Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесінің шығу тарихы қандай екен?

65 просмотров
спросил 05 Март, 15 от Наурыз в категории Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз)

8-наурыз, яғни Халықаралық әйелдер күнінің тарихы қандай? Бұл мерекенің авторы кім? Қашан бұл мерекеге халықаралық дәрежесі берілді?

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

2 Ответы

0 голосов
ответил 05 Март, 15 от mergen

1857 жылдың 8 наурызында Нью-Йорк қаласында тігін және аяқ киім фабрикасының жұмысшы әйелдері наразылық шарасын өткізді. Олар басшылықтан 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі таза жұмыс орындарын, еңбек ақыларының ер-азаматтардың жалақысымен бірдей болуын талап етті. Себебі, олар тәулігіне 16 сағат жұмыс істеп, шағын ғана айлық алатын. Көптеген Америка мекемелерінде кәсіби одақтар пайда болған. Олардың қатарына 1857 жылы 8 наурызда тағы бір кәсіби одақ қосылды. Бұл одақтың мүшелерінің барлығы әйел азаматтар еді, олар өз құқықтарының қорғалуын көздеді.

1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің қатысуымен 2-халықаралық конференция өтеді. Социал-демократ партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір күнде тойлау керектігі жөнінде өз пікірін білдірді. Оның ұсынысы әйел құқығын қорғауға бағытталған үлкен ұран ретінде қабылданды. Бұл ұранға өзге елдердің әйел-азаматтары қосылып, кедейшілік, татулық, құрмет үшін күреске қосыла бастады.

                                                                    Клара Цеткин

Алғаш рет бұл мереке 1911 жылы 19 наурызда Австрия, Дания, Германия және Швейцария елдерінде аталып өтілді. Мерекені атап өту 1912 жылдың 12 мамырында өз жалғасын тапты. Кейінгі жылдары Еуропа әйелдері 8 наурызды соғысқа қарсы наразылық білдірумен өткізген болатын.

Кеңес Одағы құрылған жылдан бастап 8 наурыз мемлекеттік мейрам мәртебесіне ие болды. 1965 жылы бұл күн демалыс болып жарияланды. Жыл сайын 8 наурызда мемлекет әйел құқығының қорғалуына байланысты жүргізілген шаралар туралы есеп беретін. Уақыт өте келе бұл мерекесаяси келбетін жоғалтты.

1975 жыл "Біріккен Ұлттар Ұйымы жылы" болғаннан соң, кеңес идеологтарының ықпалымен ресми түрде 8 наурыз Халықаралық Әйелдер күніболып жарияланды. 

Бұл күні алты құрлық нәзік жандыларды төл мерекесімен құттықтап, оларға игі тілектер айтады. Көктем мезгілімен қатар келетін 8 наурыз мерекесі ТМД елдерінің барлығында кең көлемде аталып өтіледі.

0 голосов
ответил 05 Март, 15 от mergen

Бұл мақаланы намыс.кз сайтынан алдым:"Бүгінгі «Әйелдер мерекесінің» негізі – 1857   жылы 8-наурыз күні Нью-Йорк фабрикаларының тігіншілері өткізген шерудің негізінде пайда болған дейді. Олар – он сағаттық жұмыс күнін және де еркектермен бірдей жалақы беруді талап еткен…

Бірақ шын мәнінде аталмыш шеруді ұйымдастырған тігіншілер емес, жеңіл жүрісті әйелдер болатын. Олар мынаны талап етті… өздеріне қарыз болып қалған теңізшілерге жалақыларын беруді.  Билік демонстрацияны тарқатып жібергенімен, артына  өшпес із тастап үлгерді.

Шерушілер осы күнді, яғни, 8-наурызды  «ӘЙЕЛДЕР КҮНІ» деп атай бастайды. Және бұл ұйымды құрушылар жаңаша құқық талап етуін жалғастырады. Нәтижесінде бұлардың дүмпуі Еуропаға жетеді. 1894 жылы Париж жезөкшелері демонстрация ұйымдастырып, өз құқықтарын қорғайтын кәсіподақ ұйымын құруды талап етеді. Демонстранттар полиция күшімен таратылады.

