Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Қызыма сөз салу үшін қандай жылы сөздер айту қажет?

670 просмотров
спросил 15 Март, 15 от Аман в категории Любовь, Знакомство, Дружба

Сөз салғанда қыз ия деп жауап беретіндей ,қандай әдемі сөздер айту қажет?

Ертең сөз салу қажет?

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

7 Ответы

0 голосов
ответил 15 Март, 15 от mergen

15 сәуір. Сүйіктіңе сөз айту

15 сәуір. Сүйіктіңе сөз айту

Сезім – шексіз әлем. Шексіз дүниеАл біз сол шексіздікті қашанғы өлшеп жүретін пендеміз. Махаббаттан адамдар арасында сұлулыққа деген де сезімдер мен рухани жан-дүниеге деген де сезімдер пайда бола бастайды екен.

Адам баласы адам болып жаралғалы еркек және әйел ретінде бөлініп келеді. Бірақ осы екі ұғымның арасында ешқашан өшіп те, үзіліп те кетпейтін күш бар. Ол әрине – махаббат!

Махаббат жолына сезім білдіру, көңілін табу, сөз салу сынды көптеген кезеңдер кездесіп жатады. Осы айтылған кезеңдер тек ер адамдарға тән. Олай болары, қыз баласы ер адамның өзіне сөз салып келгенін қалайды. Қыз баланы қанша әлсіз қылып жаратқан болса, сонша да тәкаппар әрі намысын өзгеге оңайлықпен беріп қоймайтындай етіп жаратқан-ау. 

Өмірдің нарқы,

Келу де кету бір сурет,
Жүректе мұңмен,
Көңілде қайғы мың бөлек,
Өзгерту үшін өмірдің сырлы келбетін,
Жүректі емдер,
Көңілді тербер ән керек.

Сағыныш толы, ғашықтық күндер көрікті,
Біздерге тағдыр махаббатты сыйғып беріпті.
Алламыз бізді бір-бірімізге жұп қылып,
Сүйіскен жастар біріне-бірі еріпті.

Махаббат деген тіл жетпес асыл бір сезім,
Әнімен тербер, ғашық боп жүрген кездерің.
Мәңгілік менің жүрек төрімде қалар-ау,
Көңілім құлап, ғашық боп жүрген кездерім.

Өмірдің көркі,
Махаббатта ғана деседі,
Махаббат қана мәңгілік ғұмыр кешеді.
Елінің мәңгі есінде қалды емес пе,
Қозы мен Баян, Ләйлі мен Мәжнүн кешегі.

Осынау өлең жолдарына қарап отырып та ойлануға болар еді. Махаббаттың шексіз құдіретке ие екенін түсінер шақ – ғашықтықта. Ал енді сол ғашықтың тілінде сөйлеп көрсек.


Жігіт егер қызға деген сезімін білдіргісі келіп жүрсе, онда алдымен қызға жағар қылығы болғаны дұрыс. «Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған» деген қазақта. Әр заманның қоғамы басқа. Кешегі заманға салса, осынау нақыл сөздің қажеті молынан болар ма еді. Бұл күнде жастар тілімен қызға сөз салуды суреттер болсақ, жігіт сөз салу дегенді «жүру» деген санасыз ойдың бір ұшқынмен жалғастырады. Сүйгеніңді сүйіп тұрып, оған деген ыстық ықыласыңды біліп тұрып, оған сөз салып, үйлену жайында сөз қозғай алмау ол – кінә емес. Себептер көп болуы да мүмкін, жасық бәлкім, әлде көптеген жағдайларға байланысты. Бірақ шынайы және жасанды нәрсе деген бар ғой. Шынайы махаббат өлмейді.

Сөз – істің көлеңкесі. Сөзбен суреттеген әрекетіңді өмірде істей білсең, махаббатың да, сезімің де жоғалмайды. Үйлену үшін де ерлік пен жігер керек. Кез келген қыз «Бұл менің болашағым, ол мені асырай ала ма, жоқ па?!» деген сұрақтың төңірегінен шыға алмайды. Сүйгеніңе сөз салып, онымен бірден бақытты болып кетем деген ой болса, батылдау болғандарыңыз жөн!

