Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Қазақ ерлер (ұлдар) және әйелдер (қыздар) есімдерінің мағынасын білесіздер ме?

28,950 просмотров
спросил 12 Апр, 14 от ZHARAR в категории Личность, Человек

Қазақ ерлер (ұлдар) және әйелдер (қыздар) есімдерінің мағынасын білесіздер ме?

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

22 Ответы

+2 голосов
ответил 12 Апр, 14 от mergen

Абсамат – өзгермейтін, тұрақты, 

Ләйла – түн, кеш, 

Рабиға – көктем, 

Абсадық – әділ, шыншыл, 

Латифа – нәзік, 

Сабыр – шыдам, 

Асқар – таңертең, 

Марфуға – биік, 

Сәбит – берік, тұрақты, 

Әмина – адал, 

Марзия – көпке сүйкімді, ұнамды, 

Садық – шыншыл, 

Ғылман – жұмақ қызметкері, 

Махбуба — сүйкімді, сүйікті, 

Саттар – жасырушы, тасалаушы, 

Ғинаят – қамқорлық, ұқыптылық, 

Мақсұт – тілек, ұмытылмас үміт, 

Ғалымжан – білімді,

Мәжі – бақытты, 

Салиқа – жақсы, 

Ділда – жүрек, көңіл, 

Мырза – мұрагер, 

Самат – өзгермейтін, мәңгі, 

Дана – тұқым, 

Назар – көз қыры, ескеру, ой жүгірту, 

Дариға – қайғы аяныш, 

Нағима – жұмсақ, нәзік, 

Тухфат – тарту, сыйлық, 

Дәрмен – амал, лаж, күш, 

Назира – еліктеу (өлең шығаруға), 

Зада – (патша) ұлы, 

Насиха – кеңесші, ақыл айту, 

Хафиза – жаттау, еске түсіру, 

Зиба – сәнді, көркем, 

Омар – терістеу, мойындамау, 

Зағифа – әлсіздік, күшсіздік, 

Озифа – лауазым, 

Хайдар – арыстан, 

Жамал – көрік, шырай, 

Охап – сыйлаған, 

Хафия – тыңшы, абайшы, 

Камал – көрік, шырай, 

Рахым – қайырымды, ізгі, 

Қадыр – күшті, икемді, 

Рахат – тыныштық, демалыс, 

Шайхы – қарт, 

Қамар – Ай, Рафқат – даңқ, дәреже, мансап, 

Шамси(я) – күн, 

Қарун (Арон) – сараң,

Рахмет – алғыс, 

Шафқат – аяушылық, 

Шаһбаз – қаршыға, сұңқар.

+1 голос
ответил 12 Апр, 14 от Асыл

Қазақ ерлер есімдері:

АБАЙ -  қазақ есімі, ел ағасы. Абай есімінің мағынасы әр түрлі: абайлағыш, байқағыш, ойшыл деп түсінігі бар. Бұл есім қазір халық арасында жиі қойылады.
 
АББАС - араб тілінен алынған — қатал, қатыгез, жауынгер.  Түрлері  - Ғаббас, Қаппас, Қапбас.
 
АБЗАЛ - араб тілінен алынған - ардақты, аса қадірлі, ең құрметті.
 
АБЫЗ - араб тілінен алынған — күтуші, қорғаушы, сақтаушы. Жаңа мағынасы — ғалым, білімпаз.  Түрлері — Хафиз, Қапыз. Біріккен тұлғалы есім — Абызбай.
 
АБЫЛАЙ - араб тілінен алынған есім -  абыл, әбіл — ата, әке. Әбділмәмбет деген есімнің қысқарған түрі.
 
АБЫЛҒАЗЫ – араб тілінен ғазы — жауынгер, әскер, яғни жауынгердің, әскердің атасы, әкесі.
 
АҒАБЕК – көне түркі тілінен алынған аға + бек. Жас жағынан немесе лауазым жағынан үлкен, жоғары бек.
 
