Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Ақырзаман туралы мәлімет видео деректер суреттер қажет?

85 просмотров
спросил 17 Май, 15 от Азамат Досбеков в категории Видео, Картинка

Ақырзаман туралы мәлімет видео деректер суреттер қажет?

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

6 Ответы

0 голосов
ответил 17 Май, 15 от Асыл






0 голосов
ответил 17 Май, 15 от Асыл

Ақырзаман туралы видео 

 

0 голосов
ответил 17 Май, 15 от mergen

Конец света. Как это будет.

0 голосов
ответил 17 Май, 15 от mergen

Ақырзаман белгілері

0 голосов
ответил 17 Май, 15 от mergen

Ақырзаман туралы болжамдар

Ақырзаман туралы  болжамдар

Соңғы кездері ел аузында ақырзаман 2012 жылы орын алады екен деген қауесет қаптап жүр. Бұл қауесеттен сіздің де хабардар екендігіңізге күмәніміз жоқ. Айтылған болжамдарға күлгендер де бар, сенгендер де бар. Ал дәл осындай жалған болжамдар бұған дейін сансыз рет айтылған және әлі қаншама рет айтыла беретіні белгісіз. Сенбейсіз бе? Ендеше назарларыңызға ақырзаман туралы мыңдаған жыл бұрын айтылған ең қызықты болжамдарды ұсынамыз.

Алғашқы болжам б.з.д. III  ғасырларға жатады. Күллі әлемнің көкке ұшатындығын хабарлаған сәуегейлердің бірі - ежелгі гректің абыз әйелі Кассандра болатын. Бүгінде әлемнің көптеген халықтары, тіпті кішкентай бөбектердің өзі оның есімін жақсы біледі. Аңыздарға сүйенер болсақ, Кассандраның болжамы - оның ұлы қойшы Париса мен Елена ханшайымның кесірінен Трояның қирауымен тікелей байланысты. III ғасырда өмір сүрген сәуегей Апокалипсистің нақты күнін айтпаған. Бір қызығы ешкім сенбесе де, Кассандарның кез келген болжамы орындалып отыратын болған. Ал бүгінгі күнгі біздің жағдай тіптен керсінше болып келеді. Ақырзаман туралы түрлі болжамдар айтылады, адамдар оған сенеді, бірақ ешбірі әлі күнге дейін орындалмаған.

Б.з.д 30 – б.з 476 жылдары Рим империясының заманы дүркіреп тұрған кезеңде өмір сүрген көріпкелдер бүкіл әлемді өз қағанаттарының болашағымен байланыстырған. Яғни олардың болжамы бойынша, ақырзаман Рим империясы құлаған сәтте орнайды екен. Онымен қоса олар империяның түбіне жалқаулық, бұзықтық, жезөкшелік жетеді дегенді айтқан. Болжамдардың ешбірі де ақиқатқа айналмады. 

1648 жылы Смирна қаласының бір тұрғыны ақырзаманның жақындағанын «көргенін» жария етеді. Ол 1666 жылы тіршілік жойылатын айтқан. Осы пікірден соң, халық тағы да тірішілікпен қоштасуға қамдана бастайды. Дегенмен ол күн де оқыс оқиғасыз өте шықты. Мұндай кезде тәртіпсіздіктің орын алатын білген Стамбулдың ұлы уәзірі Саббатай Цви атты әлгі сәуегейді зынданға салады. Ал, оған сенген мыңдаған адам екі ортада ақымақ болып қала берген.

1843 жылы АҚШ-та Уильям Миллер деген адам ақырзаманның келіп қалғанын, оның 3 сәуірде болатынын айтып, дабыл қағады. Жұрт 3 сәуірді үреймен қарсы алғанымен, қияметтің қарасы да көрінбейді. Ал, Миллердің қайда кеткені белгісіз.

Тағы да бір болжамдардың бірі - Иегова куәгерлерінің басшысы Чарльз Расселдің ақырзаманның болар күнін 1847 жылға белгілегені. Кейіннен ол бұл күнді 1904 жылға жылжытты. 

Апокалипсис нұсқаларының ең атақтысы ХХ ғасыр басында болады деп күтілген Жер мен Алып кометаның соқтығысуы еді. Бұл туралы барлық еуропалық газеттер жарыса жазды. Болжам тағы да жалған болып шықты. "Ғарыш әзәзілінің" алып құйрығы біздің планетамызды айналып өте шықты.

Бүгінгі күні адамзат қоғамы сәуегейлікке аса сене бермейді. Есесіне ғылым мен техника дамып, нәтижесіндеақырзаман туралы жаңа болжамдар айтылып келеді. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында бүкіл тіршілік атаулы өз мәресіне жетеді деген болжам да шыққан болатын. Сұм соғыстың кезіндегі Апокалипсис туралы болжамның ең танымалы АҚШ пен Кеңестер Одағының арасындағы ядролық соғыс болды.

