Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Жазғы лагерь ашылу салтанаты сценарий кеші керек?

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

4 Ответы

0 голосов
ответил 23 Май, 15 от Жаксыбек

«Жарқын Жаз-2014» кітаппен қарсы аламыз! бағдарламасы аясында М.Әуезов атындағы №128 жалпы білім беретін мектепте, ОКЖ-нің №4 кітапхана бөлімшесінің қызметкерлері мен мектеп ұстаздарының ұйымдастыруымен «Балбөбек»  жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты өтті.

imageЖазғы демалыс лагерінің салтанатты ашылуы рәсіміне  №4 кітапхана қызметкерлері «Кітап саяхаты: Өзің оқы, өзгеге ұсын!» буккросингін ұйымдастырып, мектеп лагеріне балаларға арналған 100 данадан астам әдеби-танымдық балалар кітабын, 500-дана «Ұлан», «Дружные ребята» газеттерін, балаларға арналған журналдарды сыйға тартты.

imageБұл «Балбөбек»  жазғы демалыс лагерінің негізгі мақсаты оқушыларды кітап оқуға ынталандыру, әдеби шығармаларды насихаттау, оларды  адамгершілікке, әдептілікке,  имандылыққа,  жаман  әдеттерден  аулақ  болуға  тәрбиелеу болып саналады.

image«Балбөбек»  жазғы демалыс лагері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнімен ашылды. «Балбөбек»  жазғы демалыс лагеріндегі оқушылар 3 топқа бөлінді.

imageОлар: «Балбұлақ», «Балдәурен», «Қыран» топтары. Әр топ лагерь басшысы Тазабекова Нұржамила Айтбайқызына рапорт берді.

Алдымен 1-топ «Балбұлақ» тобы шықты.

Ұраны:

Алады балбұлақ былдырлап,

Күледі балдырған сыңғырлап.

2-топ «Балдәурен» тобы шықты.

Ұраны:

Білімді боп бүгін біз,

Биіктерге самғайық.

Өнерлі боп әрқашан,

Жеңістерден қалмайық.

3-топ «Қыран» тобы шықты.

Ұраны:

Асыр салып ойнаймыз,

Ән саламыз билейміз.

Үлкендерді сыйлаймыз

Тентектерді сүймейміз.

imageБарлық топтар лагерь басшысы Тазабекова Нұржамила Айтбайқызына рапорт беріп болған соң, лагерь басшысы оқу ісінің меңгерушісі Досполова Сайра Амангелдіқызына рапорт берді. №4 кітапхана қызметкерлері Қанапина Сәулеш пен Мухпулова Рашида балаларды «Жарқын жаз-2014: Кітаппен қарсы аламыз!» бағдарламасының жоспарымен және  жазда оқитын кітаптармен таныстырды. «Балаларға арналған – бал  шығармалар» атты кітап жаймасына шолу жасап, 6 маусым күні кітапханада өтетін «Ашық есік Күніне»  аясында ұйымдастырылатын әр түрлі ойындарға, әдеби –танымдық сайыстарға  белсене қатысуға шақырды.

image

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр топтың өнер сүйер оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Атап айтсақ «Балбұлақ»  тобының күйшісі Нұрғали  «Саржайлау» күйін орындаса , «Балдәурен» тобының әншілері  Аяжан «Әкелер» әнін, Жасмина «Менің мамам» әндерін орындады. «Қыран» тобының қыздары «Айгөлек» әнін шырқады.Сонымен қатар 2 «ә» сынып оқушысы Қайсар «Болашағы елімнің» әнін орындады.Салтанатты кештің соңында оқу ісінің меңгерушісі Досполова Сайра Амангелдіқызы сөз алып, оқушыларды лагерьде жақсы демалып, №4 кітапханамен тығыз шығармашылық байланыста болып , жаз бойы әдеби –танымдық кітаптарды көп оқып, білімдерін толықтырып, келесі оқу жылына дейін күш-қуаттарын жинап келуін айтты.

Бүгінгі еліміздің қырмыздары,

Арайлы болашақтың ұл-қыздары.

Арасын жер мен көктің жалғайтұғын

 

imageҚанатты, жарқыраған жұлдыздары – дей келе «Балбөбек»  жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанатына арналған мерекелік ертеңгілік осымен  аяқталды.

0 голосов
ответил 23 Май, 15 от Дархан

Қазақша сценарий: 1 Маусым - Халықаралық балалар күні (Бар мейіріміміз балаларға)

КМҚК «Мейірім» спорт және сауықтыру демалыс лагерінің девиантты мінез-құлықты балалармен 22.08-26.08 күндер аралығында жасөспірімдерімен «Жаз 2011» лагерінің ашылуына арналған «Бар мейіріміміз балаларға» атты ашылу салтанатының сценариі


Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/scenarii/3854-camp.html
© www.ZHARAR.com

 

 

 

 

0 голосов
ответил 23 Май, 15 от Маржан

«Балдырған» сауықтыру лагерінің ашылуы және 1-маусым балаларды қорғау күніне арналған сатанатты жиыны.

Жүргізуші: Қайырлы таң! Қадірменді ұстаздар, бүлдіршін балалар!

 

Қазақстан Тәуелсіз ел екенбіз.

Жоғалмасын ешқашан берекеміз

Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз

Құтты болсын, бүлдіршін мерекеңіз.

 

Жиын! Сап түзе!

«Балдырған» сауықтандыру легерінің ашылу салтанатына орай ҚР

Әнұраны орындалсын

 

Арманы бір, үні бір,

Аға ардақты, іні бір

Бақыт туын көтерген

Балалардың күні бұл.