АҒЗАМ - араб тілінен алынған — зор, ең ұлы.
 
АҒЫН – қазақ есімі -  ағыны қатты, лек, екпін.
 
АДАЙ –көне түркі тілінен алынған - балапан. Бала, сәби, перзент деген ауыспалы мағына береді.
 
АДАМ -  көне еврей тілінен - қызыл, жирен түсті ер адам (балшықтан жасалған кісі, пенде). Біріккен тұлғалы есімдер — Адамбек, Адамбай.
 
АДЫРБАЙ - қазақ есімі — адыр — биік, дөң, қыр + бай.
 
АЖАРБЕК -  қазақ есімі -  ажар — әдемі, шырайлы, көрікті, келісті + бек. Яғни аса көрікті, өте әдемі, келбетті.
 
АЗАМАТ – араб тілінен алынған  -  ұлылық, даңқ,  нағыз ер жігіт, саналы адам.
 
АЗАТ -  иран тілінен алынған - ерікті, еркін, тәуелсіз адам. Біріккен тұлғалы есімдер - Азатбай, Азатбек.
 
АЙӘДІЛ -  қазақ тілінен -  ай + араб тілінен - әділ. Әділ, адал, шыншыл.
 
АЙБАР – қазақ есімі — айбат, айбын. Бұл есім сәбиге айбатты, айбынды болсын деген мақсатпен қойылады. Сыйлап, құрметтеп айту түрі — Айаға, Айеке, еркелетіп айту түрі — Айбаржан, Айке, Айкеш, Айкен.
 
АЙБАС – қазақ есімі — ай + бас, ай сияқты ашық, жарқын жүзді адам.
 
АЙБАТ - қазақ есімі - айбар, қаһар, айбын. Бұл есім сәбиге батыл әрі батыр, айбынды болсын деген мақсатпен қойылады.
 
АЙБЕК – қазақ есімі - ай + бек — берік, мықты. Сәби ғұмырлы, беделді болсын деген тілекпен қойылған есім.
 
АЙБОЛ – қазақ есімі  - ай + бол — айдай айқын, жарық бол деген мағыналы есім.
 
АЙБОЛАТ – қазақ есімі - ай + болат - болады — менін айым болады.
 
АЙБЫН – қазақ есімі. Мағынасы айбар, айбат, батылдық.
 
АЙҒАЛИ – қазақ тілінен алынған - ай + араб тілінен - ғали — биік, жоғары. Бала әрдайым жоғары мұратқа ие болсын деген тілекпен қойылған болса керек.
 
АЙДАН – қазақ тілінен алынған - ай + дан — қосымша. Бұл есім бала айдан да жарық, көркем болсын деген тілекпен қойылған.
 
АЙДАР -  қазақ тілінен алынған есім. Балалардың төбесіне қойылған шашы. Ал айдарлы сөзі «мықты, күшті, зор» деген мағынада қолданылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Айдархан, Айдарлы, сондай-ақ синонимдік есімдер — Кекіл, Тұлымхан.
 
АЙДАРҒАЛИ – араб тілінен айдар — күшті + ғали — биік, жоғары. Бұл есімнің бірінші нұсқасы Хайдарғали болу керек. Бұл есімнің бірінші сыңарын хайдар «арыстан» деп білсек, екінші сыңары араб тілінен — ғали - Әли. Сонда Хайдарғали арыстан Ғали, батыр Әли деген мағынаны білдіреді.  Түрі — Айдаралы.
 
АЙДАРХАН – қазақ сөзі -  айдар, араб сөзі - хайдар + қазақ сөзі - хан, яғни арыстан, жаужүрек хан деген мағынаны береді.
 
АЙДОС – қазақ есімі - Айдын досы.
 
АЙДЫН -  қазақ есімі  —  айбат, айбын, каһар, күш-қуат, айқын, ашық, жарық. Біріккен тұлғалы есім - Айдынғали.
 
АЙЖАРҚЫН – қазақ есімі. Ай және жарқын сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім.
 
