Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

22 наурызға арнап наурызкөжені қалай дайындайды?

318 просмотров
спросил 22 Март, 14 от ZHARAR

22 наурызға арнап наурызкөжені қалай дайындайды?

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

1 Ответ

0 голосов
ответил 22 Март, 14 от mergen

22 наурыз. Наурызкөжені қалай дайындайды?

image

Ұлыстың ұлы күнін наурызкөжесіз елестету мүмкін емес.

Ақ түйенің қарны жарылатын бұл күнді қазақ халқы ерекше ықыласпен қарсы алады. Дастархан жайылып, небір тіл үйіретін тағамдар дайындалады. Бұл жазбамызды солардың ішіндегі ең негізгісі наурызкөжеге арнамақпыз.

Әдетте, наурызкөжені 7 түрлі дәмнен дайындайды. Олай болса, осы жеті түрлі тағамға жеке-жеке тоқталып, көженің қалай жасалатынын сөз етейік.

1. Су. Наурызкөженің ең негізгі компоненті су болып табылады. Бұл өмір – өзен. Келешек ұрпақ өрбіп, судай тасып, көбейе берсін деген мағынаны білдіреді.

2. Ет. Қазақтың сүйіп жейтін тағамдарының бірі осы – ет. Қазақ дастарханының сәнін келтіретін бұл ет ас мол болсын деген ырыммен қосылады. Әдетте “ұзынсарыға” сақталатын сүр ет пайдаланылады.

3. Арпа. Ежелгі шығыс емшілері арпаның емдік қасиеттері туралы көп айтады. Білетіндердің айтуынша, арпаны тағам ретінде жиі пайдаланатып адамдардың қаны бұзылмайды. Ирак тәуіптері арпаны “ғажап құтты дән” деп атайтын көрінеді. Арпаның емдік қасиетінен бөлек, тойымдылығы да бағаланады.

4. Дәнді дақылдар (тары, күріш). Наурызкөжеге, сонымен қатар, дәнді дақылдар да қосылады. Мұның негізінде бір тамырдан өсіп өнген дәндер секілді ұрпағымыз жайылып, көбейсін деген мағына жатыр.

5. Ақ. Қазақ ақты ежелден қасиетті деп есептеп, бағалаған. Сол себепті наурызкөжеге сүт немесе айран қосылады. Мұның негізінде сүттей ұйып отырайық, іргеміз берік болсын деген ниет жатыр.

6. Құрт. Құрт наурызкөженің дәмін келтіріп, сән береді.

7. Тұз. Наурызкөжеге дәм беретін тұз соңғы, жетінші тағам ретінде қосылады.

па

Әлбетте, көже дайындау кезінде тек осы тағамдарды қосу керек деген талап жоқ. Әркім өз халінше қолындағы барын қоса береді. Кейбір кісілер көкөніс немесе жеміс те қосып жүр. Бастысы – қосылатын тағамдардың саны жетеу болса болғаны.

Ертеректе әйелдер өздерімен бірге көже толтырылған ыдыс ала жүрген. Қонақтап барған жеріндегі көжеге өздерінің дәмін де қосып, араластыру дәстүрі болған. Бұл – дәм-тұзымыз араласып, ынтымағымыз жарасып, бірлікте болайық деген ниет.

Көжені құйып берудің өзіне үлкен мән беріледі. Әдетте, сусынды ыдысқа толтырып құйып береді. Бұл несібеміз ортаймасын, дәм-тұзымыз мол болсын деген мағынаны білдіреді. Құйылған сол көжені тауысып ішу – әркімнің міндеті. Себебі, берілген ырзықты қалдырмай ішу жақсылықтың бастауы ретінде бағаланады.

Дайындаған: Елбарыс Махамбет

дереккөзі: массагет сайты

901 вопросов

1,109 ответов

288 комментариев

28,052 пользователей

...