Фариза Оңғарсынова (Кейбіреулер мені айтып етеді үлгі)

 Фариза Оңғарсынова (Кейбіреулер мені айтып етеді үлгі)

Кейбіреулер мені айтып етеді үлгі,
мен күрсінем қысқартып жеке күнді.
Ертеңіме асығам, есіме алып
бұл жалғанда сенің бар екеніңді.
Өзімшіл ем не деген, менмен едім,
сөйте тұра қамығам, сенделемін:
байлық емес, мансап пен атақ емес,
махаббатың өзіңнің - ең керегім.
Онсыз шуақ күндер де қараң маған,
онсыз күн жоқ өмірде, адамда - мән.
Даңқ, құрмет - дода-алаң, одан сенің
сезіміңді сауыт қып аман қалам.
Мен әйтпесе тұяққа жаншыламын,
тартыстарда сыналды тал-шыдамым.
Сенің маған құлаған сезіміңмен
құрыш қанат кішкене қаршығамын.
Махаббатың! - Тірегім сол бүгінгі,
асқақтаймын, сылимын сорлы мұңды,
сезіміңе оранған сәттеріме
қуана айырбастаймын он ғұмырды.
Өзің тұрған әлемдік үйлесім ең,
сонда ешкім кешпеген күй кешірем.
Кетіп барам өмірдің көшін бастап
Қыз Жібектің қоңыраулы күймесімен!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!