінде Жәбрейіл мен бүкіл періштелер жер бетіне түседі. Бұл туралы Құран Кәрімде: «Періштелер мен Рух түсіріледі» деген аят келтірілген. Мұндағы «Рух» сөзіне байланысты ғалымдар арасында Жәбірейіл періште ме, әлде ол арқылы түскен Алланың мейірімі ме, немесе одан басқа бір періште ме деген әр қилы тұжырымдар жасаған. Бірақ көп ғалымдар оны Жәбірейіл періште екендігіне тоқтаған.

Қадір түнінің нақты уақыты анық белгілі емес. Бірақ Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадис шәріптері Қадір түні Рамазан айының соңғы он күнінің бірі екендігіне әсіресе, тақ түндерін іздеу керектігін нұсқайды. Ғалымдардың көзқарастары бойынша, бұл түн Рамазан айының тақ түндерінің біріне, әсіресе, 27-ші түніне сәйкес келеді. (Қараңыз: Бұхари, Қадір, 3; Мүслим, Сиям, 216)

Бұл түннің шығу тарихы жөнінде мынадай мәлімет бар: Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алла тағалаға: «Уа, Раббым, менің үмметімнің өмірлері қысқа, амалдары аз» – деп дұға еткен. Сонда Алла тағала Пайғамбарымызға Қадір түнін сыйлады және былай деді: «Қадір түні саған және сенің үмметіңе мың айдан артық» (Сафуату тәфасир, ІІІ т., 1525 бет).

Қадір түніне қатысты мынадай бірнеше маңызды деректер айтылып жүр:

1- Құран Кәрім толық күйінде «Ләухул Махфуздан» дүние көгіне, Бәйтул Иззәтқа Қадір түні түскен. Бұл – адамзат үшін өте маңызды оқиға.

2- Бұл түнгі ғибадат – құлшылық мың айда жасалған құлшылықтан артық.

3- Алла тағала адамдардың тағдырындағы келесі жылы болатын жазмыштарды періштелеріне бұйырады.

Абдуллах ибни Аббас (р.а.) және Имам Әбул-Хаттаб әл-Басридің айтуынша, бұл түні келесі жылға дейін болатын әр түрлі маңызды оқиғалар туралы Алла тағаланың тағдыры періштелеріне аян болады.»

4- Имам Сәһл ибн Абдуллах: «Алла тағала бұл түні мүмін құлдарына рахымын төгіп, кешірім сыйлайды,» – дейді.

5- Бұл түні Рух (Жәбірейіл періште) пен көптеген періштелер жер бетіне түседі. Имам Хамд ибн Ахмад: «Бұл түні жер бетіне түскен періштелердің көптігі сонша – жер беті періштелерге сыймай кетеді» деп көрсеткен.

Қадір түнін қалай өткізген жөн?

Алла тағала адам баласын тек қана Өзіне құлшылық етсін деп жаратқаны хақ. Сондықтан мұсылмандар күнделікті өмірлерін құлшылықпен өткізуге тырысады. Олай болса, мың түннен қайырлы бұл түнде түрлі құлшылықтар жасап, нәпіл және қаза намаздарын оқып, Құран оқып, тәубе етіп, кешірім тілеп, өзіміз және басқалар үшін дұға жасауға болады. Алла елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім Қадір түнін артықшылығына сеніп, Алла тағаладан сауап күтіп, құлшылықпен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі» (Бұхари, Қадір, 1);
Айша анамыз Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Уа, Алланың елшісі, Қадір түнінде қандай дұға жасайын» деп сұрағанда, Расулуллаһ (с.а.с.): «Алаһуммә иннәкә афуун, түхиббүл афуа, фағфу анни (Алла Тағалам, Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, менің күнәларымды кешіре гөр!)» деп дұға етуге кеңес берді.
Сондай-ақ бұл түнді рухани дүниемізді байытатын діни кітаптар оқып, діни сауаттылығымызды арттыруға бағытталатын бейнефильмдер мен бағдарламаларды көрумен өткізуге де болады.
Қадір түнін өткізуде түні бойы дастархан жайып қою шарт емес.
Түннің барлығын ғибадатпен өткізе алмайтын кісілер, тым болмаса, түннің бір бөлігін құлшылықпен, ізгі амалдармен өткізуіне болады.
Алла тағала бұл түнде жасалған бүкіл құлшылықтарды қабыл етсін. Әмин.