АЙЖАРЫҚ -  ай және жарық, қазақтың сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бала ай жарығындай болып, шапағаты басқаға тисін деген тілекпен қойылған есім.
 
АЙЖАС - ай және жас, қазақ сөдерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Өмірге жана келген сәбиді жаңа туған жас айға теңеп қойылған есім.
 
АЙЗАТ – қазақтың  сөзі ай + иран тілінен алынған  зада — «бала» сөздерінен жасалған есім. Ай сияқты аса әдемі, көрікті бала деген мағына береді.
 
АЙҚЫН – қазақ есімі. Мағынасы  әйгілі, белгілі, нақты.
 
АЙМАҒАМБЕТ -  қазақ сөзі - ай + араб сөзі  мохаммад — мақтаулы. Айтмақамбет, Аймухамбет деп те айтыла береді. Қысқарған түрі — Аймаған, Аймат.
 
АЙМАҚ -  қазақ есімі — өлке, қиыр, атырап, айнала, маңай, төңірек.
 
АЙМҰРАТ – қазақ сөзі - ай + араб сөзі  морад - мақсат, тілек. Ай сияқты айқын, жарық тілегім, мақсатым деген ниетпен қойылған есім.
 
АЙНАБЕК – біріккен қазақ сөздері  айна + бек. Пәктіктің, тазалықтың, адалдық пен шынайылықтың бейнесі.
 
АЙНАН -  араб тілінен алынған  гайнан — шын, дұрыс, тура.

