Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Қоңыр күз деген такырыпка шыгарма керек еды жоспармен коса))

686 просмотров
спросил 24 Апр, 14 от аноним в категории Природа, Экология

Қоңыр күз деген такырыпка шыгарма керек еды жоспармен коса))

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

1 Ответ

0 голосов
ответил 24 Апр, 14 от ZHARAR

Қоңыр күз еді

(Қаз-қалпында)

Жыл он екі айдың әр мезгілі әрине әдемі. Айшығы алуан, көрінісі көркем. Құдды бір, келісті тігілген кестедей, өрнегі өзінен өзі өріліп түскендей. Әсіресе, өрмек жүзі ауып, өзен-көлден қиқу тарап, жыл құстары жылы жаққа қарай қанат қағар қарсаңда қоңыр күз келер еді қо­ңыр­­­аулатып, дүниені дүбірлетіп, тебірентіп-тербетіп. Құстар қай­тып барады сағынтып қайтып келу үшін. Күз әуені төгіліп тұр әуелетіп төңі­рек­тен. Қанық бояуға малынған текеметтей түр­леніп. Бозала таңда боз үйден сызылып шық­қан боз түтін бұйра-бұйра бұлтпен қосы­лып кетер еді көк жүзіне көсіле еркін көтеріліп. Ер­екше құлпырып, бар сиқырымен арбаған көк­жиек тұрар еді жарқын жолға алыстан қол бұл­ғап шақырып. Қоңыр күздің мөл­діреген мөлтек

кештерінде мың сан жұлдыздар шапағынан шашу шашып. Тамылжып таң атады. Керіліп күн батады. Бәрі таныс, бәрі керемет. Кетпен шау­ып, орақ орған шаруа алажаздайғы табан ақы, маңдай терінің өнбегін өндіретін кез екені және анық. Жиын-терім қызған науқан тұсы. Бұл – тауық пен балапанды, балық пен шабақты және тағы басқаны санайтын сәт. Кіріспеге осылай кірісіп, енді көрген-білгенге, көңіл түйгенге қарай көшейік.

901 вопросов

1,109 ответов

288 комментариев

28,052 пользователей

...