А.Ноғаев
ҚМДБ уағыз-насихат бөлімінің қызметкері
0 голосов
ответил 15 Июль, 15 от mergen

Қадір түні (Ләйлә-тул-қадр)

Қадір түні Рамазан айының ішіндегі,Құран кәрімде мадақталған ең қадірлі түн болып табылады. Аяти каримада: «Қадір түні мың айдан қайырлы»делінген. Құран кәрім Расулуллаһқа осы түні түсе бастады. Рамазанның соңғы он күндері және түндерінен іздеу керек.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Аллаһу та’аланың  алдында ең қадірлі түн – Қадір түні». (У. Нәжат)

«Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу Құран кәрімді хатым етуден де сауапты. Бұл түні қой сауымындай уақыт намаз оқу, ғибадат ету, бір ай барлық түнді ғибадатпен өткізгеннен де артық».(Тәфсири муғни)

«Қадір түнін сеніп және сауабын күтіп, ғибадатпен өткізген адамның Аллаһу та’ала  өткен барлық күнәларын кешіреді». (Бұхари, Муслим)

«Ғибадат үшін ең жақсы түн  Қадір түні. Ең қорқынышты түн қабірде болатын түн. Ең жақсы түнде ең қорқынышты түн үшіндайындық жасаған адамға сүйіншілер болсын».

Пайғамбарымыз Қадір түнінде «Аллаһумма иннәкә афуун кәримун тухиббул афуа фафу анни» дұғасын оқу керектігін білдірген. Мағынасы: «Ей Раббым! Сен әрине кешірімдісің. Кешіруді жақсы көресің, мені де кешір».

Ата-бабаларымыз «Әр келгенді Қыдыр біл, әр түніңді Қадір біл» деген. Рамазанның барлық түнін ғибадатпен өткізсек, Қадір түніне кездескен боламыз.

Бұл түнді ғибадатпен өткізу үшін қаза намаздар оқу керек, Құран кәрім оқу, дұға және тәубе ету керек, садақа беріп, бұлардың сауаптарын өлі-тірі барлық мұсылмандарға бағыштау (арнау) сауап іс болып табылады.

 

Сұрақ: Қадір түнінің маңыздылығы қандай және 27-ші түні екендігі нақты ма?

Жауап: Қадір түні – Рамазан айының ішіндегі бір түн. Қадір түнінің қай түн екендігі нақты белгісіз. Ғұламалар «Аллаһу та’ала разылығын жақсылықтардың ішіне, ашуын күнәлардың ішіне, “орта намазын” бес уақыт намаздың ішіне, әулиесін адамдардың арасында, ал Қадір түнін Рамазан айының ішінде жасырған» деген.

Сондықтан да Аллаһу та’аланың разылығына қауышу үшін ешбір жақсылықты кішімсімеу керек. Ашуы күналардың ішінде жасырылғандықтан, ешбір күнәні кішімсімеу керек. Орта намазды жіберіп алмау үшін бес уақыт намаздың бәрін уақытылы оқу керек. Әулиесі адамдардың арасында жасырылғандықтан, барлық адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу керек. Әр көргенді Қыдыр, әр түнді Қадір деп білу керек.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Аллаһ алдында ең құнды түн – Қадір түні» (У. Нәжат)

«Мың айдан да құнды болған Қадір түнінің игілігінен мақрұм қалған адам бүкіл игіліктерден мақрұм қалған болып саналады.» (У. Нәжат)

«Қадір түнін Рамазанның соңғы он күнінің ішінен іздеңдер.»(Мүслим)

«Қадір түнін Рамазанның соңғы он күнінің 21, 23, 25, 27 және 29 секілді тақ түндерінен немесе Рамазанның соңғы түнінен іздеңдер. Сауабын ойлап Қадір түнін ғибадатпен өткізген адамның күнәлары кешіріледі.» (И. Ахмед)

«Қадір түні Рамазанның 27-ші түні» (Әбу Дауд)

 

Имам Ағзам хазреті Қадір түнін көбінесе Рамазанның 27-ші түніне тура келетінін білдірген. «Қадір түніне тура келген түнді ғибадатпен өткізген адам, Қадір түнін ғибадатпен өткізгендей сауабқа бөленеді»деген хадис шәрифті ойлап жиі жиі дәлме-дәл келетін 27-ші түнін ғибадатпен өткізетін болсақ, ол түн Қадір түні болмаса да үлкен сауабқа бөленеміз.

