Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Қайырымдылық, мейірімділік, адамгершілік туралы шығарма шыгарма эссе қажет?

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

1 Ответ

0 голосов
ответил 29 Апр, 15 от mergen

Қазақша Ашық сабақ: Қайырымдылық казакша Қазақша Ашық сабақ: Қайырымдылық на казахском языке“Соқырмен көрісіп, мылқаумен сөйлесіп, саңырауға естірту  қабілеті тек қана қайырымдылықта”

Садақа, қайырымдылық – бір мағынаны білдіретін, ауыспалы мағыналарда да қолданылатын түсінік.  Дінге сенушілер,  сенбеушілер, басқа діндегілер яғни әлемдегі барлық тірі адамзат қолданатын құбылыс, саналы ішкі сезім қорытындысы. Әр елдің салты басқа демекші, түрлі елде садақа түрліше таратылғандығы белгілі, бірақ қайырымдылықтың түпкі  түйсік соғар мағынасы – жан ләззаты. Сол себепті  адамдар қауымы көбіне  үрей, қорқыныш сияқты сәттерде,  жан толғаныстар, толқулар болып, сабырлылық іздеген кездерде садақаға жүгінеді.  Жаңа ғасырда пайыздан табыс көру үшін қайырымдылық істейтін немесе істететін адамзат өкілдері де қалыптасып,  жер планетасында бізбен бірге, бақытты күй кешуде. Бірақ жаратылыс бір, жүрек бар болғаннан кейін, кез келген  адам жалғыздықта қараңғылыққа үңіліп,  үрейленеді, қайырымдылық жасайды.

Тән тазалығы, жан тазалығы емес.

Қайырымдылық ол өзіңнен артылып жатырған, артық деп есептелінетін қоғамның  мұқтаж өкілдеріне  қайтымсыз берілетін қаржылай немесе заттай көмек.  Өз басым жарнамаланған қайырымдылықтарға, шоттарын ұсынған қорлар мен жалынышты хаттарға сенбеймін, ат басын бұрмаймын, бірақ көше қайыршысынан аттап өте алмаймын.  Шын екі аяғынан айырылған мүгедек, панасыз қалған қарт, бағусыз қалған жетім, яғни шын мұқтаждар- адам баласының  иманын селк еткізеді. Сол себепті қайырымдылық жүректен шынайы шығу керек, себебі жанары түсіңкі адам жанына барып қуаныш сыйлаған секілді, жүректен шығатын сезім ілтипаты – жан ләззаты болып табылады.  Яғни, жасалған көмектің нәтижесінде  адамның үстіңнен жүк түскендей әсер алуы, жанның ләззат алғандығы.

Қысқаша қайырымдылық  туралы осы, сөзімді қорытындылай келе, жиғаныңыз өзіңізден артылып, ысырапты байқамай көп қылатын болсаңыз қайырымдылық жасаңыз. Киілмей қалған ескі киіміңіз болсын  жетім балаларға, мүгедектерге қолғабыс, үлкен қарттарға ізет пен көмек секілді,  яғни кәдімгі бірінші қажеттіліктерге шынайы мұқтаждар бар.

“Шын мұқтаждың алғысынан асқан  артық разылық жоқ”

900 вопросов

1,109 ответов

288 комментариев

28,051 пользователей

...