Өлең: Ауылдағы балалық шақ

Өлең: Ауылдағы балалық шақ

Ауылдағы үйім менің шаңырағым
сол үйімді қатты тағы сағынамын,
асыр салып өстік біздер шаңырақта
өттау бүкіл менің сонау бала шағым.

Айландыра үйдің маңы тал терек
есік алдың көгалданған көк желек,
бау бақшада алма менен өрігің
айта берсең бәрі барау не керек.

Анам жүрді ошақ жағып түтіндетіп
қамыр илеп таба салып нан пісіріп,
пештен шыққан сол иістай мұрын жарған
біздер жүрдік нанды тосып ол жүгіріп.

Ауламызда ат арбамыз тұрушеді
дөңгелегі күнге қаңсып тағы өзі,
ат арбаны шегіп алып жирен атқа
шалғы тартып шөпте шаптық сермеп тағы.

Анамыздың ақ самаурыны сарқылдап
шәйін іштік терлеп тепшіп қанып ақ,
апыл ғұпыл шәйді ішеміз асығып
кетеміз ау нанға қаймақ жағып ап.

Шатыр төбе сабан тойды жасаған
ат шаптырып бәйге қосып аламан,
бүкіл совхоз фермалары қосылып
тойлау шеді биді билеп ән думан.

Әр демалыс тай жарыста болатын
тайлардың да жіберетін бастарын,
көк тайыма мініп алып мен тағы
талай рет бас бәйгені алғанмын.

Мал шығардық өріс жаққа таңертен
қойды бақтық кезектесіп кезекпен,
кешке жақын мал келедау ауылға
бөтен іздеу басталады әр үйден.

Қиды ойдық мынау қойдың астынан
жинап оны бір біріне бастырған,
жағамыз ау қыстың күні сындырып
жылыуы да көміріңнен мың асқан

Ыстық бізге өзімізге ауылдағы үйіміз
сол үйде біз бала күнде өскенбіз,
киелі де алтын ошақ сол үйде
қуанышты шаттық күндер кешкенбіз!!!

Ерік Еренғазыұлы
05.12.2018.ж.



Комментарии для сайта Cackle