Қадір түнін сұраған бір кісіге пайғамбарымыз «Бұл жылы Қадір түні Рамазанның алғашқы түні еді, өтіп кетті. 27-ші түнді ғибадатпен өткізген адамға денедегі қылдар санындай қажылық, умра, шәһидтік және ғази сауабы беріледі» деп жауап берді. Тағы бір ретінде «Бұл жылы Қадір түні өтіп кетті, бірақ Рамазанның 27-ші түнін ғибадатпен өткіз! Қадір түнінің сауабына қауышасың. Шапағаттан нәсіпсіз қалмайсың» деген. Хазреті Айша анамызға да «13-ші түн еді, өтіп кетті, Қадір түнін жіберіп алсаң, 27-ші түні қауышасың. Ол түнді ғибадатпен өткізсең, ахиретке сапар үшін азық ретінде ол түндегі ғибадат саған жеткілікті» деді. Хазреті Айша анамыз «Расулуллаһ алейһиссалам Рамазанның соңғы он күнінде көп ғибадат ететін еді» деген.

 

оставил комментарий 15 Июль, 15 от mergen
Қасиетті уақыттарда (түндерде, айларда) күнәлардан міндетті түрде ұзақ болу керек, жақсылықтарды және ғибадаттарды көбейту керек. Өйткені Аллаһу та’ала тарапынан жақсы көрілген адам, қасиетті уақыттарда қасиетті істермен шұғылданады. Жаман көретін құлы болса, қасиетті уақыттарда жаман істермен шұғылданады. Жаман істермен шұғылдануы, оның азабының одан да ауыр болуына және Аллаһу та’аланың бұрыңғыдан да оны жек көруіне себеп болады. Өйткені ол бұл әрекетімен осы қасиетті уақыттың берекесінен мақрұм қалып, оның құрметімен қасиеттілігін жерге таптаған болады.

Бұл түнді ғибадатпен өткізу үшін ілім үйрену керек, мәселен фиқһ кітаптарын оқу керек, қаза намаздарды оқу керек, Құран кәрім оқу керек, тәубе ету, дұға ету, садақа беру керек, мұсылмандарды қуанту керек, бұлардың сауаптарын өлі-тірі барша мұсылмандарға бағыштау керек. Қадір түнін ғибадатпен өткізген, Рамазан оразасын тұтқан, қажылығы қабыл болған адамның бүкіл күнәлары кешірілгенімен, қазаға қалған намаз, ораза қазасы және құл ақылары өтелген болмайды. Бұлардың қазасын оқып, ақыларын өтеп қарыздардан құтылу керек.



Сұрақ: Қадір түнінің белгілері қандай? Қадір түніне дәл келу (табу) үшін Рамазанның барлық түндерін қалай өткізу керек?

Жауап: Рамазанның барлық түнін Қадір түні деп ойлап әрекет етсек Қадір түніне дәл келген боламыз. Әр күні ең аз дегенде мыналарды орындау керек:

1) Құптан намазында зәм сүре ретінде «Қадір» сүресін оқу керек.

2) Қадір түнінде оқылатын дұғаны оқу керек.

3) Бір-екі бет Құран кәрім оқу керек.

4) Дін кітаптарынан бір-екі бет оқу керек.

5) Аз да болса садақа беру керек.

6) Түнде сәре уақытында, екі рәкат намаз оқып, “Сілсілие алие” деп аталатын әулиелерді атап, бұл ғалымдардың құрметіне деп дұға ету керек.

7) Күндізін де түні секілді ғибадатпен өткізу керек.



Қадір түнінің белгілері: аспан ашық және тыныш болады, ыстық та суық та болмайды. Ертеңіне күн қызарып шуақсыз туады. Қадір түнінде ит дауысы естілмейді деген ғалымдар да болған. Хазреті Убәйд бин Омардың айтып бергені: Қадір түнінде теңізге түскен едім. Суын ішкенімде тұзды емес еді, тұщы және жағымды еді.

Хадис шәрифтерде былай бұйырады:

«Қадір түні аспан ашық және жағымды болады. Суық және ыстық емес, таңертеңгісін күн қызарып шығады.» (Табарани)

«Қадір түні аспан ашық болады, ыстық та, суық та болмайды. Аспан бұлтсыз болады. Жаңбыр және жел болмайды. Ол түннің таңының белгісі күннің шуақсыз шығуы.» (Табарани)

«Қадір түнінің таңында күн шуақсыз шығады. Көтерілгенге дейін бір табақ секілді болып көрінеді.» (Мүслим)



Сұрақ: Қадір түнінің маңызы неде?

