Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Ата-ана менім қорғаным туралы шығарма қажет?

110 просмотров
спросил 29 Март, 15 от KazaX в категории Знания

Ата-ана менім қорғаным атты Шығарманы осы сайтка жуктеуизді сураймын

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

2 Ответы

0 голосов
ответил 29 Март, 15 от mergen
Бала тәрбиесiнде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени - әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi. Бала дүниеге келген күннен бастап ата-ананың ықпалында болып, өмiрге бағыт берушi тәрбие мектебiнен нәр алады.

"Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде,

Өнерiмен қуантады түбiнде.

Бала ненi бiлсе жастан, ұядан–

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер - бiлiм берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан,

Ата - анадан өсiп ұрпақ тараған,

Жақсы-жаман болса, бала – соларда",1 деп, ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып, соған қарай бағыт - бағдар, тәрбие берудiң маңызы ерекше. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсiнiстiк, үлкен жауапкершiлiк сезiмдерi бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берiлген тәрбие сiңiмдi және негiздi.

Ата-ана бала тәрбиесiне ерекше мән беруi қажет. Ана– бала тәрбиесiндегi ерекше тұлға. Тәрбиенiң негiзi "ананың әлдиiнен" басталады емес пе?!

Абай қазақ әйелiнiң, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, " адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтiнен жаралған" деген ғұламалық ойды тарата келе, ол қасиеттердiң мiндеттi түрде тәрбиеленуi қажеттiгi туралы айтады. Абай жетiншi қара сөзiнде былай дейдi: "Жас бала анадан туғанда екi түрлi мiнезбен туады. Бiреуi iшсем, жесем, ұйықтасам деп туса, бiреуi–бiлсем екен демектiк. Не көрсе соған талпынып, жалтұр-жұлтыр еткен болса, соған қызығып, аузына салып, дәмiн татып, тамағына, бетiне басып қарап, сырнай, керней болса дауысына ұмтылып, онан ер жетiңкiрегенде ит үрсе, мал шуласа да, бiреу күлсе де, бiреу жыласа да тұра жүгiрiп, "ол немене", "ол неге үйтедi", " бұл неге бүйтедi" деп, көзi көрген, құлағы естiгеннiң бәрiн сұрап, тыныштық көрмейдi. Мұның бәрi өмiрге жаңа келген нәрестенiң жан құрамы, "бiлсем екен, көрсем екен, үйренсем екен" дегенi».

Қатыгез, зұлым адамдар да ақ сүт берген Ана алдында бас иген. Осы орайда Домалақ Ананың (Нұриланың) "Диһнат мама" атану тарихы да қызық. Бұлақ басында қара лашықта қалған қарапайым әйел тапқырлық танытып, қарақшылардың терiс қылығына тосқауыл қояды. Бұл эпизодтар бүгiнгi ұрпақты ұлы әжемiздiң адамгершiлiк өнегесiн қастерлеуге, тәлiм алып, оны көкiрегiне орнықтыруға үндейдi. 2 Әсiресе, Домалақ Ананың мейiрiмдiлiкке шақыруы Ана алдында бас игiзедi. Ұлы Жамбыл Домалақ ененiң қадiр-қасиетiн, әулиелiгiн терең түсiнiп, үлкен жүрекпен жырлайды. Өзi де ұлы анасына тағзым ете тiл қатады. Шерхан Мұртазаның сөзiмен айтқанда: «Ұлы анамыздың артында, батыстан шығысқа, шығыстан батысқа созылып жатқан қыруар ұрпақ бар. Олардың iшiнде ержүрек мықтысы да, осалы да жетiп жатыр".3

" ХҮIII ғасырдың аяғында дүниеге келген бала Пушкин де, ХIХ ғасырдың орта шенiнде қазақтың кең сахарасында дүниеге келген Абай да шешесi мен әжесi берген тәрбие уызын емiп өседi. Амал жоқ, 1630 жылдары жазылған словак педагогы Ян Амос Коменскийдiң " Аналар мектебi" еңбегi есiңе түседi де, ана құдыретiне амалсыз бас иесiң"4 деп толғанады " Ерте жастан тәрбиелеу тағылымдары» мақаласының авторы.

Ата-ана тәрбие беруде, ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргiзiлген үлгi-өнегесiнiң мәнi зор. Сөз қадiрiн бiлетiн заманда бiр ауыз сөздiң iшкi мағынасын жете түсiнiп, содан өзiне тәлiм алған бабаларымыздың қасиетiне не жетсiн. Сондай -ақ, атамыз Жүсiп Баласағұн өзiнiң "Құтты бiлiк" еңбегiнде:

Ақ сүтпен бiрге сiңген жақсылық

Айнымайды еш, алғанша ажал қапсырып.