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ 

Сурет: thenews.kz

Дереккөзі: massaget.kz

0 голосов
ответил 15 Март, 15 от mergen

Сезімді жеткізуде не қиындық бар? Басыңды кесіп алмайды ғой. Бірақ сезіміңді жеткізбес бұрын, бірнеше рет оңаша кездесіп, бір жерлерде қыдыру керек.
Егер бірден тіл табысып, біріңді бірің түсініп, приколдарың бір жерден шықса, сенің құшақтағаныңнан үркіп қашпаса, сен де оған ұнайсың деген сөз. 
Одан ерте сезім білдіру ақымақтық. Алдымен қызбен оңашада отырып, жөн сұрасып, білісіп, танып алу керек. Қыздың лебізі сол кезде ақ білінеді.
БІрақ өзіңді өзің алдаудан аулақ бол. Кейде махаббаттан шатыры кеткен жігітке, қыздың әрбір сөзі тұспалданған ғашықтықтың белгісіндей көрінеді. Сол үшін елес пен ақиқатты ажырата біл. Қолын ұстағанда, тартып алмаса, сені жақтырады. Ал жақтыру мен жақсы көрудің арасы жақын.
Кейде қолын тартып алса да, сәл жымиып, көзін төмен қаратады. Бұл, мен әлі дайын емеспін, мені тағы немен қызықтырасың? - тағы қандай жақсы қасиетің бар? -деген сөзі.
Оған осындайда кейбір жігіттер жағымпаздық жасап, одан сайын жексұрын болады. Ал сен сабырлы бол. Жағымпаздықтың қажеті жоқ. Өзіңді бір деңгейде ұста. Дөрекілік емес, асыра көтжалаушылық та емес.
Турашыл бол, ақты ақ, қараны қара де. Тіпті пікірің сүйіктіңдікімен келіспесе де.

0 голосов
ответил 15 Март, 15 от Асыл

Өзгені білмеймін өзің өлеңдетіп сөз салам. Қазақтың есті қызы болса, өлең қадірін түсінсе сенің сезіміңді аяқ асты етпейді. Біреулер секілді "ойланамын" деп жылы жауып қоя салмайды. Сезіміңді білдірген күні жауап қайырады. Сүйсе "иә..." дейді, сүймесе "сүймеймін" деп тура айтпайды. Ұзын сөздің қысқасы сезіміңді сезіміңді өлеңмен білдір. Өлең ішіне қандай теңеулер қосасың ол өз еркің.

0 голосов
ответил 15 Март, 15 от Асыл

Сезімді жеткізуде не қиындық бар? Басыңды кесіп алмайды ғой. Бірақ сезіміңді жеткізбес бұрын, бірнеше рет оңаша кездесіп, бір жерлерде қыдыру керек.
Егер бірден тіл табысып, біріңді бірің түсініп, приколдарың бір жерден шықса, сенің құшақтағаныңнан үркіп қашпаса, сен де оған ұнайсың деген сөз.
Одан ерте сезім білдіру ақымақтық. Алдымен қызбен оңашада отырып, жөн сұрасып, білісіп, танып алу керек. Қыздың лебізі сол кезде ақ білінеді.
БІрақ өзіңді өзің алдаудан аулақ бол. Кейде махаббаттан шатыры кеткен жігітке, қыздың әрбір сөзі тұспалданған ғашықтықтың белгісіндей көрінеді. Сол үшін елес пен ақиқатты ажырата біл. Қолын ұстағанда, тартып алмаса, сені жақтырады. Ал жақтыру мен жақсы көрудің арасы жақын.
Кейде қолын тартып алса да, сәл жымиып, көзін төмен қаратады. Бұл, мен әлі дайын емеспін, мені тағы немен қызықтырасың? - тағы қандай жақсы қасиетің бар? -деген сөзі.
Оған осындайда кейбір жігіттер жағымпаздық жасап, одан сайын жексұрын болады. Ал сен сабырлы бол. Жағымпаздықтың қажеті жоқ. Өзіңді бір деңгейде ұста. Дөрекілік емес, асыра көтжалаушылық та емес.
Турашыл бол, ақты ақ, қараны қара де. Тіпті пікірің сүйіктіңдікімен келіспесе де.

0 голосов
ответил 15 Март, 15 от Асыл

Романтикалық болғаны жөн. Қыз бірден келісетін болады. Мына видеороликтерді қарап, тәжірибе жина. Іске сәт!