+1 голос
ответил 12 Апр, 14 от Асыл

Қазақ қыз, әйел есімдері:
АБИРА - тәжік тілінен алынған  абера — шөбере, шөбере қыз.
 АҒИЛА - араб және иран тілдерінен алынған  агиля — ақылды, парасатты сөзінен жасалған.
 АҒЛИЯ - грек тілінен — сұлулық, көркемдік, салтанат.
АДЛИЯ - тәжік тілінен алынған  адл — әділдік, ақиқаттық + ия қосымша.
АЖАР - көрікті, келбет, нұрлы;   түр, өң.
АЖАРГҮЛ - гүл сияқты әдемі, сұлу, көрікті.
АЖАРХАН - көрікті, ажарлы, әрлі, нұрлы.
АЗА - тәжік тілінен алынған  азза — қымбатты, сүйікті, сүйкімді.
АИДА - араб тілінен  — пайда, сый.
АЙБАЛА - ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпей қойылған есім.
АЙБАРША - қазақ тілінен алынған ай және барша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұның барша сыңары тіліміздегі «алтын мен күмістен безелген мата» деген сөз.
АЙБИКЕ - екі сөзден бірігіп жасалған есім, сыңарындағы бике сөзі араб тілінде әйел деген сөз. Яғни Айдай сұлу әдемі, көркем деген ұғымды білдіреді.
АЙБИБІ – қазақтың сөзі ай  + тәжік тілінен алынған  биби — әйел, ханша деген мағынаны білдіреді. Бұл есім қыз бала сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылады. Түрлері — Бүбіш, Бүбіхан, Айбүбі, Бүбі.
АЙГҮЛ – қазақтың сөзі ай — тәжіктің  сөзі  гул. Гүл сөзі тәжік тілінде роза деген мағынаны береді. Бұл есім қыз бала айдай сұлу, гүлдей жайнаған көрікті болсын деген тілекпен қойылған.
АЙҒАНША - қазақ тілінен алынған ай және ханша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Айдай сұлу деген мәнді білдіреді.
АЙҒЫЗ - айдай сұлу, көркем қыз бала.
АЙДАЙ - айдай сұлу, көркем.
АЙДАНА – қазақтың сөзі ай  + тәжік тілінен алынған  дана - білгір, данышпан, ғалым.
АЙДАРИЯ – қазақтың сөзі ай  + иран тілінен алынған дәриа  - теңіз, үлкен өзен.
АЙЖАМАЛ – қазақтың сөзі ай  + араб тілінен алынған жамал — әдемі, сұлу, яғни айдай сұлу, әдемі болсын деген мәндегі есім.
АЙЖАН – қазақтың сөзі ай  + иран тілінен алынған жан. Айдай сұлу, әдемі.
АЙЗАДА - қазақтың сөзі ай  + иран тілінен алынған зада — перзент, бала. Айдай перзент, бала.
АЙЗЕРЕ - қазақ тілінен алынған ай + зере иран тілінен зер — алтын. Алтынай есімінің синонимі.
АЙЗИБА - қазақтың сөзі ай  + иран тілінен алынған зиба - сұлу, көркем. Ай сияқты сұлу.
АЙЗИЯ - қазақтың сөзі ай + зия - араб тілінен алынған зийна - жарық, сәуле, шұғыла, яғни ай сәулелі сұлу.
АЙКҮМІС - қазақтың сөзі ай + күміс - сұлу, әдемі, көркем.
АЙМАН – қазақ тілінен—  белгілі, әйгілі, даңқты;  араб тілінен - ант, серт. Біріккен тұлғалы есімдер — Айманай, Аймангүл.
АЙМИРА – жана  есім ай + орыс тілінен мир — бейбітшілік, тыныштық. Бейбіт, тыныштық болсын деген тілекпен қойылған есім.
АЙНА - араб тілінен алынған аин — көз, қарақ, жүз көретін шыны, әйнек.
АЙНАГҮЛ - тәжік тілінен алынған  айна — жүз көретін қалың шыныдан жасалған зат. Пәктіктің, тазалықтың, адалдықтың символы ретінде көбіне қыз балаларға қойылатын есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Айнажан, Айнанұр, Айназия.
АЙНАША - айна сияқты жарқыраған, әдемі, сұлу.
АЙНҰР - қазақ тілінен алынған ай  + араб тілінен алынған нур — жарық, шұғыла. Ай сипатты, ай келбетті.
АЙПАРА - қазақ тілінен алынған ай  + иран тілінен алынған парә — пари — періште, сұлу; яғни Ай періштесі, Ай көрікті. Айрықша, ерекше, бөтенше.
АЙСӘУЛЕ - екі сөзден құралған қыз есімі. Айдың сәулесі сияқты жарық болсын деген үмітпен қойылған.
АЙСҰЛУ - екі сөзден құралған қыз есімі. Ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылған көне тұлғалы, дәстүрлі есім.
АЙТОЛДЫ - бақытым толды, бағым жанды, балам айдай көркем, сұлу болсын, деген тілекпен қойылған.
АЙША - араб тілінен алынған гайшә — көне еврей тілінен айше - ұзақ әмір сүруші, өмірге құмар, құштар. Түрлері — Ғайша, Қайша.
АЙШАЙЫМ - Айша және айым сөздерінен қысқарған есім.
АЙШОЛПАН - Ай мен Шолпан сияқты жарқыраған, жайнаған сұлу деген мағынада қойылған есім.
АЙЫМ - менің бақытым, ырысым, айдай сұлуым деген мәнде қойылған есім.
АЙЫМГҮЛ - менін ай мен гүлім деген мағынада қойылған есім.
АЙЫМЖАН - айымдай жаным деген мағынада қойылған есім.
АЙЫМША - ай сияқты жарык, ашық деген мағынада қойылған есім.
АҚАЙША - аппақ, жарық айдай деп айға балап қойылған есім.
АҚБАЛА - сұлу, әдемі қыз бала.
АҚАРУ – жаңа есім – аппақ, адал, жарық, сұлу, әдемі қыз болсын деп берілген есім.
АҚБӘТЕС - ақ және бәтес сөзінен қойылған кыз есімі, яғни аппақ, әдемі, сұлу.
АҚБОТА - бала аппақ бота сияқты болған соң ұқсату мақсатымен қойылған есім.
АҚЖІБЕК -  Жібек есіміне ақ сөзін үстемелей қосып жасалған кыз есімі. Аппақ, әдемі, жібектей болсын деген мағынада қойылған.
АҚЗИЯ – қазақ сөзі ақ  + араб тілінен алынған зия - жарық, сәуле, арай.
АҚҚАЛ - қазақ тілінен алынған ақ  + тәжік тілінен алынған  хол - бетке шыққан мен. Бетінде яки денесінде қалы бар балаларға осындай ат қойған. Түрлері — Қалбибі, Қалтұрған, т. б.
АҚҚЫЗ - аппақ, әдемі, сұлу қыз бала.
АҚМАРАЛ - бұл есім сұлу анды қасиет тұтумен байланысты қойылған.
АҚНӘЗІК – нәзік, мейрімді, әдемі қыз бала.
АҚТАМАҚ - бейнелеу түрінде қойылған есім.
АҚТОҚТЫ - төл аттарын балаға қою қазақ тұрмысында ертеден бар.
АҚЛИМА - араб тілінен алынған ғәклыя — ақыл, сана, ес, ақыл парасаты.
АЛҚА - асыл тастардан, маржаннан тізілген мойынға тағатын моншақ. Оған гүл сөзі қосылып жаңа есім жасалады. Мәселен, Алқагүл.
АЛМА - қыз балаларға есім ретінде қойылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Алмагүл, Алмақан, Алмажан.
АЛТЫН - кобіне әйел адамдарға қойылатын есім. Бұған ай, гүл, бике, шаш, зер, т. б. сөздер қосылу арқылы біріккен тұлғалы есімдер жасалады — Алтынай, Алтынгүл, Алтыншаш т. б.
АЛУА – араб тілінен алынған  халва — тәтті дәм, тағам. Бала балдай болсын деген тілекпен қойған. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі — Қалуан.
АМАН - сау, есен, саламат. Бұған гүл, ғайша, бала сияқты сөздер қосылып: Амангүл, Аманғайша, Аманбала сияқты біріккен тұлғалы есімдер жасалады.
АНАР - иран тілінен - қызыл түсті дәні бар алма тектес жеміс. Осы сөздің қосылуы арқылы жасалған есімдер .— Анаргүл, Анархан, Анаржан, Гүлнәр және т. б.
АНИСА - араб тілінен алынған — жолдас, дос, жора.
АРАЙША - арай сөзіне ша қосымшасының қосылуы арқылы жасалған есім.
АРДАҚ - құрмет, қадір.
АРНА - бір адамға бағыштау, арнайы қою.
АРУ - сұлу, көркем.
АРШАТ - араб тілінен  - адал, таза, батыл, сенімді, қайырымды.
АСИЯ - иран тілінен  — қайырымды, мейірімді (әйел).
АСЛИ - араб тілінен  — нағыз, шын. Түрі - Аслия.
АСПАЗИЯ - грек тілінен — қалаулы, әдемі, сүйкімді.
АСЫЛ - араб тілінен алынған әсил -  негіз, түбір, түп нұсқасы;   шынайы, нағыз;  қымбатты, ардақты.
АСЫЛЖАН - асыл және жан сөздерінен - мәртебелі, иігі жанды қыз болсын деген мағынасын білдіреді.
АСЫЛША - асыл және шахзада сөздерінен жасалған есімнің қысқарған түрі.
АСЫЛТАС - қымбат бағалы тас.
АЯНАТ – араб тілінен ийан – өз көзімен көру, айқындылық, анықтық, ақиқат, шындық.