Деректерге сүйенсек, 2000 жылдан бері ақырзаман болады деп болжанған күндердің саны 27-ге жеткен.

Олардың ең негізгілері - «Ванга әже айтыпты, Нострдамус болжапты» деген алып-қашпа сөздер мен Америка құрлығындағы ежелгі өркениет – Майя тайпасы жасаған жұмбақ күнтізбенің 2012 жылмен аяқталуы болып отыр.


Көне Майя өркениеті біздің заманымызға дейінгі 3113 жылдың 13 тамызынан басталады. Уақыт өлшемінің нақтылығы кім-кімді де қайран қалдыратын көне Майя күнтізбесінде 2012 жыл – «Күн батыстан шыққан кез» деп көрсетілген екен. Бірақ одан кейін тіршілік жойылады деп айтылмаған.

Оның үстіне, Майя күнтізбесін арқау етіп, Голливуд түсірген «2012» фильмі отқа май құйғандай әсер етті.

2012 жыл былай тұрсын 2014, 2018, 2019 тіпті 2036 жылдан ары деп көрсетілген бірнеше деректер бар. Бұдан адамзат баласы қанша зерттеп бүкіл өмірін сол жолда сарп етсе де, ақырзаманның қай күні екенін дәлірек айталмайтынына көз жеткіземіз.

Суреттер: blamag.ru, shkolazhizni.ru, vpleny.ru, molodej.org, mir3d.ru, adventusvideo.com

дереккөзі: массагет сайты

0 голосов
ответил 17 Май, 15 от mergen

Ақырзаманның үлкен және кіші белгілері

Бүкіл әлемнің жұртшылығын келе жатқан 21-нші желтоқсан дүрліктірді десек артық болмас. Ежелгі Майя күнтізбесі бойынша дәл осы күні Ақырзаман келеді.

Photo: Ақырзаманның үлкен және кіші белгілері

 

 

 

Алайда біз бұл жайында Ислам діні не айтатынын оқырмандар назарына ұсынуды жөн көрдік.

Хузайфа ибн Әсид әл-Ғыфариден жеткен риуаят бойынша, Хазіреті Хузайфа былай дейді: «Біз Мадинада бір қорғанның көлеңкесінде отырғанбыз. Пайғамбарымыз болса бір шатырдың үстінде отырған еді. Сол сәтте Аллаһтың Елшісі жоғарыдан бізге қарап тұрып:

— Сендерді жұмыстарыңа қандай мәселе жібермей тұр?- деп сұрады. Біз:

— Сөйлесіп отырмыз, — дедік. Пайғамбарымыз:

— Не мәселе жайында сөйлесіп отырсыңдар? – деді. Біз:

— Қиямет-қайымның уақыты жайында әңгімелесіп отырмыз, — деп жауап бердік. Сонда Хазіреті Пайғамбарымыз:

— Сендер мына он нәрсені көрмейінше қиямет қайым болмайды деді:

1. Тұманды (түтін).

2. Дажжалды.

3. Даббатул арзды.

4. Күннің батқан жақтан шығуын.

5. Хазіреті Исаның (а.с.) көктен түсуін.

6. Яжуж-Мәжуждың шығуын.

7. Шығыс жақтағы бір жердің шөгуі

8. Батыс жақтағы бір жердің шөгуі

9. Араб түбегіндегі бір жердің шөгуі

10. Иеменнің Аден жазығының ең шалғайынан бір от шығады. Ол от барлық жерді жағып отырып, адамдарды махшарға дейін алып барады, — деді (Муслим, Фитән 39; Ибн Мажа, Фитән 28).

Енді хадисте айтылған жоғарыдағы ақырзаманның 10 үлкен  белгісіне жеке‑жеке қысқаша шолу жасап өтелік:

Хазіреті Пайғамбарымыздың хадистеріне сүйене отырып, ақырзаманның кіші белгілерінен бірнешеуін келтіре кетейік:

1. Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) жер бетіне пайғамбар болып жіберілуінің өзі ақырзаманның алғашқы белгісі. Себебі, Пайғамбарымыз: «Қияметпен мен бірге жіберілдім», деп, сұқ саусағы мен ортаншы саусағын қимылдатып көрсеткені жайында деректер бар (Муслим, Фитән, 132; Тирмизи, Фитән, 39).

2. «Қияметтің белгілерінің бірі дін ілімі азаяды, сауатсыздық көбейеді, зина жасау етек алады, әйелдер көбейіп еркектер азаяды. Тіпті елу әйелдің бір ғана қараушысы болады» (Бухари риуаяты).

3. Әйелдердің саны ер кісілердің санына қарағанда әлде қайда көп болады (Бухари, Худуд, 20).

