Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Ана туралы қазақша шағын шығарма қажет?

1,454 просмотров
спросил 10 Март, 15 от Анара в категории Сочинение

Ана туралы қазақша шағын шығарма, ана туралы казакша шагын шыгарма кажет!!!

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

3 Ответы

0 голосов
ответил 10 Март, 15 от mergen

Ана туралы шығарма

Ана туралы шығарма

Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар.

Жамбыл Әбушүкіров,

Ғ. Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы,

Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы

Массагет сайты

0 голосов
ответил 10 Март, 15 от mergen

Ана! Жалғыз ғана сөз. Әйткенімен жарық жал-ғанда кез келген адам баласына осы сөзден артық, осы сөзден ыстық сөз жоқ шығар. Осы орайда орыстың ұлы жазушысы М.Горькийдің «…Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған» деген сөзіне еріксіз иланасың. Тіпті, көк аспан да ана жәйлі терең ойға батып, үнсіз мөлдіреп тұрғандай сезіледі.
Сол секілді біздің балапан жүрек жас оқырмандарымыз да қолына қауырсын қалам алып, ана жайлы тебіренеді. Редакциямызға күн санап осы тақырыпты арқау еткен өлеңдер циклі ағылып жатады. Біз оған қуанамыз. Дегенмен, сол өлеңдерді журнал бетіне жария етуге келгенде шарасыздық танытып, қиналып қалатынымыз рас. Неге десеңіз, бұл өлеңдерде көп кемістіктер орын алып жатады. Енді солардың кейбіріне тоқтала кетсек дейміз.
Алматы облысы, Талғар ауданында тұратын оқырманымыз Б.Чотбаев бізге жолдаған өлеңінінде:
- Ойланамын анама қараймын да,
Мұңға батам, ақ шашын санаймын да,- деп бастапты. Анасына қарағаны жақсы, ал шашын санаймын дегенін қалай түсінуге болады… Алматылық А.Мауытханның да осындай өз орнын таппаған сөзі жиі кездеседі.
- Алақаны әжемнің ақ бесігі,
Жүрегімде тербетті есіл үні,- деп ары қарай жалғаса береді.Алақан мен ақ бесік деген дербес ұғымдар. Әрқайсысының өз орны, өзінше атқарар қызметі бар. Сөздердің мәніне түсінбей, осылай олақ қолдану — жыр жолдарына көлеңкесін түсірмесе, жарқын өң бермейді. Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Ғ.Әділет атты жас оқырманымыз жазған өлеңде де осындай үйлеспеушілік орын алған. «Анам деп ән саламын, анам деп күй саламын»,- деп өз ойын өрістетеді. Ән салғаны жақсы, күй салғаны сәл оғаштау… Осы өңірде тұратын М.Айболит атты жас оқырман жырынан да осындай орашолақтық анық байқалады. …Ана деген атпен жүре берсін, Анашым аман болшы»,- деп өз өлеңін аяқтайды. Ана деген атпен жүре берсін дегеннен не ұғуға болады?.. Осы атыраптан хат жолдаған бүлдіршін оқырманымыз Е. Ерболқызы өлеңінде ұйқас жоқ. «Айналайын, анашым, ақ сүт бердің балаңа.Тілейміз ғой әрқашан, өмірдің бар жақсысын» деген шумақпен өлеңнің алғашқы төрт жолы аяқталады. Қайта бір оқып көріңдерші, осы жолдарда ұйқас бар ма? Атырау облысы, Құрманғазы ауданында тұратын Г.Ермекова өлеңдерінде де әттеген-ай тұстары баршылық.
Айтамын мен анама мың алғысты,
Әкелді осы уақытқа жалғыз өзі.
Түн ұйқысын төрт бөліп біздер
үшін,
Ауырсақ егер біздер сол бір түні,- деген жолдардан еш нәрсе түсінуге болмайды.Осылайша көркемдік жағынан жетіспей тұрған дүниелерді оқырмандарымыз А.Қайратқызы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылынан Қ.Асанова, Алматы облысы, Тескенсудан Е.Салбенбековтердің шығармаларынан да кездестіруге болады.
Құрметті жас талапкер, біз осы пікірді сіздер үшін, өздеріңе жанымыз ашығандықтан әдейі айтып отырмыз. «Сын түзелмей, мін түзелмейді». Біз сіздерден жаңа да көркем, шынайы да шымыр жырлар күтеміз. Редакция есігі өздерің үшін қашан да ашық!
Дәнеш АХМЕТҰЛЫ, жазушы.

0 голосов
ответил 10 Март, 15 от mergen

АНА- қасиетті де киелі ЕСІМ!!!

Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді. 
Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!

919 вопросов

1,143 ответов

289 комментариев

28,075 пользователей

...