Уважаемый пользователь! Приветствуем вас на разделе Вопросов и Ответов портала ZHARAR! Вопросы и Ответы — это система быстрого поиска ответа на любые интересующие вас вопросы. Примите активное участие в развитие системы: задавайте свои вопросы и отвечайте на вопросы, созданные другими пользователями.

Қыз сыны / кыз сыны байқауына өзін-өзі таныстыру өлең жолдары н/е олен шумактары керек?

261 просмотров
спросил 24 Фев, 15 от mergen в категории Искусство

Мен "Қыз сыны" қатысатын едім кімде таныстыру өлең жолдары бар? қыз сыны

Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь для публикации ответа на этот вопрос.

4 Ответы

0 голосов
ответил 24 Фев, 15 от Бек

Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Биік қойған жанынан ұлдың арын!
Ұл өсірген қазақтың қайғысы осы,
Қатал сынға салатын әр қадамын!
Шын сыналған жүйрікте мін болмайды,
Ақылы озық - біреуге күң болмайды!
Келіні дана болған қазағымның,
Ұлдары өзге елге құл болмайды!
Көпшілік мен де өзімді сынға салдым,
Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын!
Топтан озу мақсатым болмаса да,
Сері болу мақсатым сегіз қырлы!
Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар.
Жігіттерге әділ баға беретұғын,
Әділеттен жаралған жанбысыздар?!
Шыр етіп туысымен адам болдым,
Жыл сайынөсіп толып, өрлеп қондым.
Тобықтай тұла бойда бір мінім жоқ,
Жігіттер сайысына бүгін, міне, келіп тұрмын.
Өлшеу жоқ өнерімнің табысына,
өріске ойдағыдай барысыма.
Жарқылдап жай оғындай сайыстарда,
Көрсетем үздік өнер намысына.
Ұстаздарым мейірленіп, дос сүйсінсін,
Керемет қызық өнер құрғаныма.
Бейбітшілік туы астында біз өрлейміз.
Шығамын биік өнер шыңдарына!
Мақтанам мектебімнің таңын көріп,
Көктемнің жайма шуақ таңын көріп,
Білім мен тәрбиенің күшін қосып,
Орнаған сыныбыма бағын көріп.
Қуанам сыныбымның нұрларына,
Достарымның толған ой мен қырларына.
Тәрбиелеп өсірген жемістерін
Сыныптың жақсы оқыған қыз бен ұлдарына.
Құшағыңда құлпырып,
Достар менен бірге өскенмін.
...- сыныптың сегіз қырлы, бір сырлы,
Ағы мен көздің қарасы,
Сыныптың жігіт сұлтаны.
Қорғап келген намысын,
Өнерге қарсы аттанған
............ мен боламын.
Найман(руы) екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты ..... асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!
Анашым,
Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтірмей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..!
Ұстазым - .... апай аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшіліктің көңілі тояр маған!
Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын! 
Бабалар Қаныш, Мұхтар алғыс айтам
Ғылыммен елің үшін танысқанға,
Өнердің сара жолын салып берген,
Бас ием Ұлы Абай данышпанға.

0 голосов
ответил 24 Фев, 15 от Ұлтай

Сәлем бердім мен сіздерге!
Алтын қазы алқасы
Көрсетеміз қазір біздер
Салт-дәстүрдің жалғасын
Мен қатыстым міне бүгін
Қыздар сайын сынына
Өзім жайлы таныстырсам 
.......қызы ............
Оқимын мен сыныбымның .....
Аяулы да ,ардақты ....... сынды апкиім
Үйретуден таймаған
Әрқашанда осындай қызықты мерекені
Шәкірттерімен тойлаған!

0 голосов
ответил 24 Фев, 15 от Куляш

Армысыздар улагатты устаздар
Бармысыздар жiгерлi дос курбылар
Карсыласым салем бердiм барiне
Бас иемiн салем берип иiле

Алтын куздiн жаркыраган аруы
Мухтардын ерке кызы 9"Б" нын жулдызы
Нагыз казак кундызы Майра атты кыздарын мен боламын

Орта жуздин НАЙМАН атты руынанмын
Бабамыз НУРПЕЙIСТIН урпагынан
Тектiлiктен жаралган казагымнын
Ерекше дара туган кыздарымын

Елшiбектей батыр болган тарихта
Ондай батыр туып едi кай ултта
Мектебiмiз бугiн сонын атында
Арман барма казак атты бай ултта

Куз аруы атты бугiн сайыста
Карсыласым шаба бiлгiн майыспа
Онердiн орлетейiк ор кемесин
Мына журт таныркамай кетпесин

Адiл казы алкаларым бугiнгi
Ар аруды багалай бiл бугiнгi
Адiлдiктi кiм суймейдi кашанда
Халкымнында шынайылык болмысы

Касиеттi мына бiздiн сахнада
Кулак турер айтылсын ан ортада
Карсыласым баршанызга саттiлiк
Максатымыз жену емес сайыста
ДОСТЫК деген арттырайык угымды

0 голосов
ответил 24 Фев, 15 от гулсум

Әкем аты Алтынхан тегім Бекбай
Руым жеті рулы шашты бошай
Айымторы сіздерге сәлем берді
Мақтанышым анам бар Розадай
Туған  күнім сегізінші қаңтарда
Жылқы жылы туылыппын мен  таңда
Шәкіртімін Гүлжаһандай ұстаздың
Ал ағайын қолыңды соқ аянба

897 вопросов

1,106 ответов

286 комментариев

28,050 пользователей

...