4. Расулуллаһ (с.а.у.) сахабаларымен сөйлесіп жатқанда бір түздік араб келіп қияметтің қашан болатындығын сұрағанда, оған: «Аманат аяқ асты етілген кезде қияметті күте бер», — дейді. Сонда түздік араб кісі: «Мұны қалай түсінсек болады», — дегенде, Пайғамбарымыз: «Қызмет өз маманына берілмеген кезде қияметті күте бер», — деп жауап береді (Бухари риуаяты).

5. Көп қабатты үйлердің салынуы, өз ісінің маманы емес кісілердің сөз сөйлеуі мен билік етуі (Бухари, Иман 37; Муслим, Иман 1).

6.  Адам өлтіру оқиғасының көбеюі (Бухари, Фитән 25).

7. Жалаң аяқ, жалаңаш және кедей шопандардың да үй салуда бір-бірімен жарысқандарын көресіңдер (Муслим риуаяты).

8. Мен Аллаһтың Елшісімін деп, өзін пайғамбармын деп жариялайтын отызға жуық жалғаншы дажжалдар шығады.

— Зілзаланың көбеюі.

— Көптеген бүліктер етек алуы.

— Жөнсіз жерде адам өлтіру көбейеді.

— Екі үлкен Ислам әскерлері бір-бірімен шайқаспайынша, қиямет болмайды (Бухари, Фитән 25).

9. Мал-дүние судай болып ақпайынша, фитнәлар және жөнсіз жерде адам өлтіру көбеймейінше, қиямет болмайды (Хадис ансиклопедиси, Кутубус ситте, 17 том, 1234 хадис).

Осы хадистермен мазмұндас көптеген хадистер бар. Олардың бәрін тізбектеп айтудың орнына бірнеше мысалмен шектеуді жөн көрдік.

Имам Шарани ақырзаманның белгілері жайында Әбу Нуаймның риуаят еткен мына хадисіне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, Хазіреті Пайғамбарымыз адамдар арасында мынадай жәйттердің етек алатындығынан хабар береді.

1. Адамдар намаздарын қаза етеді, тіпті оқымайды.

2. Нәпсіге бой алдыру мен ойына келгенін жасайды.

3. Аманатқа қиянат етеді.

4. Харам болған нәрселерді халал деп санайды.

5. Өсімнен түскен ақшаны ойланбастан жейді.

6. Пара алушылық көбейеді.

7. Зәулім үйлер салынады.

8. Дүниеге қызығып, дінін сатады.

9. Туыстық қатынастар үзіледі.

10. Төрешілер мен қазылар үкімді сататын болады.

11. Жастардың үкімет басына келуі.

12. Жабайы аңдардың терілерінен киімдер тігіліп киіледі.

13. Ерлі — зайыптылардың ажырасуы көбейеді.

14. Зина жасау етек алады.

15. Сенімді адал кісілерді опасыз адамдай көреді.

16. Опасыз өтірікші кісілер сенімді халге келеді.

17. Жала жабу мен жалған куәгерлік көбейеді.

18. Жауыннан апаттар, селдер болады.

19. Зекет берілмейтін болады.

20. Ішімдік ішу көбейеді.

21. Ол кездерде кейбір фасық, өтірікші, күнәһар өкімет ел басылары мен әкімдер болады.

22. Балаларды тәрбиелейтін тәрбиешілер болады.

23. Құран оқитын фасық және күнәһар хафыздар болады.

24. Жағымсыз ғалымдар болады.

25. Опасыз, өтірікші саудагерлер болады.

26. Құран Кәрімді әшекейлеу әдетке айналады.

27. Мұнаралар биік болады.

28. Бастықтар көбейеді.

29. Дін ілімін білетін ғалымдар, фақиһтар азаяды.

30. Сенімді кісілер азаяды.

31. Кедейлер көбейеді.

32. Аллаһтың қойған жазалары жарамсыз болып жүрмей қалады.

33. Әнші қыздар көбейеді.

34. Таразыдан жеу көбейеді.

35. Әйел өзінің бастығынан босанатын болады.

36. Әйелдер өздерін еркектерге, еркектер де өздерін әйелдерге ұқсататын болады.

37. Тек таныс кісілерге ғана сәлем беріледі.

38. Ілім – құлшылық ету үшін емес, дүние табу үшін оқылатын болады.

39. Ол кезде адамдар арасындағы кәпірлер мен залымдардың мәртебесі биік болып, құрмет етіледі.

40. Ол кезде адамдар арасында екіжүзділер мен күнәһарлар басым әрі күшті болады.

41. Надандар мәртебелі болады.

42. Тақуа кісілер адамдар арасында келеке мазаққа айналады

Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) ақырзаман таяғанда болатын жағдайларды осылайша 14 ғасыр бұрын үмметіне айтып кеткен. Осы айтылған мәселелерге қарап отырсаңыз ақырзаманның көптеген белгілері бүгінгі техногендік ғасырымыздың дертіне айналып отыр.

900 вопросов

1,109 ответов

288 комментариев

28,051 пользователей

...