Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Бесікке салу туралы слайд презентация қажет!

1,509 просмотров
спросил 01 Фев, 14 от mergen

Бесікке салу туралы слайд презентация қажет!

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

1 Ответ

0 голосов
ответил 01 Фев, 14 от ZHARAR

Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақөсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. Және Бесік жыры айтылады:

Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөзіңді жұрт мақұлдап,
Шешен болар ма екенсің?

Тағы бір нұсқасы:

Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.

 

901 вопросов

1,109 ответов

288 комментариев

28,052 пользователей

...