оставил комментарий 22 Май, 15 от аноним
редактировать 22 Май, 15
Ей, Қазақтар, ел сені тексіз, надан десе ренжисің, бірақ, тексіздігіңді, надандығыңды өзің көрсетесің емес пе, әй, сорлы ай...
Неге сен бір атқа немесе бір терминге түсіндірме бергенде, "араб тілінен", "парсы тілінен", "түркі тілінен" немесе тағы басқадан деп жазасың?
Бұның себебі мыналардың бірі не бірнешеуі:
1) Надандық, әсіресе тарихтан мүде хабарсыз. Қазақ ұлтының (Қазақ ұлты мен Қазақ хандығын шатастырмау керек) тегі ғұндар, сақтар тіпті одан әрі арилер, олар осы жерде 10,000 жылдан тіпті әлдеқайда көп бұрын бар, біз олардың қанын жалғастырған қара шаңырақпыз, яғни олардың тілі біздің тіліміз. Әкең өлсе әкеңнен тумай қалатын ба едің, осыған да мый керек пе?
2) Атаққұмарлық, алдамшылық. Жоғарыда айтылған ұлттар өте байырғы, әрі өте мәдениетті, күшті болған. Әуелі араб, парсы, гректер оларға шақ болмаған, қайта олардан үйренген, олардан алған. Әрине, тілді де қабылдаған. Коммунизм басқа тілді үйретіп, өз тіліңді ұмыттырса, коммунизмге ренжігеннің орнына, оның ауызыңа түкіргенін айтып тақылдайсың кеп. Өз тілімді ұмыттым, енді үйреніп, орнына келтірейін дегеннің орнына, аспанның кеңдігі құдықтың ауызындай дейтін құдықтың түбіндегі бақа құсап, қазақ тілін өзің білетін аз ғана сөзбен шектегің келеді. Білімді десін дейтін шығарсың, шындығында, түк оқымаған, түк білмейтіндігіңді елге өзің көрсетіп, өзің жария қып отырсың.
3) Өзін өзі қорлау (мазахист). Өзіндегі барды жоқ деп, өзінікін елдікі деу мазахистік мінез. Біреу бір кезде мыйыңа тығып жіберген. Сол кезде тыққызбаймын демедің, казір шығарып тастайын демейсің.
+1 голос
ответил 26 Ноя, 15 от шұғыла