Ет сүйекпен бiрге бiткен қылығың,

өзгермейдi салғанша ажал құрығын.

Мiне, Жүсiп Баласағұн атамыздың "Құтты бiлiк" еңбегiндегi ойлар ана сүтiмен дарыған қасиеттi дәстүрлер халықтың салт-санасынан берiк орын алатындығы айтылған.

Балаға, әсiресе, ана өте жақын келедi. Ал отбасы тәрбиесiнде әкенiң де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы. Әсiресе, әкенiң рөлi ер баланы тәрбиелеуде басым. Әке ұлына өзiнiң бар өнерiн, естiп-бiлген бiлiмiн түгел үйретуге тырысады. Ал ұл бала өз тарапынан ағаға, әкеге елiктеп, одан үйренген. "Ата көрген оқ жонар" деген осыдан шыққан.
0 голосов
ответил 29 Март, 15 от Асыл
Ата-ана – иләһи құдіретпен кеңейтілген рахмет құшағы

Ана, осы сөз адам жүрегінің түбін жарып шығып, керемет аялы сезімге жетелері хақ. Өмірге шыр етіп келген күннен бастап, өзің үшін жаралған жандар - ол ата-анаң. Өміріңнің сәнін де, әрін де келтіретін, жаманыңды жасырып, жақсылығыңды асыратын да ата-анаң. Ана, әке деген сөздер өмірдегі ең асыл, ең қасиетті де қастерлі сөздер. Әке-шешенің өсіріп тәрбиелеген, білім беріп жетілдірген жемісі - бала-шағасы. Ата-ана қандай жағдай болмасын «балам қатарынан қалмасын, білім алып үлкен азамат болсын» деп, әрқашан тілеуін тілеп жүретін асыл жандар. Олардың ешқашан жаманы болған емес. Әке мен шешенің бар бақыты бала-шағасының амандығы, солардың адам болуы ғана. Кез-келген ақын, жазушы ата-ананы жырға қосып, қалам тербеуі де бекер емес. Солардың бірі Фариза Оңғарсынова ана, жалпы әйел заты туралы былайша жырлаған.

«Ей, адамзат, қара жерге гүл еккен.
Қара орманды түлеткен.
Қалаларды күл еткен,
Тыңда мені жүрекпен.
Тыңда мені сан жұрттар,
Кең әлемде кеуделерде тарлық бар,
Тұтастық бар, қалдық бар,
Дүниеде ұзын қолды үстем бар.
Шарасыз бір күштер бар,
Махаббат бар, құрлықтар бар, түстер бар.
Жанартау бар, жарылу бар, дүмпу бар.
Айтпай аспай құрту бар,
Сәнді үйлерде күңкіл бар.
Адалдық бар, мейірім бар, зорлық бар.
Қайратыңды қайнатады қорлықтар.
Ұлылық бар, даналар бар, мұрат бар.
Шың аталған қырат бар,
Терең жатқан бұлақ бар.
Бірақ соның бәрінен,
Биік тұрған бір күш бар.
Дидарына жер де құштар, күн құштар.
Ол - нәзіктік, мәңгі шуақ, нұры құт.
Сарқылмайтын жылылық.
Ол - тірліктің қуаты,
Әйел атты ұлылық».

Дәл осылай деп әлемге жар салып, ананың құдіретін айғайлап айтқың-ақ келеді. Осы өлеңнің өзінен ана құдіретін бірден түсінуге болады. Өлеңді оқи отырып өзіңе жаңа бір қуат ала білесің. Анаға деген құрмет, махаббат артады. Әрбір перзент дәл осылай қолынан келгенін ата-анасына арнаса, онда әлемде мейірім мен мейірбан-дылық мәңгі тұрар еді.

Барлық жақсы игі істердің бастауы, жақсылықтың жаршысы - ана. Анаға деген ыстық сезімді, ыстық ықыласты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Оны тек өз жүрегіңмен сезіне отырып, көрсете білуің керек.

Жабыққан, сүрінген сәттерде әрқашан жаныңнан табылып, қолтығыңнан демеп, жұбатып, үлкен армандарға жетелейтін, нұрға толы жүрегімен үмітіңді келер күнге жалғайтын да анаң мен әкең. Бойындағы бар асыл қасиеттерді баласының бойынан табылғанын қалап, барынша жақсы тәрбие беруге ұмтылып, сол үшін қара шаштарына ақ түсіретін, бала үшін от пен суға бірдей түсетін ата-ананың бұл өмірдегі атқарар жүгі тым ауыр.