0 голосов
ответил 01 Июль, 15 от Асыл






0 голосов
ответил 02 Окт, 15 от аида

15 сәуір. Сүйіктіңе сөз айту Сезім – шексіз әлем. Шексіз дүние. Ал біз сол шексіздікті қашанғы өлшеп жүретін пендеміз. Махаббаттан адамдар арасында сұлулыққа деген де сезімдер мен рухани жан-дүниеге деген де сезімдер пайда бола бастайды екен. Адам баласы адам болып жаралғалы еркек және әйел ретінде бөлініп келеді. Бірақ осы екі ұғымның арасында ешқашан өшіп те, үзіліп те кетпейтін күш бар. Ол әрине – махаббат! Махаббат жолына сезім білдіру, көңілін табу, сөз салу сынды көптеген кезеңдер кездесіп жатады. Осы айтылған кезеңдер тек ер адамдарға тән. Олай болары, қыз баласы ер адамның өзіне сөз салып келгенін қалайды. Қыз баланы қанша әлсіз қылып жаратқан болса, сонша да тәкаппар әрі намысын өзгеге оңайлықпен беріп қоймайтындай етіп жаратқан-ау.  Өмірдің нарқы, Келу де кету бір сурет, Жүректе мұңмен, Көңілде қайғы мың бөлек, Өзгерту үшін өмірдің сырлы келбетін, Жүректі емдер, Көңілді тербер ән керек. Сағыныш толы, ғашықтық күндер көрікті, Біздерге тағдыр махаббатты сыйғып беріпті. Алламыз бізді бір-бірімізге жұп қылып, Сүйіскен жастар біріне-бірі еріпті. Махаббат деген тіл жетпес асыл бір сезім, Әнімен тербер, ғашық боп жүрген кездерің. Мәңгілік менің жүрек төрімде қалар-ау, Көңілім құлап, ғашық боп жүрген кездерім. Өмірдің көркі, Махаббатта ғана деседі, Махаббат қана мәңгілік ғұмыр кешеді. Елінің мәңгі есінде қалды емес пе, Қозы мен Баян, Ләйлі мен Мәжнүн кешегі. Осынау өлең жолдарына қарап отырып та ойлануға болар еді. Махаббаттың шексіз құдіретке ие екенін түсінер шақ – ғашықтықта. Ал енді сол ғашықтың тілінде сөйлеп көрсек. Жігіт егер қызға деген сезімін білдіргісі келіп жүрсе, онда алдымен қызға жағар қылығы болғаны дұрыс. «Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған» деген қазақта. Әр заманның қоғамы басқа. Кешегі заманға салса, осынау нақыл сөздің қажеті молынан болар ма еді. Бұл күнде жастар тілімен қызға сөз салуды суреттер болсақ, жігіт сөз салу дегенді «жүру» деген санасыз ойдың бір ұшқынмен жалғастырады. Сүйгеніңді сүйіп тұрып, оған деген ыстық ықыласыңды біліп тұрып, оған сөз салып, үйлену жайында сөз қозғай алмау ол – кінә емес. Себептер көп болуы да мүмкін, жасық бәлкім, әлде көптеген жағдайларға байланысты. Бірақ шынайы және жасанды нәрсе деген бар ғой. Шынайы махаббат өлмейді. Сөз – істің көлеңкесі. Сөзбен суреттеген әрекетіңді өмірде істей білсең, махаббатың да, сезімің де жоғалмайды. Үйлену үшін де ерлік пен жігер керек. Кез келген қыз «Бұл менің болашағым, ол мені асырай ала ма, жоқ па?!» деген сұрақтың төңірегінен шыға алмайды. Сүйгеніңе сөз салып, онымен бірден бақытты болып кетем деген ой болса, батылдау болғандарыңыз жөн! 

Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/ask/1119/%D2%9B%D1%8B%D0%B7%D1%8B%D0%BC%D0%B0-%D1%81%D3%A9%D0%B7-%D1%81%D0%B0%D0%BB%D1%83-%D2%AF%D1%88%D1%96%D0%BD-%D2%9B%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D0%B9-%D0%B6%D1%8B%D0%BB%D1%8B-%D1%81%D3%A9%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80-%D0%B0%D0%B9%D1%82%D1%83-%D2%9B%D0%B0%D0%B6%D0%B5%D1%82?Like
© www.ZHARAR.com

918 вопросов

1,141 ответов

289 комментариев

28,071 пользователей

...