шұғыла-күн шуағы

клара-жарқын, айқын, нұрлы мағынасы

айгерім-сұлуға тамсану

айдар-мықты, күшті, зор

назым-ерке қыз

0 голосов
ответил 26 Янв, 15 от аноним
Сағадат мағынасы қандай?
оставил комментарий 28 Янв, 15 от ZHARAR
Сағадат – парсының «Саадат» (бақыт) деген сөзінен шыққан. Исі мұсылман жұртына ортақ есім. Қазақ халқы баласының бақытты болуын, саналы ғұмырында тек жақсылыққа жолығуын қалап осы есімді береді. Сағадат – басқаны айтпағанда, қазақ арасында сирек кездесетін есімдердің бірі.
0 голосов
ответил 30 Янв, 15 от аноним
аягөз есімінің мағынасын тауып беріңізші сосын линара есімінің мағынасы қажет болып тұр
оставил комментарий 11 Июль, 15 от mergen
Аягөз дегенің ешқандай да, Әй-өгіз немесе Аякөз деген сөздерден шықпаған. Бұл жоңғардың сөзі. Байқасаңыз, бұл өңірде кішігірім көлдер көп. Көбісі – кеседегі су секілді, дөңгелек пішіндес. Аягөз дегенің міне осы. Жоңғардың тілінде мұны «Аяга ус» дейді.
0 голосов
ответил 02 Фев, 15 от аноним
аян жаксылык
0 голосов
ответил 07 Фев, 15 от аноним
қамбар есімінің мағынасы
оставил комментарий 11 Июль, 15 от mergen
ҚАМБАР - араб тілінен алынған хамбар — күшті адам. Қазақ эпосындағы батыр есімі.
0 голосов
ответил 08 Фев, 15 от аноним

жансая есимнин магнасы калайblush

0 голосов
ответил 11 Фев, 15 от аноним
Даниял

Гаухар

айдана

Кайнар
Загрузка...

837 вопросов

1,005 ответов

265 комментариев

27,991 пользователей

...