XXI ғасырда, дамыған заманда өмір сүріп жүрген жастарымыздың ата-анаға деген мейірімділігі қаншалықты дәрежеде? Өкінішке орай, бүгінде анаға ауыр сөз айту, әкеге қарсы келу жастар арасында белең алып бара жатыр. Қолда барда алтынның қадірі жоқ дегендей, жанындағы аналарына бір жылы сөз айтуға жарамайтын халге жеткендері, бойларынан тар жолда тайғақ кешіп жүрген ата-анаға деген мейірімділікті жоғалтады.

Ислам дінінде ата-ананың орны өте жоғары. Өйткені, ата-ананың айтқанын істеуге Алла тағала әмір еткен. Әйелдердің бақыты адал да ерекше ана болуларынан басталады.

Аналар - Жаратушының ұлы мархабатынан ең көп үлес алған тіршілік иелері. «Жәннат - аналардың аяғының астында!» деген пайғамбарымыз (с.ғ.с.) аналардың қасиетті тұлғалығына куәлік еткен. Бұл жайында хазреті Мәуләнә «Ана ақысына назар аудар! Оны төбеңе көтер! Сірә, аналар босануда қиналмаса, балалар дүниеге келуге жол таба алмас еді...» деген. Айдан анық ақиқат - адал да ерекше аналар ең биік құдірет, аса терең және нәзік бір махаббат орнында болуға тиіс. Отбасындағы барлық келеңсіздікке тосқауыл болатын сабырға толы - ана жүрегі. Отбасының бақыты ананың күлімсіреуімен басталады. Отбасындағы береке мен бірлік те ананың мейірімге тұнған назарына байланысты екендігі сөзсіз.

Аузынан жырып баласына беретін, түн ұйқысын төрт бөліп, сәбиі үшін өмір сүретін ата-ананың ақысын төлеу жер басып жүрген әрбір перзенттің парызы мен адал атқарар борышы. Өйткені олардың әрбір әжімінде баласының қуанышы мен қайғысы, жүріп өткен жолы бар.

«Ата-анаңа сөзбен, амалмен жақсылық жаса» дейді. Әсіресе, қартайған шағында көбірек қуан-туға тырысқан абзал. Өйткені, қария кісі үшін кішкене ғана қуаныш үлкен бақыт болып табылады. Халқымызда: «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген қанатты сөз бар. Сондықтан ұлт болашағы мен ұрпақ жайы қарияларымызды қадірлеуден басталуы керек. Ал, ата-анасын құрметтемей, перзенттік парызын өтемейтін балалардан келелі ұрпақ өсіп шығуы екіталай. Егер кішілердің ізеттілік көрсеткенін қаласақ, алдымен, өзіміз үлкендер-ді сыйлауымыз қажет.

Ол үшін, ең алдымен, адамға иман керек. Аллаға сеніп, иман келтірген адам ата-анасын әлпеш-теп өтуге дайын. Өйткені, ондай адамдар ертеңгі есеп күнінің не екенін жақсы біледі. Әйтсе де, ел арасына іріткі салып, баланы ата-анаға қарсы қойып жүрген сан түрлі жат ағымдар мен секталар бар. Соларға қосылып, сөзін сөй-легендер үшін ертеңгі күні тек қана өкініш болатыны белгілі.

Бұл өмір біз үшін сынық, о дүниенің азығы. Шынайы өмір кілті ананың аяғының астында. Ал біз болсақ, дүниеге құнығып, асыл заттың бағасын білмей, рухани байлығымызды жоғалтып жатырмыз. Дүниеге бәріміз де шыр етіп қалай келсек, солай өтеміз. Мейлі бай бол, жарлы бол бәрібір о дүниенің таразысына сенің жиған алтындарың тартылмайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы бірде былай депті: «Ең бірінші анаңды сыйла, екінші рет те анаңды сыйла, үшінші ретте де анаңды сыйла, сонан соң барып әкеңді сыйла»,- деген. Яғни перзент әрдайым ата-ананы құрметтеп, оларға жақсылық жасап, айтқандарын екі етпеуі тиіс. Қартайған шағында оларға қарап «үһ» деместен, ауыр сөз айтпауы, көңілдерін қалдырмауы керек. Бұл дүниеде ата-анасына қамқорлық жасап, балалық махаббатын арнаған перзент ертең ақыретте пайғамбарлармен бірге еш қиындықсыз жәннатқа кіреді.

900 вопросов

1,109 ответов

288 комментариев

28,051 пользователей

...