Жері байдың елі бай

 Жері байдың елі бай

Әбдірахман Ұлтуған
9 сынып оқушысы

Қойнауы мол кенге тұнған,
Кең жайлауы малға толған.
Жерұйықтай жері жайсаң,
Жаны – жомарт, елі – дарқан,

- деп ақын жыр жолдарын арнаған Қазақстан Еуразияның орталығында орналасқан.

Қазақстан даласы өте әсем. Ұшы-қиыры жоқ шексіз даланы неше алуан шөп басып, үлбіреген нәп-нәзік гүлдер бейне бір жасыл дастарқандай болып жайылады. Іле Алатауы, Ертіс, Сырдария, Амудария сияқты өзендері бар. Жерінің асты пайдалы қазбаларға бай. «Жері байдың – елі бай» дегендей, құнарлы өлкеміздің байтақ төсі байлық пен берекенің , бақыт пен қуаныштың ұйтқысы еді.

Осындай жер жаннатын:
Алтайым, Тарбағатай, Алатауым,
Мекендеп қазекемдей ел бір қауым.
Бөленіп белуардан шалғынына
Рахатты өткізеді жаз жайлауым,

- деп ақын атамыз Сәбең жыр жолдарына қосқан.

Иә, ел мен жер, оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары- біздің басты байлығымыз.Жер, су, ауа адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Осы қазынаны сақтау жолында бабаларымыз үш жүз жылға жуық қанын төгіп, жанын пида етіп, азап пен қасіреттен құтылу үшін күресті. Бірақ аққан қан, төккен тер текке кетпеді. Қазақ халқының арманы іске асты.Бұдан 20 жыл бұрын ақ түйенің қарны жарылып, еліміз тәуелсіздігін жариялады.

Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске -

Айта бергім келеді, айта бергім! – деген ақын жырынан қуат алған қазақ елі ұлттық рухы берік, саяси жүйесі тұрақты, экономикасы мықты, бәсекеге қабілетті, халықаралық беделі зор мемлекет құрды. Ата Заңы, көгілдір байрағы, Елтаңбасы, Әнұраны,өз теңгесі,бүкіл халық болып сайлаған Елбасы, Парламенті бар құдіретті елміз.Біздің құдіреттілігіміз халықтың бірлігінде,елімізде тұратын түрлі ұлттардың татулығында. Осы 20 жыл ішінде біз сан түрлі кедергілерді жеңіп, тірлігімізді түзедік, ел өмірі айтарлықтай өзгерді.

Қазақстанның саяси өмірінің орталығы – жаңа астана – Астана қаласы бой көтеріп, әрбір қазақтың көңілін марқайтып, болашаққа деген сенімін нығайтты. Бас қаламызда Ақ орда, Қазақстан Республикасының Президентінің резиденциясы, Парламент және Үкімет үйі орналасқан. Қысқа мерзім ішінде «Думан» ойын-сауық кешені, «Аквапарк», «Пирамида», «Астана- Бәйтерек» және тағы басқа кешендер салынып, Астана сұлулығын, сәулетін, ажарын ашып, келген қонақтардың да, тұрғындардың да көңіл- күйін көтеріп, ерекше шабыт, әсерге бөлеуде.

Еліміз ұлтаралық қарым-қатынасқа аса зор мән беруде. Сондықтан да осы 20 жыл ішінде 140 ұлт пен 40-тан астам конфессияның өкілдерін мемлекет қүұру ісіне жұмылдырып, толыққанды қазақстандық ұлтты қалыптастырды.

Елбасымыз адамзат тарихындағы ең ұлы адамгершілік қадам жасап, дүниедегі ең үлкен ядролық сынақ алаңы - Семей полигонын жапты. Осылайша мемлекетіміз әлемдегі бейбітшілік пен ізгі ниеттің үлгісіне айналды.

Биылғы жылы біз Ата Заңымыздың 16 жылдығын жоғары деңгейде атап өттік. Мұның өзі Конституциямыздың өз дәуірінің талаптарына сай екендігін, Қазақстаннның орнықты дамуына кең мүмкіндік ашқан өміршең заң екендігін дәлелдеді. 2000-2010 жылдар Қазақстанның сыртқы саясаттағы жұлдызды жылдары болды, себебі осы уақыт ішінде Қазақстан- Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық – экономикалық қоғамдастық, Азиядағы өзара іс- қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес құрудың бастамашысы болып қана қоймай, осы ұйымдарға басшылық етті. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылып қалды.

«Бүгінгі таңда жан-жақты дамыған ғылымсыз өркениетті елдердің қатарына қосылу мүмкін емес екені жалпыға бірдей ақиқат»,-деген еді Нұрсұлтан Назарбаев


Тәуелсіздік жылдарында ғылым саласы да алға дамып келеді. Бұған Отанымыздағы туберкулез, АҚТБ/ЖҚТБ кеселдерінің азая бастағаны дәлел. Көз аурулары ғылыми зерттеу институтында адам жанарына ота жасаудың жаңа жолдары ашылып, ол мыңдаған адамдардың жанарына жарық сәуле сыйлап отыр. Ғалымдардың ерекше ізденісінің нәтижесінде қатерлі ісік ауруына қолданатын «Арглабин»енгізілді.

«Қазақстан ұлы держава болуы үшін бізге күш- қуаты, қажыр-қайраты мол , ақылды да ойлы , дарынды жастар керек»,- деп Н. Ә. Назарбаев болашақ қазақ елінің азаматтары жан-жақты білімді болумен бірге, салауатты, денсаулығы мықты азамат болуына аса назар аударуда, Жастардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, сапалы білім алуына жағдай жасалып «Болашақ» бағдарламасы құрылды. Осы бағдарлама бойынша еліміздің талантты жастары шет елге барып білім алуда. Олар елге қайтып келген соң қасиетті қара шаңырақтың болашағы үшін еңбек етеді.

Қазақстанның 20 жылдағы бар жетістігі - біздің жарқын болашағымыздың темірқазығы. Көреген басшы Нұрсұлтан атамыздың іскерлігімен елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық, береке мен бірлік болып, Қазақстанымыздың гүлдене беретіндігі, 50 елдің алдыңғы қатарынан орын алатындығы сөзсіз. Осынау береке мен байлығы шалқыған елдің халқы тату- тәтті өмір сүріп, өзге мемлекет халқының қуана да қызғана қарар алып мемлекет болатындығына сенімдімін!

Мен осындай еркін, азат елдің ұланы екендігімді мақтан етемін! Күн дидарлы Қазақстанның болашағы үшін аянбай еңбек етіп, кірпіш болып қаланатындығыма,келешек үшін жоба тауып, жол көрсететіндігіме уәде беремін, себебі тәуелсіздіктің туын биік ұстау – перзенттік парызымыз, бабалар алдындағы мәңгілік қарызымыз!

Ежелден көксеген азаттықтың 20 жылы,
Құтты болсын, қазақстандықтар, баршаңызға!
Береке, бірлік, сыйластық боп әр отбасында,
Гүлдей жайнасын тәуелсіз ел өмірі!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!