Бала бағы бар елдің.

Гүлмен келсін келер күн

Балалардың күлкісі

Көркі, сәні әлемнің.

 

 «Балдырған» сауықтандыру лагерін ашу рәсімі мектеп директоры Ащербаканова Р.Т.-ға беріледі.

Би: «Аққу»

 

Ән: « Жас дәуірдің түлегіміз»

Жүргізуші:

Мереке бүгін, береке бүгін

Қуанып, шалқып тасыған

От боп жүр жастар,

Шоқ боп жүр жастар

Көңіл жоқ шешек атпаған

Балалар гүлдей, құлпырып күндей.

 

Ән: «Жау, жау жаңбыр»

Жүргізуші: Қымбатты «Балдырған» лагерінде дем алушы бүлдіршіндер. Сендерді лагердің қызметкерлерімен таныстыруға рұқсат етіндер.

 

Өзі әсем, көркті.

Қаталдықты, аямай-ақ беріпті

Тұрлыбекқызы Роза деген басшы апай

Балдырғанның ашылуына келіпті.

 

«Балдырған» легерінің басшы қызметінде

Айгөлекке асығындар, келіңдер.

Тәлімгер апаларды көріңдер

Айгөлекте әр түрлі қызықтар бар

Сендердің тәрбиеші ұстаздардың:

 

Тәлімгердің серігі.

Айгөлектің көрігі

Капезова Батима да

 «Балдырған» мүшесінің бөлігі.

оставил комментарий 23 Май, 15 от Маржан
Лагерь қызметкерлерінің орындауында «Балапан» әні.

 

Ұстаз- ана ән айтып, би билеткен

Ұстаз ана, бар білімге үйреткен

Ұстаздарды екінші ана деп біліңдер

Әркез сені жақсылыққа сүйреген дегендей ұстаздарға қошемет көрсетіп қояйық.

 

 

Ұлылардан ұлағат ап жаңаша

Байқауларға ой қосамыз таласа

Талабы зор балаларды танытып

Таныстырған «Балдырған» тамаша

 

Ән: «Ауылым»

Қымбатты балалар! Сендердің назарларыңа «Шымшық пен қарғалар» атты ертегіні ұсынамыз.

Ән: «Қуыршақтар».

 

Жүргізуші:

Елдің басы, сайдың тасы боларым

Сендерсіңдер-бар байлықтан жоғарым

Ұлт намысын ұстап өсіңдер,

Елдің азат жүрегің жас, мол арын.

 

Ән: «Атамекен»

 

Қымбатты балалар! Сендерді бүгінгі мерекенің келесі станцияларына қонаққа шақырамыз.

 

1- станция: «Туған жерім- табиғатың қандай көркем»- асфальтқа сурет салу

 

2- станция: «Көңілді әуен толқынында»- бүгінгі мерекеге қатысушылардың арасында бидің бірнеше түрлерінен сайыстар өткіземіз.

 

3-станция: «Спорт- денсаулық кепілі»- әр түрлі спорттық жарыстар.

Балалар лагерге өтіп, лагердің күн тәртібімен танысады
0 голосов
ответил 23 Май, 15 от Маржан

«Балдырған» жазғы демалыс лагерінде өткізілетін іс-шаралар жоспары

 

Іс-шаралар

мерзімі

1

Лагердің ашылу салтанаты.

«Жас дәуірдің түлегіміз» атты балаларды қорғау күніне арналған концерт

1.06.2012

2

«Рәміздер – тәуелсіздік белгісі»

«Спортты ал серікке»

Нышандарды бейнелейік

4.06.2012

3

«Білімді мыңды жығар»

«Қиял теңізіндегі саяхат»

Оригами

5.06.2012

4

«Әдептілік тәрбие бастауы»

«Келіңдер жұмбақ шешейік»

Қонжық ойыншығын ертегі бейнесінде әсемдеу

6.06.2012

5

«Шебер қолдар»

«Ертегілер елінде»

Аппликация жасау

7.06.2012

6

«Кітапхана білім ордасы»

Эстафеталық ойындар

Суретшілер елі

8.06.2012

7

«Сахна төрінде» ертегілер бойынша көрініс

«Мың бір мақал сайысы»

Ән шырқайық бірігіп

11.06.2012

8

«Табиғат және денсаулық» әңгіме

«Біз бақытты балдырған»

Табиғи материалдармен жұмыс

12.06.2012

9

«Жаман әдеттен аулақ бол» көрініс

Ұлттық ою-өрнек жасау

Оригами «Гүл»

13.06.2012

10

«Кел, ойнайық күлейік»

«Керемет жетілік»

Қатырма қағаздан бұйымдар жасау

14.06.2012

11

«Табиғатқа қамқорлық»

Топ серуен

15.06.2012

 

Мектеп директоры:                    Ащербаканова Р.Т.

 

 

 

 

                  1.Бекішев Елмаз

                  2.Жунусов Олжас

                  3.Қарабаев Ерқанат

                  4.Ғалы Әділет

                  5.Ибраев Дәурен

                  6.Жұмажанов Жарас

                  7.Қалабекова Әсемгүл

                  8.Бекишев Нияз

                  9.Ғалы Әділбек

                  10.Ерғалиева Саина

                  11.Нұртай Азат

                  12.Орынбаева Шәмшәт

                  13.Темірбекова Нарқыз

                  14.Ахатова Аружан

                  15.Жұмажанова Назгүл

                  16.Қабдоллаев Нұржан

897 вопросов

1,106 ответов

286 комментариев

28,050 пользователей

...