Қайсар Қауымбек (Кешіккен көктем)

 Қайсар Қауымбек (Кешіккен көктем)

Тереземнен сыңсиды үні жел қыздың,
Меңіреу бақ мелшиеді тағы үнсіз.
Кеудесінен барады аунап мезгілдің,
Қары жұқа, қасіреті қалың қыс.
Әлдеқайдан келе ме ұшып құс біткен,
Анау қайың неге көкке талпынды, ал?!
Көктем неге кешікті деп түстіктен
Күн сап қарап тұрады ұзақ шал шыңдар.
Кәрі таудың көкірегін сілкілеп,
Күмбір-күмбір күрсінеді күрең күн.
Бұлттар көшті көз алдымда дүркіреп,
Боз күліктің үйіріндей кілең бір.
Күн бұзылса ойлар буып не түрлі,
Көкем менің жаңа туған төлге алаң.
Көктем деген күнікей қыз секілді,
Келем десе кешікпейді ол.
Сен маған!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?