Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жұрт мені қатал дейді)

Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жұрт мені қатал дейді)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Өмір-ай

Жұрт мені қатал дейді
найзағайдай мінезі шатырлаған,
біреулері айтады ақыл маған:
өркөкірек, тәкаппар, менменсіген...
ұнатпайды дәл мұндай ақынды адам
(одан сайын мен шіркін қатуланам).
Біреулер қиялдайды:
мұндай адам ешкімді сүйе алмайды;
өтірік өлең жазады талықсыған,
қайдан ғана бал сезім таныс бұған?
(Түсініксіз қалпыммен байғұстарды
ойларымен өздерін алыстырам).
Біреудің жаны ашиды:
ол ақын ғой өзгеше, дара сыйлы:
ал ақындар сезеді барлығын да,
ақылды да болады, данасиды.
Жастар жара түспеген жанына әлі
түсінгендей жанымды табынады;
менің асқақ ән мұңды жырларымды
іздеуі хақ солардың, сағынары...
Мен кешпеген дүние жоқ екенін
сезеді олар. Сезеді бәрі-бәрі.
Мен солай көрінемін,
Жер секілді құбылтқан өмір өңін.
Міз бақпайтын адамдай жүре берем,
күйіп-жанып жатса да төңірегім.
Білмейді жұрт (білмесін көңіл емін)
Менің барлық бал қылық, нәзіктігім
сенің ғана алдыңда төгілерін!

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ұйқы алдында оқылатын дұғалар





Комментарии для сайта Cackle