Одан кейін 1910 жылы төңкерісшіл неміс қыздары Роза Люксембург пен Клара Цеткин 8-наурыз күнін  жезөкшелерді – полиция тарапынан қудалауды  тоқтатып,  басқа да мамандық иелерімен теңестірілген дербес кәсіподақ ұйымын құруды талап етіп,  тағы да шеру ұйымдастырады. Және бұлар дегендеріне жетеді.  Кеңес кезінде  – жоғарыдағы жезөкшелер демонстрациясы «еңбекші әйелдер» демонстрациясы деген атауға алмастырылады. 1910 жылы Клара Цеткин және Роза Люксембург Копенгагенде өткен  Екінші Халықаралық Социалист Әйелдер Конференциясына барып,  дүниежүзі әйелдерінің құқықтарына қоғамның көңілін аудару үшін нақты бір күнді белгілеу туралы ұсыныс жасайды. Және 8-наурыз күнін ұсынады. (К.Цеткиннің туған күні де 8-наурыз).

Содан 1917 жылы Австрия, Венгрия, Германия, Нидерланд, АҚШ, Швейцария және де т.б елдердің әйелдері, ескіше 23-ақпанда (жаңаша 8-наурыз) Петербург большевиктер комитетінің шақыруымен Петерборға келіп, Әйелдер күніне орай саяси митингтер мен демонстрациялар өткізіп, орыс қыздарын желіктіріп кетеді. Сөйтіп коммунистер тарапынан қолдау тапқан Әйелдер мерекесінің  Совет елінде қалыптасуына Леонид Ильич Брежнев көп үлес қосқан. Осы кісінің тапсырмасымен 1966 жылы 8-наурыздан бастап, бұл күн КСРО көлемінде мереке ретінде  бекітілді.

Бірақ  капиталисті елдер 8-наурызды мереке деп мойындаған жоқ. Әлі де солай. Бірақ көп елдерде, атап айтқанда: Америкада – «Аналар күні», Францияда  – «Әжелер күні», Жапонияда – «Қыздар күні» деген бар.

Тағы бір айта кететін жағдай 8-наурыз күнін еврейлер басқа бір мақсаттағы мереке ретінде бөлекше атап өтеді. Оның тарихы –  еврей сұлуы Есфирь мен парсы патшасы Ксеркстен бастау алады. Есфирь ханым өзінің Ксеркске әсер еткен әдемілігінің арқасында, өз халқы еврейлерді жойылып кетуден құтқарып қалған-мыс.  Алғаш рет 8-наурызды мереке ретінде тойлауды ұсынған Клара Цеткин де еврей ұлтынан. Сол себепті ол,  8-наурызды мереке ретінде ұсыну арқылы еврейлердің мерекесін әлемдік дәрежеге көтеруді де ойластырған дейді зерттеушілер.

Осының бәрін қорыта келе не айтуға болады? Ең бастысы бұл мереке   жаман әйелдердің құқын қорғаудан бастау алып, соңында жойттардың жойылып кетпеуін  құттықтайтын «керемет мерекеге» айналған.  Өкінішке орай, Әйелдер мерекесінің тарихын көбіміз біле бермейміз. Адамдар өздерінің білімсіздігінің нәтежиесінде еліктеушілікке бой алдыруда.  Ептеп айтсаңыз: «тек мен емес, бәрі де солай жасайды» деп, ақталады. Көпшіліктен яғни қоғамнан бөлектеніп қалудан қорқады.  Нәтижесінде  «жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас» деген мақалдар күшіне енуде. Осындайда Л.Н.Толстойдың: «Үлкен апаттарға апаратын қарапайым жол «бәрі де солай жасайды ғой» деген сөз» дегені ойға оралады. Пайғамбарымыздың с.ғ.с. сахабасы  Умар ибн әл-Хаттаб р.ғ айтқандай: «Біз Ислам арқылы дәрежемізді жоғарылатқан халықпыз. Ал, егер де,  басқа дүниеден дәреже іздейтін болсақ, онда Алла біздің дәрежемізді түсіреді»."

900 вопросов

1,109 ответов

288 комментариев

28,051 пользователей

...