ZHARAR | KZ | Кеңестер | Жан-жануарлар атаулары

Жан-жануарлар атаулары

Жан-жануарлар атаулары
Жануарлардың көне атаулары

Жануарлардың көне атаулары — жануарлардың сирек қолданылатын не ұмытылған атаулары. Қазақ халқының көшпелі өмір салты сан ғасырлар бойы табиғатпен етене танысуына мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде жабайы жануарлардың тіршілік тынысын, олардың бір-бірінен айырмашылығын, мекен орнын, пайдасы мен зиянын ажырата білді. “Түз тағысы табиғатпен тілдес” екендігін айқын аңғарып, олардың аталық, аналық және ұрпақтарын жеке атаумен атап, әрқайсысына ерекше мән берген. Кейбір жануарларды киелі, қасиетті деп санаған, немесе кесірі тиеді, не киесі ұрады деп есептеген. Мыс., жыланды — қыбыр, ұзынқұрт, түймебас, т.б. деп, ал қасқырды — итқұс, бөрі, ұлыма, т.б. деп атаған. Ежелден қазақ аңшылары мен саяткерлері арасында аңдар төлдеген кезде, құстар жұмыртқалап жатқанда, балықтар уылдырық шашқанда оларды ауламайтын салт-дәстүр қалыптасқан. Мұның өзі түз тағыларына деген үлкен қамқорлықты көрсетеді. Жабайы жануарларды кең байтақ еліміздің әрбір облыстарында жергілікті атаумен атай беру де кездеседі. Мыс., аққуды — ақ шандоз, жираф — керік, мысықтың баласы — шаған, т.б. Бұдан 5 ғ. бұрын жазылған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты шығармасында кездесетін жануар атаулары да қазіргіден өзгеше. Мыс., тышқан — сумақы, сиыр — маңғаз, барыс — айбар, жылқы — тұлпар, т.б. Қазіргі кезде жануарлардың көне атаулары мүлде ұмытыла бастаған (мыс., жұпар жылан, таутайлақ, маңқұс, құртқа, мәлике, т.б.). Жануарлардың көне атаулары ұлттық фольклорда, ауыз әдебиетінде, мақал-мәтелдерде жақсы сақталған. Мыс., “Борақты ұрсаң тұмсықтан, тез өледі шымшықтан”, “Таутанның алма аланын, кесіріне жолығарсың балаңның”, т.б. Мұндай ұмытылған атауларды пайдалану — тіл байлығымызды молайта түспек.

Жалпы атауыАталықЕнелікТөл
ТүйеБураІнгенБота, ботақан, тайлақ, көшек
ЖылқыАйғырБиеҚұлын, жабағы
СиырБұқаСиырБұзау, арда, баспақ, тана 
ҚойҚошқарҚой, саулықҚозы, қошақан, көпей, көрпеш, көбеген
ҚұдырТекеЕшкіЛақ
ЕшкіТекеЕшкіЛақ, бөрте
ҚұланАйғырҚашырҚодық
ЕсекӘңгіҚашыр, мәшіҚодық, көдек, тайқар, күре
АрқарҚұлжаАрқарҚозықа
ЕлікКүлмізСөгеЕңлік, лақ
ТауешкіТаутекеТауешкіЛақ, таулақ, жусақ
БұғыБұғы, сұғынМарал, миғақҚодыға, бұғышақ, пәйке, пәйкел
АқбөкенСайғақ, құлтекеАқбөкенҚұралай, қорықпас
БұланҚодыға Бұзау
АрыстанЫзақорҚаншырАбадан
ЖолбарысЖолбарысӨлекшінТеңбілше, шөнжік, сарымақ
БарысБарысТаутанАлан
АюМақатКірекейҚонжық, апанақ
СілеусінСілеусінІлбиін, ілбісінІнсін
ҚасқырКөкжал, арланҚұртқа, қаншықБөлтірік, көксерек
ИтТөбет, бәйтөбетҚаншықКүшік, итақай
ТүлкіТүлкіЖәутік, мыржықЖаутаң, мыртот, түлкішек
БорсықБорақБорсықӘзборақ
МысықКүбікМырсынСоқыр, мәулен,марғау, безек 
Суыр СуырМөндік
ДоңызҚабанМегежінТорай
ЖыланЖыланбабМәликеЖіптей, иірше
ҚұндызҚұндызҚұндызшаҚұнай
Құну (Сусарғаұқсас аң)ҚұнуҚұнушаҚұнай
АққуСахарҚуКөгілдір
ҚазАтақазЕнеқазБалапан, балақаз
ТауықӘтеш, қоразМекиенШіби, шөже
БүркітШәуліҰябасарАқүрпек, тірнек

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Последние комментарии
Гость Айбат - Вчера, 23:08
Дүниежүзі тарихы (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

1-бөлім «Бірінші дүниежүзілік соғыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Тақырыптар

Мырзахметова Наргиза Каримовна - Вчера, 23:03
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні

Жақсы сайт. Қандай тапсырма іздесең табылады, және толық берілген.

Ержан Марал - Вчера, 22:49
Алгебра (9 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

ТЖБ 9сынып Алгебра жауап

Гость Гулнур - Вчера, 22:46
Олимпиадалық тапсырмалар: Ағылшын тілі (5, 6, 7 сынып)

Жауаптары барма

Гость Диас - Вчера, 22:27
Геометрия (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Геометриядан 1 тоқсанның ТЖБ керек

Гость Жасулан - Вчера, 22:22
Ағылшын тілі (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

8 сынып ағылшын бжб 1 тоқсан бар ма

дозшозщ - Вчера, 21:56
Күз туралы шығармалар топтамасы

как дела

Хорошо - Вчера, 21:27
Ағылшын тілі (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мм

Гость Сабина - Вчера, 20:45
Информатика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маған Информатикадан Тжб керек

Наргиз - Вчера, 20:43
Ағылшынша шығарма: My first school

Меним атым Наргиз меним жасым 11-де меним отбасында 7 ти адам бар