Жауап: Қадір түні Рамазан айының ең құнды, ең қасиетті түні. Қадір түні тек осы үмбетке тиесілі. Басқа пайғамбарларға мұндай ізгілікті түн берілмеді. Хадис шәрифте: «Аллаһу та'ала Қадір түнін үмбетіме сыйлады, басқа үмбетке бермеді» делінген. (Дәйләми)

Расулуллаһқа өзінен бұрыңғы адамдардың өмірлерінің қандай болғандығы білдірілгенде, өз үмбетінің өмірлерінің қысқа екендігін көрді. Өмірлері ұзақ болған бұрыңғы үмбеттердің орындаған салих (жақсы) амалдарын өз үмбеті орындай алмайды деп ойланған кезінде, Аллаһу та'ала Оған мың айдан қадірлі болған Қадір түнін ихсан етті. Аллаһу та'ала«Қадір түні сенің үмметіңдікі» деп, хабибінің көңілін жайландырды. (И. Малик)

Расулуллаһ алейһиссалам «Исраил ұрпақтарының пайғамбарларынан 80 жыл үздіксіз ғибадат еткендері болды.» дегенінде, сахабалар таңырқап қалды. Жәбірейіл алейһиссалам келіп «Йа Расулаллаһ, үмбетің айтылған пайғамбарлардың (басқа жұмыстарының тысында) 80 жыл үздіксіз ғибадат еткендеріне таңырқап жатыр. Аллаһ саған одан да жақсысын берді» деп «Қадір түні мың айдан да қайырлы»деген аятты оқыды. (Рияд-ун-насихин)

Балиғатқа толғаннан кейін 50 жыл өмір сүрген адам, 50 рет Қадір түнін өткізеді. Бір түні 80 жылға татитын болса, 50Х80=4000 жыл болады. 4 мың жыл ғибадат еткендей сауапқа қауышады. Хадис шәрифтерде былай делінді:

«Сауабын Аллаһтан үміттеніп Қадір түнін ғибадатпен өткізген адамның өткен күнәлары кешіріледі.» (Бұхари)

«Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу, басқа уақытта Құран кәрімді хатым еткеннен де артық сауап. Қадір түні бір рет "Субханаллаһ", бір рет "Әлхамдулиллаһ", бір рет "Лә илаһа иллаллаһ" деп айту 700 мың тәсбих, тахмид және тәһлилден құнды болады. Бұл түні қой сауымындай уақыт (аз уақыт) намаз оқу, ғибадат ету бір ай барлық түндерді таңға дейін ғибадат етуден де құнды.»(Тәфсир-и Муғни)

Расулуллаһ Қадір түнінде «Аллаһуммә иннәкә афуун кәримун тухиббул афуә фа-фу анни» дұғасын оқитын еді. «Йа Раббым, сен кешірушісің, кешіруді жақсы көресің, мені де кешіре гөр» дегенді білдіреді.
0 голосов
ответил 15 Июль, 15 от mergen
Қадір түнінде Аллахты есте ұстап отырған жөн!

Карта ойнап немесе жай таңғы 6-ға дейін Мұсылмандыққа тән емес нәрсемен айналысу немесе кино көру ҚАДІР ТҮНІН күткенде ЖАТПАЙДЫ!!!

Отбасыңмен дастарханда Исламға қатысты әңгіме, жақсы сөздер, ҚҰРАН КӘРІМ кітабын оқу" ең болмағанда түңгі 3-ке дейін. Мұның өзі үлкен сауап. Немесе Мешітке барып Уағыз тыңдаған жөн!!!
0 голосов
ответил 19 Сен, 15 от аида

Алаһуммә иннәкә афуун, түхиббүл афуа, фағфу анни (Алла Тағалам, Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, менің күнәларымды кешіре гөр!)»

Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/ask/3328/%D2%9B%D0%B0%D0%B4%D1%96%D1%80-%D1%82%D2%AF%D0%BD%D1%96%D0%BD%D0%B4%D0%B5-%D0%BE%D2%9B%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BD-%D0%B4%D2%B1%D2%93%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80-%D0%BA%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA-%D0%BA%D0%B0%D0%B4%D1%8B%D1%80-%D1%82%D1%83%D0%BD%D0%B8%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D0%B3%D0%B8-%D0%BE%D0%BA%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BD-%D0%B4%D1%83%D0%B3%D0%B0-%D0%BA%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BA?Like
© www.ZHARAR.com

897 вопросов

1,106 ответов

286 комментариев

28,050 пользователей

...