Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

ҰБТ: Белгілеуді қай пәннен бастау керек?

181 просмотров
спросил 11 Май, 14 от mergen в категории ЕНТ

ҰБТ-ға келгенде ең ұсақ деген нәрсенің өзі маңызды бола түседі. Әсіресе, "ҰБТ-да қалай отырамын, қандай пәннен бастаймын, қандай қаламмен белгілеймін, ішетін су алып кірейін бе?" секілді сұрақтардың өзі дүниені өзгертіп жіберетіндей көрінетіні анық. Осы сауалдардың ішінде расымен де ойлануға тұратыны "Белгілеуді қай пәннен бастаймын?"деген сауал.

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

1 Ответ

0 голосов
ответил 11 Май, 14 от ZHARAR

Сіз тестті алғаш рет белгілегелі отырған жоқсыз. Осыған дейін 10-20 дайындық тестін өткердіңіз. Бірінде қуандыңыз, екіншісінде тауыңыз шағылды. Есесіне, тәжірибе жинап үлгердіңіз. Қай пәннің алдында әлсіз екендігіңізді, қай пәнді жақсы білетініңізді де байқайтын уақыт болды. Ал енді отырып ойланыңыз. Қолыңызға қалам мен қағаз алыңыз да, реттік нөмірмен жазып шығыңыз.

Мысалы былай:

1. Қазақстан тарихы

2. Қазақ тілі

3. Орыс тілі

4. Математика

5. Таңдау пәні

ҰБТ кезінде де өзіңіз жазған ретпен белгілегеніңіз дұрыс. Оңайынан бастаңыз, сонда миыңыз бірте-бірте іске қосыла бастайды. Осылайша барлығын 1 сағаттың ішінде қарап шығуға тырысыңыз. Бірінші айналымда барлығын 100 пайыз белгілеп тастаймын деген ой болмасын. Тек сенімді жауаптарды ғана белгілеңіз. Математикада көзтаныс, жауабы жаттаулы есептер болады, соларды белгілеп кетіңіз. Оңай есептермен қосқанда 10-15-тің жауабын шешіп тастауға болады емес пе?

Екінші сағатты қиын сұрақтарға арнаңыз. Жақсылап ойланыңыз, қалтаңызда шпор болса қарауға тырысыңыз.

Үшінші сағатта толықтай тексеріс жүргізу керек. Жоғарыдағы ретпен сұрақты үтір-нүктесіне дейін оқыңыз, белгілеген жауабыңызды да, бастапқы жауапты да мұқият оқып шығу керек. Сіз отырған аудиторияда өзіңіз сенетін адам болса, мүмкіндікті пайдаланып сұрауға да болады. Уақытыңыз жетіп жатса, есептерді де қайтадан шығарып көрген дұрыс.

Үш сағатты сұрақтарға арнасаңыз, 15 минутта белгілеу парағына қарындашпен нүкте қойып шығу керек, яғни, бірден бояп шығамын деп асықпаңыз, қалған 10 минут соларды әдемілеп бояп шығуға кетеді. Соңғы 5 минут тапсыруға жеткілікті.

Бірқатар психолог мамандар ең бірінші қиын пәнді немесе есепті бастау керек деген пікір айтады. Олардың тұжырымынша, басқа пәндерді белгілеген баланың миы шаршап, қиындарын шешуге қабілетсіз болып қалады екен. Нәтижесінде қиын пән одан сайын қиындай түседі. Келісесіз бе? Егер, расымен де сондайды байқасаңыз, біз ұсынған ретті өзгертіңіз. Дайындық тесттерінде қайсысын бастаған ыңғайлы екендігін анықтаңыз, бір тестте басқалай, екінші тестте басқалай ретті қолданыңыз. Логикалық тұрғыдан қарасаңыз, бұл тәсілде күдік бар. Жарайды, ең қиыны деп химияны немесе физиканы аштыңыз делік, қиын сұрақтарды көргенде қобалжып отырған оқушының үрейін екі есе көтеріп жібермей ме? Нәтижесінде барлық білгеніңізді ұмытып қаласыз. Керісінше, оңай сабақтар миды қозғап, сізге шабыт береді.

Біздің басты айтарымыз, бәрін де тәжірибеден өткізіп көру керек. Алда екі ай және санаулы дайындық тесттері бар. Қай ретпен жасау ұтымды екендігін анықтауға асығыңыз!

Автор: Айгерім Сматуллаева

901 вопросов

1,109 ответов

288 комментариев

28,052 пользователей

...